бұл материалда Қазақстан республикасы аясында орналасқан қорықтар туралы мәліметтер айтылады. бұл мәліметтер, оқушыларға өте тиімді. себебі, ұлттық бірыңғай тестілеуде қорықтарға байланысты бираз сұрақтар кездесетіні барлық ұстаздарға мәлім. оқулықта жазылмай қалған кейбір мәліметтерді осы материалдан алуға болады. сонымен қатар, құрамында қызыл кітап туралы да мәліметтер барбиология пәні бойынша қосымша құжат
Корыктар.doc
Тақырыбы: «Қорықтар. Қазақстанның Қызыл кітабы»
Мақсаты: Қазақстанның өсімдіктері мен жануарларын қорғау шаралары,
жойылу қаупі бар түрлерді және Қызыл кітаптың маңызын тереңірек
таныту
Түрі: Ойсаяхат
Көрнекілігі: Қ.Р Қызыл кітабы, Қазақстанның картасында қорықтардың
географиялық орналасуы, өсімдіктер мен жануарлардың суреттері, слаидтар,
компъютер
Барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ.Саяхатқа дайындық кезеңі. Оқушыларға компъютер арқылы
тыңдатамын: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған «Мектеп
жанындағы интернатымен № 8 ОМ» әуежайы. №8 ОМ – Наурызым қорығы –
Қорғалжын қорығы – Марқакөл қорығы Батыс Алтай қорығы Алакөл
қорығы Ақсу – Жабағылы қорығы – Алматы қорығы Барсакелмес қорығы –
Үстірт қорығы Қызыл Кітап бағыттары бойынша сағат 14:50де «Эйр
Атбасар» компаниясының ұшағына отырғызу басталады. «Егер сіздер
қорықтар, Қызыл кітап, оған енген өсімдіктер мен жануарлар
жайында тереңірек білгілеріңіз келсе, қорғау шараларына қатысамын
десеңіздер бізбен бірге саяхатқа шығыңыздар».
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қорықтар жөнінде қысқаша
мәліметтер айтады.
Елімізде өсімдіктері мен жануарлары әр алуан, арнайы қорғалатын тұтас
табиғи аймақтар – қорықтар ұйымдастырылған. Сондықтан да қорықтар нағыз
күрделі табиғи лаборатория болып табылады. Биосфераның қорғауға алынған
бұл аймағы ауарайы (климаты), топырағы өсімдіктер әлемі мен жануарлар
дүниесі арасында бірнеше мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан биологиялық
химиялық байланыстарды сақтайды. Қорықтар — биосфера эталоны.
Мұндағы ормантоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аңқұс, айдын
шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіңдігіне қарай сол ежелгі әсем
қалпында сақталынуы тиіс. Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру
күн тәртібінен ешқашан да түскен емес. өйткені биосфера байлықтарын
қорғау, онда ғылымизерттеу жұмыстарын сондайақ биосфера
компоненттерін қорғау және үгітнасихат экологиялық білім және тәрбие беру
жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі.
Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазақстанның шөлшөлейтті
аймақтарында үйірүйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып
кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Барсакелмес
қорығының рөлі орасан зор болды. Сондайақ, Барсакелмес қорығында айтар
үлес қосты. Бүгінгі күні қорықта құландар саны көбейе түсті. Барсакелмес
аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен
Алтынемен ұлттық биосфера паркіне, Іле өзен жағасына әкелді. Міне, осы
жерде олар жылданжылға өсіп көбеюде.
Қазақстанның бірнеше табиғигеографиялық аймақтары солтүстігінен оңтүстігіне қарай ормандыдала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиды.
Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химия элементтердің бәрі
дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 аңның, 150 құстың 480, бауырымен
жорғалаушылардың 150, мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге
болмайды. Бай өлкені шын мәнінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп
ғалымдар бекерденбекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжумаржандар қанша
болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзіненөзі өне
беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде
қорғап, байлығын молайта беруге барлык мүмкіндік керек.
ІІІ. Оқушылардың саяхатқа шығу кезеңі. Әр оқушы экускурсоводтар жеке
жеке қорықтарға сипаттама бере отырып, тақтадағы суреттерді таныстырып
кетеді. Соңғы Қызыл кітап аялдамасына келіп, оның шыққан жылы, ену
санаттары жайында әңгімелейді.Сыныптағы қалған оқушылар
серуендеушілер зерттеуші күнделігіне мәліметтерді түртіп алып отырады.
