Презентация по информатике "Үздік информатик"
Оценка 4.6

Презентация по информатике "Үздік информатик"

Оценка 4.6
Культурные мероприятия
docx
информатика
Взрослым
02.11.2019
Презентация по информатике "Үздік информатик"
Публикация является частью публикации:
Үздік информатик разработка 2019.docx
Сайыстың тақырыбы: «Үздік информатик» Сайыстың  мақсаты:  Оқушылардың пән бойынша алған білімдерін тереңдету, қайталау, толықтыру,   өмірмен   байланыстыру.     Оқушыларға   XXI­ғасыр   жаңа   технология   мен ақпараттандыру,   нақты   ғылымдар   ғасыры   деген   ұғымдар   туралы   түсініктерін қалыптастыру.   Информатика   пәніне   қызығушылығын   арттыру.   Оқушылардың   білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.  Түрі: сайыс сабақ Сайыстың көрнекілігі: слайд, таратпа материал, компьютер. Өтілу барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі     Оқушыларды сайысқа шақыру ІІ. Сайысты өткізу жоспары Әділқазылар алқасымен таныстыру Сайысты өткізу Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы     сөзі    :     кіріспе   Мұғалімнің   Информатика бұл ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін сабақ. Бүгін интеллектуалды ойын ойнау арқылы біз информатика сабағының   өте қызық екендігін түсінеміз. Тойлап маржандай боп өлеңдесіп, Достарым отырсыңба елеңдесіп. Ата­салт, баба­дәстүр жолыменен, Алайық біз әуелі сәлемдесіп. Ұстаздар аман ба екен, құрбы­құрдас, Сыныптас бірге оқып болған сырлас. Жақсы ма, денсаулығын қал­жағдайың, Отбасында аман ба мал менен бас?! Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі  «Үздік информатик»  атты сайысымызға қош келдіңіздер! Әділ халқым берерсің әділ баға Өнері мен өренін салыстырып Төрағасы, төбе билер, жюрилер Әділетпен кеңес құра біліңдер Сайысымызды бастамас бұрын білім сайысының әділ бағасын беретін әділ­қазылар   мүшелерімен таныс болыңыздар.  1. Колледжіміздің әдіскері Шиянбина Айнур апайларыңыз 2. Биология, химия пәнінің оқытушысы Абылкасымова Лайла апайларыңыз 3. Информатика пәнінің оқытушысы Рахат Даулет ағайларыңыз Бақ пен бап сыналар бұл сайысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, оқушыларымызды ортаға шақырамыз. Оқушылар ортаға шығып жылулық шеңберін құрап,бір-бірлеріне жылы лебіздерін, тілектерін білдіреді, дайын турған смайликтерді алып, оның артындағы жазуына қарайды.«Пернетақта» жазуы барлар бір топқа, «Жүйелік қорап» жазуы барлар екінші топқа біріктіріледі. І - топта 3 бала, ІІ-топта 3 бала. Балалар бөлініп екі жаққа отырамыз, және өздерін араларынан топ басшысын сайлап аласыздар. «Біреу озса сайыста, біреу артта қалады, Ренжімей тараса, озбағандар жарады. Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау, Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау!»- дей келе сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.  Бүгінгі сайыс  7 кезеңнен  тұрады:  1 кезең – Өзін – өзі таныстыру.  2 кезең – «Бізден сұрақ, сізден жауап» 3 кезең – Техникалық дүкенге саяхат   4 кезең – Қас – қағым сәт (филворд жазып шығу) 5 кезең – Көрерменмен жұмыс.  Бұл кезеңде қазақ халқымыздың өзгертілген  мақал­мәтелдері берілген. Сендер мақал­мәтелдерді дұрыс қалпына келтіру  керексіңдер. 6 кезең – Ашық пошта  7 кезең – Өнерлінің өрісі кең. Би «Қара жорға». Әр топ өз тобымен билейді жақсы билеген топты әділ қазылар бағалайды.  Жарыс заңы ежелден, Жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болу шарты сол Еңбектену, жалықпау Сәт сапар тілеп бәріңе Сайысты біздер бастайық! –  дей отырып, бірінші кезең «Өзін­өзі таныстыру» Бұл   кезеңде   әрбір   команда   өзін   үш   минут   көлемінде   таныстыру   қажет.   Таныстыру барысында команданың аты, ұраны, эмблемасы міндетті түрде болуы шарт.  