Презентация по математике на тему "Математика әлемінде" (6 класс,математика)
Оценка 4.7

Презентация по математике на тему "Математика әлемінде" (6 класс,математика)

Оценка 4.7
Занимательные материалы
doc
математика
6 кл
13.11.2018
Презентация по математике на тему "Математика әлемінде" (6 класс,математика)
Тақырыбы: “Математика әлемінде” (сыныптан тыс іс-шара) Мақсаты: Оқушылардың математикалық білімдерін тексеру және кеңейту, тереңдету; Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру; Оқушырды шығармашылыққа баулу, ізденушілік қасиеттерге тәрбиелеу,шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі : Математикалық сайыс Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, бүктеме қағаздар, ” Білімді азамат- ел ертеңі”,“Адамның даңқы – оның ойлау қабілетінде”, “Білегіңе сенбе – біліміңе сен” жазулары, ұпай парақтары Өтілу барысы. 1 – жүргізуші – мұғалім 2 – жүргізуші – оқушы 1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! 2- жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар! “Математика және біз” атты кешімізге қош келдіңіздер. 1- жүргізуші: Әлемдік өркениетке ұмтылған Тәуелсіз еліміздің басты құндылығы – білімді ұрпақ. Білімді азамат – ел ертеңі. 2- жүргізуші: Иә, еліміздің кемел келешегі – біздің қолымызда. Ал біздің қазіргі міндетіміз-түрлі пәндерді игеріп, терең білім алу. Ал соның ішінде ғылымдардың патшасы саналатын математика пәнінің мен үшін де, менің достарым үшін де алатын орыны ерекше . Әл- Фараби бабамыз айтқандай математика басқа ғылымдардан жоғары бағаланады, ұлы Ломоносов сөзінше математика ақыл–ойды тәртіпке келтіреді, сондықтан оны оқу керек. 1- жүргізуші: Бүгін біздің кешімізде екі топ оқушылары өздерінің математика пәні бойынша білімдерін көрсетіп, сынға түспекші. 2 – жүргізуші: Көңілді тапқырлар, білгірлер Бар білімін алдарыңа салады Кім білімді, көп оқыған болса, егер Бүгінгі күн жеңімпазы болады. Өмірде ойлап тұрса бәрі де есеп Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз – ау Дүниенің бар тұлғасы есеп десек. Қазылар мүшесін сайлау. 1 – жүргізуші: Сайысымызды бастаймыз. 2- жүргізуші: Кезекті таныстыруға берсек. 1) І топ. «Ұлан» Ұраны: Білікті бірді жығар , Білімді мыңды жығар. ІІ топ : «Жалын» Ұраны: Өнер- ағып тұрған бұлақ, Білім- жанып тұрған шырақ. 2) «Тез жауап» бөлімі І топқа: 1. Санауға арналған сандар (натурал сандар) 2. Алымы бөлімінен үлкен бөшек? (бұрыс бөлшек) 3. 5 жай сан ба, құрама сан ба? (жай) 4. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы (1800) 5. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш (шаршы) 6. Жазыңқы бұрыштың өлшемі нешеге тең? (1800) ІІ топқа: 1. Ең кіші уақыт өлшемі (секунд) 2. 0 –ден үлкен сандар (оң сандар) 3. Ең үлкен үш таңбалы сан. (999) 4. 1 километрде неше метр бар? (1000) 5. Кесіндіні өлшейтін құрал (сызғыш) 6. 0 –ден кіші сандар (теріс сандар) 3) «Дода» бөлімі ( Ұяшық таңдау бойынша сұрақтар) Кегуру – 20: 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда, 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (4,5) Кенгуру -30: Таңба амалдарын қолданып 2, 3, 5 сандарынан 4 –ті алуға бола ма? (5+2) -3=4 , (3+5) /2=4 (5-3) +2=4 ; (5-3)*2=4 Ақбота -20: шапшаң және дұрыс есептеу керек. 