Применение мнемотехники в дидактических играх
Оценка 4.6

Применение мнемотехники в дидактических играх

Оценка 4.6
Игры
docx
администрации
Детсад
17.12.2018
Применение мнемотехники в дидактических играх
дидактические игры с применением мнемотехники для групп с казахским языком обучения. Развивать ассоциативное мышление и воображение, повысить внимательность. Метод основан на визуальном восприятии информации. Обогащать словарный запас, формировать связную речь. Сплотить детей и создать атмосферу группового доверия. Научить детей доброжелательно относиться друг к другу.
Сабақтарда мнемотехника әдісін қолдану..docx
Дидактикалық ойындарға сипаттама.              Ойын балалардың іс ­ әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген   мәліметтер   алады,   өзінің   психологиялық   ерекшеліктерін қалыптастырады.  Аса   ірі   психологтың   айтуынша,бала   ойын   үстінде   қандай болса, өскенде де сондай болады.Ойын ­ адамның өмір танымының алғашқы қадамы.   Ойын   ­   балалар   үшін   күрделі   әрекет,   ол   білімді,ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ұсынылып   отырған   дидактикалық   ойындар   балалардың   ақыл­ойының дамуына,   зейінін,байланыстыра   сөйлеуін   қалыптастырады,   сөздік   қорын молайтады,   сенсорлық   қабілетін   дамытады,   көру,   есту,   еске   сақтау қабілеттерін   кеңейтіп,   қоршаған   ортаны   танып   білуге   үйретеді.   Кейбір ойындар   балалардың   байқампаздығын   дамытады,   қиялын,   қимылының анықтылығын   арттырады,   адамның   әртүрлі   көңіл­күйін   ажырата   білуге үйретеді.   Сонымен   қатар,   ой   ойлау   қабілеттерін   дамытып,   іздемпаздығын арттырады,   бағдарламалық   материалдарды меңгерулеріне әсер етеді. Дидактикалық ойындар сәбилер тобынан басталады. Мұнда   басқа   топтарға   қарағанда   жеңіл   түрлері   беріледі.   Дидактикалық ойындарды   іріктеуде  баланың  ойынды  саналы  түсініп, оның  шартын   дұрыс орындауға тырысып,белгілі бір нәтижеге жету көзделеді. Балаға ұсынылған ойындар бала жасына сай болуы керек.   белсенділік   танытып, Тақырыбы: «Неге ұқсайды?» Мақсаты: Балаларды түстерді ажырата білуге үйрету, түсіне байланысты бір  затты ұқсатуға баулу. Шарты: Жасыл, сопақ­қияр. Қызыл, дөңгелек ­ алма, шар, анар, доп. Сары,  дөңгелек­балапан, күн, бауырсақ, алма, күн. Тақырыбы: «Осы түсті тап.» Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру, не нәрсенің қызыл, көк,  сары болатынын білуге үйрету; Шарты: Балаларға түстерге сәйкес суреттер ұсынылады, балалар сол  бойынша өздері ойлана отырып, керектісін қояды. Тақырыбы: «Көлемі бойынша.» Мақсаты: Балаларды заттың көлемін ажырата білуге баулу, ақыл­ойын  дамыту, тілін дамыту, түстерді айыра білуге үйрету. Шарты: Балаларға карточкалар, үлкен, кіші пішіндер таратылады. Балалар  соларды қолданып,  бір бүтін затты құрайды. Тақырыбы: «Тас тіріл.» Мақсаты: Балалардың ақыл ­ ойын дамыту, байланыстыра сөйлеуге үйрету,  өз ойларын дұрыс жеткізе білуге баулу. Шарты: Тәрбиеші балаларға әртүрлі аңдардың, құстардың силуэттерін  таратады. Ал, балалар силуэттерге сүйене  отырып,  қажеттісін тауып,  әңгімелеп берулері керек. Тақырыбы: «Цирк»  (Даярлық тобына арналған) Мақсаты: Балалардың тілін дамыту,ақыл­ойын қалыптастыру,циркте  болатын жануарлардың қандай болатынын силуэттер арқылы тауып, әңгімелеп беру. Тақырыбы: «Наурыз көже.» Мақсаты:Балалардың тілін дамыту, ұлттық тағам түрлерін атап, түстерге  теңеп бере білуге үйрету, сөздік қорын молайту. Шарты: Балаларға наурыз көжеге  қосылатын жеті тағамның түрлері  көрсетіледі. Балалар ол тағамдарды қандай түске теңейтінін  әңгімелеп  береді. Түстің жанына қажетті тағамды қояды. Тақырыбы: «Жаңа пәтерге көшеміз» Мақсаты: Балалар заттарды ажыратып беруге үйрету, топтауға баулу.  Байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру. Шарты:Тәрбиеші: Біз жаңа пәтер алдық. Алдымен ыдыстарды жинап алайық.  Ол үшін сендер маған көмектесіңдер,ал мен жинаймын. Зейінді болыңдар.  Заттарды маған әкеп, сипаттап отырыңдар, ыдыстарды көк қорапқа  саламыз.Осылайша  киімдерді шифонерге жинаймыз,тағамдарды бөлек  т.с.с.                       Тақырыбы: «Жемістер­көкөністер.» Мақсаты: Балалардың тілін дамыту, жемістерді, көкөністерді бір­бірінен  ажырата білуге үрету, олардың өзіндік ерекшеліктерін айтып, дәлелдеп беруге баулу. Шарты:Ойын басында жүргізуші балалардың есіне мынаны салады: «жеміс деген   не?»   «көкөніс   деген   не?»   Жемістерге   бақтың   суреті,көкөністерге бақшаның суреті беріледі. Бұл суреттер үстелдің екі шетіне қойылады. Заттық суреттер,жемістер   мен   көкөністер   төңкеріліп   жатыр.  Балалар   кезекпен   бір суреттен   алып,атайды,сосын   қай   топқа   жататынын   түсіндіреді.   Түсіндірме толық   түрде   өтеді.   Мысалы:қызанақ­көкөніс,себебі   ол,бақшада   өседі   т.с.с. Кімде көп сурет­сол бала жеңеді. Тақырыбы: «Өсімдіктер әлемінде.» Мақсаты:   Балаларды   өсімдіктермен   таныстыру,өсімдікке   не   жататынын білуге   белсендендіру,   ағаштар,   бұталар,   гүлдердің   өсімдікке   жататынын бекіту. Шарты:   Лото   үлкен   суреттен   тұрады,   ортасында   мазмұнды   сурет   бар, табиғаттағы   өсімдіктердің   суреттері.   Ал,   шетінде   заттық   суреттер   бар. Мысалы:   гүлдер   мен   ағаштар.   Үлкен   карточкалардан   басқа   кішкене карточкалар   бар.Ойын   ережесі   сияқты   өтеді.   Барлық   кішкене   карточкалар таратылады.   Әрбір   қатысушы   бір   сөзбен   барлық   топтарды   атайды,   яғни, өсімдік атауларын.

Применение мнемотехники в дидактических играх

Применение мнемотехники в дидактических играх

Применение мнемотехники в дидактических играх

Применение мнемотехники в дидактических играх

Применение мнемотехники в дидактических играх

Применение мнемотехники в дидактических играх

Применение мнемотехники в дидактических играх

Применение мнемотехники в дидактических играх

Применение мнемотехники в дидактических играх

Применение мнемотехники в дидактических играх
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.12.2018