Поурочные планы по физике 8 класс
Оценка 4.9

Поурочные планы по физике 8 класс

Оценка 4.9
Разработки уроков
doc
физика
8 кл
10.02.2017
Поурочные планы по физике 8 класс
Поурочные планы по физике 8 класс
Публикация является частью публикации:
саб 21.doc
7 сынып                                                                                                                                      ______________ Сабақтың тақырыбы:  Инерция. Күш денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама  Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты: оқушыларға  инерция, кеңістік және уақыт туралы жете түсіндіру.                           2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.      3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу. Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру. Сабақтың әдіс­тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау. Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, электронды оқулық, арбаша, болат, шар, ағаш, сызғыш, құм  салынған қапшық.  І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру. ІІ. ДК. Жаңа сабаққа дайындық. Сабақтың барысы: 1. Инерция  деген не? 2. Жылдамдық. 3. Күш деген не? ІІІ. ДК. Жаңа сабақты түсіндіру.  Электрондық оқулық арқылы түсіндіру.                           1. Инерцияға арналған мысалдар. Инерция    Сен   үйдің   алдында   тұрсың   деп   ұйғаралық.  Сен   оны   қозғалуға   “мәжбүрлей”   аласың   ба?   Жоқ   деп ойлайсың. Онда сенің қателескенің. Ғимаратты қозғалысқа келтіру үшін өзіңнің жүруің жеткілікті. Егерде сен үйден тысқа қарай бағыт алсаң, онда ол сенен қашықтай бастайды. Қашықтауы – демек  қозғалғаны.  Ғимарат  саған  қатысты  қозғала бастайды. Сұрақты басқаша қоялық. Сен үйді өзіңе қатысты емес, әлде бір басқа денеге, мысалы, Жерге, қоршаған ағаштарға және т.б.   қатысты   қозғалуға   мәжбүрлей   аласың   ба?   Қайдам.   Ол   үшін сонша айтарлықтай әрекет талап етіледі, сенің қолыңнан ешнәрсе келмейді. Өз өзінен ғимарат Жерге қатысты қозғалмайды.  Жерге қатысты тыныштық күйде тұрған дене өзінің тыныштық күйін басқа дене   оны   осы   күйден   шығарғанға   дейін   сақтайтын   болады. Мысалы, жерде жатқан доп, оған басқа доп тигенде немесе оны аяқпен тепкенде ғана қозғала бастайды. Басқа денелердің әрекеті жоқ кезінде доп Жерге қатысты қозғалысқа келмейді де өз орнында қалуын   жалғастыра   береді.   Қозғалыстағы   дене   жылдамдығының кемуі   және   оны   тоқтату   өз   өзінен   болмайды.  Ол   үшін   басқа денелердің   әрекеті   керек.   Мысалы,   тақтай   арқылы   өткен   оқтың жылдамдығы тақтай әрекетінің арқасында кемиді; сырғанап келе жатқан   доп   жерге   үйкелудің   салдарынан   тоқтайды   және   т.б. Жылдамдық   бағытының   өзгеруі   де   әлде   бір   дененің   әрекетінен болады. Мысалы, лақтырылған доп қабырғаға немесе қолға соғылғанда өз бағытын өзгертеді. Шапшаң жүгіріп келе жатқан адам ағашты орағытып өту үшін оны қолымен ұстайды (13­сурет). Сонымен, дененің жылдамдығын Жерге қатысты өзгерту үшін басқа дененлердің әрекеті қажет.   Дене жылдамдығының  өзгермеуін қолдау үшін басқа денелердің әрекеті керек пе? Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда ертедегі грек ғалымы Аристотель “барлық қозғалатындар   әлденемен   қозғалатын   болуы   қажет”.  Бұл   қозғалысты   қолдау   үшін   бір   басқа   дененің   тұрақты әрекеті   қажет   дегенді   білдіреді.   Мысалы,   арба   қозғалыста   болу   үшін   оны   ат   тұрақты   түрде   тартуы   тиіс. Қозғалыстың себебі берілген денеге әлдебір басқа дененің ететін әрекетінен,– деп есептеді Аристотель және оның ізбасарлары.  