Поурочные планы по физике 8 класс
Атомның қүрылысын анықтаудағы Резерфорд тэжірибесі (1911 ж). Резерфорд ұсынған атомның планетарлық моделІ. Атом және атом құрамындағы бөлшектердің өлшемдері. Элементар электр заряды және электрон. Сутегі және гелий атомының құрылысы.
• Атом ортасында оң зарядталған ядродан және оның қабықшасын құрайтын, оны орасан зор жылдамдықпен қозғалатын электрондардан тұрады.
• Элементар электр заряды, е=1,6*10-19 Кл Электронның массасы m =9,1 * 10-31 кг
• Ядроның құрамына оң зарядталған бөлшек протон және нейтрон деп аталатын бейтарап бөлшек кіреді
• Ядродағы нейтрондардың саны протондардың санына тең
• Ядроның заряды оң және абсолют мәні бойынша атомдағы барлық электрондардың зарядына тең
• Оң ион-кандай да бір өзара әрекеттесу нәтижесінде электрондарынан айрылған атом
• Теріс ион- қандай да бір өзара әрекеттесу нәтижесінде артық электрондарды қосып алған атом
• Атомның өлшемі өте кіші 10-10 м •Атом ядросының өлшемі (10-14 м ), атомнан он мың есе кіші.
Атом құрылысы. 1897 жылы көптеген электр құбылыстарын түсiндiруге мүмкiндiк беретiн жаңалық ашылды. Ағылшын ғалымы Дж. Дж. Томсон элементар заряд тасымалдаушысы болып табылатын бөлшектi тапты. Бұл бөлшекті электрон деп атады. Электрон массасы табиғаттағы ең жеңiл сутегi атомы массасынан 2000 еседей аз болып шықты. Электрон заряды терiс: qэл = – е = – 6 • 10–19 Кл.
Бұл заряд электронның ерекше сипаттамасы болып табылады. Жәй денелердi зарядтауға немесе разрядтауға болады, ал электронды зарядынан “айыру” мүмкiн емес. Сондай-ақ электрон зарядын азайтуға немесе көбейтуге болмайды. Электрон заряды барлық уақытта тек бiр мәнге ие. Химия курсынан сiздер электронның атом құрамына кiретiнiн бiлесiздер. Электрондар атом iшiнде оң зарядталған атомдық ядроны айнала қозғалады.
Атом құрылысы 1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд басқарған тәжiрибелер нәтижесiнде ашылған. Тәжiрибе мақсаты, жылдам бөлшектер жолында заттың атомдары орналасқан жағдайда өтетiн процестердi анықтау болып табылады. Бұған дейiн бiрнеше жыл бұрын радиоактивтiк құбылысы ашылған болатын. Кейбiр заттардың (қазiргi кезде радиоактивтi деп аталатын уран, радий және т.б.) көрiнбейтiн сәулелер шығаратындығы анықталды. Бұл сәулелердi зерттеу олардың бiр-бiрiнен электр заряды бойынша айыруға болатын үш түрлi құрамнан тұратынын көрсеттi. Радиоактивтi сәулелердi бiр-бiрiнен ажырата белгiлеу үшiн грек алфавитiнiң бастапқы a (альфа), b (бета) және g (гамма) – үш әрiпiн қолдану ұсынылды. Альфа сәулесi – оң зарядталған (альфа бөлшектерiнен), бета сәулесi – терiс зарядталған бөлшектер (электрондар), ал гамма сәулесi – ешқандай зарядқа ие емес. Бұл сәулелер адам ағзасына қауiптi. Сондықтан, радиоактивтi препараттармен жұмыс iстегенде ерекше қауiпсiздiк шараларын сақтап, оларды қолмен ұстамай, арнайы қорғаушы экрандарды қолдану керек. Резерфорд альфа-бөлшектерiн атомдарды “атқылауға” болатын “зеңбiрек оқтары” ретiнде қолдануды ұсынды. Ол осы бөлшектердiң жiңiшке шоғымен зерттелетiн заттан жасалған жұқа пластинаны (фольганы) атқылау кезiнде, альфа бөлшектерiнiң көпшiлiгi фольгадан еш кедергiсiз өтетiндiгiн, ал аз ғана бөлiгi атом iшiндегi бiр нәрсемен соқтығысып керi қайтатындығын анықтады. Резерфорд тәжiрибелерi жоғары сыныптарда егжей-тегжейлi қарастырылады. Мұнда бiз оның тәжiрибе нәтижесiнде жасаған қорытындыларымен шектелемiз
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.