№1 экскурсовод:
1. Наурызым қорығы (Қостанай облысы). 1934 жылы Қазақстанның ең
оңтүстік массивіндегі қарағай орманы орналасқан Нааурызым қарағайлы
орманын, және суда жүзетін жұмыртқалы құстардың мекені көлдерді сақтау
мақсатында құрылған. Аумағы 87,7 мың га. Қорықта өсімдіктің 961 түрлері,
39 түрлі аңдар мен 239 түрлі құстың түрлері кездеседі. Ерекше тіршілік
иелерінің қатарына өте сирек кездесетін ақ қарқара жатады.
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы Қазақстанның ертеден келе жатқан
қорықтарының бірі, ол 1931 жылы ұйымдастырылған. Қазіргі кездегі алаңы
1914,0 мың гектарды құрайды. Әкімшілік жағынан Қорық Қостанай
облысының Наурызым мен Әулиекөл аудандарында орналасқан. 2002 жылы
Қазақстан Республикасының Үкіметі Наурызым қорығын «Солтүстік
Қазақстанның даласы мен өзендері» номенация құрамында Бүкіләлемдік
мәдени және табиғи мұрасы ЮНЕСКО тізіміне ұсынды.
Қазіргі кезде Наурызым қорығының үстінгі қабаты жасы және құрамы
әртүрлі геологиялық шөгінділер жабылған, содан жоғарғы әртүрлі жануарлар
әлемі, алақұла, топырақ өсу жабылғысы калыптасады.
олар толық экологиялық бағыттарын өңірдің экожүйесін ұсынады. Қорық
флорасы 687 жоғарғы өсімдіктер түрінен тұрады. Бұл дала жері үшін
орташадан 3 есе көп.
қордың ең үлкен орман алқабы Наурызым бор 16 мың гектар алқапта
орналасқан. Бордың сиретілген саябақ қарағайлары, толып жатқан қоқыстар
азайтылып, қайын және көктерек ағаштарымен дала телімдерімен
аумастырылады.
шабындықында ашықсары түс адонистер, ал саз телімдерінде иіліп тұрған
Қорық аумағы үш телімнен тұрады – Наурызым, Тірсек және Сыпсын,
Торғай орталығының жырасында төбе болып үйілген құм алқабында
Көктем келген мезгілде дала көк кілемге айналады. Орман Негізгі фаунаны сүтқоректі кеміргіштер: сұр тышқандар, тышқандар,
Көп омыртқалы жыртқыш аңдар: аққалақ, ақкіс, дала күзені, борсық,
Сирек кездесетін құстардың 40 түрі ұсынылған: 35 Қазақстанның Қызыл
қызғалдақтар және екі түсті қызғалдақтар көктеп шығады. Мамыр айының
басында ідемі Шренк қызғалдағы шығады, ойпаң жерлерде нәзікқызғылт
түспен дала бадамгүл бұтақтары ашылады, спера, ирис және басқа да гүлдер
гүлдене бастайды.
Қордың аумағында 342 омыртқалы жануарлар түрі белгіленген: 44 аңтар
түрі, 282 құстардың түрі, рептилия мен амфибияның 3 түрінен және 10 балық
түрлері. Науырзым борында тиіндар, тышқандар, қояндар: орман аққояндары
және дала орқояндары бар. Бұл жерлерде кәдімгі ірі кірпікшешен және
кішкентай, құлақты дала кірпікшешендері жүреді.
аламандар (кәдімгі, эверсман, жоңғар), саршұнақтар (үлкен, кіші, сары) және
дала суырлары құрайды.
қарсақ, түлкі, қасқар.
Ең ірі сүтқоректілердің түрлері: бұлан, елік, қабан, 1990жылдың басына
дейінгі жазда бөкен, киік табындары жайылып жүрген.
Фаунада 155 ұясалушы құс түрлері бар, Қазақстанның қорықтарыдағы
ең көбі, Марқакөлден басқалары. 127 түрлері ұшатын, кезбе немесе қыстаушы
құстар болып табылады.
кітабына кіргізілген, 17 – Халықаралық (МСОП).
