Презентация Ауызша журнал

  • Иллюстрации
  • pptx
  • 13.06.2017
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Бұл презентацияда ауызша журналдың әр беті көрініс табады. Журналдың атауы "Балдәурен". Оқушылар қаламынан рубрикасында оқушылардың өздері шығарған өлеңдері жарияланса, "Бала тілі- бал" рубрикасында оқушылардың өздері құрастырған қысқа әзілдері орын тепті. Ал сурет галереясында оқушылардың қылқаламнан туындаған туындылары жарық көрді. Журнал соңында оқушылардың өздері құрастырған сөзжұмбақтары жарияланды.презентация
Иконка файла материала Презентация Ауызша журнал.pptx

Балдәурен

Наурыз.Сәуір.Мамыр. Арнаулы нөмір

ЛАҒЫМ – АУ, ЛАҒЫМ

ӘЖЕМЕ

НАУРЫЗ

Талғат

Дастан

Айжан

Өтірік өлең.
Маса бұлтты бүркеніп,
Зәремізді ұшырды.
Бегомотты бір теуіп,
Шалқасынан түсірді.
Бір-ақ күнде тасбақа
Шарлап шықты жер жүзін.
Ойланып тұр бас қата,
Таба алмай енді ізін.
Темірлан Жұмағали.

Қақпан.
Атам құрған қақпанға
Ай сәулесі батқанда,
Қасқыр түсіп қалыпты
Қойға бара жатқанда.
Диас Ардашер.

Бақыттымыз.
Көктем келді,қонақжайлы қазағым,
Таусылмасын,тарқамасын базарың.
Мәз-мәйрам боп,ойын-сауық құрамыз,
Біз осылай бақытты боп тұрамыз.
Манасбек.

Отан.
Егемен елдің ұлымын,
Ертеңгі күннің нұрымын.
Отанын сүйген азамат,
Болатындардың бірімін.
Дастан.

Оқушылар қаламынан

Ауылым.
Ауыл менің туған жерім,
Кіндік қаным тамған жерім.
Тұсауымды кескен жерім,
Асыр салып өскен жерім.

Бізге керек.
Бізге керек күн керек,
Аспан керек көгілдір.
Бізге тыныш ұйқы керек,
Ауа керек мөп - мөлдір!

Көктем.
Көктем, көктем көңілді,
Келер күндер көңілді.
Жазылып денең қалады,
Көргенде әсем өрнекті.

Мөлдір

Назерке

Алира

“Мұртым неге жоқ”
Апа, мысық екеуіміздің қайсымыздың жасымыз үлкен? – деді Жәнібек.
- Әрине сен үлкенсің, - деді апасы.
- Онда, оның мұрты бар да, менің мұртым неге жоқ, - деді Жәнібек

Кәмпит
Саматты әжесі “Тәттім” деп еркелететін.
Бірде қонақтан келген әжесі оған екі – үш кәмпит ұсынды.
Самат кәмпитті азсынып:
- Маған кәмпитті көптеп жеп тұру керек, әйтпесе тәттілігім азайып қалады, - деді.

Бала тілі - бал

Айжан

Диас

Ербол

Еламан

Әлішер

Санжар

Диана

Ербол

Балдауреннің сурет галереясы

Диас

Еламан

Ерзат

Ербол

Диана

Темірлан

Айжан

Құттықтаулар

Көктемде туған оқушылар

Момкенова Айжан
Советбеков Талғат
Оралгазин Дастан
Жұмағали Темірлан
Асылханов Ербол

Көктемдегі жетістіктер

Мына әріптерді пайдаланып, белгілі бір ретпен жүрсеңіз, он сегіз мемлекеттің атын оқуға болады

Ойлан, тап!

Ойлан, тап!

