Тақырыбы: Балабақшалар мен шағын топтарда қазақ тілін
оқытуды ойын технологиясы арқылы ұйымдастыру
Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшаларда балаларды мемлекеттік тілге үйрету – маңызды және күрделі іс болып табылады. Еліміздің білім беру саласындағы бүгінгі күннің аса бір өзекті мәселесі: қазақ тілінің оқытылуы туралы жайлы. Себебі, бұл тіл – бүгінгі күні білім тіліне, ең бастысы, білім негізі, мемлекеттің ірге тасы мектепке дейінгі білім берудің негізгі тіліне айналып келеді.
Алғашқы тіл сабақтарынан бастап, баланы өзге тілде сөйлетуге қызықтыратын, айналасындағы зат, құбылыстардың қазақша аталуын үйрету үшін қолданылатын ыңғайлы әдістердің бірі – ойындар.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру және қайта даярлау институты
Қоғамдықгуманитарлық бағыттағы бейіндік оқыту кафедрасы
ШАҒЫН ЖОБА
Тақырыбы: Балабақшалар мен шағын топтарда қазақ тілін
оқытуды ойын технологиясы арқылы ұйымдастыру
Орындаған:
Кабдымананова Рымгүл Тлеуовна
Теміртау қаласы „№13 балабақша“
КҚМК қазақ тілі мұғалімі
Ғылыми жетекші: Шәкімова Дәрияш Дәрібайқызы
Қоғамдықгуманитарлық бағыттағы
бейіндік оқыту кафедрасының аға
оқытушысы
Жұмысты өткізу мерзімі: ________
Қарағанды, 2011 жМазмұны
1. Түсінік хат ..........................................................................3 бет
2. Кіріспе модуль..........................................................4 бет
2.1. Ойын технологиясын қолдану ............................57 беттер
2.2. Сабақта ойын технологиясын тиімді
пайдалану туралы..................................................89 беттер
3. Глоссарий ..................................................................
4. Қолданылған әдебиеттер .......................................
5. Қосымша ...................................................................
5.1.
5.2.
5.3.
5.4.Түсінік хат
Бұл жоба Қазақстан Республикасының құқықтық –нормативтік базасы:
Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2007 ж.
Қазақстан Республикасының „Білім туралы“ Заңына, 27.07.2007ж. №
319ІІІ ҚРЗ. Астана. Ақорда.
«Қазақстан Республикасындағы
тілдер туралы» Қазақстан
Республикасының 11.07. 1997 ж. №1511 Заңы .
Бала құқығы туралы Қазақстан Республикасы Парламенті
ратификациялаған конвенциясы, 08.06.1994 ж.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 1.0012009 негізгі
ережелері, Астана 2008.
Қазақстан Республикасында2015 жылға дейін білім беруді дамыту
тұжырымдамасына
Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 20112020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Астана, 2010 ж.
«Алғашқы қадам» бағдарламасына
«Зерек бала» бағдарламасына
«Бізз мектепке барамыз» бағдарламасына сәйкес жасалды.Мазмұны:
Кіріспе модуль
Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшаларда балаларды мемлекеттік
тілге үйрету – маңызды және күрделі іс болып табылады. Еліміздің білім
беру саласындағы бүгінгі күннің аса бір өзекті мәселесі: қазақ тілінің
оқытылуы туралы жайлы. Себебі, бұл тіл – бүгінгі күні білім тіліне, ең
бастысы, білім негізі, мемлекеттің ірге тасы мектепке дейінгі білім берудің
негізгі тіліне айналып келеді.
Алғашқы тіл сабақтарынан бастап, баланы өзге тілде сөйлетуге
қызықтыратын, айналасындағы зат, құбылыстардың қазақша аталуын үйрету
үшін қолданылатын ыңғайлы әдістердің бірі – ойындар. Баланың шамсына
қарай
берілетін бағдарлама материалдарын меңгерту, үйренген білім
дағдыларын бекіту жұмыстары ойын арқылы жүзеге асырылады. Педагог
сабақ оқыту мен қатар ойнай да білу керек. Қаазақ тілі құралдарының
қатарында ерекше орын беретін ойын түрлері қазақ тіліне тән дыбыстарын
дұрыс айтуға арналған ойындар болуы керек. Қазақ тілі дыбыстарына
арналған альбомдар, ойынжаттығулар, аударма сөздіктер, санамақ, өлеңдар
жинақталуы керек. Әсіресе қолданылатын материалдар қазақ халқының
ұлттық ерекшеліктерін танытарлықтай болуы керек.