І­ші топ. «Пернетақта»  тобы Ұраны: Жарыс десе жанамыз Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз. Сәлемі:Кластас ерігіп жүрме бос, Қол ұстас, бірігіп тізе қос. Жеңіспен мәреге барайық, Жеңістің ұранын салайық.   ІІ­ші топ «Жүйелік қорап» тобы Ұраны:Қандай сынақ болса­дағы беріспе, Әрқашанда үміткерміз жеңіске. Сәлемі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым Көрсетеміз бізде қандай күш барын Алға қойған мақсатымыз бір екен, Сәтті болсын сапарымыз әрдайым! Мінекей 2 топтың таныстыруын тыңдадық бұл бөлімде жоғарғы ұпай – 10 ұпай. Білімнің ұшқырлығы ғылым деген ,  Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен– дей отырып  ІІ кезеңімізді  бастаймыз.   2 кезең – «Бізден сұрақ, сізден жауап» Бұл кезеңде сайыскерлерге ұяшықтарда   жасырынған сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа таңдалған ұяшықтағы сан бойынша  ұпай беріледі. ...­ бұл қоршаған ортадан алатын білім, мәлімет немесе команда  (Ақпарат) 1. 2. Ақпаратты беру түрлері? (Мәтіндік, сандық, графикалық, дыбыстық) 3. Компьютердің маманы  (Программист) 4. Компьютердің атасы?  (Ч.Бэббидж) 5. Алғашқы электронды есептеуіш машинасының элементтік базасы? (Электрондық  шамдар)  6. Алғашқы электронды есептеуіш машина қалай аталды? (ENIAC)  7. Компьютердің «ақыл­ойы», ең басты бөлігі (Процессор) 8. 1887 жылы бірінші перфорациялық машинаны құрастырған ғалымды атаңыз.  (Герман Холлерит) 9. Компьютердегі программалардың жұмысын ұйымдастырып отырушы?  (Операциялық жүйе)  10. Алғашқы есептеу құралы (Есепшот) Кездестік, міне, тағы да Саласында білімнің Сараптауға асықпай Комьютердің қызығын – дегендей  3  кезеңіміз «Техникалық дүкенге саяхат»  «Техникалық дүкенге саяхат» бұл сайыста компьютерлік құралдарды немесе  техниканы сатып алу үшін сұраққа жауап беруі тиіс,   дұрыс  жауапқа 5 ұпайдан  беріледі.  1. Орта ғасырларда оларды тау хрусталінен және арнайы үгітілген мраморлардан жасаған.   Олардың   кейбірлерін   тізеге   байлап   жүрген.   Қазіргі   кезде   олар   тұрмыста кездеспейді деуге болады, бірақ компьютермен жұмыс істейтін адамдар оларды өте жиі көреді. Олар не? (Құм сағат) 2. Ағылшынның   бір   қаласы   мен   30/30   калибрлі   қару   және   компьютердің   бір элементінің арасында қандай байланыс бар? (Олардың барлығы «Винчестер» деп аталады) 3. «Тышқан» типіндегі манипулятор пайда болған кезде орыс тілінде оны басында белгілі орыс ертегісінің персонажының атымен атаған болатын. Ос персонажды атаңыз. (Бауырсақ) 4. Бұл   құрылғының   9   немесе   24   тігінен   орналасқан   инелері   бар.   Жұмыс   істеу кезінде инелері бар зат солдан оңға және керісінше қозғалады және қажетті инелерді басып отырады. (матрицалық принтер) 5. Балықшы, өрмекші және юзердің (user) қандай ұқсастықтары бар? (Өрмекпен (сеть) жұмыс) 6. Компьютердің қай құрылғысы ағылшын тілінен аударғанда «Көңілді таяқша» деген мағына береді? (джойстик) Көрермен жиналған бұл тамашаға Құр қарап жым отыру жараса ма? Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме Зерделеп, сұрақ­жауап санаңа түй Сонда ортақ боласың бар жеңіске – деп төртінші  кезеңіміз «Қас­қағым сәт» деп  аталады. 5 мин ішінде филворд жазып шығу керек.  Бұл сайыста қатысушыларға тапсырма беріледі. Берілген кестедегі әріптерді пайдаланып, информатика пәніне қатысты сөздер құрастыру керек. Әрбір сөзге 5 ұпай. Іске сәт! П П Н А Т И В И Р У С Р Т Т Е Р З Й К С Е Л Ь О Т Е Р Н Е Т М О Д И Ф Н Н И О Н Т Т Е Ұ Д Я И Е Т Ы Ш Қ Н А М Ә Т І Н О Л Р И Н С Б П А И   В Д А М  И  К  Р  О  П  Р  О  Ц Е  С  С  Жауабы:  Жасырынған  сөздер:  Микропроцессор,  тышқан,  мәтін,  плоттер,  принтер,  сөз, байт,   пиксель,   архив,   жад,   абонент,   модификация,   ұя,   файл,   терезе,   монитор,   модем, интернет, байт, антивирус. О Р Е Т Ө А И Р Х Ж А Б О Д М И Р Е Р А Й И К Н М Е М Т О З Е Ф Л Ц А Т 5 кезең – Көрерменмен жұмыс.   