8-4-3= 1 8:4•3= 6 (8-4)•3= 12 8•4+3=15 8 6 5 Ақбота-30: 4 6 5 12 15 9 Қандай да бір заңдылықтарды тауып, сұрақ белгісін санмен алмастыр. Тұлғалар -20: Жанды сұрақ Тұлғалар -30: Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан ғалым, математик кім? (Әл-Фараби) 4) “Тарихи сандар” бөлімі 1. Қазақстанның ең алғаш валютасы “теңге” шығарылған жылмен Астананың 10 жылдығы аралығындағы жылдардың ішінде 10-ға бөлінетін неше сан бар? (1994, 1995, 1996, 1997, 1998, 1999, 2000, 2001, 2002,2003, 2004, 2005, 2006, 2007) 10-ға бөлінетін сан 2000 2. “Тарихи сандар” бөлімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бекітілген жылы 3-ке бөліне ме? Бөлінеді, 1+9+9+2=21 5) Үй тапсырмасы: (Математикалық көрініс) 6) «Топ басшыларының» сайысы Жауапқа сәйкес қойылған әріптерді орналастырып кестені толтыру. -2*9 0,2*5 3+х=18 2² х²х³ 0,3*6 6,4:2 -12*(-12) 2³ П Р Е З И Д Е Н Т 1 х 144 15 8 1,8 -18 3,2 4 Р И Н Е Т Д П Е З 7) «Ой жұмбақ» (Көрермендермен сайыс) 1. VI ― IV = XI Бір шырпыны қозғау арқылы дұрыс теңдік шығар. 2. Адасқан әріптерден сөз құрау лесуә – сәуле; анс –сан; А П Р Е Л Ь Л Л А-параллель; К И Р Ь Л У Ц-циркуль; У К Б-куб; З У Ү Т-түзу; Ұ Р Ш Ы Б-бұрыш, Н У К Я И Ф Ц-функция 3. Cұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыздар 8, 6, 7, 5, 6, 4, ? (5) 8) Қорытынды. “...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз” Н.Назарбаев 2-жүргізуші: Әр сөздің астарына осы арада, Ағайын, ой жіберіп жете қара. Тәуелсіз Қазақстан тарихында Тұлғасы Елбасының жеке дара! Өмірдің судай ағып өзегімен, Келеді Президенттер кезегімен. Елбасы –Назарбаев егіз ұғым, Өркендеген тәуелсіз өз елімен! 1-жүгізуші: Сайысымыз өз мәресіне жетті. Сөз кезегін әділқазыларға береміз. Қорытындылау. Топтарды марапаттау. Сайыс қорытындысын қазылар алқасы шығарып, жеңімпаз топқа мақтау қағазын тапсырады.
санн модул.doc
Сабақтың  тақырыбы:   Cанның модулі. Сабақтың   мақсаты:   Оқушылардың   білім­білік   дағдыларын   қалыптастырып, өткен   тақырыптар   мен   жаңа   тақырып   бойынша   байланыс   жасап, ұқсастықтары   мен   айырмашылықтарын   ажырата   білуін   және   теориялық алған білімдерін, практика жүзінде ұштастыра білуін қамтамасыз ету. Сабақтың міндеттері: Білімділік:    Оқушыларға   санның   модулін   табуға   есептер   шығарту   арқылы, олардың дұрыс та, шапшаң, тиімді жолмен шығару тәсілдерін қамтамасыз ете отырып, дағдыландыру. Тәрбиелік: Оқушыларға патриоттық, адамгершілік, ұлттық және эстетикалық тәрбиеге баули отырып, шапшаңдық пен ұқыптылық, ұстамдылыққа тәрбиелей білім беру; Дамытушылық: Оқушы білімін тақырыпқа сай және оқулықтан тыс қызықты да , тың мәліметтермен, қосымша дидактикалық құралдар, логикалық есептер, карточкалық   есептермен   қызықтыра   отырып,   білімдерін   артыру,    оқушылар арасында бәсекелестік тудырып, осы арқылы білімдерін дамыту; Сабақтың пәнаралық байланысы:  Геометрия, логика,  т.б. Сабақтың түрі:  Жаңа сабақ  Сабақтың әдісі:  Түсіндіру, сұрақ­жауап; Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, сызғыш, үлестірме қағаздар Сабақтың жоспары:   а) Кезекшіні анықтау; ә) Оқушыларды түгелдеу; І.  