Әр ойынның ойнатылу шарты, құрал жабдықтары кабинетте сақталады.
1. Қазақша сөз формаларын бекітетін ойынтапсырмалар.
2. Сөйлесу, әңгімелесу арқылы ұйымдастырылатын ойындар.
3. Қимылдық ойындар
4. Саусақ ойындары
5. Дидактикалық ойындар
6. Сөздік ойындар
7. Сұрақжауап ойындар
8. Ұлттық ойындар
9. Аспаптарда ойнау (мәденитанымдылық) ойындар
Сабақ өту кезеңінде сабақты қатаң ережемен өте бермей, бір мезгіл
еркін тақырыпта , ойын, сұрақжауап арқылы өту балаларға еркін ойлауға, өз
ойларын тартынбай айтуға, сөйлеу мәдениетін меңгеруге бағыттайды. өз
ойынан ойын ойлап табу, ұйқастар табу, құмбақтар шешу, үйренуге тәрбиелеу
баланы сабақта ойсыз, бейғам отырудан сақтайды.Қазіргі таңда елімізде мекендейтін өзге халықтардың қазақ тілін үйреніп,
меңгеріп қана қоймай, сол арқылы Тәуелсіз Қаазақстанды тануы, сыйлауы
осыдан басталатынын білу, бүгінгі күннің талабы.
Ойын технологиясы
Шығарма
шылықты
дамытады
Тілді
дамытады
Танымдық
қабілеттерін
дамытады
Ойлау,
сақтау
қабілеттерін
дамытады
Оқу –іс әректін
ұйымдастыруда
Қолдану
Табиғат
орталығында
Серуен
кезінде
Отбасында
Мақсаты: ойын технологиясын қолдану арқылы баланың тілге деген
қызығушылығын дамытып қалыптастыру және ұлттық ойын элементтерін
қолдану арқылы салтдәстүрді білуге, сүюге тәрбиелеу.
Міндеттері:
баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі;
жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт
өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруіне қалыптастырады;
баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне
мүмкіндік беретін коммуникативті ісәрекеттердің көрініс
табуы жүзеге асырылады;
ойын технологиясының тәрбиелік, дамытушылық мақсатын
анықтайды.
ойын кезінде баланың дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастырады;
баланың әр қырынан көрінуіне интеллектуалдық,
шығармашылық, коммуникативтік жағынан және әртүрлі
қиындықтарды жеңуге ұмтылады.
Зерттеу объектісі: ойын технологиясын оқу үрдісінде пайдалану арқылы
баланың білім, білік дағдысын, белсенділігін арттыру
Болжамы: сабақ барысында ойын технологиясын ұтымды пайдалансақ,
баланың қазақ тіліне деген қызығушылығының артатынына, сөздік қорының
молайғанына көз жеткізе аламыз.
2.1.ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
Ойынның педагогикада, оқыту үрдісінде алатын орны Платон заманынан
белгілі болған XVIII ғасырдың өзінедеақ Ж.Ж. Руссо мен И.Г. Песталоцци
ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру.
Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін
айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты
болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы бала неге үйренеді?
Қисынды ойқабілетін дамытады
Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді
Сөздік қоры баийды, тілі дамиды
Зейіні қалыптасады
Байқампаздығы артады
Өзара сыйластыққа үйретеді
Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды
Бірбіріне деген баланың сенімі артады достыққа,
ынтымақтастыққа баулиды
Сабаққа қызығушылығы артады.
Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық
ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинг,
күнделікті негізгі әрекет және оның жеке өмірі, деп дәлелдеген. Н.
Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта
пайдаланубаланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және
өмірдің талаптарына сай бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым
«Бала ойында ғана тынығып», «жұмыс жасап», өсіп жетіледі. «Оның ойлау
қабілеті жетіліп, қарымқатынас жасау мүмкіндігі артады»,деп атап
көрсеткен.
«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе», деп М. Жұмабаев атап
көрсетсе, «Ойынбаланың рухани дамуының негізі»,деп Ж. Плаже, К. Левин,
Л.С. Выгодский, Д.Б. Эльконин өз еңбектерінде атап көрсеткен.1. Ойынбалалар үшін күрделі әрекет те бола алады. Балалар білімді
ойын арқылы қабылдап, үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын
баланың білімін тыңдап, ойөрісі кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы
артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық
ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың
мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол.
