Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)
Оценка 4.7

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Оценка 4.7
Презентации учебные
docx
библиотека
6 кл
11.05.2017
Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)
Публикация является частью публикации:
31 қара сөз.docx
Абайдың  «Отыз  бірінші  қара сөзі» Пәні: қазақ әдебиеті Класы: 6 «Ә»  Күні: 19.10.2016ж Сабақтың  тақырыбы Мақсаты: Күтілетін  нәтиже: Түйінді  идеялар Әдіс –  тәсілдер Сабақ  кезеңдері: 1.Кіріспе Білім  5мин 10 минут 7 минут 3 минут Абайдың қарасөзін өлеңдерімен салыстыра отырып түсіндіру;  қара сөздерінің  тәрбиелік мәнін түсіну,жанрлық ерекшелігін таныту шығармаларының көркемдік,  философиялық ерекшелігін таныту. Қарасөздердің мазмұнын ашады,қорытынды жасай алады ,  мәтін мағынасынан ой  түйеді . Асыл тастан , ақыл бастан шығады. СТО (топтастыру, түртіп алу,айналмалы бекеттер,мен айтайын, ой толғау,) Оқу үшін бағалау,дарынды балалармен жұмыс Сабақ барысы Бағалау Ресурстар 1.Ұйымдастыру. Психологиялық  тренинг: « Менің  қасиеттерім» Оқушылар    тіктөртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер фигуралары арқылы топтасады . Интерактивті тақтадан фигура  пішініне байланысты  адамның  бойындағы тұлғалық  қасиетіне түсінік беріп өтемін. Топ мүшелері бірін­ бірі жетон беру арқылы бағалайды.  Жетон санына  қарай оқушы бағаланады. 3үш  шапалақ қошеметі 5­кл. Қазақ тілі  оқулығы   5­6 жетон ­­­ «айтарлықтай»   3­4 жетон ­­­­ « жеткілікті»    2­3 жетон ­­­­­­ «орташа» 2Үй тапсырмасын тексеру..                Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?                Талабын тас қияға өрлеткен кім?                Құба жон, құбақан құм, құла қырды,                Өлеңнің бесігінде тербеткен кім? 1.Әсемпаз болма әрнеге өлеңін  4топтан бір –бір оқушыдан айтып шығады (жалғастыру арқылы) «Айналмалы бекеттер» әдісі үй тапсырмасына қатысты -Плакаттарда сұрақтар жазулы тұр. Сол сұрақтарға топтар кезектесіп жауап жазады. Бір топ өз жауаптарын жазып болған соң, келесі плакатқа қарай жылжиды. Осылайша барлық топ плакатқа өз жауаптарын жазып шығуы тиіс. 1. Абай аталарыңның «әсемпаз болма әрнеге» деген сөзін қалай түсінесіңдер?  2.Білім алу,өнер үйрену не үшін қажет деп санайсың? 3. Абай ата өлеңде қандай жаман қасиеттерді жазады? 4.«Өмірден өз орныңды таба біл» дегенді қалай түсінесің?           Бір ауыз сөзбен түйіндеу Өлеңдегі Абайдың қанатты сөзге айналған жолдары (1 топ табады , 2­ топ мағынасын ашады) Бармақ  әдісімен  бағаланады Топ  мүшелері  бірін­ бірі  жетон беру арқылы  бағалайды 3 минут Түсіну 5минут Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға Психологиялық  тренинг: «Сымсыз телефон ».  Мұғалім бір сөзді  қасындағы оқушының құлағына  сыбырлайды ,ол келесіге сыбырлау арқылы жалғаса береді. Соңғы оқушы қандай сөз екенін дауыстап айтады.  Бастапқы сөздің сақталғаны әлде сақталмағаны  анықталады.   /3 шапалақ  әдісімен бағалау/  Балаларға сөздің еш өзеріссіз сақталуы не сақталмауы неге байланысты деп ойлайсыңдар деген ой  тасталады.Оқушылар өз ойларын білдіреді.  Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы  не жөнінде деп  ойлайсыңдар?( Ес туралы) Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкрегінде болсын көз,­деп данышпан  Абай айтпақшы  бүгінгі  сабағымызда Абай шығармаларының сырын ұғу  үшін таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн жадын жазып қойыңдар.    Топтастыру Ал, балалар Абай тек ақын ғана емес, аудармашы,  мысалшы, әсем ән жазған композитор болуымен қатар   ғалым, философ, ойшыл дана кісі.