Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
УЛАНУ ЖӘНЕ УЛАНУДЫҢ АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАУІПІ
Улану - ағзаға улы заттың кіруінің себебінен болатын ағза қызметінің бұзылуы немесе ауруға шалдығуы.
Уланудың симптомдары
Уланудың женіл түрі
Бас аздап ауырады, самай солқылдап, кеуде ауырады, құрғақ жөтел, көздің жасауы, жүректің айнуы, галлюцинация, тахикардия
Уланудың орташа түрі
Жоғарыдағы айтылған симптомдарға қоса ұйқы келеді, есі анық сақталып, аяқ-қол қалтырайды
Уланудың ауыр түрі
Естен тау, сінір тартылу, кома, несе мен нәжістің еріксіз кетуі, тыныс алу бұзылысы, қарашық ұлғайюы, жарыққа реакциясының нашарлауы, тыныстың тоқтауы, жүрек қызметінің нашарлауы және өлімге әкеледі
Уланудың түрлері
1. Тамақтан улану
2. Алкоголь және дәрілік заттардан улану
3. Газбен улану
4. Қышқыл және сілтімен улану
Тамақтан улану
Тамақтан улану – бұл асқазан-ішекке тамақпен немесе сусындармен бірге зиянды бактериялардың түсуінен ішкі органдардың жұмысының бұзылуы. Құрамында агрессиялы химиялық заттары бар немесе бактериялары бар тамақты ішкеннен кейін, токсиндер қан құрамына ақырын сіңіп,улану тудырады.
Алкоголь және дәрілік заттардан улану
Дәрілік заттармен улану көбінесе балаларда кездеседі, дәрілерді қол жететің онай жерге қойғаннан балалар көп уланады. Ал ересектер байқаусыз передозировка, суицидтік іс-әрекет кезінде және наркомандарда кездеседі. Өте жиі ұйықтатқыш заттарды қолданғанда болады.
Алкогольді шектен тыс қабылдағанда өлімге әкелуі мүмкін. Алкоголь жүрекке, тамырға, бауырға және бүйрекке әсер етеді.
Газбен улану
Улы газбен улану- қозғалтқышпен жұмыс істейтін автомобильде ұзақ отырған кезде (улы газдың жиналуынан), жылыту пешін қате пайдаланғанда, өрт ошағында ұзақ уақыт жүргенде болуы мүмкін.
Улы газбен улану белгілері- әр түрлі – бастың ауруы, самайдың ысынуы, жүректің айнуы, құсу, үйқы қысу, қол-аяқ тартылып уақытша естен айырылу, қан айналымының бұзылуы, өте ауыр жағдайда жүректің тоқтауы мүмкін. Зардап шегушіні кешіктірмей ауруханаға жеткізу қажет.
Қышқыл және сілтімен улану
Концентрацияланған қышқыл немесе сілтілермен уланғанда бірінші кезекте ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан кейде кенірдектің өте ауыр түрде кең көлемді құюі болады, содан кейін өмірлік манызды органдармен сіңірлуі арқылы қауіп төндіріледі.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.