12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасында
оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген. «Пәндік, пәнаралық
сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін
танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу
қабілетін үйренуге, жанжақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік,
сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын
қарапайым тілдік жағдаяттарда білім алушыларды қарымқатынас
мәдениетіне тәрбиелейді», деп атап көрсетілген.
Сондайақ 12 жылдың білім беруде ұлттық ойындарға және шынайы
өмірлік әрекетпен ойналатын ойындарға мән беріледі.
Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет
қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін
іріктеп ала білуұстаз шеберлігіне байланысты. Баланың тілін дамытуда сөздік
ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі – «Керекті сөзді
тауып айт». Ойынның мақсатықажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға
жаттықтыру, баланың зейінін қалыптастыру. Мұғалім сол сабаққа қатысты
жалпылама сөзді атайды, балалар қажетті сөздерді атайды немесе жазады. Бұл
ойын оқушыларды талдау жасауға да үйретеді. Мысалы: қазақ тілі сабағында
«Заттың атаулары» деген сөз аталса, балалар, бірнеше сөздер айтады.
Сондайақ бала зейінін қалыптастыруда «Кім тез, шапшаң» ойынын
өткізуге болады. Бұл ойынды барлық сабақтарда қолдануға болады.
Сабақ барысында балалардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту
үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған
ойын баланың грамматиканы толық меңгеріп (спецификалық дыбыстарды
нақты айтуға), мол мүмкіндік береді. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта
жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді
қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланылады. Мұғалім ойындарды
қолдану үшін жете дайындық жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеуі
қажет. Олар: грамматикалық лото, грамматикалық тренинг, грамматикалық
гимнастика т.б.
Сабақ барысында баланың тілін дамытатындай, коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамыз. Олар: «Саусақ
ойындары», «Сөздер», «Құсбегі», «Кедергіден өту», «Кім болам?», «Ойлан
тап», «Аударыспақ», «Вагондарды құрау», «Кім келді?», «Лоторея ұту»,
«Жасырынбақ», «Өзіңе қажетті суретті тап», «Түсін таны», «Ғажайып алаң»
сан түрлі «Ұлттық ойындар» т.б. ойындарӘр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады.
«Синтаксистік касса» ойыны. Карточкада бірнеше суреттер
көрсетіледі (адам, құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы
жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады. «Сөйлем
қуаласпақ» ойыны. Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер көрсетіледі.
Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ойтолғау,
хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша).
«Вагон құрау» ойыны. Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға
1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған бала вагонды ретімен
тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске
жетеді.
Сабақтан тыс уақытта қимыләрекет ойындарына көңіл бөлінеді.
«Туған күні», «Ақ терек, көк терек», «Ақ тоқаш», «Айға ұшу», «Кім болам?»
сияқты ойындар ойналады. Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында
өлең, тақпақ жаттайды.
Сонымен қатар 12 жылдық білім беру және баланың құзыреттіліктерін
дамытатындай рольдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән береміз. Мектеп алды
даярлық топ баласы алдына түрлі өмірлік жағдаяттар беріліп, балалар ойнай
отырып, сол туындаған проблеманы шешуге дағдыланады. Ойын үстінде бала
сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: «Біздің үйіміз»
ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін
салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады.
Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, баланың құзыреттілігін дамытуға
септігін тигізеді.2.2. Сабақта ойын технологиясын тиімді
пайдалану туралы
Теориялық
негізі: еңбек, ойын және оқу ерте кезденақ адам
тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке
келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың
айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының
қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар
В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойынның балалардың ой
өрісін дамытуда, дүние танымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор
екенін атап көрсеткен. Қазақ халқының ұлттық ойындарының педагогикадағы
рөлі туралы алғашқы пікірлерін айтқан Ә.А.Диваев, М.О.Әуезов.
Ойын арқылы оқыту технологиясы мектепке дейінгі ұйымдарда кеңінен
қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін
мынандай жағдайларды ескеруі қажет.
1. Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдынала
жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау
2. Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі,
ойын жабдықтарының
эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын – ала әзірлеу.
3. Балалардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне,
сөздік қорына сәйкес келуі.
4. Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.
5. Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің балалардың ынтасын тартып,
пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы.
Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін оқып үйрету барысында
ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай
ойындарды пайдаланып отыру балалардың тіл үйренуге деген
қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат – ойын
әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды
молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу.Ойын барысында тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады.
Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, балалар серіктестікке,
ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады.
Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап
кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой
өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік
қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын
арқылы қазақ тілін өте төмен (нашар) қабылдайтын балаларды да сабаққа
нәтижелі тартуға болады.
Қазақ тілі сабақтарында рөлдік ойындардың маңызы зор. Ойын
балалардың сол орындалатын ісәрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін
қалыптастырады.
Олар :
1. Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыруға;
2. Балаларды тілдік қарымқатынасқа түсу дағдыларын дамытуға;
3. Жағдаяттар туғызып, ісәрекеттер арқылы сөйлетіп үйренуге.
Белгілі педагог А.С.Макаренко баланың ойын үстінде түрлі таным
түсініктері, қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын атап
көрсеткен. Сабақта ойналатын дидактикалық ойындардың пайдасы өте зор.
Ол ойындарды тақырып бойынша өзгертіп тұруға ыңғайлы болады. Ойынның
мақсаты, шарты балаларға түсіндіріледі.
Қазақ тілі сабағындағы ойын технологиясының мақсаты балалардың
сабақта үйренген сөздерін ауызекі сөйлеуде, күнделікті қарымқатынаста
дұрыс қолдануға үйрету. Барлық топтарда «Жыл мезгілдері» деген модуль
бар. Біз өз сабақтарымыздада (нәтиже сабақта) көптеген ойын түрлерін
қолданамыз.
«Адасқан айлар» Бұл ойынды жеке, топ бойынша өткізуге болады. Төрт
қорап дайындайсыз. Әр қорап сыртында жыл мезгіліне сай сурет болады,
табиғат құбылыстарын ауыстырып саласыз, бала әр суретті жыл мезгіліне сай
тауып салады. Бұл ойынды уақытпен ойнатуға болады. Ойын баланың тез
тауып, қимылдау дағдысын қалыптастырады. Мұғалім баланың ай аттарын,
жыл мезгілін есінде қалай сақтағанын бағалайды. «Сымсыз телефон» ойыны.
Лексикалық бақылауды ауызша жүргізілгенде қолданамыз. Мысалы тақырыбы
: «Қалада. Қаладағы мәдени орындар». Бала телефон тұтқасын алады да сөзді
айтады. Біздің қала – аудармасын 2 – ші бала. Ары қарай жалғаса береді.
Қазақтың ұлттық ойындарының бір қыдыруы асық ойынынан тұрады.
Асықты «Сен айт», ойындарында қолдануға болады. Бұл ойындар асық
лақтыру арқылы жүреді де,
тез ойлауға
дағдыландырады. Сабақта ұлттық ойын элементтерін қолдану барысында
мұғалім сөздермен таныстырады, дұрыс айтуға үйретеді, салтдәстүрді сүюге
тәрбиелейді. Балалар көбінесе сабақта ойын түрлерінің жиі болуына жақсы
дағдыланады.
баланы шапшандыққа,Мысалы : жануарлар атауларын жақсы естерінде сақтап қалулары үшін
мынандай ойын түрін жүргіземін «Адасқан малдар» ойыны.
Төрт түлік малдың сүреттері тақтада ілулі тұрады және суреттердің қасында
жануарлардың төлі сүреттелмеген. Сонымен балалар төрт түлік малдың
қозысын, ботасын, бұзауын, құлынын тауып суреттерді іледі. Бұл ойын
балалардың тез ойлану, дұрыс айту дағдыларын қалыптастырады. Сабақтарда
қолданатын ойын элементтері балалардың белсенділігін арттырып, оларды
ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Кез
келген ойын элементі сабақта екі түрлі мақсатқа бағытталады. Оның біріншісі
– баланың сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі
– балалрды тапқырлыққа баулып, зейініне, ойлау қабілетін арттыру.
Ойын элементтерін тиімді қолдану кіші топтан мектеп алды
даярлық топтарға да қолайлы деп ойлаймыз, себебі шапшаң табу, ұғу
дағдылары қалыптаспаған балалрады бірыңғай жаттығу жұмысы
жалықтырады, ал ойын технологиясы керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал
жасайды.
Глоссарий:
1. Әлеуметтік даму
– баааланың үлкендермен және құрбы
құрдастарымен қарамқатынасы, ойөрісінің қалыптасу мүмкіндіктері
2. Баланың
мектепке дейінгі кезеңі – оның жеке қасиеттерінің
қалыптасып, дамитын кезеңі
3. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар ісәрекетінің негізгі түрі
4. Саусақ ойындары балабақша жасындағы балалардың ойқиялын,
елестету сезімдерін дамытатын, саусақ қимылдарын жетілдіруге
көмектесетін ойын
5. Танымдық даму айнала қоршаған өмірмен таныстыру мәселелерін
түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну
6. Тәрбие баланың сәбилік шағынан бесік жырымен біртіндеп іске
7.
