Памятники надгробья в Западном Казахстана РК
Оценка 5

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Оценка 5
Научные работы
docx
история
Взрослым
12.02.2017
Памятники надгробья в Западном Казахстана РК
Наша страна отказалась, забытые кладбища, надгробия в старой арабской надписи от края XVIII века, история дальнейшего края племенного населения племенной, политической и экономической жизни информации на этикетке о находящихся под угрозой исчезновения.        Памятники региона очень богата. Сегодня на мероприятии в регионе, обелиски и исследовательская работа была проделана на регулярной основе. Эта работа нашла своих сторонников, многие памятники раскрыла тайну истории известных людей о жизни некоторых ценных данных. Независимость и развитие страны в течение короткого периода времени для таких исторических работ, которые должны быть правдой.
БКО Кулпытастар купиясы.docx
Батыс Қазақстан инновациялық­технологиялық университеті Педагогика факультеті Тарих және әлеуметтік­гуманитарлық   пәндер кафедрасы Ғылыми зерттеу жұмысы «БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЗЕРТТЕЛІП  ЖАТЫРҒАН ҚҰЛПЫТАСТАРДАҒЫ ҚҰПИЯ»                                                              Ғылыми зерттеу жұмысының авторы: Диярова Бақытгүл Ғарифоллақызы  «Тарих» мамандығының 2­курс студенті Ғылыми жетекші: БҚИТУ аға оқытушысы, тарих  магистрі Сидахметов  Серік Елтайұлы 1 Орал­2016 ж. МАЗМҰНЫ Кіріспе...........................................................................................................3 Негізгі бөлім.  1.1. Тас бағанадағы көне тарих..........................................................4  Құлпытаста жатқан сыр..............................................................8 1.2. Қорытынды...................................................................................................21 Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................23 2 КІРІСПЕ   экономикасы   қарқынды   дамып,             Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда өз алдына жеке­дара дербес мемлекет   болып,   демократиялық бастаулармен,   бейбіт   өмірді   сүюімен   бүкіл   әлемге   танылған   Қазақстан жарқын   болашағын   нығайту   үшін   отаршыл   саясаттың   зардабынан   жоғалып кетуге   шақ   қалған   өткен   тарихымыздың   ізін   жаңғыртып,   оның   ашылмаған сырларын   ашу   міндетін   алға   қояды.   Әр   азаматтың   бойында   отансүйгіштік қасиетті   тәрбиелеуде   тарихтың   алатын   орны   ерекше.   «Өткенді   білмей, болашақты болжау қиын». Сондықтан да, мемлекет тарапынан өткеніміз бен бүгінімізді мұқият саралау үшін салмақты қадамдар жасалуда. Н. Назарбаев «Қазақстан­2050»   стратегиясында   қалыптасқан   мемлекеттің   «Жаңа   саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру   жұмысын   жалғастыруымыз   керек»   деген   болатын.   Елбасы «Тарих   толқынындағы   халық»   атты   тарихи   зерттеулердің   арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынды. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев ел тарихын жаңаша көзқараспен, әлем тарихымен бірге алып қарастыра жазуды айрықша тапсырып   отыр.   Енді   зерттеуші   –   ғалымдарымыз   осы   мүмкіндікті   тиімді пайдаланып, Қазақстан тарихының қоғамдағы орнын нақтылау мақсатында әр облыста  көптеген  шараларды  қолға  алып отыр.  Дәл қазіргі  сәтте  көптеген құлпытастар   мен   археологиялық   ескерткіштер   табылып,   зерттеліп, тарихымыздағы құнды деректер қатарын толықтырып отыр. Өз тарихын білмей мемлекет болып қалыптасу мүмкін емес. Мемлекет болғанның өзінде «Мәңгілік ел» бола алмайды. Тарих арқылы өткенді саралап, болшаққа үмітпен, сеніммен қарай аламыз. Өткен тарихымыздан сабақ алып, қателік жібермеуді үйренеміз. Біз тарих арқылы өзіміздің текті, дана, батыр халықтың ұрпағы екенімізді ұмытпаймыз. Сол арқылы текті  ұрпақ тәрбиелеп, ешкімге мойынсұнбаймыз.               Ғылыми   жұмыстың   мақсаты:  Өлкемізде   қараусыз,   ұмыт   қалған қорымдар, құлпытастардың ескі араб жазулары, өлкенің   XVIII ғасыр, одан арғы   тарихынан,   өлке   тұрғындарының   рулық   –   тайпалық,   саяси   – 3 экономикалық өмірінен белгі беретін жойылып кету қаупі бар құлпытастар туралы мәлімет беру.         Облысымыз ескерткіштерге өте бай. Қазіргі таңда облыс көлемінде іс­ шара жүргізіліп, құлпытастарды зерттеу жұмысы жүйелі түрде қолға алынып отыр. Бұл жұмыс өз қолдаушыларын тауып, көптеген ескерткіштердің сыры ашылып, тарихқа белгілі тұлғалардың өмірі туралы біршама құнды деректер алынды. Тәуелсіздік алып, аз уақыттың ішінде дамып келе жатқан еліміз үшін осындай  тарихи еңбектердің қажет екендігі шындық.  Ғылыми жұмыстың жаңалығы: Үнсіз­түнсіз тас қой!­ деме. «Құлпытас!» Үлкен – кіші құлпытастар астында: Тірлік жатыр!                                          Тағдыр жатыр!                                          Тарих жатыр біртұтас!                                                                                             (Жарасқан Әбдіраш)          Төл тарихымызға жаңа да тың  деректер қосып, бізге аңыз болып жеткен деректерді   нақтылап   беретін   бірден   бір   «құжат»,   осы   құлпытастар. Тарихымызда өткен елеулі хан, би­ шешендердің  өмірін, туған және дүниеден озған   жылдарын   нақтылап   көрсетеді.   Көптеген   даулы   мәселелердің   басын ашып   береді.   