Аристотельдің қалдырған мұрасы ғаламат. Ол логика, физика, философия, биология, психология, тарих, эстетика, этика, саясат және басқалар бойынша жазылған ұшан­теңіз жұмыстардан тұрады. Аристотельден оқыған Александр Македонский өз оқытушысы туралы “Мен Аристотельді әкеммен қатар қоямын, өйткені әкеме өміріммен   міндетті   болсам,   Аристотельге   бағаланғанның   барлығымен   міндеттімін“–   деген   лебіз   айтты. Аристотельдің беделінің жоғары болғандығы соншалықты, оның дене қозғалысының себебіне көзқарасы ғылымда екі мың жыл бойына үстемдік етті.  Тек XVII ғасырда, негізінен  Галилей  зерттеулерінің арқасында, Аристотель теориясының қате екендігі анықталды. Күш (лат. fortis) ­ материалдық нүктеге немесе денеге басқа денелер немесе өрістер тарапынан болатын  механикалық әсердің өлшемі.  Күнделікті өмірде біз «күш» ұғымы арқылы бір дененің екінші бір денеге әрекетін  сипаттаймыз. Мысалы, қолдың допқа, желдің қайық желкеніне, магниттің темірге, судың жүзгішке әрекеті туралы айтуға болады. Сонымен қатар бұл ұғым ауыспалы мағынада да қолданылады.Күш деп дененің басқа  денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып  табылатын физикалық шаманы айтады. Тең әрекетті күш деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады.«Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады»,«Көптің күші ­ бірлікте» деген аталы сөздердің терең мағынасын жеткізу үшін де күш ұғымы қолданылған. Күш ұғымы ғылымда  да кеңінен қолданылады және ол физиканың негізгі ұғымдарының біріне жатады. Инерция құбылысын қарастыра отырып, басқа денелермен әрекеттеспейтін дене санақ. денесіне қатысты түзу  сызықты және бірқалыпты қозғалатынына көзімізді жеткіздік. Басқа денелермен әрекеттесу дененің  жылдамдығының өзгеруіне әкеледі. Мысалы, қалақшамен ұшып бара жатқан теннис добының қозғалыс бағытын  өзгертуге болады . Әткеншекті тербеткенімізде, онда отырған бала онымен бірге қозғала бастайды (69,ә­сурет).  Осы келтірілген мысалдар дененің басқа денелермен әрекеттесуі оның жылдамдығының өзгеруіне  келетінін  көрсетеді. ə 2. Итальяның атақты ғалымы Галилео Галилей. 3. Кітаптағы суретке қарап түсіндіру. ІV. ДК. Жаңа сабақ бойынша түсінігін  тексеру. А) Инерция деген не? V. ДК. Жаңа сабақты бекіту: Әр оқушы инерцияға мысалдар келтіру. VI. ДК. Үй тапсырмасын тексеру. Өзін ­өзі тексеру сұрақтарын ауызша сұрау. Ә) Уақыт деген не? Б) Кеңістік деген не? 1.Орын ауыстыруды координаталар айырымы арқылы қалай өрнектеуге болады? 2.Қозғалыс заңының формуласын қалай жазуға болады? Формуладағы әрбір әріптің мағынасын түсіндір. VII.ДК. Оқушылар білімін жан­жақты тексеру. А) 11 тапсырманы орындау. 1. Жылдам келе жатқан көліктің алдынан кесе көлденең өту қауіпті болатыны неліктен? 2. Биіктен секіріп түскенде адам неге сәл бүгіңкірейді? 3. Балғаны саптағанда қандай құбылыс пайдаланылады? 4. Лифтімен жүргенде, ол кенет көтерілген, сәтте немесе кілт төмен түскенде жүрегіміз қобалжып,  басымыз айналғандай болатыны неліктен? Ә) Электронды оқулық бойынша сұрақтар қою. Б) Теминдерді ағылшын тіліне аудару 1. Инерция­ 2. Күш­ 3. Теория­ 4. Әрекет ету­ В) Электронды оқулық бойынша білімдерін тексеру. Қарап, көріп отырып, осы сұраққа жауап береді. Г) Демонстрациялық тәжірибе: Инерция құбылысына негіз болатын тәжірибе. VIІI.ДК.Үйге тапсырма. §28, 29 11 тапсырманың қалғаны.. Өзін ­өзі тексеру сұрақтары.

Поурочные планы по физике 8 класс

Поурочные планы по физике 8 класс

Поурочные планы по физике 8 класс

Поурочные планы по физике 8 класс

Поурочные планы по физике 8 класс

Поурочные планы по физике 8 класс
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017