Сайысқа қатысушыларымыз дайын болғанша көрермендермен ойын ойнайық, яғни  Бұл кезеңде қазақ халқымыздың өзгертілген мақал­мәтелдері беріледі. Сендер сол мақал­ мәтелдерді дұрыс қалпына келтіру керексіңдер. 1. 2. 3. 4. 5. Компьютер жаны процессорда (Балық жаны суда) Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады) Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес) Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім) Веб­дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын  қайдан шығарса) ақыл артық) 6. 7. Білмесең, «анықтама»­дан сұра (Білмесең білгеннен сұра) Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі  Антивирусы күштіні­Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды) Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл) 8. 9. 10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады) Рахмет!   Сайыскерлеріміз   дайын   болса,   тапсырмаларын   жинап,   әділқазы   мүшелеріне тапсыруларына рұқсат ! Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа, Табылғандай таным да, жат дауыс та. Біреу озып келеді қатарынан, Біреу мініп жатқанда аптығыста.­ деп 6 кезеңімізді  бастаймыз.  6 кезең «Ашық пошта»   бұл бөлімде  топтарға тапсырма беріледі. Мәтіндегі қателерді  түзеп, дұрыс жауап беру керек.  Ең жоғарғы ұпай ­ 5.  Сендерге хат жіберілген. Осы хатты оқып, ішіндегі қателерін тауып, дұрыс мәтінді оқу  керек. 1 хат: Сканер мен пернетақтаны іске қосып компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін  жазып, суретті компьютерге енгізу  үшін принтерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты  қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын. 2 хат: Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторды пайдалануға болады. Мәтін  жазу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе Wordpad  стандартты программасымен сала аламын. Мұнда  Word Art  панелі арқылы  әр түрлі  суреттерді аламыз. 7 кезең – Өнерлінің өрісі кең. Би «Қара жорға». Әр топ өз тобымен билейді жақсы билеген топты әділ қазылар бағалайды.  Осымен сайысымыздың соңғы бөлімі де өз мәресіне жетті.   «Өмір деген көк мұхиттың толқыны, Бір­бірімен жатқан шулап, жалғасып,  Бір­бірімен жатқан тулап арбасып, О, толқындар, арпалысып алға шық. Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын, Құштарлықтың толғағы мен көктемі»­ деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі үлкен сайыс. Осымен  «Үздік информатик»  сайысы да өз мәресіне келіп жетті. Сайысқа жүзден­жүйрік,   мыңнан­тұлпар   танытып,   қатысудың   өзі   де   үлкен   жеңіс   деп   білеміз. Әділқазы   мүшелері   сайыс   нәтижелерін   қорытындылап,   есептегенше   ортаға   ******** шақырайық. Егер болсаң мамандықтың иесі, Не істер едің бұл өмірге жүйелі, Асыл тастан, өнер жастан шығар деп Бабам айтқан, бабам сөзі киелі. Жүрекке адалдықтың ескен гүлін, Ғажайып келешектің төккен үнін, Ардақты ұстаздарға шын көңілден Жолдаймыз біз сіздерге алғыс бүгін! Көңіл қойып, уақыт тауып келгендеріңізге мың алғыс! Арманымыз әрқашан асқақ болсын, қанаттарыңыз тек биіктерден қағыла берсін! Жеңістеріңіз көп болсын! Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

Презентация по информатике "Үздік информатик"

Презентация по информатике "Үздік информатик"

Презентация по информатике "Үздік информатик"

Презентация по информатике "Үздік информатик"

Презентация по информатике "Үздік информатик"

Презентация по информатике "Үздік информатик"

Презентация по информатике "Үздік информатик"

Презентация по информатике "Үздік информатик"

Презентация по информатике "Үздік информатик"

Презентация по информатике "Үздік информатик"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.11.2019