"Орхон ескерткіштері" сабақ жоспар
Оценка 5

"Орхон ескерткіштері" сабақ жоспар

Оценка 5
Разработки уроков
docx
чтение
8 кл
07.11.2017
"Орхон ескерткіштері" сабақ жоспар
1. Күні, айы, жылы: 2. Мұғалім: Калаулинова Н.Ж 3. Сабақтың тақырыбы: Орхон ескерткіштері. «Күлтегін» жазуы Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың көне жазба нұсқалары туралы білімдерін кеңейту, «Күлтегін» жазуы туралы жаңа мағлұмат беру. 2. Тәрбиелік: Оқушыларды көне мәдениет нұсқаларын қастерлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу. 3. Дамытушылық: Оқушылардың қосымша деректер арқылы әдеби дүниетанымдарын кеңейту. Сабақтың типі: аралас сабағы. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу Сабақтың көрнекілігі:«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялары. Пәнаралық байланыс: тіл, тарих. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу. 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Заманымыздан бұрынғы жазу- сызулар мен аңыз-жырлар. «Алып-Ер Тұңға» туралы мағлұмат. 2. Алып-Ер Тұңғаны жоқтауының мазмұнын әңгімелеу, 5 шумағын жатқа айту. ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 1. Орхон ескерткіштері туралы мағлұмат беру. Түркілер V-VІІІ ғасырларда «Түрік қағанаты» деп аталатын үлкен мемлекет құрды. Түркілер – қазіргі қазақ, қырғыз, қарашай, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар, ноғай, саха (якут), хакас, әзербайжан, түрік, құмық, авар, балқар, башқұрт, қарайым сияқты тілдері бір-бірімен ұқсас, түркі тілінде сөйлейтін, бір кезде Монғолиядан – Каспий теңізі, арғы жағы Қапқаз (Кавказ), Тана (Дон) өзендеріне дейін алып жатқан тұтас түркі елін құраған. Кейін әр түрлі тарихи жағдайларға байланысты бөлшектеніп қалған. Түркілердің түпкі Отаны-қазіргі қазақ жерінде. Түркілер туралы Махмұт Қашқари былай деп жазған: «Ұлы Тәңір айтады: «Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды «Түрік» деп атап, Күншығысқа қоныстандырдым. Түріктер-көрікті, өңдері ұнамды, жүздері мейірімді, әдепті, үлкендерді құрметтей білетін кішіпейіл, уәделерінде берік тұратын мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие ашық-жарқын жандар». Түрік қағанатының негізін құраған Бұмын қаған еді. Ол 552 жылы қайтыс болған соң, кейінгі ұрпақтарының біліксіздігінен, жігерсіздігінен қағанат екіге бөлініп, ақыр аяғы 630-680 жылдары көрші жатқан тауғаштарға тәуелді болып қалады. Елу жылға созылған күрес нәтижесінде, Елтеріс ханның кезінде ғана бостандыққа қолы жетеді. Елтеріске бала кезінде қытайлар алып кетіп, қытайша тәрбиеленген Тоңұқұқ деген кісі көмектеседі. Ол тұтқында жүрсе де, өзінің түркі тегін ұмытпаған еді. Елтеріс хан өмірден өткенде, артында қалған ұлдары Білге-жеті жаста, Күлтегін болса 5 жаста болатын. Мұрагерлері жас болғандықтан, таққа Елтерістің інісі Қапаған қаза тапқаннан кейін ғана Білге хандықтың билігін алып, Күлтегін әскербасы болады. Тоңұқұқ ақылшы, кеңесші болып отырады. Ежелден ханға кеңесші болып жыраулар отырған. Сондықтан Тоңұқұқты жырау деуге болады. Орхон ескерткіштері дегеніміз – осы тарихи тұлғаларға арнап орнатылған тастағы жазулар. Түркілердің ежелгі мекені – Орхон өзенінің аңғарынан табылған. Ондай тастар бұрын қазақ жерінде де көп болған. Бірақ түрлі жаугершіліктер кезінде жойылып кеткен. Орхон ескерткіштеріндегі жазулардың негізгі ойы мен мұраты – ел тәуелсіздігін аңсау, елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу. Жырда түркілердің тауғаштарға кіріптар болу себебін олардың тәтті сөз, асыл қазынасына алданғандығынан, ел ішінде бірлік болмауынан