Наурызымның бір аймағында ғана бүркіттің 4 түрі ұя салады: бүркіт,
қарақұс, субүркіт және дала бүркіті. Қарақұстардың ұя салу топтасуы 40,
субүркіттері 1820, балобандар 1620, бүркіттер 34 жұпқа шейін жетеді.
ден 22 мың гектарға дейін жететін 12 ірі өзендер бар.
Көбінен ішінде бірдебір – ол Науырзым қорығы, онда үнемі зерттеулер
жүргізіліп отырады. Көп жылдар бойы ММУ студенттері мен ғалымдары үшін
қыр базасы болоды, мұнда орнитология және экология саласында
классикалық жұмыстар орындалды. Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы
Орталық Азияда бірінші болып ЮНЕСКОның бүкіләлемдік табиғи мұра
мәртебесін алған Қазақстандағы қос қорықтың бірі. Қорықтар бір
географиялық аймақта және суда жүзетін құстардың көшу жолында
жатқандықтан «СарыАрқа Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері» атты
жалпы атаумен бір номинацияға біріктірілген. Нысандарға берілген мәртебе
аталған табиғат кешендерінің тұтастығы мен сақталуына қосымша кепілдіктер
береді, аумақтың беделін арттырады және нысандарды ұстауға қажетті қаржы
құралдарын тартуға, соның ішінде Бүкіләлемдік мұралар қорынан қаржы
бөлінуіне ықпал етеді. Қорғалжың мен Наурызым табиғи қорықтарын
ЮНЕСКОның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу туралы шешім Ұйымның
2008 жылы шілденің 7інде Квебекте өткен 32ші сессиясы барысында
қабылданған болатын. Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы Қостанай
облысының Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан. Бастапқы
Фауна субабпақты жердің құстарының 110 түрінен тұрады. Қорда 300 көлемі 320 мың гектарды құраған қорық 1931 жылы ұйымдастырылған
болатын. 1966 жылы оның көлемі 87,7 мың гектарға ықшамдалып, қайта
құрылды. Оған Терсек (көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және
Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат,
Сарымойын көлдері енді. Олардың үлесіне бетегелі жусанды 5 мың га тың
жазық дала кірді. Кеңбайтақ Қазақстанның табиғат байлықтарының бірі
саналатын Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының жер көлемі қазіргі таңда
191381 гектарды құрайды. Қорық орналасқан аумақтың климаты
континенттік; қысы ? суық , ызғарлы; жазы ? ыстық. Қаңтар айының
орташа температурасы ?17 °С, шілде айы +24,2°С. Жылдық орташа
температура +2,4 °С, жылдың 131 күні жайма шуақ, ашық болады. Жауын
шашынның жылдық орташа мөлшері 233 мм, оның 3040 %ы жаз айларында
жауады. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700ге
жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.)
өседі. Қорық жанжануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40тан астам,
құстардың 250дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және
балықтардың 10ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондайақ ор қоян, елік,
борсық, түлкі, суыр т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ
сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды
кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл
құстарының ұшып келуіне, ұя басуына, мүмкіндік береді. Қорық аумағы био
алуан түрлілікті сақтау жөніндегі бірқатар халықаралық жобаларға қосылған.
Бұл бағыттағы жұмыстар қорықтың штаттағы қызметкерлері тарапынан да,
халықаралық және институттар мен ғылымзерттеу мекемелерінің
экспедициялары тарапынан да тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Сондайақ
Қостанай қаласындағы жоғары оқу орындары студенттерінің дала жұмыстары
тәжірибесінен өтуі үшін де кеңінен қолданылады. Осы тұрғыда
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай университетімен, педагогикалық
институттың биология және география кафедраларымен келісімшарттар
бекітілген. Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы базасында экологиялық
үйірме жұмыс істейді. Оған аудан орталығындағы екі мектептің оқушылары
тұрақты қатысып, өздері туыпөскен өңірдегі флора мен фаунаны зерттеумен
шұғылданады. Қорықта «Табиғат мұражайы» жұмыс істейді.
№2 экскурсовод:
2. Қорғалжын қорығы. (Ақмола облысы). 1968 жылы сирек кездесетін
жұмыртқа салатын – қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылған.
