Түсіндірме жазба
«Экономика негіздері және қаржылық сауаттылық» пәні бойынша осы үлгілік оқу бағдарламасы даярлау деңгейіне және мазмұнының міндетті минимумына қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған оқу орындарының жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеуге негіз бола алады.
Оқытудың құрылымдық негізі - сабақ болып табылады. Жалпы көлемі – 34 сағат. Мұғалім оқытуға бөлінген сағат пен оқушылардың контингентіне байланысты бағдарламаға өзгеріс енгізе алады.
Экономика деген сөз алғашқы ұғымында «отбасы шаруашылығын» білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп білеміз. Өндіріс – қоғамның өмір сүруіне және дамуына қажетті. Өндіргіш күш – өндірістің жетекші саласы. Бұл қоғамның табиғатқа қатынасын көрсетеді. Әрбір адам көп қырлы экономикалық қатынас арқылы басқалармен байланыста болады. Адам өнім шығарады, жалақы алады, меншік иесі болады, сатушы және сатып алушы ретінде қызмет атқарады. Адамның пайда табуға, оны иеленуге құқығы бар. Ол қандай кедей болса да бір нәрсені иеленеді, оны құрметтейді, қорғайды. Адам жеке меншігі – оның үй-мүлкі, киім-кешегі, көлігі, саяжайы, т.б. Адам қай заманда болсын өз өмірінен экономика белгілерін табады, яғни күн сайын ұшырасады.Мысалы, үстіңіздегі киім, таңертеңгі асыңыз, үй жанындағы дүкен т.б.
Бүгінгі таңда экономикалық танымсыз сапалы білім алу мүмкін емес.Экономика да – қоғам өміріне қатысы бар маңызды ғылым болып саналады. Мектеп оқушылары бұл пәнді оқуды неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым елімізде сауатты мамандар мен жауапкершілігі жоғары азаматтар көбейеді. Басқа ешбір пән айналадағы болып жатқан өзгерістердің экономикалық мәнін балаларға ұғындырып, оларды тиімді экономикалық шешімдерді қабылдауға үйрете алмайды. Өз әрекетіне жауаптылықпен қарап, экономикалық категориямен ойлап, өз елінің және тағдырының шын қожасы болуға да экономика пәні оқытады. Мектепте алған білімдерін келешекте қолдана білу де маңызды болып табылады.Мектепте экономикалық білім алған балалар өмірде үнемі туындап отыратын экономикалық проблемаларға түсіністікпен қарап, оларды шешуге дайын болуы керек.
Пәннің мақсаты – жастарды болашақта лайықты өмір деңгейіне көтерілу үшін заманауи экономикалық жүйенің құрылысы туралы, сондай-ақ, бизнестің этикасы мен экономикаға үйрету, жеке кәсіпкерлікті бағалауға ынталандыру.
Пәннің міндеттері:
-Логикалық ойлау мен тез шешім қабылдай білу, дербестіктің және шығармашылық қабілеттерді дамыту;
-Бала дарындылығын анықтау;
-Лидерлік қабілетін дамыту;
-Қаржылық сауаттылыққа үйрету;
-Экономикалық термин сөздерді білу;
-Білімді тиімді қолдану арқылы кәсіби құзыреттілікті
қалыптастыру және жетілдіру;
-Зерттеу және жобалық қызмет дағдыларын қалыптастыру;
-Топтармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
-Өзін-өзі кәсіби анықтау және мансапты жоспарлай білу қажеттілігін көрсету;
-Көздеген мақсатқа жетудегі тұрақтылық, шыдамдылықты дамыту.
Оқытудың белсенді әдістері:
-Іскер ойындар;
-Рөлдік ойындар;
-«Газет» әдісі;
-Зерттеу әдісі;
-Жобалық әдіс;
-Шағын топтардағы жұмыс;
-«Өрнек» әдісі;
-«Коллаж» әдісі;
-Кейс – стади
Оқыту жабдықтары:
-Ақпараттың мультимедиялық көрінісі;
-Анықтама-ақпараттық әдебиет;
-Интерактивтік оқулықтар;
-Тест генераторы.
Нарықтық қатынастардың өріс алуы жеке меншіктің әр түрінің, кәсіпкерліктің пайда болуына байланысты болып жатқан Қазақстандағы әлеуметтік – экономикалық реформалар білім беру жүйесіне, оның ішінде мектептегі оқыту процесіне қойылатын талаптарды принципті түрде өзгертуге ықпалын тигізеді.