Ең   бастысы   өз   ата–тегімізді   білуге,   оны   келешек   ұрпаққа жеткізуге   септігін   тигізетін   құндылық.   «Тарихын   білмеген   елдің   болашағы болмайды» дейді дана халқымыз. Ал тарих нақты деректерге сүйенеді. Нақты деректі біз, әрине, сонау ғасырдан келе жатқан көненің көзі, құлпытастардан біле   аламыз.   Сол   себептен   тектілігіміздің,   елдігімізідің   дәлелі   болатын құлпытастардың қадір­қасиетін түсініп, жас ұрпаққа дәріптеп, қазіргі сәттен бастап зерттеп үлгеруіміз қажет.         1.1 Тас бағанадағы көне тарих.  Қазақ   тарихының   бүгінгі   күнге   жалғасуына   тастарға   басылған жазулардың көп септігі тигені бәрімізге белгілі. Рулар арасындағы айтыс – тартыстарды, жайылымдарды, тіпті екі ел арасындағы шекараны анықтауда осы құлпытастар көп жерде дәлел бола алған.         Бірнеше   ғасыр   бойы   халқымыз   араб   графикасына   негізделген   әліпби жүйесін   пайдаланып   келді.   Алайда,   кеңес   өкіметі   кезіндегі   бірнеше   рет өзгерген   әліпби   жүйесінің   реформасы   негізінде   төл   тарихымызбен 4 сабақтастық   байланысы,   ата–баба   мұрасын   оқу   сияқты   құндылықтардан ажырап   қала   жаздағанымыз   рас.   Сөйтіп,   1929­1940   жылдары   аралығында латын графикасын пайдалансақ, 1940 жылдан бері кириллица әліпби жүйесін пайдаланып келеміз. Осылайша   өз   ата­бабамыздың   құлпытасында   не   жазылғанын   білмей, Құран мен хадис және басқа да кітаптарды, бабалардан қалған өсиеттерді оқи алмайтын   қалыпқа   түстік.   Десек   те,   тәуелсіздік   алғаннан   кейін,   өшкеніміз жанып,   жоғалғанымыз   табылып,   рухани   құндылықтарымыз   жаңа   тарихи көзқарас шеңберінде қайта қаралып келе жатыр.           Егер   ай   астындағы   әлем   күні   бүгінге   дейін   дүниедегі   ең   ірі   жерлеу жәдігері ­ Мысырдың алып пирамидаларын ғана білген болса, онда дәл сондай құрылыстардың   ең   шағын   түрі   –   Дала   құлпытастарын   білуге   тиіс   десек, асырып   айтқандық   болмас.   Ата­баба   аруағына   бағышталып   тігінен тұрғызылатын қабір үсті ескерткіштерінің түр­түрі барлық континенттерден де кездеседі. Олар   әрине,   жалпы   адамзаттық   құндылықтар   қатарынан   орын   алары даусыз. Әлемнің әр түкпірінде ондай ескерткіштер қайсы  халыққа тән болса, сол   халықтың   ғұрыптық­жерлеу   тәжірибесі,   көркемдік­эстетикалық заңдылықтары  және ұлттық­мәдени дәстүрлерінің нормаларына сай  әр түрлі материалдардан   дайындалып   жасалады.   Оларды   өзгелерімен жақындастыратыны  да осы негізгі айырмашылығы.  Көне монументалды өнерде адамдардың қоршаған әлем туралы діни­ философиялық көзқарастары мен түсініктері көрініс тапқан. Шындығында да, оларда қоғам өмірінің нақтылы және күңгірт те қиялы жақтарына әсер етуді көздеген дүниетаным негіздері көрнекі түрде бейнеленген тәрізді. Оның тұтастай тұлғалануы, яғни модельдендірілуі негізінен ғұрыптық мәні бар заттарда, мәдениеттің консервативті элементтерінде көрініс тауып отырған. Бұның өзі көне ескерткіштердің жасалу ерекшелігі мен қызметінің алғы шарты болды. Сондықтан   да   монумент   жасау   және   тұрғызу   өнері,   мифологиялық санада,пәни дүниедегілердің құдайлар, ата­бабалар және батырлар әлемімен өзара   байланысын   қамтамасыз   ететін   демиургтік,   діни­магиялық   процесс ретінде   қабылданған.   Әрине,   тас   тұғырлар   немесе   тас   бағаналар   әлем құрылымы,   әлем   тұғыры,   әлем   бәйтерегі   және   ұрпағы   аруағына   табынар жасаған     Ия,   немесе   бабалар   бейнесімен   теңестірілетін   жалпы   адамзаттық идеямен өзектес келетін сан салалы символға ие. Тігінен тартылған осы арқау 5 мифологиялық   түсінікпен   тығыз   байланысты   болып,   ол   желілес   үш   бірдей әлемді (өлілер дүниесі – төменгі, тірілер дүниесі – ортаңғы, құдайлар дүниесі – жоғары әлемді) кесіп өтеді, сонымен бірге осыған қатысты белгілі ғұрыптық іс­әрекеттерді жүргізу кезінде осы аталған кеңістіктер арасындағы дәнекерші –   үйлестіруші   ретінде   «саяхат»   жасай   алады.   Мұндай   таным   –   түсініктер Еуразияда шамасы, энеолит дәуірінің соңғы кезеңі болмаса да, кем дегенде қола  ғасырының  басынан  бастау   алады.  Жоғарыда   атап  өткеніміздей,  олар тастан, металдан, ағаштан жасалған бағаналар, тіреуіштер, сатылар, адам және құдай мүсіндерінде, сондай­ақ меңгірлер (тік орнатылған тастар), тұғырлар, антропоморфты бейнелерде т.б. көрініс тауып отырған [1.4б].            Ондай ескерткіштердің маңайында өткізілетін ғұрыптық іс­әрекеттер марқұмның   аруағына   және   тылсым   табиғатқа,   циклді   мезгілдерге   (жыл циклдеріне), мифологиялық және нағыз – шын ата бабаларға табынушылықпен тікелей   байланысты   болған.   Тас   бағаналардың   ішкі   мазмұнының   сан   қилы семантикасы   осынау   таным­түсініктерге   толық   сәйкес   келіп   қана   қоймай, олармен тығыз байланысты рәсімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Аталмыш   ескерткіштер   қай   жағынан   алып   қарағанда   да   осы   таным­ түсініктерді   ашық   бейнелейді.   Шындығында   да   бұл   нышандар   өткен замандардың   ескі   ғұрыптары   мен   мызғымас   мифологиялық   жүйесінің пәрменді   куәгерлері   ретінде   көне   дәуірлердің   ғана   емес,   әуелі   осы   күнгі зират­мазарлардың да ең негізгі элементі болуы жайдан­жай емес. Көне гректер күн нұры түссе болды әндетіп қоя беретін мысыр батыры Мемнонның тас мүсіні туралы әңгімелегенді ұнатқан деседі. Дәстүрлі қазақ құлпытастары да нақ осы іспетті.