Қызғылт фламингоның ең солтүстік отаны Теңіз көлінде. Қорықтың жалпы
ауданы – 243,7 га., акваториясы 199,2 га алып жатыр. Мұнда 42 түрлі аңның
түрлері, 298 түрлі құс, 331 өсімдік түрлері тіршілік етеді. Авиафауна құрамы
өте бай. Сирек кездесетіндер қатарына пеликан, фламинго, шипунаққуы
жатады.
құстардың мыңдаған санының бірігетін орны, соның арқасында қорық
ТенгізҚорғалжын көлі – көктемгі ұшып келу кезеңінде суда жүзетін дүниежүзілік атаққа ие болды. Ол ЮНЕСКО тізіміне айрықша қорғалатын
батпақтыкөл ландшафт есебінде кірді. Қорық Қорғалжын және Теңіз
көлдерінің табиғи кешені – суда жүзетін құстар мен тың даланың қорғауға аз
көңіл бөлінген су маңында мекендейтін құстары тіршілік ететін жері ретінде
халықаралық маңызы бар субатпақты иелікті сақтап қалу үшін 1958ж
ұйымдастырылды. Алайда қорық 1961 ж 1968ж аралығында, бастапқыда
қорықтық шаруашылық ретінде жұмыс істеп, ақыры жабылып қалды. Ал
1968ж сәуір айында Қазақ ССР министрінің қаулысы бойынша Қорғалжын
мелекеттік қорығы болып қайта құрылды да, содан бері үздіксіз жұмыс істеп
келеді. Қорықтың көлемі 237,1 мың га, соның ішінде 199,2 мың га су
айдынының үлесіне тиеді. Ол Ақмола облысы Қорғалжын ауданында
орналасқан, орталық қонысы Ақмоладан 120 км жердегі Қорғалжын
поселкесінде орныққан.
№3 экскурсовод:
3. Марқакөл қорығы (ШығысҚазақстан облысы). 1976 жылы Оңтүстік
Алтайдың табиғи кешенін қорғау мен тану үшін құрылған. Жалпы ауданы 75
мың га. Қорықта 721 өсімдік түрлері, 59 аң түрлері мен 254 құстың түрлері
бар. Негізгі түрлері – марал, аю. Тектоникалық текті Марқакөл таулы көлі
ерекше қызығушылық танытады: теңіз деңгейінен 1485 м биіктікте
орналасқан, ауданы 544 шаршы метр, тереңдігі 27 м. Онда сирек кездесетін
сигускуч балығы тіршілік етеді.
№4 экскурсовод:
4. Батыс Алтай қорығы (ШығысҚазақстан облысы). 1992 жылы құрылған.
Жалпы ауданы 56 мың га. Қорықта 564 өсімдік түрлері, 30 түрлі жануарлар
түрлері, 120 құстың түрлері бар. Ондағы жарыққылқанды (сібір балқарағайы)
және қараңғықылқанды (шырша және пихта) тайга табиғи кешені ерекше назар
аударады.
№5 экскурсовод:
5. АқсуЖабағылы қорығы. (ОңтүстікҚазақстан облысы). 1927 жылы
құрылған. Атауы екі өзеннің атынан құралған: Ақсу және Жабағлы. Әсіресе
Ақсу өзені өзінің өтуге ыңғайсыз тік жағасымен (300500 метрге дейін)
ерекшеленеді. Жалпы ауданы 85,3 мың га. Мұнда Талас Алатау солтүстік
батыс шатқалы мен Угам шатқалының көркем биіктаулы ландшафты кіреді.
Қорықта өсімдіктің 1404 түрі, аңдардың 47 түрі, 239 түрлі құс мекен етеді.
Мінезді тіршілік иелері сібір тауешкілері, еліктер, малар, қабан, аққұлақ,
грифтер, сирек кездесетін қар барысы, түркістан сілеусіні, арқар, тяньшань
аюы, бүркіт, балобан, улы жыландар. Қорықтың Қаратау тауларының еңісінде
Қарабастау және Ақбастау палеонтологиялық қабірлері бар. Онда осыдан 120
млн. жыл бұрын теңіз бассейнінде тіршілік еткен сирек кездесетін түрлі
балықтар, моллюска, тасбақа, юра кезеңінің жәндіктерінің іздері бар.