Танымдық әрекетті ұйымдастыру нысаны ұсыныс сипатында көрсетілген.
Бағдарламада қазіргі ұлттық экономиканы әлемдік шаруашылықтың бір бөлігі ретінде, халықаралық еңбек бөлінісіндегі мемлекеттердің ролін, әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық одақтардың ролі мен интернационалдық өндірістің артықшылықтарын, ауқымды әлемдік мәселелер мен халықаралық бәсекелестіктердің ерекшеліктерін, әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан Республикасының экономикасының орнын және т.б. оқытуды қарастырады. Тағы бір маңыздысы білім алушылардың өз пікірін айта білуге қандай да бір экономикалық жағдайларды талдауға өздерінің пікірлерін дәлелді түрде қорғай білуге талпындырады.
Бұл үлгілік оқу бағдарламасы «География», «Дүниежүзілік тарихы», «Кәсіпкерлік негіздері», «Құқық негіздері», «Макроэкономика», «Технология» пәндері бойынша білім алушылардың алған біліміне, іскерлігі мен дағдысына негізделген.
Пәнге қатысты материалдарды, қолданысқа жаңа және жетілдірілген жабдықтарды енгізу, өндірісті дамыту мен оның тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулылары мен шешімдерін пайдалану есебінен алған жөн.
Осы үлгілік оқу бағдарламасы материалды табысты меңгеруге ықпал ететін интерактивтік және тағы да басқа сабақтарды қалыптастыруды қарастырады.
Білім алушылардың танымдық белсенділігін ұйымдастыру әдістеріне оқытудың интербелсенді әдістері, өндірістік есептерді шешу, кәсіпорынға саяхат, іскерлік ойындар және т.б. енгізілген.
Бұл үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда «Экономика негіздері және қаржылық сауаттылық» дидактикалық оқу құралын және көрнекі құралдарды немесе плакаттар, модельдер, оқу бейнефильдері, электронды оқулықтар, қосымша оқу және оқу-әдістемелік құралдарды пайдалану ұсынылады.
Алдағы кезең – оның жұмысын жандандыратын, қатарын молайтатын шақ. Бүгінгі білім беру ісінде бағдарлы оқытудың маңыздылығы ерекше десек, осы орайда экономикалық білім мен бизнестің алғашқы баспалдағы кәсіпкерлік негіздерін үйренудегі өзіндік үлесі болары сөзсіз.
Экономикалық білім негіздерін игерудегі еңбектеріңіз жемісті болсын!
7-сыныптың ұзақ мерзімді тақырыптық жоспары
№ |
Тақырыбы |
Негізгі ұғымдар |
Оқыту формасы |
С/с |
1 – бөлім. Экономикадағы мемлекет рөлі (11-сағат) |
||||
1 |
Экономикалық жүйе |
Экономикалық жүйе (нарықтық, дәстүрлі, командалық, аралас) |
пікір талас |
1 |
2 |
Экономикадағы мемлекет қызметін анықтау |
Заңды негізді қамтамасыз ету, табыстарды қайта бөлу, экономиканы тұрақтандыру |
әңгімелесу |
1 |
3 |
Қоғамдық тауарлар мен қызмет көрсетулер |
Қоғамдық тауарлар мен қызмет көрсету түрлерімен танысу |
зерттеу-тіркеу |
1 |
4 |
ҚР салық жүйесі |
ҚР-ғы салық және салық жүйесі.Салық тарихы. Салық түрлері. Салық жүйесі (көлік салығы, жер салығы, мүлік салығы, кәсіпкерлер салығы,кедендік баж салығы) |
диалогтық-әңгіме |
1 |
5 |
Салық типтері |
Табыстарды қайта бөлу, прогрессивті салық салу, трансферттік төлемдер |
кіріктірілген |
1 |
6 |
Зейнетақы жүйесі |
Зейнетақы жинақтау қоры, акционерлер, шығындар, жинақтаулар |
өзіндік жұмыс |
1 |
7 |
Отбасы бюджеті |
Жалақы, зейнетақы, шәкіртақы, кірістер, шығыстар |
саяхат |
1 |
8 |
Инфляциямен күрес |
Мемлекеттегі инфляцияның болу себептері және одан шығу жолдары |
әңгімелесу |
1 |