деп түсіндіреді. Орхон жазулары мазмұны, айтар ойы жағынан «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» сияқты қазақтың эпостық жырларымен үндес, ұқсас. Батырлық жырлардың идеясы да Орхон жырларындағыдай, ел тәуелсіздігі мен елге қорған болған батырларды жырлау. Батырлық жырларымыздың көне сарындарын Білге, Күлтегін, Тоңұқұқ жырларынан табамыз. Орхон жырларының құрылысы жағынан қазіргі өлеңнен біраз айырмашылығы бар. Онда арагідік болмаса, ұйқас кездесе бермейді. Дыбыс үндестігі, сөз қайталаулар ішкі ырғаққа құрылады. 2. Ескерткіштен үзінділер оқу. ІV. Жаңа сабақты бекіту: 1. Оқулықпен жұмыс. Ескерткіштен үзінділерді оқу, әңгімелеу. Тәңір текті, Тәңірден жаралған, Түрік Білге қаған. Бұл шақта отырдым. Сөзімді түгел есітіңдер: Бүкіл жеткіншегім, ұланым, Біріккен әулетім, халқым. Оңымда щад, апа бектер, Солымда тархан, бұйрық бектер. Тоғыз оғыз бектері, халқы, Бұл сөзімді мұқият тыңда, Терең ұқ. 2. Сөздік жұмысын жүргізу. Білге - ақылды, дана, білікті. Қаған - хан. Шад, апа бектер, тархан, бұйрық бектер - әскери лауазымдар атауы. Тоғыз оғыз – ру- тайпаның аты. Өтүкен – түркілердің қасетті мекені. Тонсыз – киімсіз, аш-жалаңаш. 3. Сұрақтарға жауап беру: 1. Түркілердің тауғаштарға елу жыл ісін-күшін беру себебі не? 2. Түрік қағанаты қалай құрылған еді? 3. Орхон жырларының қазақ эпостарымен ұқсастығы неде? 4. Тақырыбы не жайында? 5. Айтар ойы (идеясы) қандай? 6. Өлең құрылысы жағынан қазіргі қазақ өлеңімен бірдей ме? Салыстырып көріңдер. V. Үй тапсырмасын беру. 1. Оқулықтан 8-13-беттерді оқу. 2. Үзінділерді әңгімелеу, қосымша деректер жазу. VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау. VII. Сабақтың аяқталуы
орхон ескерт.docx
1. 2. 3. 1. 2. 3. Күні, айы, жылы: Мұғалім: Калаулинова Н.Ж Сабақтың тақырыбы: Орхон ескерткіштері. «Күлтегін» жазуы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың көне жазба нұсқалары туралы білімдерін кеңейту,  «Күлтегін» жазуы туралы жаңа мағлұмат беру. Тәрбиелік: Оқушыларды көне мәдениет нұсқаларын қастерлеуге,  елжандылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың қосымша деректер арқылы әдеби  дүниетанымдарын кеңейту. Сабақтың типі: аралас сабағы. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ. Сабақтың әдіс­тәсілі: баяндау, сұрақ­жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу Сабақтың көрнекілігі:«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялары. Пәнаралық байланыс: тіл, тарих. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу. 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Заманымыздан бұрынғы жазу­ сызулар мен аңыз­жырлар. «Алып­Ер Тұңға» туралы  мағлұмат. 2. Алып­Ер Тұңғаны жоқтауының мазмұнын әңгімелеу, 5 шумағын жатқа айту. ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 1. Орхон ескерткіштері туралы мағлұмат беру. Түркілер V­VІІІ ғасырларда «Түрік қағанаты» деп аталатын үлкен мемлекет құрды.  Түркілер – қазіргі қазақ, қырғыз, қарашай, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар, ноғай, саха  (якут), хакас, әзербайжан, түрік, құмық, авар, балқар, башқұрт, қарайым сияқты тілдері  бір­бірімен ұқсас, түркі тілінде сөйлейтін, бір кезде Монғолиядан – Каспий теңізі, арғы  жағы Қапқаз (Кавказ), Тана (Дон) өзендеріне дейін алып жатқан тұтас түркі елін құраған.  