Оқыту және оқытудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша диалогтік оқыту
Оценка 4.6
Документация
docx
чтение
8 кл
30.05.2018
Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады Осы жағдайда заман талабына сай педагог оқушыны қалай және неге оқыту керек? Бұл мәселені шешуде ең алдымен мұғалімнің кәсіби дамуына аса маңызды көңіл аударуды қажет етеді. Осыған қатысты маңызды түйіндер Кембридж бағдарламасының мазмұнындағы 7 модуль идеясында ашылады.
оқ.docx
Оқыту және оқытудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша диалогтік
оқыту
Мағзумова Гүлмира Каиркановна
Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген
білім дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін білген білім модельдері аясында ғана
жүзеге асырылады Осы жағдайда заман талабына сай педагог оқушыны қалай және неге
оқыту керек? Бұл мәселені шешуде ең алдымен мұғалімнің кәсіби дамуына аса маңызды
көңіл аударуды қажет етеді. Осыған қатысты маңызды түйіндер Кембридж
бағдарламасының мазмұнындағы 7 модуль идеясында ашылады. Жеті модульдердің
барлығында қарастырылатын идеялары білім алушылардың өзінің түсінігі қалыптасуына,
белсенді білім алуына, әлеуметтік серіктестікте білім алуға, оқушылардың сыни тұрғыдан
ойлауын дамытып, өзара тілдік қарымқатынас орнатуын дамытуға негізделген. Негізгі
идеяларды іске асыру үшін мұғалім тұлғаның бойында еркін ойлап, өз ойын тілдік қарым
қатынас барысында еркін ашық айта білу қабілеттерін қалыптастыру керек.Кей жағдайда
білім беру үрдісі барысында кездесетін мәселе, оқушылардың көпшілігі еркін ойлауда,
ойларын жеткізуде біршама қиналатындығы байқалады. Мысалы, мұғалімнің қойған
сұрақтарына оқушылар мәтіннің үзіндісімен ғана жауап береді. Кіші жастан бастап
диалогтік оқытудың өзіндік негізі қалыптаспаса жоғары сыныптарда қиыншылықтарға тап
болатыны белгілі. Бұл жағдай әсіресе оқушылардың бастауыштан орта буынға ауысуы
тұсында байқалады.Балалардың қажеттіліктерін ескере отыра дағды және қасиеттермен
қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады
Кез келген нәрсені түсіну немесе түсіндіру үшін мұғалімнің өзі оның негізін біле білуі
керек. Мұғалім балаға жаңа білім бермес бұрын, ең алдымен баланың ынтасын аударар
нәрсені жақсы білу керек. 45 минут сабақтың сәтті өту құпиясы мұғалімнің өз назарын
нәтижелерге шоғырландыруына байланысты. Сабақ —
бір пәнді оқытуға арналған оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі. Әр сабақты тиімді
етіп құру бұл мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Мен де сәтті сабақтың алты сипатын
басшылыққа ала отырып, сабағымда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын
арттырып, шығармашылыққа баулу үшін, ойын еркін жеткізетін, пікір алмаса алатын
оқушы шығару үшін жұмыстандым. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
үшін, достық қарымқатынастары артуы үшін сабақты бірінші ынтымақтастық
атмосферасын құруға үйреттім. Нәтижесінде оқушылар тың ойымен жаңа сабаққа кіріседі.
Кембрижд университетінде бекітіліп берілген 7 модулдің бірі «Оқыту және оқудағы жаңа
тәсілдер» модулі, оның ішінде «диалогтік оқыту» тәсілін, басқа да модулдерді ішнара
қатыстырып, ықпалдастыра отырып сабағымызға кірістіремін.Сабағымызды бастамас
бұрын біздер топқа бөліп аламын. (мұғалімдерді түрлітүсті қаламсаптар арқылы бөліп
аламын) (1 минут)
1) Топтар ереже құрып, толықтырып тақтаға іліп қоямыз (1оминут) Сергіту сәті.(Мақсатқа
жету) (7 минут) Слайд көрсетіледі/диалогтік оқыту/ (1о минут). Диалогтік оқытуға
қысқаша шолу: Құрметті әріптестер,Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ болып табылмайды, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек.Дегенмен топ
жағдайында дарынды және талантты оқушылар санатын қарастыру кезінде бірқатар ортақ
сипаттамаларды көруге болады.Кейбір оқушылар бірқатар салада осындай қасиеттердің
бар екендігін көрсете біледі,ал осы кезде басқаларытек бір ғана салада көрсете
алады. Дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке ие: олардың кейбірі,
мәселен, ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілетін көрсете алуы мүмкін, ал
кейбіреулері өнерде немесе поэзияда, қоғамдық көшбасшылықта көрінер.