9 |
Жұмыссыздық. Жұмыссыздық түрлері. Жұмыссыздықпен күрес |
Жұмыссыздық. Жұмыссыздық түрлері. Жұмыссыздықпен қалай күресуге болады? |
пікір талас |
1 |
10 |
Жұмыссыздықтың өсуі экономикалық құлдыраудың салдары |
Жұмыссыздықтың өсуі. Жұмыспен қамту орталығының жұмыс барысымен танысу |
зерттеу-тіркеу |
1 |
11 |
Бәсекелестіктің мәні мен түрлері |
Бәсекенің тигізер әсері мен пайдасы. Бәсекелес тепе-теңдігі. Еңбек нарығының қозғалысы және сұраныстың жылжу |
сұрақ жауап |
1 |
2- бөлім. Халықаралық сауда (8-сағат) |
||||
12 |
Халықаралық сауданың пайда болу себептері |
Әлемдік нарық, экспорт, импорт, төлемдер, сауда жолдарын білу |
пікір талас |
1 |
13 |
Сауда тарихы
|
Түрлі елдердің сауда тарихын, «Ұлы жібек» жолы керуенін, сауда соғысын білу, түсіну |
бейне жазба арқылы оқыту |
1 |
14 |
Ішкі және сыртқа сауда
|
Қазақстанның ішкі және сырткы сауда түрлерін білу |
сұрақ-жауап |
1 |
15 |
Экспорттық тауарлар
|
Халықаралық тауар айналымы.Экспорт, импорт |
зерттеу |
1 |
16 |
Импорттық тауарлар |
Халықаралық тауар айналымы.Экспорт, импорт |
зерттеу |
|
17 |
Маркетингтік зерттеулер (астық нарығы) |
Қазіргі кездегі маркетингтік зерттеулер жүргізу |
өзіндік жұмыс |
1 |
18 |
Маркетингтік зерттеулер (құрылыс заттары)
|
Қазақстан мен шет мемлекеттер бойынша зерттеулер жүргізу |
өзіндік жұмыс |
1 |
19 |
Сауда еркіндігі және саудадағы кедергілер |
ҚР-ғы экономиканың дамуы, халықарық байланыстар |
саяхат |
1 |
3 – бөлім. Халықаралық саудаға қандай ақшалар қатысады? (7-сағат) |
||||
20 |
Валюта. Валюталық бағам |
Валюта, айырбас курсы, айырбас пункті, әлемдік ақша |
сұрақ-жауап |
1 |
21 |
Халықаралық валюта жүйесі |
Халықаралық елдер бойынша валюталық бағамдар.Халықаралық Халықаралық валюта жүйесі |
саяхат |
1 |
22 |
Қаржы нарығындығы алаяқтық |
Қаржы пирамидасы.Алаяқтық |
рөлдік |
1 |
23 |
Мемлекеттік бюджет |
Мемлекеттік төлем балансы. Мемлекеттің қарызы |
сұрақ-жауап |
1 |
24 |
Мемлекеттік бюджет |
Бюджетті басқару |
әңгімелесу |
|
25 |
Бюджет тапшылығымен күресу
|
Бюджет тапшылығынан шығу жолдары |
өзіндік жұмыс |
1 |
26 |
Бюджеттік жоспар |
Мемлекеттегі бюджеттік жоспарлар (республика,облыс) |
өзіндік жұмыс |
1 |
4 – бөлім. Экономикалық өсу (8-сағат) |
||||
27 |
ҚР-ның экономикалық өсуі |
ҚР-ның экономикалық өсу қарқыны. |
индуктивті |
1 |
28 |
Дүниежүзілік экономиканың басты мәселелері
|
Әлемдік экономикадағы кездесіп отырған проблемалар және олардан шығу жолдары |
пікір талас |
1 |
29 |
Әлемнің бай елі тұрғындары мен басқа тұрғындары арасындағы теңсіздік |
Қоғамдағы теңсіздік, әділетсіздік (статистикалық көрсеткіштер) |
сұрақ-жауап |
1 |
30 |
Кедей мемлекеттердегі экономикалық қарқынның стратегиясы |
Кедей мемлекеттердегі экономикалық қарқынның мәні мен түрлері |
өзіндік жұмыс |
1
|
31 |
Халықтың өсуі мен әлеуметтік деңгейінің арасындағы тәуелділігі |
Халықтың әл-ауқаты, демографиялық мәселелері. Мегаполис |
эссе жазу |
1 |
32 |
Валюта нарығын зерттеу
|
Валюта, валюта курсы, айырбас пункті. Нарықты зерттеу |
зерттеу |
1 |
33 |
Валюта айырбастау есебін шығару |
Валюталық есептер шығару, әр елдің ұлттық валюта курсын бақылау |
өзіндік жұмыс |
1 |
34 |
Экономикалық терминдер сөздігі |
Берілген тақырыптар бойынша экономикалық термин сөздермен жұмыс |
сұрақ-жауап |
1 |
Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері (7-сынып)
Білім беру бағдарламаларында жоспарланған құзыреттер |
Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер |
Білім алушылар төмендегідей құзыреттерді меңгеруі қажет: Базалық: 1 – бөлім Экономикадағы мемлекет рөлі |
Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушылар: білім: -экономикалық жүйелерді; -нарықтық механизмдерді; -мемлекеттік реттеу әдістері; -мемлекеттік функцияларды; - инфляция деңгейін; - жұмыссыздық түрі мен себептері білік: -қоғамдық тауарлар; -қызмет көрсетулер; -ҚР-ның салық жүйесі; -ҚР-ның зейнетақы қоры; дағды: -экономикалық терминдер; -экономикалық қызметтер; -бәсекеге қабілетті бола білу |
2- бөлім Халықаралық сауда |
білім: -сауда тарихы; -қазіргі әлемдік сауда; -халықаралық бәсекелестік; -әлемдік тауар нарықтары; -экспорт, импорт, тауар түрлері білік: -Қазақстанның сыртқы саудасы, құрылымдық, бәсекелестік деңгейі; -сауда еркіндігі; -сауда пайдалылығы; -кедендік салықтар; дағды: -әлемдік нарық құрылымы; -маркетингтік зерттеулер жүргізу |
3 – бөлім Халықаралық саудаға қандай ақшалар қатысады? |
білім: -әлемдік валюталық жүйе; -ақша, несие саясаты; -валюталық бағам; -теңгенің бағамы; -мемлекеттік бюджет білік: -әр елдің валюта түрі; -халқаралық саудаға қатысатын елдер қатары дағды: -әлемдік нарықтағы баға жүйесі -валюталық бағамның өзгерісі
|
4 – бөлім. Экономикалық өсу |
білім: -Қазақстан экономикасының өсу қарқыны; -демографиялық мәселелер білік: -экономикалық ақпарат жүйесі; -кедей шегіндегі мемлекеттер; -экономикалық проблемалар дағды: -экономикалық өзгерістерді білу; -статистикалық зерттеулер жүргізу |
7-сыныптың қысқа мерзімді жоспары 1-сабақ
2-сабақ
3-сабақ
4-сабақ
5-сабақ
6-сабақ
7-сабақ
8-сабақ
9-сабақ
10-сабақ
11-сабақ
12-сабақ
13-сабақ
14-сабақ
15-сабақ
16-сабақ
17-сабақ
18-сабақ
19-сабақ
20-сабақ
21-сабақ
22-сабақ
23-сабақ
24-сабақ
25-сабақ
26-сабақ
27-сабақ
28-сабақ
29-сабақ
30-сабақ
31-сабақ
32-сабақ
33-сабақ
34-сабақ
|
8-сыныптың ұзақ мерзімді тақырыптық жоспары
№ |
Тақырыбы |
Негізгі ұғымдар |
Үш тілдегі жаңа сөздікпен жұмыс жүргізу |
Сағат саны |
|
1-бөлім. Өндіріс. Өндіріс факторлары (3-сағат) |
|||||
1
|
Кіріспе. Өндіріс факторлары. Еңбек ерекшелігін өндіріс факторы ретінде түсіну. |
Өндірістегі басқару. Операцияларды басқарудағы жүйелі бағыт. Өндірісті басқарудағы әдеп. Жобаларды басқару. |
өндіріс факторлары, өнімділік критерийлері |
3 |
|
2 – бөлім. Еңбек нарығы (10-сағат) |
|||||
2 |
Кіріспе.Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы. |
Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс |
сұраныс, ұсыныс, баға, пайда |
2 |
|
3 |
Жалақы. Жалақы жүйелері. |
Жалақы жүйелері. |
жалақы, табыс |
2 |
|
4 |
Еңбек ресурстары. |
Еңбек ресурстарын қалыптастыру. Еңбек ресурстарына деген қажеттілікті жоспарлау.Кадрлар таңдау. |
еңбек ресурстары |
2 |
|
5 |
Жұмыссыздық.Жұмыссыздық түрлері. Бізде қанша жұмыссыз бар? |
Жұмыссыздық анықтамасы. Жұмыссыздық нысандарымен танысу (фрикциондық, циклдық, маусымдық, құрылымдық). |
жұмыссыздық нысандары |
2 |
|
6 |
Іскерлік белсенділік циклдары |
Экономикалық дағдарыс. Ұлттық шаруашылық экономикалық өсу қарқыны мен циклдық дамуы. |
дағдарыс, шың, құлдырау, өрлеу, жандану, көтерілу |
1 |
|
7 |
Дағдарыстан шығу жолдары |
|
|
1 |
|
