Поурочные планы по физике 8 класс
Оценка 4.9

Поурочные планы по физике 8 класс

Оценка 4.9
Лекции +1
doc
физика
8 кл
10.02.2017
Поурочные планы по физике 8 класс
Публикация является частью публикации:
саб 31.doc
7а сынып                              №31 сабақ                                      ______________ Сабақтың тақырыбы: § 40.Дененің салмағы. Салмақсыздық. Сабақтың мақсаты:  1. Білімділік мақсаты: оқушылардың өз бетімен білім алуына жағдай жасап, таным белсенділігін арттыра  отырып, тақырыптың мазмұнын ашу.                           2. Дамытушылық мақсаты: алған білімдерін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана  білу.      3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу. Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру. Сабақтың әдіс­тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау. Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, электронды оқулық, диномометр, құм салынған қапшық. І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру. Сабақтың барысы: ІІ. ДК. Жаңа сабаққа дайындық. 1. Жерге тартылу дегенді қалай түсінесің? 2. Ауырлық күшін қалай түсінесің? ІІІ. ДК. Жаңа сабақты түсіндіру.   1. Бүкіл әлемдік тартылыс құбылысы. 2. Ауырлық күші. 3. Жерге тартылу күші. 4. Аланеталардың тартылуы. 5. Планеталардың ауырлық күші. Дененiң салмағы. Динамометр (грек сөзi “динамис” – күш) – бұл күштi өлшеуге арналған құрал. Динамометрлер құрастырылуына ќарай алуан түрлi болады. Тракторлардың, сүйрегiштердiң және т.б. тарту күшiн тартымдық динамометрлердiң (35- сурет) көмегiмен өлшейдi. Бұлшық ет күшiн өлшеу үшiн дәрiгерлiк динамометр — күшөлшердi пайдаланады4 Н-ға дейiнгi күштi өлшеуге есептелiнген серiппелi оқу динамометрi бейнеленген. Ол көрсеткiшi бар болат серiппеден және шкала келтiрiлген (динамометр шкаласындағы “N” әрпi – бұл ньютонның халықаралық белглеуi) пластмассалы (ескi құрастырылымдарда ағаш) негiзге бекiтiлген iлгектен тұрады. Серiппелi динамометрдiң әрекетi өлшенетiн күштiң серiппенiң серпiмдiлiк күшiне теңгерiлуiне негiзделген. Динамометр серiппесiн градиурлеу (яғни бөлiкке бөлiнген шкаланы жасау). Динамометр негiзiне (серiппе астына) ақ қағаз жолағын бекiтедi. Содан кейiн серiппеніњ созылмаған (бұл нөлдiк бөлiк) кезiнде нұсқағыштың орнын белгiлейдi (38, а-сурет). Осыдан кейiн iлгекке массасы 102 г жүк iледi. Осы жүкке 1 Н ауырлық к‰шi әрекет етедi. Осы жүктiң әрекетiнен серiппе созылады да нұсқағыш төмен қарай орын ауыстырады. Жүкке әрекет етушi ауырлық күшi тепе-теңдiк жағдайында қарама- қарсы бағытталған серпiмдiлiк күшiмен теңеседi. Олай болса, серiппенiң созылуы сол кезде серпiмдiлiк күшiне сәйкес келедi де 1 Н-ға тең болады. Сондықтан нұсқағыштың жаңа орнын қағазда 1 цифрымен белгiлейдi (38, б-сурет). Содан кейiн бiрiншi жүкке тағы бiр сондай жүк iлiп, сонымен жалпы массаны 204 г дейiн, ал ауырлық күшiн 2 Н-ға дейiн арттырамыз. Нұсқағышқа сәйкес орынды 2 цифрымен белгiлейдi. Осыдан кейiн үшiншi, содан кейiн төртiншi жүктi бекiтiп, әрбiр жағдайда нұсқағыштың орнын сәйкес цифрлармен белгiлеймiз.