Тақырып Адал достық
Құндылық сүйіспеншілік Қасиеттер барлығына сүйіспеншілікпен қарау,
өзімшіл болмау, достарына көмек қолын соза білу
Мұғалiм: Cынып__4__ Оқушылар саны__26___
Сабақ мақсаты: Оқушыларды адал дос бола білуге үйрету арқылы сүйіспеншілік құндылығының мағынасын ашу.
1. Білімділік: достарына сүйіспеншілікпен қарауға үйрету
2.Дамытушылық: достарына көмек қолын соза білу қасиеттеріндамыту.
3. Тәрбиелік: өзімшіл болмауға тәрбиелеу. Ресурстар: Оқулық, даптер, постер, маркер, бояулар,интер. тақта...Тақырып Адал достық
Құндылық сүйіспеншілік Қасиеттер барлығына сүйіспеншілікпен қарау,
өзімшіл болмау, достарына көмек қолын соза білу
Мұғалiм: Cынып__4__ Оқушылар саны__26___
Сабақ мақсаты: Оқушыларды адал дос бола білуге үйрету арқылы сүйіспеншілік құндылығының мағынасын ашу.
1. Білімділік: достарына сүйіспеншілікпен қарауға үйрету
2.Дамытушылық: достарына көмек қолын соза білу қасиеттеріндамыту.
3. Тәрбиелік: өзімшіл болмауға тәрбиелеу. Ресурстар: Оқулық, даптер, постер, маркер, бояулар,интер. тақта...
Өзiнөзi тану сабағының жоспары
Мектеп _Мерзiм______№_____
Тақырып Адал достық
Құндылық сүйіспеншілік Қасиеттер барлығына сүйіспеншілікпен қарау,
өзімшіл болмау, достарына көмек қолын соза білу
Мұғалiм: Cынып__4__ Оқушылар саны__26___
Ресурстар:
Оқулық,
даптер,
постер,
маркер,
бояулар,инте
р. тақта...
Сабақ
барысын
талқылау:
Сабақ мақсаты: Оқушыларды адал дос бола білуге үйрету
арқылы сүйіспеншілік құндылығының мағынасын ашу.
1. Білімділік: достарына сүйіспеншілікпен қарауға үйрету
2.Дамытушылық: достарына көмек қолын соза білу
қасиеттеріндамыту.
3. Тәрбиелік: өзімшіл болмауға тәрбиелеу.
Сабақбарысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi.
№3 «Орманға ойша саяхат»
2. Үй тапсырмасын тексеру.
60бет оқулық
Николай Носовтың «Сырғанақта» әңгімесін оқып
шығып әңгімеге байланысты сурет салып келу.
Суреттерін көрме ұйымдастыру арқылы тексеру
немесе оқиға (лентасын) таспасын құру арқылы
тексеру.
Дәйек сөз.
«Айнымас досы бар адамең бақытты адам».
Халық мақалы.
Әңгiмелеу (сұхбат).
Екі дос
Ел аузынан
Ертеде,ел арасында жаугершілік жиі болған кезде
қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп
дамылдайды.Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы
шабуыл жасайды.Тонаған малмүліктерін тиеп кетеді.Қолғатүскен қазақ жасағын айдап әкетеді.
Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі.Досының қолға
түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен
өзенді малтып өтіп,жау жатқан жағаға келеді.Анталаған жау
әскерлері
оны тарпа бас салады.Жауынгер өзін
қолбасыларына алып баруын өтінеді.Алып барған соң ол
жаудың қолбасына:
Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп,сатып
алуға келдім.Менің оған айырбасқа берер малмүлкім
жоқ.Бірақ нәрсе беремін. Ол—өзімнің өмірім.Досымды
босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,дейді.
Қолбасы ойланып отырып,оны сынамақ болады да:
Жарайды,мен сені қыршыныңнан қимайақ қояйын.Маған
сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды,дейді.
Ол не?деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.
Маған сенің көздерің керек,дейді қолбасы.
Ол да болсын,көзімді ал да,досымды босат,дейді жігіт.Ол
бұл сыннан тоқтаусыз өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын
артып ,зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген
жаудың қолбасшысы: "Мұндай ерлері бар халықты
тұтқиылдан келіп,қапыда бас салған жағдайда
болмаса,бетпебет ұрыста жеңу өте қиынға соғар”,деп
түйеді.Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген
екен.
Талқыланатын сұрақтар:
1.Оқиға қай заманда болған?
2.Аңыз әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа
жата ма? Неліктен?
3.Сендердің де адал достарың бар ма?
4. Сендер достарыңның адалдығын қай ісәрекеттерінен
байқадыңдар?
Мұғалімнің сыйы: Мультфильм көрсету
1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Iтоп. Адал досқа тән қасиеттер (топтастыру).
IIтоп. Мәтінге байланысты сурет салу.
IIIтоп. Оқиғаны сахыналап беру.
2. Үй тапсырмасы.
«Менің досым» шығарма жазу.3. Топпен ән айту.
Әні: Х.Талғаров
Сөзі: И.Нүсіпбаев
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер,
Ту ғып ұстап бірлікті
Еңбекті сүйіңдер
Қсы
Дос болайық, бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз
4. Соңғы тыныштық сәтi.
Мұғалімнің сөзі: Балалар қазір барлығымыз көзімізді жұмып
осы әуен ырғағымен адал достың жасаған ісәрекеттерін
және бүгінгі сабақтағы не түсінгендерімізді көз алдымызға
елестетіп, сабаққа ойша қорытынды жасаймыз.
(2 минуттай музыка ойнап тұрады)
Ал балалар көздерімізді ашамыз.
Бүгінгі сабаққа қатысқандарыңызға көптен көп рахмет қош
сау болыңыздар