шілденің 14де ұйымдастырылды. Оның мақсаты Батыс Тәңіртаудың (Тянь
Шань) бірегей табиғи кешендерін, биологиялық саналуандығын сақтап қалу
Қазақстандағы және Орта Азия аймағындағы ең ескі қорық АЖ 1926ж болды. Ол Талас Алатауы жотасының батыс шеті мен ортаазиялық үш –
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінің шекарасының түйіскен
жері Угам жотасымен ұласқан үлескісін алып жатыр. Қорықтың орталық
қонысы Түлкібас теміржол стансасының оңтүстікбатысынан 18 шақырым
қашықтықтағы Жабағылы(1995 жылға дейін – Новониколаевка) селосына
орныққан. Бұл жерде Түлкібас ауданы ОҚО қарайды. Негізгі аумақтан
солтүстікбатысқа қарай 120км қашықтықта, Қаратау жотасының тау
тармақтарында қорықтың екі филиалы Қарабастау және Әулие
палеонтологиялық үлескілері бар.
Қорық аумағы – таулы үлескі, мұнда көлемі 85 мың га мөлшерінен сәл
астам жерде Батыс Тәңіртаудың бүкіл жер келбеті жайлаған. Мұнда аршалы
тоғай, алма ағашы және қайыңды шағын орман, сондайақ тау өзендерінің су
ағының бойлайөскен ғажап жағалық орман, тау шалғындарының сан алуан
түрлері – аласа таулы альпілік шалғыннан бастап, гималай типті ерекше
шалғындарға дейін созылған; биік таулы және тау етегіндегі далалар,
жартастар, қорымдар, фирн даласы және мұздықтар бар.
А.А.Иваценконың жаңа деректері бойынша қорық флорасына жоғары
сатылы гүлді өсімдіктердің 1274 түрі, 470 туыс пен 70 тұқымдас өкілдері,
мұнда саңырауқұлақтар 88 туысынан235 түрі, балдырлардың 48 түрі,
қыналардың 58 түрі және мүктердің 61 түрі тіркелген.
Қорықтың ең ғажап өсімдігі – аршаның үш түрі – сауыр аршасы, қара
арша және балғын арша. Бұлардың ішінде қара аршаның биіктігі 1520м жетіп,
жуандығы 1 м асады. Ал бюалғын арша тауға биіктеп, 3000м дейін, тіпті одан
жоғары көтеріліп, жиылып өседі. Бүкіл өсіп тұрған арша орманмен
салыстырғанда бірінші санатқа жатады, өйткені олар тау беткейлерін жел мен
су эрозиясынан сақтап, нығайтады. Аршалы орман ауасының өзі әсіресе өкпе
ауруы барлар үшін ерекше шипалы.
Өсімдіктер генофондын сақтауда қорықтың атқаратын маңызы ерекше:
мұнда бүкіл орта Азия үшін орнықтырылған 249 мәдени өсімдіктерден
жабайы тұқымдастардың 80 түрі өседі.
Қорық фаунасы сүтқоректілердің 42 түрін, құстардың 238 түрін,
жорғалаушылардың 9 түрін, қосмекенділердің 2 түрін, балықтардың екі түрін
және омыртқасыз жәндіктердің мыңдаған түрін қамтиды.
Қазақстанның Қызыл кітабына қорықта мекендейтін ілбіс, тәңіртау
қоңыр аюы, түркістан сілеусіні, ортаазиялық ақтөс сусар, үндістандық жайра,
бүркіт, сақалтақ, бақалтақ қыран, жыланжегі, жұртшы, қара дегелек, сарлан,
қызылжолақ абжыландар тіркелді.
Қорық осы заманғы сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің
түрін, сондай – ақ Батыс Тәңіртау табиғатын эталон ретінде бүкіл табиғи
құрамдас бөлігін қорғаудан басқа үлкен ғылыми жұмыс жүргізуде: қорық өмір
сүрген жылдары оның аумағындағы барлық материалдар жинақталып, 1948
1996ж дейін 7 ғылыми еңбек жарияланды. 500ден астам ғылыми, көпшілікке арналған ғылыми кітаптар, мақалалар мен очерктер басып шығарылды; екі
ғылыми фильм және бір телефильм түсірілді.