Тек айырмасы, олар ән салмайды,оқт алсаңыз сыр шертеді.Өкінішке орай тастар,тастар хикаясы көбінесе үзіле береді... Бізге белгілісі – ауызша жеткен хикаялар, біз әзірше тек солар арқылы ғана   өткенімізді,   төл   рухани   мәдениетінімізді     және   оның   материалдық келбетін танимыз. Өкінішті – ақ...           Еуразияның төскейін алып жатқан ұлан­байтақ Қазақ елі басын асқар Алтайға жастанса, ал табанын сонау Каспийдің толқыны шайып жатыр. Бұл ел ғасырлар   бойы   ұлы   оқиғалардың:   халықтар   мен   тайпалардың   қоныс аударуының, әскери – саяси қақтығыстарыдың, сонымен бірге түрлі мәдениет пен өркениетті  бойына  сіңіре білген, үрдісі үзілмеген көшпелі өмірдің куәсі болды. Сондықтан да бүгінгі Қазақстан жері мәдени – тарихи жәдігерліктерге орасын   бай.   Десе   де   олар   әлі   де   толыққанды   танылған   жоқ,   тіпті зерттермендердің өзі де оның қыр­сырын жетік біле бермейді [1.5б]. 6 Бүгінгі   таңда   мұндай   қайталанбас   құнды   тарихи   –   мәдени   мұраларымыздың   жан­жақтылы   ғылыми   зерттеп   қана   қоймай,   көздің қарашығындай   сақтап,   кеңінен   насихаттау   керек­ақ.   Ол   бір   жағынан   жаңа дәуір мен өткен мыңжылдық тарихымыздың сабақтастығын бекітіп, еліміздің еңсесін   тіктеп,   рухы   мен   мәртебесін   көтеріп,   ұлттық­отаншыл   санасы   мен парасатын шыңдаса, енді бір жағынан өзге шет жұрттарға еліміздің өзгеше бітімді   өнері   мен   мәдениетін   танытуға,   даңқын   асырып,   атын   аспандатуға септігін тигізері даусыз.          Каспий ойпаңының терістік – шығыс бөлігі сәулет өнері формаларының осы шағын түрі – құлпытастардың барынша толық және алуан  пішінін сақтап қалса керек.                    Тек сырт көзге ғана Каспий меңіреу дала болып көрінеді.Семсер сыңғыры     мен   ат   тұяғының   дүбірі   сап   болғалы   не   заман,   бірақ   мүлгіген тыныштық  жоқ  мұнда.            Ал шындығында сортаңды, құмайт  Маңқыстау мен Үстірттің шөлді қыраттары ат жалында ойнаған жауынгер көшпелілердің құтты  мекені, киелі тұрағы   ретінде   ұрпақтарына   аманат   болып   қалды.   Заттық     мәдениет ескерткіштерінде   сол     ұлттың   тағдыр  –  талайы,  оның     дүниетанымы     мен идеологиялық   түсініктері   көрініс   табады.   Қазірге   дейін   Қазақстанда   25 мыңнан астам тарихи – мәдени ескерткіш табылған болса(ал табылмағандары қаншама?), соның 10,5 мыңнан астамы Батыс Қазақстан өлкесінде орналасқан екен. Бұл өңірде қазіргі таңда композициялық тәсілі, сыртқы сәулеттік үлгісі жағынан   да   өзара   өзгешеленіп   тұрған   600­ден   астам   монументалды ескерткіштер белгілі. Құпиясы мен тұңғиық тарихын ішіне бүгіп жатқан осынау өлкеде біздің аталарымыз   бабаларының   аруағына   бағыштап,   тұтастай   бір   құлпытастар «қалашығын» тұрғызып кеткен. Мұндай қауымдық – рулық зираттар ғасырлар бойы далалық көшпелілерлің өмірінде  өте маңызды роль атқарған.          Онда ең негізгі ғұрыптық іс­қимылдар өтуімен бірге, ол тағы да рулық қауымдасу мен ұрпақтар сабақтастығының  нышыны, жерге жеке меншіктің белгісі, әрі көші – қон бағыттарын анықтаушы болды. Желі де, жан­жануары да,мекендеген   халқы   да   тынымсыз   қозғалыста   болатын   шөлейт   өлкеде қозғалмайтын дара маяктар – осы құлпытастар ғана [1.6б].         Әрине, мемориалды құрылыстар діни – ғұрыптық ескерткіш болғанымен, бірақ   та   өз   дәуірінің   «жыршылары»   деуге   тұратын   хас   шеберлер   жасаған 7 ондағы таңғажайып ою­өрнектер, келісімді таңбалар мен   кескіндер – мәңгі жалғастығын   үзбеген   нешеме   ұрпақтың     көркем   ойы   мен   тарихи   жадының іздерін   аңдатады.Оларды   бағзы   замандардан   бергі,   атап   айтқанда   қола дәуірінен бастап, сақ, сармат, ғұн, оғыз­қыпшақ, алтын орда, ноғайлы және қазақ   хандығы   кезеңдерінің   тарихи   –   мәдени   сабақтастығының   куәсі   деп атауға   болады.Олар   әлемнің   еш   жерінде   теңдесі   жоқ   дерлік   «ашық   аспан астындағы   мұражай»   іспетті   Арал–Каспий   дара   аймағындағы   мұқым археологиялық   ескерткіштермен   астасып   жатыр.   Өткен   дәуірлер   мен мәдениеттердің   барлық   тәжірибелерін   өз   бойына   жинақтаған   қабір   үсті ескерткіштерінің ең бір жарқын да үлгілі түрі деп біз құлпытастарды атап отырмыз. Олар жай қарапайым тік тұрғызыла салған тас бағаналардан бастап аса   жоғары   деңгейде   айшықталған   көркем   туынды   болғанға   дейінгі   өте күрделі эволюциядан өтті. Біз тас бәдіздеу өнерінің ұлы шеберлерінің қолынан туған дәл осы жәдігерлерден дала көшпенділерінің бірнеше ұрпағының діни – философиялық  түсініктерін айқын оқығандай боламыз [1.7б].           1.2 Құлпытаста жатқан сыр.  Сонымен құлпытастар туралы біз не білеміз? Шөл даладағы осыншама күрделі мәдени құбылыстың пайда болуын қалай түсінуге болады?                     Құлпытастар  –  тігінен тұрғызылған  тас  бағана  іспетті  нысандар (мүсіндер)   –   сәндік   –   бейнелеу   композициясының   байлығы   жағынан   да, сәулеттік   тұрпатының   әр   алуан   жасалымымен   және   де   бітімінің   әр түрлілігімен   де   анағұрлым   айқын   әрі   жарқын   ерекшеленетін   қазақтардың жерлеу   ескерткіштер   кешенінің   жер   үстіндегі   көрнекі   белгісі.   Оларды жасауға арналған негізгі шикізаттар – бітімі  мен түр­түсі әр алуан әктастар мен   құм     тастар.   Дәл   осындай   оңай   өңделетін   материалдың   ұшан   –   теңіз таусылмас қоры – тас бәдіздеу өнерінің қарыштап дамуына және осы мың жылдық дәстүрдің Каспий мен Арал теңізі арасындағы аймақта мызғымастай орнығуына кепіл болды [1.8б].             