Яғни бүгінгі  сабағымыздың мақсаты­ұлы ақынның философиялық  ойларын, қара сөздерінің идеясын түсіну, топпен жұмыс  жасай отырып  «Отыз бірінші қара сөзін» меңгерту. «Түртіп алу» Қара сөз (проза) ­ көркем әдебиеттің үлкен бір саласы.  Өлең сөзден (поэзиядан) бір айырмасы ­ онда сөз ырғағы  еркін.  Қара сөз –арабтың «Ғақлия» деген сөзімен  мәндес. Ғақлия Көркем сөз Дана сөз Асыл сөз Қара сөз дегеніміз­ ғылым туралы, философия  туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек. Абай атамыз тәлімгер ұстаз болған еді. Ақын тәрбиеге  көнетін жалпы халық емес, жеке адам, оның дара  ерекшеліктері деп санаған. Абай қара сөздері азамат  баласына ортақ сөз. А.Құнанбайұлы 1890­1898 жылдар  арасында жазылған 45 қара сөзі бар. Қара сөздері алғаш  Мадақтау,  қолпаштау Дәптер Оқулық рет Семей қаласында 1848 ж «Абай» журналында жарық  көрді.Қара сөз орыс, қытай, француз т.б көптеген әлем  тілдеріне аударылды.Міне осындай көптеген тілге  аударылған Абай Құнанбайұлының 31­ші қара сөзін  тыңдаймыз.(таспадан тыңдату) Сұрақ­жауап: ­Қане, кім айтады, «Отыз бірінші» қара сөзінде ақын не  нәрсені тілге тиек еткен? ­  Есте сақтаудың,ұмытпаудың 4 түрлі  себебі қандай? 1. ­ сену керек; 2. ­ үлгі алу керек; 3.­ бірнеше рет қайталап отыру керек; 4. – ой кеселді нәрселерден аулақ болу керек;  Ой  кеселдері: уайымсыздық, салғырттық,,ойыншы­ күлкішілдік,қайғыға салыну,қызығу (құмарлану) 5.  Сөздікпен  жұмыс.  (дәптерге,тақтаға жазу) Ғибратләну­ (араб)­ үлгілі, өнегелі. «Жақсылық көрсең  ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз».  Уайымсыздық­ еш нәрсеге алаңдамаушылық.  Салғырттық­ әр нәрсеге жай, салақ қараушылық. Топтық жұмыс постер қорғау 1­ топ  Отыз бірінші» қара сөзі (Фишбон) 2­топ «Ғылым таппай мақтанба»  өлеңі (Т сызбасы) 3­топ  «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі  (Ішіне –сыртына) 4­топ  Абай – ұлы ақын, ағартушы, философ.газет Қорытынды.  1.«Топтастыру» стратегиясы арқылы сабақты бекіту.      Абайдың аңсағаны қандай азамат?­  Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор,  иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу Абайдың өз сөзімен айтсақ: Терең ойдың түбінде теңізі бар, Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.       Ал осы  терең ойды таныр келер ұрпақтар болатынына Кәміл сенген  Мағжан ақын:   Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,  Өлтіріп талай жанды, жүгін артар. Көз ашып, жұртын ояу болған сайын,  Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар, десе,       Ел басымыз Н.Назарбаев: «Абай біздің ұлттық ұранымыз болуы керек.Абайды тану  арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз»   ұлы ақын қадірін асқақтатуда                                                  «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген  ойым»    Жиынтық бағалау жүргізу Қолдану  5 минут Талдау 15 минут Жинақтау 3минут Үйге  тапсырма 1 минут Бағалау 1 минут Жиынтық  бағалау Благодар орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пән  бірлестігі          Ашық  сабақ Тақырыбы: Абайдың 31 қара сөзі (6­сынып) Пән мұғалімі : Гүлзия Узбекбаева 2014 жыл Абайдық қара сөздері ­    Өмір тәжірибесі Өсиет Өнеге  Ақыл, нақыл Білім, ғылымға Еңбекке шақырады Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес. Қарадан хакім болған сендей жанның  Әлемнің құлағынан әні кетпес! ...Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,  Өлтіріп талай жанды, жүгін артар. Көз ашып, жұртын ояу болған сайын,  Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар. Мағжан Жұмабаев Тақтада көрсетілген тапсырмаларды орындату: 1. Жанрын табу. 2. Қара сөз маңыздылығы. 3. Абайдың қара сөзінің идеясы. Осы бойынша 5 жол өлең құрастыр. ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ  Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі ­ көкірегі байлаулы берік болмақ  керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып,  ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге  бекіту керек; төртінші ­ ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса,  салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы­күлкішілдік, я бір қайғыға  салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе ­ күллі ақыл мен ғылымды  тоздыратұғын нәрселер.  Білімдіден шыққан сөз Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкрегінде болсын көз. Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де — бір кірпіш, дүниеге Кетігін тап та, бар қалан! Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да, қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға. Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді: «Ақыры  ойладым: осы  ойыма  келген  нәрселерді  қағазға  жаза  берейін,  ақ  қағаз  бен қара сияны ермек қылайын, кімде­кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ   десе,   өз   сөзім  өзімдікі   дедім   де,   ақыры   осыған   байладым,  енді   мұнан  басқа   ешбір жұмысым жоқ».  Бәрі осыдан басталған. Мынау – басым ақылды, Бәрін осы басқарған. Мынау – оң қолым, Мынау – сол қолым. Барлық істі басқарған. Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі ­ ішсем, жесем, ұйқтасам  деп тұрады. Бұлар ­ тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола  алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі ­ білсем екен демеклік. Не көрсе  соған талпынып, жалтыр­жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін  татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай­керней болса, дауысына  ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу  жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп,  «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық  көрмейді. Мұның бәрі ­ жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен  деген. Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп  білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі  жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз  бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде,  ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл  кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз? Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған  қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай  барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр  екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық,  ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге­ақ тойдық. Сырын қалай  болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу  кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі­ай, кімнен кім артық  дейсің!» ­ дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз. Көкіректе сәуле жоқ,  көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта,  бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның  баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін  деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер­тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып  кетеміз. 3­топ. Н.Назарбаев «Абай біздің ұлттық ұранымыз болуы керек.Абайды тану арқылы біз  Қазақстанды әлемге танытамыз»  мағынасын түсіндіреді                Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?                Талабын тас қияға өрлеткен кім?                Құба жон, құбақан құм, құла қырды,                Өлеңнің бесігінде тербеткен кім? Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбайұлы.Отыз бірінші сөз. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік жағы: А.