«Диалогтік оқыту» модулі бір жағынан қызықты болса, екінші жағынан барлық мәнжайын
түсінуді қажет ететін модульдердің бірі. Оқу үрдісіне оқушылардың барлығы белсенді
жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану керек.
Мысалы: рөлдік ойындар, постер т.б.. Бұл әдістер сыныптағы барлық оқушыларды
әрекетке тартып, ұжымда жұмыс жасауға үйретіп, тілдік қарымқатынас орнатуға септігін
тигізеді. Осы орайда кейбір ұстанымдарға сүйену маңызды болып табылады
2) Постер қорғау /диалогтік оқыту\ Топтар топпен жасаған жұмыстарын тақтаға шығып
қорғайды, қойылған сұрақтарға жауап береді.
Постер құрып, оны қорғау арқылы диалогке қатысушылардың мысалы, сөйлеуші әрбір
сөзін түсінікті етіп, мәнерімен сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу, ал тыңдаушы – айтуға
мүмкіндік беру, жақсы тыңдаушы бола білу керектігі мен шыдамдылықпен таныту
керектігін жайында түсініп, ой қозғауға жетелейді. Диалогтік оқыту барысында
әңгімелесудің оқутанымдық, тілдікдамытушылық, әлеуметтікбағдарлаушы міндеттері
қамтылуы маңызды болып табылады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол
жеткізу үшін мұғалімдер қолданылатын сұрақтардың екі түрі:«төмен дәрежелі» және
«жоғары дәрежелі» сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Жоғары дәрежелі
сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға,
кеңейтуге, өзіндік көзқарастарын білдіріп, бағалауға және талдауға тиіс болады. Сұрақ қою
маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда ғана
танымдық сұрақ сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың ізденуіне қолдау көрсетіп, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін жақсартады және білім, ақпарат
алу көкжиектерін кеңейте түседі. Сондықтан да өткізілген сабақтар барысында қойылған
сұрақтар баланың санасына қойылатын талаптар тұрғысынан ойластырылса нұр үстіне нұр
болады. Жоғары дәрежелі сұрақтар балалардан ақпаратты белгілі дәрежеде қолдануды,
қайта ұйымдастыруды, дамытуды, бағалауды, талдауды, яғни, ойлау операцияларына
дайын болуды талап ететін сұрақтар. Ашық сұрақтарды көбірек пайдалану оқушыларға
әлдеқайда жоғарырақ деңгейде ойлануға көмектеседі.
«Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою» әдісінің негізгі мақсаты – бірбірімен ой бөлісу
арқылы өз білімдерін жетілдіру жұмысымен айналысу. Жаттығу барысында оқушылар кез
келген сұрақ қоя отырып, менде осы тақырып бойынша қандай ойлар мен ұстанымдар бар?
Бұл жұмыс мен және менің құрбыларым үшін қаншалықты маңызды? т.б. сұрақтарға жауап
бере отыра қандай мәселелерді игергенін, игеру жолында қандай қиындықтар туындады,
оларды қалай мен шешу керекпін? деген сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде
жекелей ой қозғап өзара ой бөлісу арқылы тілдік қарымқатынас орнатады. Сондай –ақ осы
жұмыс арқылы оқушыларды өздігінен, жұппен және ұжыммен жұмыс атқаруға үлкен
септігін тигізіп, жұмысқа белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Сұрақтардың түрлері
Төмен
дәрежелі
жабық
Жоғары дәрежелі
Қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға,
талдауға тиіс
Сұрақ қоюдың ережелері Түрткі
сұрақ
Сынақтан
Қайта бағыттап қою
өту
Жауап беру үшін
Оқушылардың жауабын
түзету үшін
Сұрақты
қарапайым етіп қою
Өткен
материалдарға оралу
Ойға салу
Дұрысын
қабылдап, толықтыру
Толық жауап беру
Ойларын анық
білдіру
Сұрақты басқа оқушыға бағыттау
Сұрақтардың маңыздылығы:
Ынталандырады
Қызығушылығын анықтайды
Зерттеуге ынталандырады.
Білімін қалыптастыруға көмектеседі.
СТО ықпал етеді
Оқытуды қиындататынқиындықтар мен
түсінбестіктерді анықтайды
Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу қарым қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі
емес, керісінше идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім
алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен
қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күшжігерін жұмсайтын және
Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында
тең құқылы серіктестер болып табылады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім
беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік
түрі басымдылыққа ие болады.
Білім беру үрдісінде оқушыларға білім беруде тиімді әдістерді пайдалану арқылы
оқушының білімге деген ынтасын дамытып, ойын еркін жеткізе білу қабілетінің
белсенділігін қалыптастыруға негіз болады деуге болады. Сондайақ мұғалімдер осы
бағытта жұмыстар атқарса оқушы мен мұғалім арасында өзара серіктестік пайда болады.