Құлпытастар морфологиялық жағынан екі негізгі топқа – жұмыр ірі тас бағана тұлғалы және жұқалтаң ойма түрлер болып   бөлінеді. Сонымен қатар,   мамандар   олардың   арасынан   тағы   да   көптеген   өтпелі   түрлер     мен варианттарды   атап   көрсетеді.   Әр   алуан   шағын   пішінді   қабір   үсті ескерткіштерінің бірі болып табылатын құлпытастардың типологиясы мен оны жіктеудің   негізгі   принциптерін   ең   алғаш   өткен   ғасырдың   50­жылдарының 8 басында – ақ сәулетші М.М.Меңдіқұлов жасаған еді. Ол өзінің ғылыми мәнін әлі   күнге   дейін   жойған   жоқ   және   ғылымда   кеңінен   пайдаланылып   келеді. Қазақ   құлпытастарының   түп­тамыры   тым   тереңде   жатыр.   Ал   шындап келгенде, ол өз қайнар бастауын қола  ғасырынан ба, жоқ әлде онан да кейінгі кезеңдерден алды ма, қазірше кесіп айту қиын.             Қазақстанда бүгінге дейін бізге белгілі болған ең көне зираттар Ақтау қаласының   жанындағы     Қосқұдық   тұрағынан   (Маңқыстау   түбегі),   Иман   – Бұрлұқ   өзені   жағасындағы   Ботай   қонысынан,   сондай–ақ,   Шығыс Қазақстандағы   Қанай   елді   мекенінен   табылды.   Олар   неолит   және   энеолит дәуіріне тән.             Мұндай жерлеу құрылыстарының құрылымы өзінше біршама күрделі, оларда тігінен орнатылатұғын ескерткіш – белгілердің іздері білінбегенімен, онда көп сатылы діни – мінажаттық әрекеттердің белгілері айқын   көрінеді. Тасбағаналы ескерткіштер шекаралас аймақтардағы мәдениеттерде де сирек кездеседі.   Бұл   дегеніңіз   марқұм   құрметіне   арнап   тігінен   ескерткіш­белгі орнату   ғұрпы,   шамасы,   қола   дәуірінің   дамыған   және   неғұрлым   соңғы кезеңдерінде кеңінен етек алған  ба  деген ойға жетелейді.          Андронов, Қима, Беғазы – Дәндібай, Окунев, Карасук және сондай­ақ бір­бірін ауыстырып отыратын қола дәуірінің өзге де мәдениеттері таралған өңірлерден   біз   тігінен   орнатылатын   ескерткіш­нысандарға   морфологиялық және   семантикалық   жағынан   жақын   келетінтас     бағаналарды,меңгірлерді, зооантропоморфты  мүсіндерді, бұғы тастарды  және т.б. кездестіреміз. Міне бұлардың   бәрін   құлпытастардың   алғашқы   нышандары   деп   айтуға   әбден болады [1.9б].         Қазіргі уақытқа дейін Үстірт – Маңқыстау өңірінен қола ғасырларының бірлі­жарым ескерткіші ғана зерттелді. Онан алынған деректер аса  ауқымды тарихи­мәдени   аядағы   монументалды­бейнелеу   өнері   дәстүрінің   жергілікті қайнар   бастауларын   анықтауға   қазірше   мүмкіндік   бермейді.   Дегенмен де,отандық   мамандар   қазірдің   өзінде   кейбір   көңілге   үміт   ұялататын бағыттырды   айқындағанын   да   айта   кеткен   жөн.   Сонымен,   археологтар Маңқыстау   түбегіндегі   Ақтау   қорымынан   меңгірлерді,   сондай­ақ   қабір қоршауындағы   қабырғалардың   тік   қаландыларының   қалдықтарын   тапты. Үстітрттің   солтүстік­батыс   жар­кемерлеріндегі   Тоқсанбай, Манайсор   І­ІІІ   секілді   «алғашқы   қалалар»   тектес   қола   дәуірінің   басталар кезеңінің   қоныстары   айрықша   назар   аудартады.   Осы   объектілерде   соңғы кездерде жүргізілген зерттеулердің алғашқы нәтижелері олардың өте сирек   Айтман, 9 кезігетін ескерткіштер екенін айғақтады. Зерттеушілердің пікірінше, олардан жинақталған материалдар бұрын белгілі мәдени типтер шеңберіне кірмейді. Бұл     жұмыстардың     түбегейлі   нәтижелері,   қалай   дегенмен   де,   Каспийдің солтүстік­шығыс   маңы   ғана   емес,   тұтас   Еуразия   ұлы   далаларындағы   қола дәуіріндегі мәдени­тарихи процесстер  мен ондағы көші­қон туралы дәстүрлі түсініктерге ықпал етері сөзсіз.          Осы   жұмыстар   аясында   жүргізілген   зертеулердің   нәтижелері   жан­ жақтылы шешімді жауап бермеген   күннің өзінде де, ол кем дегенде Арал­ Каспий   аймағындағы   сұңғатты­бейнелеу   өнері   дәстүрінің   түп­тамырын зерттеу мәселесін шешуге аз да болса септігін тигізеді деп айта аламыз.          Осы күнге дейін Арал­Каспий арасының ертедегі көшпелілер дәуірінің тарихы   тас   және   қола   ғасырлар   адамдарының   тарихына   қарағанда   едәуір жақсы зерттелген.            Әрине, Үстірт өңірінен (дахмассагеттік) мүсіндер мен тас бағаналар, көбінесе,   күнделікті   немесе   өзге   де   діни­ғұрыптық   іс­әрекеттерді   өткізуге арналатын   киелі   орындармен,   мінажаттық   ­   ғибадатхана   кешендерімен байланысты болып келеді, ал жерлеу ескерткіштерімен қатысы шамалы әрі сирек кезігеді.Ондай тас мүсіндердегі бейнелеу өнері мотивтері мен идеялар жүлгесі   кейінгі   кездердегі   құлпытастардан   айқын   аңғарылатынын   атап айтқымыз келеді. Өзара салыстыру үшін біз Үстірт пен Маңқыстаудың ерте көшпелілері   дәуірінің   бізге   белгілі   ескерткіштерін   мысалға   алып   көрелік. Олар – Бәйте І, ІІІ, Қарамөңке, Қонай, Дықылтас және Үйік [1.10б].           Бәйте І, ІІІ киелі орындарынан 50 шақты  тігінен  тұрғызылған мүсіндер табылды.   Олардың   дені   морфологиялық   жағынан   жұқалтаң   скульптураға жатады, антропоморфты бағаналар сирек, ал жұмырлап ойылған мүсіндер өте сирек.   Иконографиялық     жағынан   олар   түрегеп   тұрған   қарулы жауынгерлердің, көбінесе ерлердің бейнесін береді.          Олардың тұрпаты да белгілі ережемен сомдалған – сол қолы шынтағынан бүгіліп, жұдырығы құрсақ тұсына. Ал оң қолы жамбасын бойлай  тік  түсіріліп бәдізделген. Семсер, қанжар, садақ сияқты қару­жарақ түрлері, алқа­білезік, сырға тектес әшекей бұйымдар, кісе­белдіктер, дулығалар т.