Құнанбайұлының «Отыз бірінші қара сөзін» оқыту, қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру. 2. Естілікке, ынталы болуға, ұғымтал боп өсуге тәрбиелеу. 3. Абай қара сөзіндегі ой оралымдарын оқушының ой-өрісіне сіңіре отырып, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу. Сабақтың типі: Білім мен дағдыны, іскерлікті қолдану сабағы. Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, сайыс сабақ. Сабақтың әдісі: «Ой қозғау», «Мағынаны тану», «Топтастыру» стратегиясы, тірек сызба, шығармашылық жұмыс, аз топтармен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, үнтаспа, плакат, кеспелер (балапан- суреттер), ұялар, графопроектор. Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі. Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру. Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп отырғызу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. 2. Үй тапсырмасын сұрау. ∙ Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жатқа айту. ∙ Өлеңнің идеялық мазмұнын топтастыру. Өнерпаз болуға Еңбек етуге Ақылды болуға Өмірден өз орнын Үйреніп, білуге Ақырын жүріп, Табуға шақырды анық басуға 3. Жаңа сабақ. ∙ Абай қара сөздері туралы түсінік бере отырып, оның қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру. Абай өз шығармаларының бір алуанын қара сөз түрінде жазды. Қара сөз – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Қара сөздің өлеңге қарағандағы айырмасы онда сөз ырғағы еркін, онда белгілі бір өлшемдер сақталмайды. Абайдың қара сөздері қазақ әдебиетінде проза жанрының дамуына соны із салған жаңалық болды. Қазіргі заманғы проза жанрындағы роман, повесть, әңгіме, т.б. қара сөздің жан-жақты дамыған үлгілері боп табылады. Абайдың қара сөздері өзінің көзі көрген, көңілге түйген өмір сабақтары туралы ойлары. Абай өз қарасөздерін кеңес әңгіме, философиялық ой, ақыл- нақыл, өсиет сөздер түрінде жазған. Қара сөздерінің жанрлық, стильдік ерекшеліктері ғалымдардың зерттеуінше былайша топтастырылады. Үнтаспадан Абайдың 1- қара сөзін тыңдата отырып, қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру. Абай қара сөзінің жалпы саны – 45. Олардың қай-қайсысын алсақ та, оқырманына ой тастап, адамды еңбек етуге, білім алуға, жақсылықтан үйреніп, жамандықтан жиренуге шақырады. ∙ «Ой қозғау» бөлімі. Зерек ес, есте сақтау жөніндегі мәтінді оқи отырып, не туралы екенін анықтату. Балалар сабақты тез әзірлеу үшін есті қалай шыңдауға болады деп сұрайды. Зерек ес – қажетті нәрсені есте сақтау қабілеті ғана емес, сонымен бірге керексізді ұмыту қабілеті де. Сондықтан есте сақтаудың басты заңы – ойлау. Есте сақтауға тиістіні ойлау, есте сақтайтынды бұрын білетініңмен байланыстыру, есте сақтағаныңды ойша көру керек. Ең бастысы – осының бәрі — өзіңе қашан, неліктен керек боларын ойлау. «Ес – ақыл қоймасы» деген даналық сөз бекер айтылмаған. Сондықтан ұдайы жаттықтыру арқылы ғана есті зерек ете аласың. Осыны жадыңа тұт. Мәтін бойынша сұрақтар қою.    ∙ «Мағынаны тану» бөлімі. ∙ Абайдың «Отыз бірінші сөзін» жатқа айтып беру. ∙ Әр топқа сұрақ-тапсырмалар беру. - Естіген сөзді ұмытпаудың 4 түрлі себебін топтастыр. - Қара сөзді оқып, кері айтып бер. - Ғибратләну, уайымсыздық, салғырттық сөздерін түсіндірме сөздіктен қарай отырып, мағынасын жаз. (Тақтамен жұмыс) - Ой кеселдерінен бойыңды аулақ ұстау үшін қайтер едің? - «Отыз бірінші сөздің» стильдік ерекшелігін анықта. - Ой кеселдерін ата. - Естіген сөзіңді ұмытпау үшін қайтер едің? - Өзің қалаған тақырыпта Абайша қара сөз жазып көр. - Күлкішілдік, құмарлық, күллі сөздерінің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап жаз. (Тақтаға орындау) Мәтінде не туралы айтылған? Есте сақтау үшін қандай нәрселерді орындау қажет? Өзің