Балдәурен

Наурыз, сәуір, мамыр
Бас редактор
Диана Нұрсейітова

Бас редактордың орынбасары
Сетербаев Еламан

Көркемдеуші редактор
Сейітмұханбетов Дамир

Редколлегия мүшелері
Әшенова Әмина
Нұртаева Айсара












Наурыз :
Наурыз— жылдың әрі көктемнің бірінші айы.Парсының «нау»-жаңа, «руз»- күн деген,яғни «жаңа күн» деген сөзінен шыққан.Демек,наурыз аты бір күнді бейнелесе де,ол толық ай атын иеленген.Наурыздың бірінші күні(жаңаша наурыздың 22-сі күні) күн мен түн теңеледі,жаңа күн келеді.Бұл айдың Шығыс елдері үшін, әсіресе, қазақ елі үшін орны бөлек. Наурыздың бірінші күні халықтық мереке ретінде аталып өтіледі.Халқымыз наурыз айын қасиетті ай ретінде бағалап, көптеген ұлттық дәстүрлерді қалыптастырған. Жыл сайын мерекелік «Наурызнама думаны»өткізіліп, «Наурыз көже»пісіріліп сауық-думан ойындар өткізіледі.(Наурыз көжеден Жыл иесіне т.б. дәм татырады.)
Наурызды халық «Көктем туды»дейді,бұл «жақсы күн туды,төл туды» деген ұғымды білдіреді. Наурызда күн ұзарады, бұл кез «ұзын сары»деп,ата- бабаларымыз қуатты , дәмді тағамдарын әдейі осы кезге дейін сақтап отырған.Наурызда күн жылынып, мал төлдегенмен айдың соңғы күндері өкпек жел соғып, қар күрт еріп,жер лайсаң болып,жол бұзылады. Бұл кезді ел «аласапыран»деп атайды.
Сәуір:
Сәуір- екінші ай.Бұл айда қар еріп,су тасып,күн жылына бастайды.Ағаштар бүр жарып,көк шығады. Мал төлдеп,жұрт уызға тояды.Құс келіп,ұя салады. Балалар жұмыртқа жинайды... Халқымыздың «Сәуір болмай, тәуір болмас» деген сөзі бұл айдың жақсы мезгіл екенін меңзейді. Еліміздің барлық аймақтарында егіс жұмыстары басталады. Сәуір айының үшінші онкүндігінде «Құралай салқыны» деп аталатын «амал» келеді. Бұл кезде киіктер төлін (құралайын) аяқтандырады, өргізеді. Жалпы, әр айдағы ауа райының күрт өзгерісі «Амал» деп аталады.
Мамыр:
Мамыр – үшінші ай. Көктемнің ең сұлу шағы. Күн жылынып, жер бусанып, өсімдік құлпырады, төл көбейеді. Құстар балапан шығарады. Барлық малдың балалары «төл» деп аталса, құс балапаны «мамыр» деп аталады. Ай аты осы сөзден шыққан. Бұл айда мал өріске шығады, қой қырқу, жылқы күзеу, түйе жүндеу басталады. Ең қызығы бұл айда бие байланып «қымызмұрындық» мейрамы өткізіледі. Еліміздің барлық аудандарында егіс жұмысы қызады.

Сен білесің бе?








1.Мұғалім оқушы дәптерін тексеріп отырып, кенет мазасызданып ашулана бастайды:
-һім, (басын шайқап), қалай бір адам осынша қате жібереді екен, түсінсем бұйырмасын. Сен неге осындайсың, а?! –дейді оқушыға үй жұмысы дәптерін қайтарып беріп жатып. (Оқушыға ала көзімен қарай) оқушы ызалана:
-Мұғалім, сіз алдымен біліп алсаңызшы
-Иә, нені?
-Бұл қате жалғыз менікі емес қой, біз атам екеуіміз жаздық..... Мұғалім деген оқушының барлық жағдайын толық білу керек емес пе?- деп ренішпен кетіп бара жатады.


2. Мұғалім журналдағы тізімге қарап:
-Так-так, тақтаға кімді шығарсам екен, қайсысының бағасы кем?...... Ә, міне Талғат, тақтаға шық. (жауап болмайды, бала қалғып отырады)....
-Үй, Талғат деймін.
-Не?
-Тақтаға дедім ғой!
- А, міне, міне
-Судың формуласын жаз-дейді де өзі соткасымен әбігер болып отырады.
Біршама уақыттан соң :
-Иә, иә, дайын ба. Қазір міне, қазір.....
-Өй, мынау судың формуласы емес қой, қайдан алдың?
-Неге мұғалім, қателесесіз
-Қалайша?
-Бұл лай судың формуласы
Түсінбей, сенімсіздеу болған мұғалім ойланып қалады. Сәлден соң
-Ал, жарайды, ендеше карточканы көрсетіп:
-Осыған жауап беріп көрші, мына белгі нені білдіреді?
-І-і... ой, тілімнің ұшында тұр
-Ой, ойбай! Тез түкір, бар болғыр. Ол күкірт қышқылы ғой. Сені уландырып сотталатын жағдайым жоқ-(деп, оқушыны) жүр сумен шай.... (деп дедектете жөнеледі.....

Күлегеш