б. аса шынайы бедерленген.           Солардың ішіндегі жекелеген мүсіндерде ойылған Солтүстік Кавказ бен Қара   Теңіз   маңындағы   кең   далаларда   өмір   сүрген     сарматтардың   белгілі таңбасына сәйкес  келетін таңба­белгі ерекше назар аударарлық факт. 10 Бәйте ІІІ құрылысындағы кейбір тақта тастардың бетінде таңба іспетті белгілер, жыланның, арбаның, бұғының, садақ тартқан салт аттының бейнесі, ою­өрнектер   мен   геометриялық   үлгілер   де   кезігіп   отырады.   Түпқараған түбегінде   1992   –   1993   жж.   З.Самашев   зерттеген   Дықылтас     түбегінде ғұрыптық – жерлеу кешенінен (б.з.д. ІІІ – б.з. ІІІ ғғ.) құрбандық тас тақталар, ошақтар,  ас беретін орындар т.б. табылды.       Құрылыстың   орталығында   бұрынғы   заманда   тас   бағаналар   мен құрбандық   ыдыс   қойылған.  Кешеннің   құрамына   көптеген   тас   бағаналар   да кіреді, олар орталық жерлеу құрылысынан  40 ­ 1150  м. келетін аралықтағы аумаққа орналасқан. Негізгі, әрі неғұрлым көне тас бағананың бірінің (биіктігі 2,4 м) жоғарғы жағы әлдеқандай бір жануардың елестетеді. Мүсіннің бір жақ жақтауында екі жарты ойылған. Бұл тас бағананы қасиет тұтудың бір куәсі – оның түбінен табылған сарматтық ыдыстардың сынықтары болып табылады [1.12б].           Бұл   ғұрыптық   жерлеу   кешеніндегі   тас   бағаналар   морфологиялық жағынан   Орта   Азиядағы   бұғытастар   мен   Еуропадағы   «киммерилік»   тас бағаналарға   жақын   келеді.   Бұлар   көбінесе   қылыш   пішіндес   болып,жүзіне қарай сүйірленіп келеді. Дегенмен оларда хронологиялық жақтан алшақтығын айғақтайтын айырмашылықтар да бар. Зертеушілер бұғытастарды б.з.д. ІХ – V ғасырлар, ал киммерилік  тас бағаналарын б.з.д. ІХ – VII ғасырлар  аясына жатқызып жүр. Мамандардың көрсетуінше, Дықылтас ерте сармат дәуірінде қалыптасып,   әр   мезгілде   кісі   жерлеп   отыратын   негізгі   жерлеу   құрылысы ретінде пайдаланылған [2.13б].           Қазақ құлпытастары өзінің тым көне нысандарымен (символика) көзге ұрып тұр. Олардағы өсімдік өркендері мен әр алуан заттардың бейнелері, тас бетіндегі дөңгелек, сақина, қауашақ, баскиім әшекейлері тектес бедерлердің бәрі   де,   сөз   жоқ,   ескерткіштердегі   жасырын   антропоморфизмнің   белгісі. Сондай  –ақ   зираттарда   сирек   те   болса  да   бас  жағы   кесілген   тақта   тастар түріндегі антропоморфты бейнелер де кездеседі. Құлпытастар сол өзін жасаушы – авторлардың көркем ойының нақты көрінісі бола тұра, сәулет өнерінің нағыз асыл туындысы, әрі өзінің  алғашқы кемел келбетін де жақсы сақтаған. Мұның бәрі аяқ астынан, кездейсоқ пайда бола қалған ба? Жоқ. Керісінше онда өзінің «этнографиялық реализмімен» тұрмыстық   көріністер,   мифтік   мотивтер,   наным­сенім   белгілері,   сыртқы келбет, өмір, қару­жарақ, киім­кешек ерекшеленіп тұратын көне сақтардан 11 бізге   жеткен   аса   мол   мәдени   жәдігерліктер   –   рельефті   бейнелері   бар декоративті – қолданбалы өнері үлгілерінің өзгеше іздері сақталған [2.15б].                  Зиратқа  ескерткіш –  белгі  қою – марқұмды мәңгі  есте сақтауға, болмыстың жаңа түріне өткен және жаңа құдірет күшке ие болған марқұмның рухы алдында бас июге әзірмін деген сөз. Мұндай белгі қоюмен өлген адамды бұл дүниеден ол дүниеге, болмыстың өзге өлшеміне, бірақ, бос кеңістік пен мүскіндік әлеміне емес, шығарып салу – шын мәнісінде де шығарып салу ғана аяқталатын   болған.   Марқұм   ғайып   болып   кетпейді,   қайта   мәңгі   жасайтын болады. Өлім метаморфоза деп түсіндірілген.                    Сол жаңа болмыста немесе сол кезгі наным бойынша, ол дүниеде өлгендердің аруағы тірі жүрген жақын – жұрттарының тағдырына, тұрмыс – тіршілігіне ықпал жасайтын болған. Сондықтан да тірілер оған тәу етіп, қауіп – қатерден, пәле – жаладан сақтай гөр деп жалбарынған. Ал зиратқа қойылған белгі   марқұм   болып   кеткен   туысына   тәу   ететін   ғибадатханасы   және мифологиялық   ғаламның   үш   бұрышы   түгел   тоғысар,   қиысар   жері   болып табылған. О дүниенің бұл дүниемен кері байланысы да осында, осы тігінен орнатылған   тас   бағаналар   арқылы   толассыз   жүріп   жатады.   Тас   бағана   – өлгендердің о дүниеге өтер жеріне орнатылған тылсым көрсеткіш іспетті.         Ал сол о дүниеге «мәңгілік әлем уақытына» өткеретін жерлер – обалар, зираттар,   киелі   жайлар,   кесенелер   мен   бейіттер.   Мифтік   ғарыш   кеңістік аймағымен   кері   байланыс   тігінен   орнатылған   осы   тас   бағаналар   арқылы орындалады.          Кейбір құлпытастардың төбесіндегі су тоқтауы үшін  ойылған шаршы не дөңгелек   ойықшалар,   мүмкін,   шыққан   жан   кейін   құс   бейнесінде   әуелгі «тілдесетін» мекеніне оралып, ойықшадағы тоқтау судан нәр алады деген көне түсінікпен байланысты болса керек [1.17б]. Қазақ құлпытастарының бір ерекшелігі – онда әртүрлі қасиетті және киелі заттардың – қару – жарақтар, әскери жабдықтар, жиһаздар, әйелдердің әшекей бұйымдары және діни – ғұрыптық сипаттағы рәміздердің бірқатары – асатаяқ, таспиық, мешіттің нобайы т.б. бейнеленгендігінде. Сонымен қатар ұста   аспаптарының   шынайы   бейнелері   де   ұшырасады.   Құлпытастағы   ру   – тайпалар  таңбалары мен эпитафиялар шын мәнінде тұлғаландыратын  рәміз болып   табылады   және   семантикалық   тұрғыда   оларды   белгілі   көне   түркі жазулары   бар   тас   тақталармен   салыстыруға   мүмкіндік   береді.   