3 – бөлім. Қаржылық қызмет көрсетулер (4-сағат) |
|||||
8 |
Ақша. Валюта. Айырбас. |
Ақша және банктік жүйе. Ақшаның шығу тарихы, валюта бағамы, айырбас жасау түрі |
ақша, валюта, айырбас |
1 |
|
9 |
Банк операциялары |
Банктің негізгі операциялары. Қаржылық қызметтер және тұтынушының қаржылық қызметі. |
халықаралық аударылмайтын терминдер: банк, депозит т.б. |
1 |
|
10 |
Несие.Несие және оның түрлері. |
Несие-банк жүйесі. Несиенің түсінігі. Несиенің негізгі қағидалары. Несиенің бастапқы қызметтері. |
несие,тұтынушы, коммерция, ипотека |
1 |
|
11 |
Сақтандыру дегеніміз не? |
Сақтандырудың экономикалық негізі және маңызы. Мүлікті және өмірді сақтандыру. |
сақтандыру агенттігі |
1 |
|
4 – бөлім. Бизнес - мансап (10-сағат) |
|||||
12 |
Кәсіптер. Кәсіпті таңдау кезіндегі білім ролі. |
Кәсіпті таңдау.Кәсіпті таңдау білуге үйрену. |
кәсіп |
1 |
|
13 |
Кәсіпті таңдау мен мансапты жоспарлау кезіндегі өзін-өзі тану ролі |
Келешекте мамандық таңдай білуге бағдарлау. Бизнестің қоғамдағы рөлі. |
бизнес |
1 |
|
14 |
Бизнестің алғашқы баспалдағы |
Бизнес негіздері және кәсіпкерлік. Бизнес үлгісі және функциясы. |
бизнесмен |
2 |
|
15 |
Бизнес – мансапты жоспарлау |
Бизнестің ұйымдастыру формалары. Нарық анализі. Өнеркәсіптік жоспар. Маркетинг жоспар. Қаржылық жоспар. |
бизнес - жоспар |
2 |
|
16 |
Бизнестің түрлері және жұмыс барысы |
Нарықты құраушы кәсіпкерлік түрлері. |
бизнес түрлері |
1 |
|
17 |
Бизнесмен қандай болуы керек? |
Тәуекелділік. Бәсекелестік. Іскерлік этикасы. Бизнес үлгісі. |
тәуекелділік, бәсеке, бизнес этикасы |
2 |
|
18 |
Бизнестегі кездесетін кедергілер |
Кәсіпкерлік практикасы.Кәсіпкерлік операциялары. |
бизнес кедергілері |
1 |
|
5 – бөлім. Бухгалтерлік есеп әліппесі (7-сағат) |
|||||
19 |
Бухгалтерлік іс-қағаздар |
Бухгалтерлік іс-құжаттармен танысу және олармен жұмыс жасай білу.Қаржылық шоттардың құрылуы мен мазмұны. |
Бухгалтерліқ іс-құжаттар, қаржылық шоттар |
1 |
|
20 |
Кәсіпорындағы шаруашылықтың есебін жүргізу |
Құжаттандыру – қаржылық есептің негізі. Құжаттар реквизиттері. Құжаттардың арнайы типтері мен арнайы нысындары. Құжаттардың экономикалық және құқықтық маңыздылығы. |
құжаттар реквизиттері, құжат айналымы |
2 |
|
21 |
Шығын. Өзіндік құн. Өзіндік құнді есептеу. |
Өз құны. Тікелей шығын. Жанама шығын. Баға. Пайда.Таза табысты есептеу. |
шығын, өзіндік құн, пайда, табыс |
2 |
|
22 |
Маркетинг негіздері. Жарнама тарихы. Жарнама түрлері. |
Маркетинг. Маркетинг жоспары.Жарнама тарихы, түрлері мен стратегиясы. |
маркетинг, жарнама, стратегия |
2 |
|
23 |
Экономикалық терминдер сөздігі |
|
|
34 |
|
Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері (8-сынып)
Білім беру бағдарламаларында жоспарланған құзыреттер |
Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер |
Білім алушылар төмендегідей құзыреттерді меңгеруі қажет: Базалық: 1 – бөлім. Өндіріс. Өндіріс факторлары |
Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушылар: білім: -өндіріс анықтамасы; -өндіріс функциясы; -фирманың ішкі және сыртқы факторлары; -өндіріс шығындары білік: -өндіріс факторлары дағды: -өндіріс түсінігі |
2 – бөлім. Еңбек нарығы |
білім: - еңбек ресурстарын қалыптастыру; - еңбек ресурстарына деген қажеттілікті жоспарлау; -кадрлар таңдауы білік: -еңбек өнімділігінің мәні; -жұмыскердің нарықтық экономикадағы рөлі; дағды: -жалақы мөлшері; -іскерлік белсенділік циклдары |