асырылып, санасына орнығып отыратын ұзақ үрдіс
Тіл қоғамдағы адамдардың бірбірімен пікір алысып, қарымқатынас
жасайтын құралы
8. Шығармашылық даму – «Эстетикалық» барсында өмірге деген
құштарлық пен көркемдік танымды (ән, көркем әдебиет, бейнелеу
өнері) қалыптасуыҚолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының „Білім туралы“ Заңы, 2007ж.
2. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы .
3. Бала құқығы туралы Қазақстан Республикасы Парламенті
ратификациялаған конвенциясы, 1994 ж.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 2008.
5. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білім беруді дамыту
тұжырымдамасы
6. Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 20112020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010 ж.
«Алғашқы қадам» бағдарламасы
7.
8. «Зерек бала» бағдарламасы
9. «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы
10. Халық ойындары.
11.С.Мурадаев. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын ойын түрлері
12. Тілдерді оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану.
Алматы 2010ж.
13.Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, 2008 ж. № 7.
14.А.Қайырбекова. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі – 2005ж.
15.«Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу». Петров А.В. 2001.
16.«Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту». Калмыкова
Е.В, 2007.17.Құзыреттілік және ойын технологиясы // С.Буланов.
Қосымша 1
«ЖАЗЫҚ ДАЛАҒА ЖАЙЛАУДЫ ҚҰРАЙЫҚ»
«ПОСТРОИМ ЮРТУ НА ЖАЙЛАУ»
Мақсаты: балаларды ұлттық бұйым және үй жануарларымен таныстыруды
жалғастыру, олардың аттарын атап, төлдерін ажырата білуге үйрету. Сөйлеу
тілінің түсінуін дамыту, ықыласын, еске сақтау, балалардың ойлау
қабілеттерін арттыру. Балалардың жайлау мен үй жануарларын байланыстыра
сөйлеу дағдыларын, тіл белсенділіктерін арттыру. Жайлау туралы түсінік
беру
Цель: продолжить обучение знакомства с домашними животными и
национальными изделиями, правильно называть их детенышей. Развивать
речь, фантазию, освоение грамматически правильной речи, звуковой культуры
речи и развития связной речи по казахскому языку.
«Жануарлар таласы»
ойыны
Мақсаты:
Ойында балаларды үй жануарлары және жабайы аңдар мен таныс екенін
қортындылап, мектеп жасына дейінгі бала тез еліктегіш, үлгі тұтатын нәрсеніңбейнелі жағына көніл аударғыш келеді, бұл сөзді мәнерлеп айтуда болсын,
жалпы тілді меңгеруде болсын еліктетеді.
Ойын ережесі:
Бұл ойында үй жануарлары және жабайы аңдар берілген. Балалар жеке
жеке топтастырып: үй жануарларын қоржынның бірінші қалтасына, жабайы
аңдарды екінші қалтасына бөлек жинап айтады. Кім көбірек біледі және дұрыс
топтастырып айтады сол жеңімпаз болып есептеледі.
Мақсаты:
«Киімдерді жинап ал» ойыны
Топта балалардың бастапқы
логикалық ойлауын, дағдыларын
дамымтатын, шыдамдылыққа үйрететін дидактикалық ойындары болғаны
дұрыс. Ұлттық дүниетанымын, рухани байлығын кеңейтіп, сөздік қорларын
молайтып, тіл мәдениемін жетілдіріп, білімдерін толықтыру, тіл үйренуге
қызығушылығын арттыру, ұлттық киімді басқа киімнен айыру үшін
«Киімдерді жинап ал» ойыны ұсынуға болады.
Балаларға ойынның ережесін егжейтегжейлі түсіндіру қажеттігіне мән
беріңіз, сондай –ақ олардың түсінгеніне көз жеткізіңіз.
Ойын ережесі:
Бұл ойында ұлттық киім және күнделікті киім берілген. Балалар жеке
жеке топтастырып: ұлттық киімдерді
қоржынның бірінші қалтасына,
күнделікті киімдерді екінші қалтасына бөлек жинап айтады. Кім көбірек
біледі және дұрыс топтастырып айтады сол жеңімпаз болып есептеледі.
Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің
қазақ тілі сабағының айлық оқутәрбие жоспары
Қосымша 2
Топ аталуы: Мектеп алды даярлық №4 топ (6 – 7 жас) «Негешілер»
2010 жыл
Қыркүйек айы
Айдың тақырыбы: « Біздің балабақша» « Менің Отаным Қазақстан»
Білім беру саласы:
Балаларды тәрбиелеу және оқыту
тақырыптары және мақсаты»
с
а
н
ы
т
а
Қ
«
Мақсаты:
Балалардың сөздiк қорын байыту. Балабақша қайда
орналасқаны, қандай екені туралы әңгімелеуді үйрету,
қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта білуге
жаттықтыру
Тақырыбы: «Менің балабақшам» (І
апта)
«Балабақшам өз үйім»
«Балабақша бөлмелеріне саяхат»
ойыны
Мақсаты:
Балабақша қызметкерлерінің мамандығы, атыжөні
туралы әңгімелеу. Мамандық атауларын дұрыс атай
білуге үйрету. Топтағы арнайы бұрыштарды,
бөлмелерді, нәрселерді қазақша атай білуге үйрету,
жекеше, көпше атай білуге жаттықтыру
Тақырыбы: «Біздің балабақшада (ІІ
апта)
«Балабақша қызметкерлері» ойыны
«Менің тәрбиешім және күтушім»
Мақсаты:
Достықтың тірегі болған Отанымыздың
көп
ұлттылығын, ұлттар ынтымықтастығын ұғындырып,
түсіндіру. Балалардың сөздік қорын молайту, тіл
мәдениетін жетілдіру, Отанына деген сүйіспеншіліктерін
арттыру.
Тақырыбы: «Менің Отаным» (ІІІ апта)
«Менің туған жерім»
«Менің қалам»
Мақсаты:
Балаларды мемлекеттік рәміздермен таныстыру, сөздік
қорларын байыту, есте сақтау қабілетін, жаттап алу,
ойлау қабілеттерін арттыру. Еліміздің туын, елтаңбасын
сипаттай білу, әнұранды мұғаліммен қосылып орындай
білу, әнұран орындалғанда қалай тұруды үйрету.
Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер» (ІV
апта)
«Қазақстан туы мен елтаңбасы»
«Біздің әнұран»
Топ аталуы: Мектеп алды даярлық №4 топ (6 – 7 жас) «Негешілер»
2010 жыл
Қазан айыАйдың тақырыбы: «Алтын күз», «Отбасы»
Білім беру саласы:
Балаларды тәрбиелеу және оқыту
тақырыптары және мақсаты
»
с
а
н
ы
т
а
Қ
«
Мақсаты:
Жаңа сөздермен таныстыру, сөздік қорларын молайту,
күз көрініс туралы әңгіме құруды, күз айларын атауды
үйрету.
Тақырыбы: «Жомарт күз» (І апта)
«Күз келбеті»
«Күз айлары»
Мақсаты:
Көкөністер туралы жұмбақтар шеше білуге үйрету,
ойлау, есте сақтау, жаттау қабілеттерін дамыту.
Тақырыбы: «Көкөністер мен жемістер» (ІІ
апта)
«Көкөністер жинайық» ойыны
«Жемістерді терейік»
Мақсаты:
Отбасындағы еңбек туралы, демалыс күндері туалы
әңгімелей білуді үйрету. Сөздік қорды байыту, бекіту,
сөйлем құруға дағдыландыру. Отбасындағы еңбек
туралы, демалыс күндері туралы әңгімелей білуді
үйрету. Отбасындағы қадірлі де құрметті атасы мен
әжелері туралы айтуға бейімдеу
Тақырыбы: «Менің отбасым» (ІІІ апта)
«Біздің үйіміз, пәтеріміз»
«Отбасы мүшелері»Мақсаты:
Өз денсаулығына ұқыпты қарау, салауатты өмір
салтының қажеттілігі туралы түсінік беріп, сөздік
қорларын байыту, нақыл сөздерді жаттап алуды үйрету.
Балаларды бой сергіту барысында
қимыл
қозғалыстарын өлең жолдарына сәйкес айтқызып, тіл
байлылығын жетілдіру, тіл үйренуге қызығушылығын
арттыру.
Тақырыбы: «Тазалықты сүйеміз» (ІV
апта)
«Біз ұқыпты баламыз»
«Жаттығу жанның тынысы» ойыны
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің қазақ тілі сабағының болашақ
Қосымша 3
күнтізбелік оқутәрбие жоспарының тақырыптары
1. Қыркүйек айы: « Балабақша және отбасы»
1 апта: «Менің балабақшам».