Тағы   бір ерекше ынта тудырған жағдай – құлпытастардағы ат пен салт атты сарбаздың рельефті,   контурлы   кескіні.   Мұнда   батырдың   есімі   батырлық   дастанының 12 сипаттамасының   канондық поэтикасында   баяндалатын   ауызекі принциптерімен   толығымен   үйлеседі.   Айта   кететін   –   мұндағы   суреттер прототип ретінде дала жылқылары, соның ішінде аса жоғары бағаланатын адай арғымақтары   алынған,   өйткені   олар   әлемдік   жылқытанудағы   әсемдік   пен үйлесім нормаларына   ғана сай келмейді, сонымен бірге араб арғымақтары мен   еуропалық   буданды   жылқының   мәдени   тұқымдарымен   салыстырғанда қайсар,   шалдықпай   ұзаққа   шабатындығы,   даланың   қатал   табиғатына төзімділігі жағынан әлдеқайда жоғары тұратындығымен дараланады.          Ереуіл, жорық аттарына деген айырықша ілтипаттың белгісі оларға көз тимесін   деп   жабу   жауып   қоятынынан   немесе   мойнына   тұмар   тағып әспеттеуінен   байқалады.   Құлпытастағы   аттың   бірқатар   бейнелері   сондай тұмарларымен берілген [2.28б].         Төбелердің   бөктерінде   бой   көтерген,   уақыт   тезінен   өткен   бұл   тас бағаналар,   қираған   пантеондар,   жекелеген   шайқастар   мен   жаугершіліктің, көшрелі тұрмыс жұрнағының әредік іздері қалған архаикалық мифологияға соншалық бай тастардағы ғажайып суреттер далалықтардың ұраны бостандық пен   көшпелілік   болған   дәуірін   –   қазақ   ру­тайпаларының   өз   тағдырын   өзі шешетін, өзінің ар – намысы мен халқының даңқы үшін қан майданда шаһит болуды   мұрат   тұтқан   даланың   рыцарлық   дәуірін,   алыс   жорықтар   мен шайқастар   дәуірін,   аруақтанып   тұлпар   мініп,   ту   тіккен,   қаза   тапқан боздақтарды   жоқтап,жас   төккен   дәуірді,   елім   деп   еңіреген   ерлер   өмірден шайқасып өткен, олардың жеңілген һәм жеңген, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Доспамбет, Ақтамберді, Шалкиіздер өмір кешкен дәуірлерін еске түсіреді [2.31б]. САРАПТАМА Ескерткіштерде халықтың тірі жады, бейбіт тұрмысы мен құбылмалы болмысының   өзі   жатыр.   Олар   бірнеше   ғасырлар   бойында   жасалды,   әрі   әр алуан заманалардың талғам – түсінігін паш етеді. Олардың жиынтық бейнелері мазмұны жағынан алуан болғаны мен қазақ ру – тайпаларына ортақ бірегей құндылықтарға негізделген. Олар ­ қарама – қайшылықтан құралған шексіз үйлесімімен   мәңгілік.   Әсемдігі   мен   заңғар   тұлғасы   күн   батқан   шақтағы шапағымен шағылысқандай тілмен айтып жеткізгісіз құбылыс. 13 Осындай әсем де заңғар, мыңдаған жыл тарихы бар, біздің облысымызда кездесіп, зерттелген құлпытастардың кейбіреулеріне тоқтала кетсем. Құнан бейітіндегі қос құлпытас Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қалдығайы ауылдық округі аумағындағы   көне   бейіт.  Ел  аузында   «Құнан»  немесе   «Үш   мола»  атанған. Кезінде бірнеше биік шошақ мола болғаны байқалады. Қорымда құлап жатқан, жартылай   көміліп   қалған   құлпытастар   көп.   Бұл   қос   құлпытас   жартылай құлап, жойылуға жақындаған кесененің батыс жағында орналасқан [3].  Естеміс қорымындағы құлпытастар          Батыс   Қазақстан   облысы,   Жаңақала   ауданына   қарасты   Мәстексай ауылының   құбыла   бағытында   4­5  шақырым   жерде  «Естеміс   қорымы»  атты көне зират бар.           Көне қорым терең ормен қоршалған, көлемі жағынан шығыстан батысқа қарай   110х130   метрлік   тік   бұрышты   құрайды.   Қорымның   солтүстік   – шығысына   қарай   жаңа   қабірлер   тұрғызылған.   Ал   оңтүстігі   мен   оңтүстік   – батысында көненің көзіндей сақталған он екі құлпытас бар. Өлшемі: 65х16х22     1. һәзәл қабр (Бұл қабірде) Ақмәмбет Балте     2. ұғлы дар бақие     3. көчеді 58 йә­     4. шінде әл­Хакимуллаһ     5. 1898 санада бұны қойды     6. ұғлы Әбдрахман  14 Түсінігі: Бұл қабірде Ақмәмбет Балтаұлы фәни яғни уақытша өмірден мәңгі өмірге көшеді 58 жасында 1898 жылда. Бұны қойды ұлы Әбдрахман. Оңтүстік және солтүстік қапталында: «Әл­қабру бәбу кулли нәс дәхаләһу»­ яғни «Қабір барлық адамның кіретін есігі»деген жазу жазылған. Айта кетер бір жайт: шежіреге көз салсақ, Темірұлы Торғай (1799­1872) мен   Әбдрахман   (Пішенбай   атанып   кеткен)   ұлы   Бақтыгерей   (1896­1986) аталардың  арасында  өткен  97 жыл  ішінде  Торғай –  Балта  – Ақмәмбет – Әбдрахман – Бақтыгерей атты бес ұрпақ алмасқан екен. Ал Совет үкіметі орнағаннан кейінгі кезеңде Бақтыгерей (1896­1986) – Исатай (1936 ж.т.) – Әсет(1977)   болып,   81   жыл   ішінде   үш   ұрпақ   қана   өсіпті.   Қазақтың   ұлт ретәнде жойылмай қалуына себеп – он үште отау иесі болғандығы екендігін бұл есеп көрсетіп тұрғандай. Өлшемі:65х16х22   1. Тана руғылық Ахымбет   2. Көштай Көшбай   3. ұғлы офат 79   4. Йәшінде 1915 санаде 5. (Тана руының таңбасы) Оңтүстік қапталында: бұны қойды ұғлы Аманғали мырза. Солтүстік   қапталында:   «Әл   мәуту   мин   кулли   мәкәәнин   уә   мәә   һуәә   би мәйит»   ­   «Адамға   әр   тараптан   өлім   келеді»   Құран   Кәрімнің   «Ибраһим» сүресі, 17 аят. Өлшемі:115х34х22см 1. Алаче ру­ 2. Ғылық сары 3. Тайфелік Софы 4. Торғай Темір 5. Ұғлы 73 йәшнде 6. Офат 1872  7. інчі илде (таңба) Түсінігі: Алаша руы сары тайпалық Сопы –   Торғай   Темірұлы   1872   жылы   73   жасында қайтыс болды. Оң жақ қапталында: Куллу нәфсин зәиқатул мәут. Дар фанадин дар бақайе рихләт иләды. 