3 – бөлім. Қаржылық қызмет көрсетулер |
білім: -банк ісінің пайда болуы және дамуы; -Қазақстанның банк жүйесі; -банктердің қалыптасуы; -коммерциялық банктің табысы, шығыны және пайдасы білік: -банк операциялары дағды: -қаржылық қызмет көрсетулер |
4 – бөлім. Бизнес - мансап |
білім: -кәсіпкерлік негіздері; -бизнесті ұйымдастыра білу; -бизнес-жоспар құру білік: -бизнес түрі; -бизнес этикасы дағды: -кәсіпкер жұмысын бағалай білуге |
5 – бөлім. Бухгалтерлік есеп әліппесі |
білім: -бухгалтерлік әліппе; -кәсіпорынның қаржылық жағдайы -мақсатты маркетинг кезеңдері; -маркетингті басқарудың негізгі түсінігі, принциптерін, қызметтерін, концепциясын; -маркетингтік орта; -маркетингтік зерттеулер ортасы; -білік: -кәсіпорынның қаржылық түсімдерін басқару; дағды: -қаржылық сауатты бола білу; -қаржылық қызметті талдау; -сауда агенттерінің жұмыс қызметі |
9-сыныптың ұзақ мерзімді тақырыптық жоспары
№ |
Тақырыбы |
Негізгі ұғымдар |
Үш тілдегі жаңа сөздікпен жұмыс жүргізу |
Сағат саны |
1- бөлім. Экономикалық білім негіздері (8-сағат) |
||||
1 |
Кіріспе. Экономикалық білім негіздері |
Экономикалық білім негіздері. Экономиканы не үшін оқып үйренеміз? |
экономикалық білім, экономика негіздері, экономикалық жүйе |
1 |
2 |
Экономика тарихы |
Экономиканың тарихы. Батыс Европа экономикасы. Азиядағы экономиканың дамуы. Англия мен Ресей экономикалық қатынастарының дамуы. |
экономика тарихы |
4 |
3 |
Қазақстанның экономикалық кезеңдері |
ҚР-ның экономикасы. Қазақстандағы экономикалық реформалар бойынша мәселелік тақырыптары. |
экономикалық кезеңдер |
2 |
4 |
Ресурстардың шектеулігі және таңдау проблемасы |
Ресурстардың шектеулігі және таңдау проблемасы. Өндіріс факторлары. Таңдау қажеттілігі. |
ресурстар шектеулігі, таңдау қажеттілігі |
1 |
2 – бөлім. Қазақстан Республикасының банк жүйесі (5-сағат) |
||||
5 |
Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Ұлттық Банк. |
ҚР-ның банк жүйесінің пайда болуы және даму тарихы. |
банк жүйесі, банк құрылымы мен органдары |
1 |
6 |
Қаржылық қызмет көрсету және қаржылық қызметті тұтыну: банктен есепшот ашу, төлем картасы |
ҚР-ның қазіргі банк кездегі жүйесі, коммерциялық банктің ұйымдастырушылық жүйесі |
коммерциялық банк, банктегі есепшот |
2 |
7 |
Банктердің қызметтері және операциялар сипаты бойынша жіктелуі |
Банктің негізгі операциялары, табысы, шығыны және пайдасы |
банк қызметтері, банк операциялары |
2 |
|
3 – бөлім. Экономикадағы тұтынушы ( 3-сағат) |
|||
8 |
Тұтынушының қаржылық сектордағы қорғалуы |
Экономикадағы тұтынушы.Табыс көздері.Жинақ ақша. Тұтынушылардың шығыс ақшасы. Тұтыну бюджетін жоспарлау. |
тұтынушы, тұтыну бюджеті |
1 |
9 |
Тұтынушының құқығын қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңы |
Тұтынушылардың құқығын қорғау |
тұтынушылардың құқығы |
1 |
10 |
Сауатты тұтынушы ол қандай болуы керек? |
|
|
1 |
4 – бөлім. Нарықтың және оның заңының жұмыс істеуі (4-сағат) |
||||
11 |
Нарықтың түрлері. Қор нарықтары. Вамонттық нарықтар. Биржа. |
Нарық және оның заңдарының қызметтенуі.Нарық инфрақұрылымы. |
нарық, қор нарықтары, биржа |
2 |
12 |
Қазақстанның сыртқы саудасы, құрылымдық, бәсекелестік деңгейі және дамуы.