2 апта: «Біздің балабақшада»
3 апта: «Менің отбасым»
4 апта: «Отбасындағы қарымқатынас»
2. Қазан айы «Менің ОтанымҚазақстан»
1 апта: «Менің Отаным».
2 апта: «Мемлекеттік рәміздер»
3 апта: «Менің дене мүшелерім»
4 апта: «Тазалықты сүйеміз»
3. Қараша айы «Ойыншықтар әлемінде»
1 апта: «Менің ойыншықтарым».
2 апта: «Менің сүйікті ойыншығым»
3 апта: «Жомарт күз»
4 апта: «Көкөністер мен жемістер»
4. Желтоқсан айы «Жыл мезгілі қыс»
1 апта: «Сиқырлы қыс».
2 апта: «Қысқы киімдер»
3 апта: «Жаңа жыл сыйлықтары»
4 апта: «Қыс хиқаялары»
5. Қаңтар айы «Жануарлар мен құстар әлемі»
1 апта: «Үй жануарлары және олардың тқлдері».
2 апта: «Жабайы аңдар»
3 апта: «Үй құстары және балапандары»
4 апта: «Жабайы құстар»
6. Ақпан айы «Уақыт және біз»
1 апта: «Жыл мезгілдері».2 апта: «Уақыт»
3 апта: «Ақыл мен сана»
4 апта: «Білім еліне саяхат»
7. Наурыз айы «Әлем қандай тамаша»
1 апта: «Аналар мейрамы».
2 апта: «Қош келдің, Наурыз»
3 апта: «Сұлу көктем»
4 апта: «Жайылымда»
8. Сәуір айы « Салауатты өмір салты»
1 апта: «Біз ұқыпты баламыз».
2 апта: «Әдептілік әдемілік»
3 апта: «Жаттығу жанның тыныс»
4 апта: «Байтақ дала келбеті»
9. Мамыр айы « Адамды, еңбек ер етеді»
1 апта: «Мамандықтар».
2 апта: «Сүт, ет тағамдарын кім дайындайды?»
3 апта: «Қош бол балабақшамыз!»
4 апта: «Сәлем, менің мектебім»
«Адамның жүрегі – сүйіспеншіліктің алтын ұясы»
Халық даналығы
Сергіту сәтіКел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
***
Мынау менің – жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау – менің оң қолым,
Мынау – менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
***
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!Сәлем берем үлкенге
«Сәлем сөздің анасы»
Ө. Ақыпбеков
Көшелерден біз өткен,
Ата көрсем жақын кеп,
Сәлем берем ізетпен:
«Ассалаумағалейкүм!» деп
Алдан әже жолықса,
Бөгелем де әдейілеп,
Сәлемдесем сол тұста:
«Есенсіз бе, әжей?» деп.
Кім кезіксе көшеде,
Таныс емес демеймін,
«Аға, тәте, көкеге,
Сәлеметсіз бе?» деймін.
Кішіні қолдап, жол бер,
Үлкенді сыйлап, қол бер.
Е. Өтетілеуов
«Сәлем берем үлкеге»
Ө. Ақыпбеков
Көшелерден біз өткен, (бір адым алға)
Ата көрсем жақын кеп, (бір адым алдыға)
Сәлем берем ізетпен: (басын иіу)
«Ассалаумағалейкум!» деп. (екі алақандарын бір – біріне түйстіру)
Алдан әже жолықса, (екі қолмен көрсету).
Бөгелем де әдейілеп,
Сәлемдесем сол тұста: (басын иіу)
«Есенсіз бе, әжей?» деп.
Кім кезіксе кшеде, (екі қолын жою)
Таныс емес демеймін, (саусағын қозғалту)
«Аға, тәте, көкеге, (екі қолын бұлғап)
Сәлеметсіз бе?» деймін. (қолын жүрегіне қойып).
Ғажайып сөздер
Жақсылық жасау – әдептілік.
Үлкен – кішіге қамқорлық көрсету – жақсылық.
Біздің топта ұл – қыздар,
Тату – тәтті ойнаймыз.
Айналаға, бар адамға,
Тек мейірім сыйлаймыз.Арым таза, ақ көңіл,
Адалыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет,
Адамдыққа сенемін!
Шыншыл бала – батыл бала.
Нақыл сөз.
Мен көмекшімін
Бала ата – ананың қолғанаты.