15 Түсінігі: «күллі жан иесі ажал дәмін татады. Уақытша өмірден мәңгі өмірге көшеді». Сол жақ қапталында: «Қаалууу иннәә лилләһи уә иннәә иләйһи раажиғууун». Мағынасы: «Мұсылмандар айтады, біз Алла үшін жаратылдық және Аллаға кері қайтарыламыз» ­ деген аят басылған [4].       Өлшемі:128х16х26см         1. Алаче руғылық         2. Сары та­         3. йфесі         4. Мұхаммедғали         5. бин Биіскен бин         6. Әууәлбек         7. офат 19 йәшінде         8. 1914 санаде   Оң   жақ   қапталына:   Құранның Бақара   сүресінің   156   аяты:   «Қаалууу иннәә   лилләһи   уә   иннәә   иләйһи раажиғууун».   Мағынасы:   Мұсылмандар айтады, Біз Алла үшін жаратылдық және Аллаға   кері   қайтарыламыз»   деген   аят жазылған. Сол жақ қапталында: йаздырды жамағаты Ғалие бинт (әкесінің аты дұрыс көрінбейді, әйелі Ғалия Жұбанышқызы дегенге келіңкірейді).   Түсінігі: Алаша руы Сары тайпасы Мұхаммедқали Биіскенұлы Әуелбек немересі   1914   жылы   19   жасында   қайтыс болды.Тасты жаздырған әйелі Ғалия [5].      Өлшемі: 75х14х27см           1. (шеңбер) Алаче руғы Сары та­           2. йфелік Құл ұғлы Бегім           3. (бүлініп қалған)           4. (бүлініп қалған. Өкінішке орай, жасы мен қайтқан жылы жазылған жері екіге бөлінген жерге 16 тап келіпті. Шамамен 1795­96 жылдар шамасында дүниеге келген адам деп топшылайды. «85 жасында 1881 жылы офат болды» дегенге ұқсас көмескілеу жазу байқалады дейді зерттеуші – автор Мұратбек Жахатов). 5. қойды ұғлы Жәһәнше 6. (алаша руының таңбасы)         Түсінігі:   Алаша   руы   Сары   тайпалық   Құл   ұлы   Бегім   ...   құлпы   тасты қойды ұлы Жанша (Жаманбай).              Оңтүстік қапталында: «Әл мәуту мин кулли мәкәәнин уә мәә һуәә би мәйит». Мағынасы: «Адамға әр тараптан өлім келеді» ­ құранның «Ибраһим» сүресі, 17 аят. Солтүстік   қапталында:   «әл­қабру   бәбу   кулли   нәс   дәхаләһу»   ­   «   Қабір   – барлық адам кіретін есік».                                                          Өлшемі: 28х16х19см        Белгі қойған адамның атын жазар жерге: «Салых мырза» деп жазған.   Өлшемі: 51х14х25 Бүлініп, тозған, түбі ғана қалыпты. 1. Офат 1912 2. Інчі илде 3. 71 йәшнде.             Осы   тастың   бүлінген   жоғарғы жағында Жаһанша дегенге ұқсас жазу байқалады.   Бұл   Дәулетқалиға   немесе Сапарға   орнатылған   ескерткіш   болуы мүмкін.  17 Өлшемі: 176х23х37см  (Жерде құлап жатыр) 1. Алаче руғы сары Тайфе­ 2. Лік Қабанбай Бегім ұғлының 3. Жамағаты Жұматқаным Жұмаш             қажы қызы 4. Офат 62 йәшінде 1886 санаде 5. (оқылмағын) 6. Бұны қойды ұғлы Байғане.                   Түсінігі:   Алаша   руы   Сары   тайпалық Қабанбай   Бегімұлының   зайыбы   Жұматқаным Жұмаш   қажы   қызы   1886   жыл   санауда   62 жасында   қайтты.   Бұл   белгіні   қойған   –   ұлы Байғана.           Оңтүстік қапталы: «әл­қабру бәбу кулли нәс дәхаләһу» ­ Қабір – барлық адамның кіретін есігі.            Солтүстік қапталы: « Лә иләһә илләллаһ Мухаммәдәр расулуллаһ» [6].      Өлшемі: 112х17х34см      1.   Кічі йуз қазағы ... халқының      2.  Алаче руғылық Сары та­      3.  Йфелік Жомарт қыбласы      4.  Жалмұхан Жақсылық      5.  Ұғлы ...      6.  63 йәшнде 1902 санаде      7.  Әл­Хакиму Аллаһ      8. Бұны қылдырды ұғлы Нығмет. 18 Түсінігі: Кіші жүз қазақ халқынан Алаша рулық Сары тайпалық Жомарт тегі Жалмұхан жақсылықұлы 1902 жылы 63 жасында қайтты. Алла дана. Бұл тасты қылдырды ұлы Нығмет. Оңт     үстік   қапталы:   «Аллаһуммғфир   ләһу   уархам   уәрхамһу   уә   кәффир   ғанһу сәйиәтиһи уәмһу хатийәтиһи уәжғал қабраһу раудатән мин риадыл жәннәти».  Түсінігі: «Аллаһым оны жарылқа, рахымыңмен рақымшылық жаса, оның күнәларын кешір, қателіктерін кеш, жатқан қабірін жәннаттың бақшасынан қыла гөр!».   Солтүстік қапталы: «Лә иләһә иллаллаһ Мұхаммәдәр расулуллаһ» [7].       Ақжайық ауданы Қурайлысай ауылдық округі, Сайқұдық ауылындағы құлпытас.   Тана руы   Қалқаман тайпасы   Қоске аймағының    Жайлау баласы Мәлен   Офат 48 жасында   1844 жылда    Бұл тасты қойды баласы Бөкей мырза.     Құлпытастың     келесі   бетінде   «әл­мәут...»   деп басталатын   араб   тіліндегі   мәтін   (Құран   аяттары немесе хадис) жазылған. Қаратөбе   ауданы   Саралжын   ауылы,   Шүрек қауымындағы құлпытас.   Алаша руы Аталық тайпасы   Кенжеғара баласы Сатыбалды    Офат 88­де, 1857 санада   Жаздырды баласы   Айдауыл мырза. 19 Өлшемі: 158х18х33см        1. Кічі йуз қазақ        2. халқынен Сұлтан сиқ нәсілідән        3. Алаче руғы Са­        4. ры тайфелік Жомарт        5. ата баласынан        6. а) Беске бегім ұ­            ә) дар фанадан        7. а) ғлы            ә) дар бақайе көчеді 67        8. йәшнде 1893 санада...        9. Аллаһ тағала рахмет қылсын бұның       10. қабірін зиарат идән ихуан       11. хайыр дұғаның ... бейіш ... Ахмед         Түсінігі:   Кіші   жүз   қазақ   халқының   Сұлтансиық   нәсілінен   Алаша   руы Сары тайпалық Жомарт ата баласынан Беске Бегімұлы фәни өмірден бақи өмірге көшеді 67 жасында 1893 жылда. Алла Тағала рахмет қылсын бұның қабірін   зиярат   еткен   бауырларын,   бейіш   тілеген дұғамен тас қойған ұлы Ахмет.   Оңтүстік қапталы: ... иә... қабр... Солтүстік   қапталы:   «...   Лә   иләһә   иллаллаһ»   ­ Алладан басқа Тәңір жоқ» [8].  Жетпіс палуанның құлпытасы 1. Тана руғы Қалқаман 20 2. Тайфасы Игілік 3. Бөлімі Мәулім  4. Немересі Бақтыбай 5. Баласы Жетпіс 6. Офат 84 йашында 7. 