№6 экскурсовод:
6. Алматы қорығы (Алматы облысы). 1961 жылы құрылды. Аумағы 73,3 га
құрайды. 137 өсімдік түрлері, 39 жануарлар түрі мен 200 ге жуық құстың
түрлері бар. Сирек кездесетіндердің қатарына тяньшань қоңыр аюы, қар
барысы, түркістан сілеусіні кіреді.
Қорыққа Іле өзені жазығының бос бөлігі қызықты табиғи нысаны – 150
метрлік «Ән салғыш құмдар» құмды төбе жатады, оның ерекшелігі құмдық
еңістермен қозғалғанда қатты дыбыс береді. Табиғаты өте көркем. Мұнда
мұздар, қарлар мен құздар да бар.
№7 экскурсовод:
7. Барсакелмес қорығы (Қызылорда облысы). 1939 жылы құрылған. Арал
теңізінің біратаулы аралында орналасқан. Аумағы – 30 мың га. Флорада 250
түрлі өсімдік саны бар. Жануарлар әлемінде 56 түрлі жануарлар түрлері –
құлан, жайран, сайғақ, қарсақ, қасқыр тіршілік етеді. 203 түрлі құстың түрі
бар.
Сонымен қатар, 1997 жылы Баянауыл табиғи бағы ұйымдастырылды.
Оның аумағы – 45 мың га жуық. Оны «жазық дала араындағы таулыорманды
оазис» деп аталады. Гранитті, желді, қарағай мен қайың орманымен
көмкерілген Баянауыл таулары Қазақ ұсаққұмды жартылайқуаң жазықтармен
биіктейді, олардың арасында Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері
жатыр. Бұдан басқа, Қазақстанда табиғат ресурстарының бөліктерін шектеулі
шаруашылыққа пайдалану қарастырылған режимдегі жалпы ауданы 4600 га 83
кіші қорықтар бар. Аң аулау орындары, геологиялық, ботаникалық,
зоологиялық, көлді, батпақты, ландшафты кіші қорықтар да бар.
№8 экскурсовод:
8. Үстірт қорығы (Маңғыстау облысы). 1984 жылы құрылған. Аумағы 223
га. Үстірт шоқысының батыс бөлігін алып жатыр. Тұрақты ағынсуы жоқ.
Ағынсыз ойыстар бар, олардың ең ірісі – Барсакелмес, өлшемі 70x30 км.
Қорықта 261 өсімдік түрлері, 27 түрлі аңдар, 111 түрлі құс және бауырымен
жорғалаушылардың 27 түрі тіршілік етеді. Сұр кесіртке Қызыл кітапқа
енгізілген. Сирек кездесетіндер қатарына үстірт муфлоны, ұзынаяқты кірпі,
жайран, қарақал, бүркіт, улы жылан, құзғын, балобан жатады.
№9 экскурсовод:
9. Алакөл қорығы Алматы облысының Алакөл ауданы аумағында
орналасқан. 1998 ж құрылды. Жер көлемі – 12,5 мың га. Қорық солтүстігінде
Тарбағатай, шығысында Барлық пен Майлы, оңтүстігінде Жетісу Алатауы
жоталарымен қоршалған. Батыста Балқаш көлі ойысымен шектелсе, оңтүстік
–шығысында Жоңғар қақпасына тіреледі. Қорықтың көп бөлігін Сасықкөл,
Ұялы және Алакөл көлдері алып жатыр. Қорықтың климаты қатаң. Алакөл қорығының фаунасы сан алуан.
Мұнда сүтқоректілердің, шамамен, 40 түрі бар. Қабан, түлкі, елік, таутеке,
т.б. жануарлар мекендейді. Су айдынында құстардың 283 түрі тіркелген.
Оларды батпақта және су жағалауында тіршілік ететіндер деп топтауға
болады. Әсіресе, шағала, бірқазан, жағалтай, тырна, көкқұтан, ақққулар;
балықтардан сазан, алабұға, көксерке кездеседі.Мұнда соңғы жылдары
тіркелген қарамойнақ шағаланың орны бөлек. Ол – КСРОның «Қызыл
кітабына» енген құс.