Нақыл сөзБақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға.
Ертемн, ақ пейілмен,
«Қайырлы таң!» деймін мен.
***
Көмектің үлкен, кішісі жоқ.
Көмек көрсету – жқсы қасиет.
***
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз тыныштық,
Ашық болсын кең басқан.
Мықты болсын іргеміз,
Бәріміз де біргеміз.
Кел, балалар, күлейік
Күлкіменен түлейік,
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік
Кел, балалар, күлейік
Күлкіменен түлейік,
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік!
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға.
Ертемін, ақ пейілмен,
«Қайырлы таң!» деймін мен.
Күндіз де елді елеймін:
«Қайырлы күн!» тіеймін.
Уйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!» деп кіремін.
***
Мен осындай адаммын
Ә. Дүйсенбаев
Мені ешкм жалқау демейді,
Жұмысым бүгін көбейді.
Мен осындай адаммын
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Нақыл сөз
Ізгі сөздер
Е. Өтетілеуов
Папам мен мамам жұмыста
Әжем де туысқа.
Жалғыз қалдым үйде мен,
Қорықпаймын бірақ мүлде мен.
Болдым да жинап төсекті,
Еңбекке бердім кезекті,
Тетігін ашып сулардың,
Гүлдерді жайлап суғардым.
Келтіріп үйдің сәнін де,
Ыдыстың жудм бәрін де.
Тамақ та түсте пісіп те,
Тойдырды қарнын күшік те.
Кінә тағады маған кім?
Мен – осындай адаммын!
Сергіту сәті
Бас, иық, тізе, саусақ.
Бас, иық, тізе, саусақ.
Саусақ , саусақ, саусақ (саусақпен сартылдату)
Бас, иық, тізе, саусақ.
Бас, иық, тізе, саусақ.
Көз, мұрын, көз, мұрын,
Құлақ, ерін, құлақ, ерін (жылдамдатып тез – тез қайталау).
Менің отбасым
Жанұя
Адамға ең қымбат – отбасы
Халық даналығы
А. Асылбек
Сен де бар анұя,
Менде де бар жанұя.Үлкен де, кішіде,
Жанұя бар әрбір кісіде.
Жанұя бар шуақ қой,
Қуаныш пен қуат қой.
***
Менің отбасым ең тату отбасы.
Менің отбасым ең үлкен, бақытты
отбасы.
Мен атам мен әжемді жақсы
көрем.
Менің әкем ең мейірімді адам.
Менің анам ең ақылды адам.
Менің туыстарым
Отбасындағы сыйластық туыстарға
деген сүйіспеншіліктен туындайды.
Нақыл сөз
Бес саусақ
Бес бармағым – атам, үйдің данасы.
Балаң үйрек – әжем, ошақ анасы.
Ортан терек – әкем, отау панасы.
Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары.
Титтай бөбек – мен, бәрінің базары.
Жақсылық отбасынан басталады.
Жақсы бала – отбасының қуанышы.
***
Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз тыныштық,
Ашық болсын кең аспан.
Мықты болсын іргеміз,
Бәріміз де біргеміз.
Жақсы бала – қуаныш
Мақал
Үлкенге құрмет
Сыйлап үлкен кісіні,
Аялағын кішіні.
Қолды белге қоямыз.
Ұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүл – гүл жайнап жанамыз.
****
Мен үлкендерге орын беремін.
Мен
сәлемдесемін.
Мен үлкендерге ол беремін.
үлкендерге
үнемі
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Сәлеметсіз бе, ағай? – деп,
Сәлеметсіз бе, апай? – деп
Есенсіз бе, апай? – деп,
Амансыз ба, атай? – деп
Ұл – қыз сәлем берміз,
Өнегелі өренбі.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,Қонақ келсе – қуаныш
Қонақ келсе – құт келер.
Нақыл сөз
Менің туған күнім
Қуаныш көңілді сергітеді.
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң! Қайылы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
****
Үй іші түгел көңілді,
Шат күлкілер төгілді.
Қуаныштың себебін
Айта алады, қане, кім?
Дастарқан толы дәмді астар,
Тегін емес думанды үн.
Иналды барлық шын достар,
Өйткені бізд туған кн!
Жақсы тілек қуаныш сыйлайды.
Туған күнің құтт болсын!
Қандай жақсы туған күннің
болғаны!
Әр жыл сайын бір жасқа адам
толғаны!
Көк
жайнады,
Көңіліміз көтеріңкі, жайдары!
жұлдызымыз
төсінді