|
Әлемдік сауданың негізгі мінездемесі. Экспорт, импорт, реимпорт, реэкспорт, экспорттық потенциал. |
әлемдік сауда, экспорт, импорт, реимпорт,реэкспортэкспорттық потенциал, кедендік салықтар |
1 |
13 |
Өндіріс. Фирмалар. Бәсеке. Фирманың шығындары. |
Өндіріс түсінігі. Өндіріс және нарық. Натуралды және тауарлы өндіріс.Тауар және оның қасиеті.Өндіріс және жалпы ішкі өнім. |
өндіріс, жалпы ішкі өнім, еркін бәсекелестік |
1 |
5 – бөлім. Сұраныс.Сұраныс икемділігі (4-сағат) |
||||
14
|
Сұраныс. Сұраныс шамасы. Сұраныс өлшемі. Сұраныс заңы.Сұраныс факторлары. Сұраныс икемділігі. |
Сұраныс заңы. Сұраныс шегі. Сұраныс қисығы. ҚР-сы нарығындағы сұраныс сипаттамасы.Сұраныс икемділігі. |
сұраныс, сұраныс шегі, сұраныс қисығы |
4
|
|
6 – бөлім. Ұсыныс. Ұсыныс икемділігі (4-сағат) |
|||
15
|
Ұсыныс. Ұсыныс шамасы. Ұсыныс заңы. Ұсыныс факторлары. Ұсыныс шамасының өзгеруі. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі. |
Ұсыныс мәні мен ұсыным көлемі. Ұсыным заңы. Ұсыным шегі. Ұсыным қисығы. Ұсыным икемділігі. Икемділік түсінігін тәжірибеде қолдану. |
ұсыныс, ұсыным шегі, ұсыным икемділігі |
4
|
7 – бөлім. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі (6-бөлім) |
||||
16 |
Нарық тепе - теңдігі |
Сұраныс пен ұсыныстың теориясы. Нарықтық баға. |
нарықтық тепе-теңдік, нарықтық баға |
1 |
17
|
Тепе – теңсіз жағдайлар: тапшылық пен артылып қалу Нарықта тепе – теңдік қалай қалыптасады? |
Сұраныс пен ұсыныстың бағаға әсері. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі. Нарықтық тепе-теңдікке мемлекеттің әсері. |
тепе-теңсіз жағдайлар |
2 |
18 |
Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі. График құрылымы |
Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті. Нарықтық тепе-теңдік. |
молшылық, тапшылық |
2 |
19 |
Экономикалық терминдер сөздігі |
|
|
1 |
|
|
|
|
Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері (7-сынып)
Білім беру бағдарламаларында жоспарланған құзыреттер |
Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер |
Білім алушылар төмендегідей құзыреттерді меңгеруі қажет: Базалық: 1- бөлім. Экономикалық білім негіздері |
Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушылар: білім: -экономика анықтамасы мен терминологиялық сөздіктер; -экономиканың төртке бөлінуі; -елдердің экономикалық тарихы; -Қазақстанның экономикалық реформалар кезеңі білік: -экономика тарихы; -экономикалық реформалар; -ресурстар шектеулігі мен таңдау дағды: -экономикалық сауатты бола білу |
2 – бөлім. Қазақстан Республикасының банк жүйесі |
білім: -ҚР-ғы Ұлттық Банк құрылымы; -коммерциялық банктер жұмысы білік: -банкілік операциялар түсінігі дағды: -қаржы-несие саясатын білу |
3 – бөлім. Экономикадағы тұтынушы |
білім: -тұтынушылар тәртібінің модельдері және сатып алу тәртібінің модельдері білік: -тұтынушылар құқығы дағды: -сауатты тұтынушы бола білу |
4 – бөлім. Нарықтың және оның заңының жұмыс істеуі |
білім: -нарықтық жүйе; -нарық және бәсекелестік жағдайы; білік: -нарық талабы; -нарық сұранысы мен ұсынысы дағды: -нарықтық механизм; -нарықтық экономикаға бейімделу |