өмірде естіген нәрсеңді ұмытпас үшін не істейсің? - Абайдың қара сөз жазудағы мақсаты. - Ой кеселдерінің зияны туралы не айтар едің? - Мен естіген нәрсемді ұмытпас үшін… (Сөйлемді өз ойыңмен ұштастырып көр.) - Қара сөз. Сөзді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау жаса. Қара сөз 1. Бұл сөз екі құрамнан тұрады. Қара + сөз 2. Тұлғасына қарай – туынды. Себебі екі сөздің тіркесуі арқылы жасалған туынды сөз. 3. Құрылысына қарай – күрделі, тіркесті сөз. 4. Сөзде 1 лексикалық, 1 грамматикалық мағына бар. 5. Лексикалық мағынасы – көркем әдебиет жанрына берілген атау. 6. Грамматикалық мағынасы – зат есім. 7. Қара сөз – не? деген сұраққа жауап береді. Қорытынды. ∙ «Топтастыру» стратегиясы арқылы сабақты бекіту. Өмір тәжірибесі Өсиет Өнеге Ақыл, нақыл Білім, ғылымға Еңбекке шақырады шақырады ∙ Сайыс қорытындысымен оқушыларды марапаттау. Қай топтың ұяға жинаған балапаны көп болса, сол топ жеңіске жетеді. ∙ Сонымен, ұлы кемеңгер, ойшыл, Абай ақынның сөздері халқы үшін, халқының пайдасы үшін жазылған мол мұра боп, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтер, шөліркесе сусын болар мәңгі өлмес, өміршең дүниелер боп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Ақын С.Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп, кейінгілерге қалдырған өнегелі сөзінің өзінен көп сырды аңғаруға болады. Абай шығармаларын оқып, қажетімізге жаратсақ, ол біздің ақын рухына деген құрметіміз болмақ. Үйге тапсырма: «Отыз бірінші сөзді» жатқа айту. Бағалау. Сонымен, ұлы кемеңгер, ойшыл, Абай ақынның сөздері халқы үшін, халқының пайдасы үшін жазылған мол мұра боп, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтер, шөліркесе сусын болар мәңгі өлмес, өміршең дүниелер боп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Ақын С.Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп, кейінгілерге қалдырған өнегелі сөзінің өзінен көп сырды аңғаруға болады. Абай шығармаларын оқып, қажетімізге жаратсақ, ол біздің ақын рухына деген құрметіміз болмақ. Үйге тапсырма: «Отыз бірінші сөзді» жатқа айту. Бағалау. Жаңа сабақ: Ал, балалар Абай тек ақын ғана емес, аудармашы, мысалшы, әсем ән жазған композитор  болуымен қатар  ғалым, философ, ойшыл дана кісі.Яғни бүгінгі сабағымыздың мақсаты­ұлы  ақынның философиялық ойларын, қара сөздерінің идеясын түсіну, топпен жұмыс жасай отырып   «Отыз бірінші қара сөзін» меңгерту. «Түртіп алу» Қара сөз –араптың «Ғақлия» деген сөзімен мәндес. Деген мағына береді. Қара сөз дегеніміз­ ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған  еңбек.А.Құнанбайұлы 1890­1898 жылдар арасында жазылған 45 қара сөзі бар.Абай қара сөздері  гуманистік, ағартушы бірігіп тұтас қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды,  көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады.Абай қара сөздері азамат баласына  ортақ сөз.Қара сөздері алғаш рет Семей қаласында 1848 ж «Абай» журналында жарық  көрді.Қара сөз орыс, қытай, француз т.б көптеген әлем тілдеріне аударылды.Міне осындай  көптеген тілге аударылған Абай Құнанбайұлының 31­ші қара сөзін тыңдаймыз.(таспадан  тыңдату) 3­топ.Тыңдаған қара сөзді М.Жанпейісованың «Шеңбер бойымен әңгімелесу» атты оқыта  үйрету ойыны жүзеге асады. 3­топтың әңгімесіне байланысты бағаланып отырады. Абайдың аңсағаны қандай азамат?­деген сұрау арқылы тақырыпты ашу.Яғни мағынаны тану. Ғақлия Айтылған сөзді ұмытпастыққа төрт түрлі себебі бар Көкірек берік болу Үлгі алып,ынтамен ұғу Қайталап,ойланып,көңілге  бекіту Ой кеселді нәрселерден қашық болу

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)

Презентация Абайдың 31 қара сөзі(6 класс)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.05.2017