7а сынып № 25 сабақ ______________
Сабақтың тақырыбы: §33,34.Күш. Деформация.
Сабақтың мақсаты: Масса.
1. Білімділік мақсаты: оқушыларға күш туралы түсіндіру.
2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың әдістәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, электронды оқулық, жүк, ағаш сызғыш,
демонстрациялық метр.
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру.
ІІ. ДК. Жаңа сабаққа дайындық.
1. Күш ұғымы туралы не білесің?
2. Күш туралы қандай мақал білесіңдер?
ІІІ. ДК. Жаңа сабақты түсіндіру. Электрондық оқулық арқылы түсіндіру.
1. Күш. Деформация.
2. Деформацияның түрлері.
3. Күшті өлшейтін құрал. Өлшем бірлігі.
Күш
Дененiң Жерге қатысты жылдамдығы оған басқа денелер әрекет еткенде
ғана өзгеретiнiн бiлемiз. Осыны жаңа мысалдармен бейнелеп көрсетелiк.
Вагонды итере отырып (25-сурет), оны қозғалысқа келтiруге болады. Бұл
жағдайда вагонның
жылдамдығы
адам
қолының әрекетiмен
өзгередi.
Үстiнде темiр қысқыш жатқан тығынды суға салалық. Магнит қысқышты
тарта отырып, оны және тығынды қозғалысқа келтiредi (26-сурет). Бұл
жағдайда қысқыш пен тығынның жылдамдығын өзгертетiн сол дене –
магнит.
Қол шарға әрекет еткен кезде (27, а-сурет) серiппе орамдары
қозғала бастайды да серiппе сығылады. Оны босатсақ, онда бiз
серiппе түзетiле отырып, шарды қалай қозғалысқа келтiргенiн көремiз (27, б-сурет). Мұнда алдымен әрекет етушi күш адамның қолы,
содан кейiн әрекет етушi дене серiппе болды.
Келтiрiлген мысалдардың барлығында дене жылдамдығының өзгеруiне
себеп оған басқа денелердiң әрекет етуi болды.
Осы әрекеттердiң өлшемi күш деп аталатын векторлық физикалық шама
болып саналады.
Басқа векторлық шамалар сияқты күш те тек сандық мәнмен ғана емес,
сонымен қатар өзiнiң бағытымен де сипатталады. 25—27-суреттерде
кескiнделген жебелiктер тұп-тура осы бағыттарды нұсқайды. Әдетте күштi
F әрпiмен белгiлейдi, алайда басқа де белгiлеулер бар, олармен сендер
кейiнiрек танысасыңдар.
Егерде денеге күш түсiрiлмесе (F = 0), онда оған ешқандай әрекет
етiлмейдi, сондықтан мұндай дененiң жылдамдығы Жерге қатысты
өзгермейдi. Егерде, керiсiнше, күш F ≠ 0 болса, онда дене бiршама күштi
сезiнедi де оның жылдамдығы өзгередi. Сол кезде күш F неғұрлым үлкен
болса, дене жылдамдығы Жерге қатысты солғұрлым айтарлықтай өзгередi.
СИ жүйесiнде күш бiрлiгi ньютон (1 Н) болып саналады. (1 Н) — бұл 1 сек.-та
массасы 1 кг дененiң жылдамдығын 1 м/сек.-қа өзгертетiн күш. Бұл бiрлiк
ұлы ағылшын ғалымы И. Ньютонның (1642—1727) құрметiне аталған. Іс-
жүзінде сондай-ақ килоньютон және миллиньютон қолданылады: 1
кН = 1000 Н, 1 мН = 0,001 Н.
ІV. ДК. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру. А) Күш деген не?
Б) Күштің түрлері.
В) Деформация. V. ДК. Жаңа сабақты бекіту:
Кітаптағы суреттер бойынша әңгімелесу.
VI. ДК. Үй тапсырмасын тексеру. Өзін өзі тексеру сұрақтарын ауызша сұрау.
1.
12 жаттығуларды тексеру.
VII.ДК. Оқушылар білімін жанжақты тексеру.
А). Өзін өзі тексеру сұрақтары
1. Бір денені екінші денеге әсері қалай байқалады?
2. Күш немен сипатталады?
3. Күш бірлігі ретінде не қабылданды?
4. Қандай күш 1 Нға тең болады?
5. Пластикалық және серпімді деформацияларға мысалдар келтір.
Ә) Карточкамен жұмыс. №1 К. Бір дененің екінші денеге әсері.
№2 К. Күш немен сипатталады?
№3 К. Деформация деп нені айтады?
№4 К. Қандай жағдайларда серпімді деформация пластикалық деформацияға айналады?
№5 К. Серпімділік күші қандай жағдайда пайда болады?
№6 К. Күш сызбада қалай кескінделген?
Б) Демонстрациялық тәжірибе
Диномометр арқылы денелерді өлшеу.
В) Электрондық оқулық арқылы тақырыпты қарап шығу.
VIІI.ДК.Үйге тапсырма. §33, 34 Өзін өзі тексеру сұрақтары.
Поурочные планы по физике 8 класс
Поурочные планы по физике 8 класс
Поурочные планы по физике 8 класс
Поурочные планы по физике 8 класс
Поурочные планы по физике 8 класс
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.