Құрметті әріптестер, бүгінгі "Оқушының белсенділігін арттырудағы инновациялық технологиялардың мүмкіндігі" тақырыбындағы әдістемелік күніміздің екінші кезеңіне қош келдіңіздер.
Әдістемелік күннің мақсаты:Бірлесе отыра жұмыс жасай білуге, ақпараттық технологияның тиімділін меңгеру, белсенділікке ынталандыру, әдістерді меңгеру
Өткізу әдістері:
Психологиялық тренинг,топтық жұмыс, «Сіз білесіз бе?»
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі — оқыту үрдісін технологияландыра отырып, білімнің кепілдік нәтижелеріне қол жеткізу. Ол үшін оқыту үрдісін өзгерте отырып, мүғалім шығармашылықпен жұмыстануы керек. Өйткені бұрын оқушы білімді қабылдаушы, жинақтаушы, өзіне сіңіруші рөлдерін ғана атқарса, ал қазіргі жаңа талап бойынша өздігімен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау үшін оның жаңа бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет.
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Инновациялық технологияны пайдалану — өмір талабы.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады.
1.“Сіз білесіз бе?” тренингі.
Нұсқау: Әрбір қатысушы өзінің әлі ешкім білмейтін тұстарын айтады
Өз есіміне қоса бойындағы жақсы қасиеттерді айтады
Топтарға бөлу. Суреттер бойынша топтарға бөлу
Қатысушылар суреттер бойынша топтарға бөлінеді.
2.Қандай ой түйдіңіздер?Екі жұлдыз, бір ұсыныс. Бүгінгі әріптестерімнің өткізген сабақтары бойынша екі жұлдыз,бір ұсыныс айтуларыңыз сұралады.
Топтарға ұсынылатын тапсырмалар.
І ТОП ТАПСЫРМАСЫ
Өз тәжірибемде сабақта ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімді тұстары
ІІ ТОП ТАПСЫРМАСЫ
Өз тәжірибемде сабақта ақпараттық технологияны пайдалануда кездесетін қиыншылықтары
ІІІ ТОП ТАПСЫРМАСЫ
Оқушының сабақтағы белсенділігін арттыруға ақпараттық технологиялардың дамыту жолдары.
Қатысушылардың ішінен ең көп білетін адамды анықтайды.
Ойларын айтады.
Тапсырмаларды АКТ-ны пайдаланып таныстырылым жасайды.
Әр топтан бір спикер шығып түйінді ой айтады.
Қатысушылар өз ойларын айтады
Рефлексия. "4 ромб"
Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды көк бөлікке жазыңыздар, бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені сары жазыңыздар. Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, жасыл бөлікке жазыңыздар.
Осылайша қатысушы мұғалімдердің коучингтен не білім
алғандарын көрсетеді.
Әдістемелік күннен алған әсерлерін стикерге жазады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»
І ТОП ТАПСЫРМАСЫ
Өз тәжірибемде сабақта ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімді тұстары
ІІ ТОП ТАПСЫРМАСЫ
Өз тәжірибемде сабақта ақпараттық технологияны пайдалануда кездесетін қиыншылықтар
ІІІ ТОП ТАПСЫРМАСЫ
Оқышының сабақтағы белсенділігін арттыруға ақпараттық технологиялардың дамыту жолдары.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.