Ата-аналарға арналған өрт қауіпсіздігі туралы жадынама
Өрттердің көбі тәжірибе көрсеткендей «адами фактор» себебі бойынша болады. Тұрмыстағы өрттердің негізгі себептері мыналар болып табылады: от жаққанда сақтық жасамау, өрт қауіпсіздігі ережелерін білмеу және қадағаламау, тұрмыстағы электрлік және бөлмені жылытатын приборлары дұрыс пайдаланбау, балалардың отпен ойнауы, балалардың үлкендердің қарауынсыз қалуы.
Тұрғын үй секторында азаматтармен өртке жол бермеу үшін келесі қарапайым ережелерді сақтаған жөн:- тек қана отқа төзімдігі күшті кірпіші бар пешті жағу керек, пеш алдындағы еденге темір қағылуы тиіс;- жағып жылыту кезеңінде мұржаның күлін тазарту, әрбір 3 ай сайын тексеріп отыру керек;- шатырдағы барлық түтін жолдары мен трубаны тексеріп отыру қажет, бұл жұмыс мұржа жарықтарын, өрт алуын жедел табуға көмектеседі; - жағып жылыту пештері мен мұржаларды бақылап, қажеттілік туғанда жөндеу жүргізген абзал;- пешті лапылдап жанатын сұйықтармен тұтатудан аулақ болған жөн (бензинмен, керосинмен);- пешті қараусыз қалдырып, оны қадағалауды жас балаларға тапсырған дұрыс емес.
Егер үйіңізде электр арқылы бөлмені жылытатын құралды пайдалансаңыз, онда оны орнату мен пайдалану ережелерін білгеніңіз жөн:- электр арқылы бөлмені жылытатын құралдың корпусы ақаусыз және қыздыру элементінің қоршаланған конструкциясымен болуы тиіс;- үйді жылытатын құралдардың ток көзін көп айналдыратынын, және үйдің электр желісіне күш түсіретінін есте сақтаған жөн. Изоляцияның жанған иісінің пайда болуы, электр сымдары мен розеткаларының қатты қызуы, электр шотындағы сақтандырғыштың жиі-жиі сөніп қалуы немесе күйіп кетуі – үйдегі электр желісіне ауыртпалықтың көп түскендігінің бірінші сипаты және бөлмені электрмен жылыту құбырын пайдалану өте қауіпті болады;- бөлмені электрмен жылыту құбыры құлап қалатын жерде болмауы керек және шығарған зауыттың талаптарына сәйкес болуы тиіс; - бөлмені электрмен жылыту құбырын жанғыш материалдармен жабуға, оның үстінде киім-кешек кептіруге, оны жанғыш заттарға жақын орналастыруға болмайды;- үйде балалар мен үй жануарлары болғанда бөлмені электрмен жылыту құбырын қараусыз қалдырмау керек, оны электр розеткасынан ағытуды ұмытпаңыздар. Тек қана осы ережелерді қатаң қадағалау Сізге және Сіздің жақындарыңызға өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға, дүние-мүлікті, үй жануарларын аман алып қалуға септігін тигізеді.
ҮЙДЕГІ ӨРТ
ЕГЕР ӨРТ ҚАТТЫ ЖАНЫП ТҰРМАСА.
Сіздің әрекетіңіз:
1. Өртті бір затпен (көрпе, пальтомен) үстінен жаба салыңыз. Содан кейін үстінен су кұйыңыз.
2. Түтінмен демалмауға тырысыңыз. Мұрынды және ауызды ылғал шүберекпен орап қойыңыз.
3. Өрттен жанып тұрған заттарды алмаңыз, өйткені ол өрттің таралудың себепкері болады.
4. Өртті шетінен бастап ортаға қарай сөндіру керек.
АДАМ ҮСТІНДЕГІ КИІМНІҢ ЖАНЫП КЕТУІ
Сіздің әрекетіңіз:
Адамды тез ғана жерге жатқызыңыз (бұл өрттің адамның басына баруына жол жабады), үстіне су кұйып немесе курткамен, пальтомен жабыңыз.
ЖИҺАЗ ЖАНУЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.