1896­нчы йылда 8. (тана руының таңбасы)              Түсініктеме: Ел аузында шежіре деректеріне қарағанда Жетпіс Бақтыбайұлы  заманында  ерен  қайратты,  мықты палуан болған. Бір  айтулы жиында орыс палуанын жеңіп, бәйгесіне руластары жайлайтын жер телімін таңдап   алған   делінеді.   Жетпіс   палуан   туралы   дерек   Батыс   Қазақстан энциклопедиясына да кірген. Бүгінде Жетпіс палуанның ұрпақтары бар, Орал қаласында тұрады [9]. ҰСЫНЫС Құлпытас   сырын   ашып,   оны   одан   әрі   зерттеп,   тарих   беттерін   нақты деректермен толықтыру болашақ жастардың қолында. «Жайық Пресс» ЖШС Бас директоры Жантас Набиоллаұлы өз сөзінде: «Тарих толыққанды, шынайы, дұрыс   жазылуы   үшін   жан­жақты   мәліметтер   толық   жиналуы   керек. Қазақстанның шеңберіндегі мұрағат, музей, кітапхана қорларындағы барлық мәліметтер мен жазбаларды жүйелеп, жинақ шығарып, кез келген зерттеуші іздеп таба алатындай  жағдай жасау  керек. Электронды нұсқасы дайындалып, аранйы   сайт   жасақталғаны   жөн.   Әр   дерек   бір­бірімен   байланыстырыла зерттелсе, толыққанды тарих жазылатынына сенемін»,­деген болатын.  Ал, «Dana.kaz.»журналының Бас редакторы Қазыбек Құттымұратұлы: «Көп   жылғы   ізденісіміз   ұлттық     тарихты     зерделеу   бағдарламасының   да құрамдас   бөлігіне   айналды.   Өлкетанудың   жаңа   парақтары   ашылып, патриоттық тәрбие жұмысына таптырмас жаңа деректер анықталды.   Жазба тарихы қатталмаған қазақ ұлты үшін құлпытастар  бірден бір мол дерек көзі. Көне қорымдарды зерттеп, оның өлкеміздегі  толық  картасын қамтитын, әр қорымның  барлық мәліметі келтірілген  сайт жасақталса, біршама тарихымыз түгенделер   еді»,­   дейді.   Дұрыс   айтылған   сөздер!   Тағы   қосарым,   құлпытас жайлы   деректер   тек   журнал   беттерінде   емес,   дәріс   ретінде   оқушылар   мен студенттер   арасында   насихатталып,   түрлі   курстар   ашылса   екен.   Көптеген практикалық   жұмыстар   өткізілсе,   қызығушылық   танытып,   іске   араласатын жастардың   дені көп болар еді, бәлкім. «Үмітсіз шайтан», алдағы уақытта бұлардың  бәрі де жүзеге асырылар деген үміт үзілмек емес.   21 ҚОРЫТЫНДЫ Еліміздің егемендік алуы, тәуелсіздікке қол жеткізгенінен бастап төл тарихымыздың   ұлттық   мүде   тұрғысынан   жаңаша   зерттелуіне   соны   серпіліс әкелгені белгілі. Соның ішінде, қазақ құлпытастары да тарихи­этнографиялық тұрғыдан зерттеу нысанына айналды. Өйткені, қазақтың сайын дала төсіндегі құлпытастар халқымыздың небір құпиясы мен тұңғиық тарихын ішіне бүгіп жатыр.   Көне   қорымдағы   ескі   құлпытастар   ата­бабаларымыздың   қабіріне қойылған тас белгілер ғана емес, сырын ұғып, құпиясын аша білсек, ел мен жердің   тасқа   қашалып   жазылған   тарихы   екендігіне   куә   боламыз.   Яғни, құлпытастағы жазу мәтінін оқи алсаңыз, ол тарихтан сыр шертеді. Сонымен аймақтағы қазақ құлпытастарын зерттеудің қажеттілігі неде? Тарихи тұрғыдан маңызы қаншалықты?   Біріншіден,   облыстағы   қазақ   құлпытастарын   зерттеп,   зерделеу   өлке тарихын, соның ішінде тұлғалар тарихын түгендеп, толыға түсуіне септігін тигізеді. Себебі, аталған ескерткіштер жеке тұлғалар басына қойылатын белгі болғандықтан,   оларда   өлке   тарихында   өзіндік   ізін   қалдырған   тұлғалардың тағдыр, тарихы түзілген. Екіншіден,   құлпытас   баға   жетпес   шынайы   дерек   көзі.   Өйткені, ескерткіштер   мәтіні   қысқа   да,  мәліметтері   соншалықты   көп   болмағанымен деректік   жағынан   маңызы   зор   әрі   нақты   да   анық   ақпарат   беруімен ерекшеленеді.   Оның   үстіне   құлпытастағы   жазу   мәтіні   түпнұсқалығымен құнды.   Яғни,   тасқа   қашалған   жазудың   бүгінге   еш   өзгеріссіз   сол   қалпында жетуімен және басқа мәліметтерге қарағанда неғұрлым дәл түсінік беруімен маңызды. Үшіншіден,   кез­келген   құлпытас   қазақтың   төлқұжаты   іспеттес.   Онда марқұм болған тұлғаның қай рудан шыққанын анықтайтын ата – тегі туралы, лауазымы, қайтыс болған уақыты мен өмір сүрген жасы, ұрпақтары (баласы, немересі),   ру   таңбасы   жөнінде   мәліметтер   беріліп,   тұлғаның   өмірбаяндық 22 ғұмырнамасынан нақты хабардар етеді. Мәселен, заманында қоғамдық­саяси қызметімен   көзге   түсіп,   ел   ісіне   белсене   араласып,   сол   арқылы   аты­жөні мұрағаттық   жазба   құжаттарда   молынан   кездескенімен,   нақты   өмір   сүрген жылдары беймәлім қаншама тұлғалар бар тарихымызда. Міне, осы бағыттағы таңдақтарды тиянақтап, толықтыруда құлпытастардың рөлі өте зор. Түйіндеп  айтқанда,  қазақ құлпытастарын   зерттеу төл  тарихымыздағы тұғырлы тұлғалар тағдырындағы түйткілдерді тарқатып, түгендеу үшін өте қажет. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Тасмағамбетов. И. Құлпытас.  Алматы: Арыс., 2002 ж. ­ 392 б. 2. Жахатов.М.К. Құлпытастар сөйлейді. Алматы: Арыс.,  2016 ж. ­ 350 б.       3.  Жахатов М. Құлпытас сырын ашайық. //Дана, 2015 ж., № 9 (22) ­ 76 б.       4.  Рахманов Н. Құлпытас сырын ашайық. //Дана, 2014 ж., № 4­5 (14) 78 б.        6.   Құбашы қауымындағы құлпытас. //Дана,  № 2 (3), 2013 ж.       7.  Құттымұратұлы Қ. Жүсіп сұлтан Нұралыханұлының құлпытасы.//Дана,   2013., № 1 (2) 75 б.       8.   Жахатов М. Естеміс қорымы. //Дана, 2015 ж., №1­2 ­ 75 б.       9.   Жахатов М. Ақбалшықтағы қос құлпытас. //Дана,  № 11 (24), 2015 ж.        23

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК

Памятники надгробья в Западном Казахстана РК
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.02.2017