Публикация является частью публикации:
Microsoft Excel электрондық кестесі
Microsoft Еxcel - электрондық кесте құрастыратын кең таралған қолданбалы программа. Excel-де график тұрғызу, күрделі функциялар арқылы есептеу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер бар.
Excel бағдарламасын ашу
Excel бағдарламасын Microsoft Windows-тың кез келген басқа бағдарламаларын қосу үшін қолданылатын тәсілдерінің бірімен іске қосуға болады.
Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Office - Microsoft Excel немесе Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Excel.
Терезенің негізгі элементтері
Тақырып жолағы – бұл құжаттың атауы және терезені басқару батырмалары.
Файл құралдар үстелі – Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару сияқты құжатпен жұмыс істеуге арналған негізгі стандартты батырмаларды қамтиды.
Терезенің негізгі элементтері
Басты құралдар үстелі –Қиып алу, Көшіру, Қою және мәтіннің қажетті параметрлерін және оның құжатта орналасатын орнын (туралауды) белгілеуге арналған негізгі стандартты батырмаларды қамтиды.
Кірістіру құралдар үстелі – Құжатқа сурет, кесте, фигуралар, графиктер енгізу батырмалар жинағы.
Терезенің негізгі элементтері
Excel кітабы парақтардан тұрады. Ашылған бетте олар үшеу болады. Парақтар арасында терезенің төменгі жағындағы «Парақ1», «Парақ2» сілтемелерді пайдаланып ауысуға болады. Excel-де парақтар жанындағы батырманы басып жаңа парақтар қосуға болады.
Шатаспау үшін парақшалардың түсін де өзгертуге болады. Ол үшін керек парақшаның үстін оң жақ батырмамен басып, Түс деген мәзірде қалаған түсті таңдайсыз.
Жаңа парақ қосу батырмасы
Microsoft Excel-де жаңа құжат жасау
Жаңа құжат жасау үшін төмендегілелдің бірін жасауға болады:
Microsoft Excel-де бар кітапты ашу
Бар құжатты ашу үшін:
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.