презентация информатика

  • Разработки курсов
  • pptx
  • 23.11.2018
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Публикация является частью публикации:

Иконка файла материала 27-сабақ.pptx
Microsoft Excel-де толтыру маркері және формулалармен жұмыс Информатика және есептеуіш техника негіздері 8 сынып
Microsoft Excel-дегі кестені өздігінен біртекті деректермен толтыру Қатар – логикалық тізбек құрайтын ұяшықтар тізбегі. Excel- де өзтолтыру жетесінің көмегімен сандар, күндер және т.б. қатарларын жасауға болады.
Деректер қатарын толтыру қадамдары Ұяшыққа қатардың бірінші элементін енгізіп, пернесін басыңыз немесе өрнектер жолындағы Енгізу батырмасын шертіңіз. Белсенді ұяшық жақтауының оң жақ төменгі бұрышында Өзтолтыру байрақшасы (кішкене қара квадрат) орналасқан. Тінтуір нұсқағышын осы элементке қойып, басып ұстап отырып, қажетті ұяшықтар ауқымына дейін созыңыз.
Деректер қатарын толтыру қадамдары Қатарға кіретін ұяшықтардың барлығы сұр түсті жақтаумен қоршалады, ал ауқымның соңғы ұяшығындағы мән сары тік төртбұрышта көрініс табады. Тінтуір пернесін жібере салып, қатар жасауды аяқтаңыз.
Авто толтыру Авто толтыру. Мәтіндік мәліметтерді автоматтандыру үшін авто толтыру әдісін қолданады. Оны жұмыс парағының бір бағанына бірнеше рет қайталанатын мәтіндік жолды енгізгенде пайдаланады. Мәтінді енгізу кезінде программа оны жоғарғы жолдармен салыстырып, бірдей элементтер кездессе автоматты түрде толтырады.
Прогрессия бойынша толтыру Ол үшін Басты > Толтыру > Прогрессия (Правка > Заполнить > Прогрессия) орындау керек. Ашылған прогрессия сұхбат терезесінде прогрессияның тегі, қадам мөлшері, шектік мәні таңдап алынады. ОК батырмасын басқаннан кейін Excel программасы берілген ережелер бойынша ұяшықтарды автоматты түрде толтырып береді.
Microsoft Excel-де формуланы енгізу Microsoft Excel-де формулалар «=» символымен басталады. Формула өрнегі қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Өрнектер жолағында арифметикалық амалдар солдан оңға қарай орындалады. Күрделі өрнектер үшін жақша «()» қолданса болады.
Microsoft Excel-де формуланы көшіру Формуланы көшіру үшін формула жазылған ұяшықты көшірсе болады. Ұяшықты белсенді етіп алып, тіркесін басып, формуланы қойғымыз келген ұяшықты таңдап пернесін бассақ болады.
Формулаларды авто толтыру Бұл амал сандарды авто толтыру сияқты жүзеге асырылады. Авто толтыру кезінде формулалардың басқа ұяшықтарға сілтеменің ерекшеліктері ескеріледі: салыстырмалы сілтемелер сәйкесінше көшірменің салыстырмалы орналасуына байланысты өзгереді.
Мысалы, D4 ұяшығына = D1+ D2 формуласын енгізетін болсақ, Excel программасы бұл формуланы «екпінді ұяшықтан үш қатар жоғары және екі қатар төмен ұяшықтағы мәндерді қосу керек» деп қабылдайды. Егер D4 ұяшығын, яғни = D1+ D2 формуласын С4 ұяшығына көшірсек. С4 ұяшығына = С1+С2 формуласы, ал D5 ұяшығына = D2+ D3 формуласы автоматты түрде енгізіледі.