Ұйымдастыру кезеңі а) Үйге берілген № 326, 327 есептерді шығару жолдарын тексеріп шығу; ІІ. Үй тапсырмасын тексеру; ә) Өткен тақырыптарға арналған қайталау сұрақтары: 1. Оң сандар деп қандай сандарды айтамыз? 2. Теріс сандар деп қандай сандар деп айтамыз? 3. Қарама ­ қарсы сандардың анықтамасы. 4. Бүтін сандардың анықтамасы. 5. Рационал сандардың анықтамасы. 6. Таңбалар ережесі. 7. 0 саны теріс сан ба, оң сан ба? б) Математикалық диктант: 1) 2 санына қарама­қарсы сан ­ 2.  2) Кез­келген оң санға қарама­қарсы сан теріс сан. 3) 0 саны өзіне­өзі қарама­қарсы сан.  Бүтін сандар рационал сандардың ішкі  жиыны. 4)  Бүтін сандар мен бөлшек сандар рационал сандар деп аталады. 5) ­0,8 санына қарама – қарсы сан – (­2)   ІІІ. Жаңа сабақ Жаңа тақырыпты түсіндіремін: Тұрмыста   кейбір   шамалардың   (ұзындықтың,   массаның,   температураның) өзгерістерінің сан мәні ғана жазылады. Модуль латынша modulus – қазақша «мөлшер» деген мағынаны білдіреді. Кейбір жағдайда «модульдің» орнына абсолюттік шама деп те атайды. Координаталық   түзу   бойынан   А   (­3)     нүктесін   белгілеп,   А   нүктесінің   санақ басынан   бірлік   кесінді   есебімен   қашықтығын   анықтайық.   Координаталық   түзу бойынан А (­3) нүктесі санақ басынан ­ О нүктесінен 3 бірлік кесіге тең қашықтықта жатыр. Санның   модулі   дегеніміз   координаталық   түзудегі   санды   кескіндейтін нүктенің санақ басынан (бірлік кесінді есебімен алынған) қашықтығы. Сонда, ­3 санынң модулі 3­ке тең. Жазылуы: . Оқылуы: "­ 3 санынң модулі 3 ­ ке тең. I.   Теріс   санның   модулі   оған   қарам   қарсы   санға   тең.  Мысалы,   II. Оң санның модулі. Мысалы, 3,5  санының модулін табайық. Ол үшін координаталық түзу бойынан В (3,5)   нүктесін   белгілейік.   Координаталық   түзу   бойындағы   В(5)   нүктесінің   санақ басынан қашықтығы 5 бірлік кесіндіге тең. Демек, 3,5 санының модулі 3,5 ке тең. Жазылуы Сол сияқты,  ,  Оң санның модулі сол санның өзіне тең. III. Нөл санының модулі 0­ге тең.  =0 IV. Қарама ­ қарсы сандардың модульдері тең.           Мысалы,  Енді модульмен берілген қарапайым теңдеулерді қарастырайық. 1)|x|=3, 2 болса, онда x=3, 2 және x=­ 3, 2 болады. 2)|x|+2, 1=3, 6 |x|=3, 6 ­ 2, 1 |x|=1, 5 бұдан x=1, 5 және x=­ 1, 5 шығады. IV. Оқулықпен жұмыс Ауызша. № 356 № 357, № 359, № 363,  Сиқырлы квадратты толтырыңдар: V. Сергіту сәті 16 9 14 11 13 15 12 17 10 № 365 (тақ) VI. Қорытындылау. 1. Санның модулінің анықтамасы? 2. Оң және теріс санның модулі неге тең? 3. Қарама ­ қарсы сандардың модулі неге тең? 4. Таңбалар ережесін тұжырымдап айтып беру. № 358, №365( жұп) VII. Үйге тапсырма . Бағалау

Презентация по математике на тему "Математика әлемінде" (6 класс,математика)

Презентация по математике на тему "Математика әлемінде" (6 класс,математика)

Презентация по математике на тему "Математика әлемінде" (6 класс,математика)

Презентация по математике на тему "Математика әлемінде" (6 класс,математика)

Презентация по математике на тему "Математика әлемінде" (6 класс,математика)

Презентация по математике на тему "Математика әлемінде" (6 класс,математика)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.11.2018