Ньютонның ондық үлесiмен өлшеуге үшiн әрбiр 0 және 1, 1 және 2, 2 және 3, 3 және 4 белгiлеулердiң арасындағы қашықтықты теңдей он бөлiкке бөледi. Шкаланы бұлай құру Гук заңының арқасында мүмкiн болды. Өйткенi Гук заңы бойынша серiппе серпiмдiлiгi оның ұзындығы қанша рет артса, сонша рет артады.Динамометрдi дененiң салмағын өлшеу үшiн де қолдануға болады. Дене салмағы деп горизонталь тiректi қысатын немесе тiк аспаны созатын күштi айтады.P — дене салмағы. Егерде тiк орналасқан серiппелi динамометрге жүктi бекiтсек, онда жүк серiппенi созады да тоқтайды, сол кезде динамометр iлгегiне екi күш: серiппенiң Fсер серпiмдiлiк және P салмақ күшi әрекет етедi. Бұл күштер бағыты бойынша қарама-қарсы, бiрақ шамасы бойынша тең болады. Сондықтан динамометр тек серпiмдiлiк күшiн ғана емес (оған тең жүктiң ауырлық күшiн де), дененiң Р салмаѓын да өлшеуге мүмкiндiк бередi. Тыныштықта тұрған, сондай-ақ бiрқалыпты және түзу сызықты қозғалыстағы (Жерге қатысты) дененiң салмағы оған әрекет ететiн ауырлық күшiне тең: P = mg. Формулаларының сәйкестiгiне қарамастан дененiң ауырлық күшi мен салмақ күшiнiң арасында елеулi айырмашылық бар. Жер әрекет ететiн ауырлық күшi денеге түседi, ал дене салмағы осы дене қысатын тiрекке немесе аспаға түседi. Егерде осы екi күштi олардың бағытын көрсететiн жебе түрiнде бейнелесек (ал бұл күштер тiк төмен бағытталған), онда бұл 39-суретте көрсетiлгендей болып көрiнедi. Дене салмағын оның массасымен шатастыруға болмайды. Дененiң массасы килограммен, ал дененiң салмағы (кез келген басқа күштер сияқты) ньютонмен өлшенедi. Дене салмағының бағыты бар, ал массаның ешқандай бағыты жоқ. ІV. ДК. Жаңа сабақ бойынша түсінігін  тексеру. А)  Ауырлық күші денген не? Б)  Планеталардың ауырлық күшінің ерекшелігі неде?  V. ДК. Жаңа сабақты бекіту:  Кітаптағы суреттер бойынша әңгімелесу. Сұрақтар қою. 1. Ауырлық күші мен массаның арасында қандай байланыс бар? 2. Диномометрді бүлдіріп алмай 4 Н­нан артық болатын күшті өлшеу  үшін не істеу керек? VI. ДК. Үй тапсырмасын тексеру. Өзін ­өзі тексеру сұрақтарын ауызша сұрау. 1. 14­жаттығудың №3,4 есептерінің шығарылуын тексеру. VII.ДК. Оқушылар білімін жан­жақты тексеру. А). Есеп шығару. Тақтаға екі оқушы шығады. Басқа оқушылар дәптерлерін ашып жазады. 15 жаттығудың №1,2 есебін тақтаға шығару. №1. Денеге әсер ететін ауырлық күші 10 кН. Ол дененің массасы қандай? №2. Орта ендікте денеге әрекет еттін ауырлық күші 196,12 Н. Дененің массасы қандай? Ә)  13 тапсырманы орындау. Эксперименттік тапсырма ретінде. Физика кабинетінде әрқайсысының массасы 100 г­0,1 кг болатын  жүктер жиынтығы ағаш тақтайшаға  бекітілген серіппелер бар. Осы аспапты градуирлеу.  Б) 16­жаттығу №1,2 есебін оқушылар кітаптан қарап отырып, дәптерге жекелей шығарады. В) 17­жаттығу №1,2,3 есебін тақтаға шығару VIІI.ДК.Үйге тапсырма. 15­жаттығу№ 3, 4; 16­жаттығу №3; 17­жаттығу №3,4  есептер.

Поурочные планы по физике 8 класс

Поурочные планы по физике 8 класс

Поурочные планы по физике 8 класс

Поурочные планы по физике 8 класс

Поурочные планы по физике 8 класс

Поурочные планы по физике 8 класс

Поурочные планы по физике 8 класс

Поурочные планы по физике 8 класс
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017