Сонымен қатар еркін тілде сөйлеп өзінің сыни көзқарасын білдіріп, басқаларға жеткізе
алатын, бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.
Диалогтік оқыту – мұғалімнің жанжақты жұмысын талап етеді. Білім беру барысында диалогтік оқытуды дамыту үшін мұғалімнің тәжірибесінде не қажет?
Әрине, оқытудың әдістәсілдерінің сынып жағдайында дұрыс таңдалуы нәтижеге жетудің
бастамасы болып табылады. Бұл мұғалімнен біліктілік пен шеберлікті қажет етеді.
Кембридж әзірлеген Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясына басым назар
бөледі. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен
жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан
алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға
негізделген.
оқушының идеясы мен білімбіліктілігін дамытуға ықпал
ету
Оқу үрдісі барысында
келесі жайларды
ескерген жөн
әр оқушы өз деңгейінде жұмыс жасап, кейбір болжамдар
бойынша ойларын білдіре алуларына жағдай жасау
көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғымтүсініктерін өрістеуіне мүмкіндік беру
оқушылардың бастапқы білімдерін жаңа біліммен өзара
байланыстыруға мүмкіндік тудыратын жағдай жасау
Сондайақ диалогтік оқыту барысында оқушылардың өз ойларын айтуға мүмкіндік туғызу,
оқытуда мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы диалог жүргізу дағдысы қай
денгейде екенін үнемі назарда ұстау маңызды болып табылады. Диалогтік оқыту арқылы
сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың негізгі ерекшелігі ұстаздар мен оқушыларға өз
еріктерімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге жағдай жасайды. Қазіргі
оқытудың талаптарына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуды
керек етеді. Сондықтан қазіргі заман талабына сай жас ұрпақтың көкірегі ояу, ізденімпаз,
отаншыл, шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек деп
ойлаймын. Оқушыларға жаңа тақырыптарды қызықты, түсінікті етіп түсіндіру үшін керекті
тәсілдердің бірі ретінде диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету деп
ойлаймын. Осы жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, жаңа сабақтың аясында қосымша
қызықты деректерді ұсынуға, қиын тақырыптарды әр түрлі жұмыс түрлері арқылы
жеткізуге, жаңа идеяларды әсерлі етіп көрсетуге болады. Бағдарламаның жеті модулін
білім беру үрдісіне енгізе отырып мұғалім мен оқушылар арасындағы белсенді қарым
қатынасты қалыптастырып, келешек өмірге жол ашамыз.
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету негізінде әр түрлі әдістәсілдерді
пайдалана отырып, өткізілген сабақтардың нәтижесі бойынша оқушылардың сөйлеу
қабілеті, сұраққа жауап беру қабілеті, мәтінді сипаттау қабілеті, сұрақ қоя білуі, таныс
материалды меңгеру қабілеті біршама жақсы нәтижелерге көтеріледі деуге болады.
Бұрынғы оқушылар тек қана тыңдаушы болса, қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін қалай
оқу керектігін түсінетін жеке тұлға екендігіне ерекше мән бергеніміз жөн. Тұлғаны дамыту
үшін оқытудың жаңа тәсілдерін қолдануымыз керек деп ойлаймын. Бұл заман талабы.
Көштен қалуға болмайтындығын бәріміз де түсінеміз.
Алдағы уақытта да білім беру үрдісінде осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыратын
болсақ:
барлық оқушылар сабаққа белсенді қатысады;
барлық оқушылар өздерін еркін сезінеді;
олар бір нәрсені қате айтамыз деген қорқыныштан арылады;
жауапты бірлесіп іздейді, жолдастық көмек, бір біріне деген жауапкершілік
сезімі пайда болады;
сабақ оқушы үшін, мүғалім үшін де пайдалы болады;
ең бастысы олар бір біріне қатты әсер етеді, бірбірінен үйренеді және бірінбірі
үйретеді. Білім беруде жақсы істер жалғасын тапса оқушы қалай оқу керектігін түсініп, өзінөзі
реттеп, достық қарымқатынас пен жақсы көңілкүйде болары анық. Мен үшін ең тиімді
сабақ ол нәтижелі сабақ. Ал, сабақтың нәтижесі оқушылардың ісәрекетінен көрінеді.
Оқыту және оқытудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша диалогтік оқыту
Оқыту және оқытудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша диалогтік оқыту
Оқыту және оқытудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша диалогтік оқыту
Оқыту және оқытудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша диалогтік оқыту
Оқыту және оқытудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша диалогтік оқыту
Оқыту және оқытудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша диалогтік оқыту
Оқыту және оқытудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша диалогтік оқыту
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.