Кейін әр түрлі тарихи жағдайларға байланысты бөлшектеніп қалған. Түркілердің түпкі  Отаны­қазіргі қазақ жерінде. Түркілер туралы Махмұт Қашқари былай деп жазған: «Ұлы Тәңір айтады: «Менің бір  тайпа қосыным бар. Оларды «Түрік» деп атап, Күншығысқа қоныстандырдым. Түріктер­көрікті, өңдері ұнамды, жүздері мейірімді, әдепті, үлкендерді  құрметтей білетін кішіпейіл, уәделерінде берік тұратын мәрт және сол сияқты  көптеген жақсы қасиеттерге ие ашық­жарқын жандар». Түрік қағанатының негізін құраған Бұмын қаған еді. Ол 552 жылы қайтыс болған соң,  кейінгі ұрпақтарының біліксіздігінен, жігерсіздігінен қағанат екіге бөлініп, ақыр аяғы 630­ 680 жылдары көрші жатқан тауғаштарға тәуелді болып қалады. Елу жылға созылған  күрес нәтижесінде, Елтеріс ханның кезінде ғана бостандыққа қолы жетеді. Елтеріске бала  кезінде қытайлар алып кетіп, қытайша тәрбиеленген Тоңұқұқ деген кісі көмектеседі. Ол  тұтқында жүрсе де, өзінің түркі тегін ұмытпаған еді. Елтеріс хан өмірден өткенде, артында қалған ұлдары Білге­жеті жаста, Күлтегін болса 5  жаста болатын. Мұрагерлері жас болғандықтан, таққа Елтерістің інісі Қапаған қаза  тапқаннан кейін ғана Білге хандықтың билігін алып, Күлтегін әскербасы болады.  Тоңұқұқ ақылшы, кеңесші болып отырады. Ежелден ханға кеңесші болып жыраулар  отырған. Сондықтан Тоңұқұқты жырау деуге болады. Орхон ескерткіштері дегеніміз – осы тарихи тұлғаларға арнап орнатылған  тастағы жазулар. Түркілердің ежелгі мекені – Орхон өзенінің аңғарынан табылған.  Ондай тастар бұрын қазақ жерінде де көп болған. Бірақ түрлі жаугершіліктер кезінде  жойылып кеткен. Орхон ескерткіштеріндегі жазулардың негізгі ойы мен мұраты – ел тәуелсіздігін аңсау, елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу. Жырда түркілердің тауғаштарға кіріптар болу себебін олардың тәтті сөз, асыл қазынасына алданғандығынан, ел ішінде бірлік  болмауынан деп түсіндіреді. Орхон жазулары мазмұны, айтар ойы жағынан «Қобыланды батыр», «Алпамыс  батыр» сияқты қазақтың эпостық жырларымен үндес, ұқсас. Батырлық жырлардың идеясы да Орхон жырларындағыдай, ел тәуелсіздігі мен елге қорған болған батырларды жырлау.  Батырлық жырларымыздың көне сарындарын Білге, Күлтегін, Тоңұқұқ жырларынан  табамыз. Орхон жырларының құрылысы жағынан қазіргі өлеңнен біраз айырмашылығы бар. Онда  арагідік болмаса, ұйқас кездесе бермейді. Дыбыс үндестігі, сөз қайталаулар ішкі ырғаққа  құрылады. 2. Ескерткіштен үзінділер оқу. ІV. Жаңа сабақты бекіту: 1. Оқулықпен жұмыс. Ескерткіштен үзінділерді оқу, әңгімелеу. Тәңір текті, Тәңірден жаралған, Түрік Білге қаған. Бұл шақта отырдым. Сөзімді түгел есітіңдер: Бүкіл жеткіншегім, ұланым, Біріккен әулетім, халқым. Оңымда щад, апа бектер, Солымда тархан, бұйрық бектер. Тоғыз оғыз бектері, халқы, Бұл сөзімді мұқият тыңда, Терең ұқ. 2. Сөздік жұмысын жүргізу. Білге ­ ақылды, дана, білікті. Қаған ­ хан. Шад, апа бектер, тархан, бұйрық бектер ­ әскери лауазымдар атауы. Тоғыз оғыз – ру­ тайпаның аты. Өтүкен – түркілердің қасетті мекені. Тонсыз – киімсіз, аш­жалаңаш. Сұрақтарға жауап беру: Түркілердің тауғаштарға елу жыл ісін­күшін беру себебі не? Түрік қағанаты қалай құрылған еді? Орхон жырларының қазақ эпостарымен ұқсастығы неде? Тақырыбы не жайында? Айтар ойы (идеясы) қандай? Өлең құрылысы жағынан қазіргі қазақ өлеңімен бірдей ме? Салыстырып  3. 1. 2. 3. 4. 5. 6. көріңдер. V. Үй тапсырмасын беру. 1. Оқулықтан 8­13­беттерді оқу. 2. Үзінділерді әңгімелеу, қосымша деректер жазу. VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау. VII. Сабақтың аяқталуы

"Орхон ескерткіштері" сабақ жоспар

"Орхон ескерткіштері" сабақ жоспар

"Орхон ескерткіштері" сабақ жоспар

"Орхон ескерткіштері" сабақ жоспар

"Орхон ескерткіштері" сабақ жоспар

"Орхон ескерткіштері" сабақ жоспар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.11.2017