5 – бөлім. Сұраныс.Сұраныс икемділігі |
білім: -сұраныс теориясының негізі білік: -сұраныс заңы дағды: -сұраныс түсінігі |
6 – бөлім. Ұсыныс. Ұсыныс икемділігі |
білім: -ұсыныс теориясының негізі білік: -ұсыныс заңы дағды: -ұсыныс түсінігі |
7 – бөлім. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі |
білім: -сұраныс пен ұсыныс теориясының негізін; -сұраныс пен ұсныстың икемділігін және олардың тәжірибелік тұрғыдан мәнін; -өндіріс шығындары және оларды төмендету жолдары; -табыс пен шығын түрлерін, табыс пен пайданы арттыру жолдарын білік: -сұраныс пен ұсыныстың қисықтарын сызу және талдау жасау; -бағаның тепе-теңдігін анықтауды; -икемділік көрсеткіштерін есептеу; -өндіріс шығындарының деңгейін анықтау дағды: -сұраныс пен ұсыныс графигін ажырата білу |
|
Әдебиеттер және оқу құралдары
Негізгі әдебиеттер
1. 1-11-сыныптарға арналған экономика пәнінен тақырыптық жоспар,
«Джуниор Эчивмент» бағдарламасы, Алматы-2011 ж;
2. «Экономика мен қаржылық сауаттылық негіздері» бағдарламасы,
5-11 сыныптар үшін, авторы-Г.Т.Жақсылықова, Қызылорда-2010 ж;
3. «Кәсіпкерлік негіздері және қаржы сауаттылығы» пәні бойынша типтік күнтізбелік оқу жоспары, 5-11 сыныптар үшін, авторы-Л.Ш.Сағымбаева, Қызылорда-2009 ж;
4. «Экономика негіздері: Әлемдік экономика» курсы бойынша бағдарлама мен әдістемелік ұсыныстар, 7-сынып үшін, авторы- Т.П.Стекольникова, Алматы-2001 ж;
5. «Экономика негіздері: БИЗНЕС-МАНСАП» курсы бойынша бағдарлама мен әдістемелік ұсыныстар, 8-сынып үшін, авторы-Т.П.Стекольникова, Алматы-2010 ж.
6. «Экономика негіздері: Қазіргі әлемдегі Қазақстан» оқулығы, 9-10 сынып үшін, авторы-Т.Ильичева, Алматы-2005 ж.
Қосымша әдебиеттер:
1. «Қаржы бойынша практикум» оқулығы, авторы-А.Мұқашева, А.Оразғалиева, А.Зарипова, «Фолиант» баспасы, Астана-2008 ж;
2. «Нарықтық экономика негіздері» оқулығы, авторы-Ж.Ходжаниязова, «Фолиант» баспасы, Астана-2010 ж;
3. «Менеджмент негіздері» (тест тапсырмаларының жинағы), авторы-Б.Жәкенова, Қ.Тәмпішева, Ж.Слатова, «Фолиант» баспасы, Астана-2011 ж;
4. «Экономикалық теория негіздері» оқулығы, авторы-Г.М.Осипова, Алматы-2002 ж;
5. «Микроэкономика» оқулығы, авторы-Б.М.Мұхамедиев, Алматы-2003 ж;
6. «Әдіскер қызметінің мазмұны білім беруді жаңарту тұрғысынан» оқулығы, авторы-А.Ә.Жайтапова, Г.А.Шамина, Алматы-2007 ж;
7. «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» оқулығы, авторы-С.Мирсеитова, Қарағанды-2011 ж.
8. Қазақ әдебиеті, Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы:«АрунаЛтд» ЖШС
9. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты,http://www.akorda.kz
МАЗМҰНЫ
Түсіндірме жазба |
3 |
2. 7-сыныптың ұзақ мерзімді тақырыптық жоспары |
5 |
3. Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері |
8 |
4. 7-сыныптың қысқа мерзімді жоспары |
10 |
5. 8-сыныптың ұзақ мерзімді тақырыптық жоспары |
57 |
6. Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері |
60 |
7. 9-сыныптың ұзақ мерзімді тақырыптық жоспары |
62 |
8. Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері |
65 |
9. Негізгі әдебиеттер |
67 |
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.