№10 экскурсовод:
10. Қызыл Кітап Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы
мәліметтерді, ғылыми фактілерді саралап келіп, оларды қорғау қажеттігі
туралы тоқтамға келді. Кейбір мемлекеттерде қорықтар, ұлттық саябақтар
құрылған. Осында й шаралардың бірі – Халықаралық табиғатты және табиғи
қорларды қорғау қорғау одағы еді (ХТҚО). Ол 1948ж құрылды. Мақсаты:
жүние жүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және
өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. Оған дейін
халықаралық «Қызыл кітаптың» тізімі жасалды.«Қара кітапқа» жер бетінен
біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді.
кітапқа» белгілі түрді енгізу үшін ғалымдар әр жануардың не өсімдіктің 5
санатын анықтаған.Осы санатқа сәйкес келген жағдайда ғана ол түр «Қызыл
кітапқа» енгізілген.Ол санаттар мынадай болды:
І санатжойылып бара жатқандар.Бұлар туралы соңғы 50 жылда ешқандай
деректер жоқ.Мысалы, қызыл қасқыр, қара күзен, қабылан, қызылқұм арқары,
құдыр, т.б.
ІІ санатсаны азайып бара жатқандар (жақын арада жойылып кетуі мүмкін).
Мысалы, балқаш алабұғысы, сарықұтан, жұпар, құлан, т.б.
ІІІ санатсирек түрлер (қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте сирек
кездесетіндер).Мысалы, қар барысы, сілеусін, жарғанат, бұлдырық, қара
тұрпан, қара ләйлек, т.б.
ІV санат белгісіздер (толық зерттелмеген түрлер).Мысалы, шұбар кесіртке,
қара шұбар жылан,т.б.
V санат қалпына келгендер (қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген
түрлер).Мысалы, аққу, көкқұс, т.б.
ІV.«Суреттер сөйлейді» бөлімі. Мұнда оқушыларға слаидтардағы Қызыл
кітапқа енген жануарлардың биологиялық сипаттамасын тыңдатамын
«Қызыл
V. Бекіту тапсырмалары. Фронтальды сұрақтар қою арқылы оқушыларға
сұрақтар беремін.
1. Маңқыстау облысында орналасқан қорық (Үстірт)
2. «Ән салғыш құмдар» құмды төбесі бар қорық (Алматы)
3. Екі өзенніңатауынан құралған қорық аты (АқсуЖабағылы)
4. Қазақстанның Қызыл кітабына жануарлар мен өсімдіктер қандай
заңдылықпен енгізілген? 5. Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық (Қорғалжын)
6. Наурызым қорығы қай облыста орналасқан? (Қостанай)
7. «Қызыл кітап» поэмасының авторы? (Қ.Мырза Әли)
8. Қылқанды тайга орманы орналасқан қорық (Батыс Алтай)
9. Қазақстаннның Қызыл кітабы қай жылы шықты? (1978)
VІ. Қорытынды. Қ.Мырза Әлидің «Қызыл кітап» өлеңі оқылады.
VІІ. Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалаймын.
VІІІ. Үйге тапсырма: БҚО қорғалатын аумақтары
Қ.Мырза Әлидің «Қызыл кітап» өлеңі .
Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған,
Менің мазам қашады күдікті ойдан.
Жұртпен бірге мәз болып,
Дуду етіп
Қайта алмаймын одан соң күліп тойдан.
Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!
Қан жуады олардың ізін әлі.
Көргенненақ мылтықты
Менің үшін
Дүниенің дидары бұзылады.
Аяймын мен анасыз,
Атасызды.
Аяймын мен құлынсыз,
Ботасызды.
Хайуанатқа жасаған қиянатың –
Бауырыңа жасаған опасыздық!
Біздің сайда болатын мия қалың,
Ауылдастар ойлайтын ұя қамын.
Мия сиреп,
Ұядан құстар безіп,
Біреу үшін енді мен ұяламын.
Ұяламын қарауғада қарлығашқа
Шиқылдайсын,балапан ,қарның аш па?
Жалтаңдайсын әр Болат,
Әр Қайратқа,
Жаутаңдайсын әр Баян ,
Әр Күләшқа.
Тәрбең де жақсы еді,
Тәлімің дә.....
Аян бірақ өмірдің мәні кімге?
Торғай аттың бір кезде,
Соның үшін
Ұяламын бауырым әлә күнге. Ұяламын қарауға қоңыр қазға
Толып –ақ тұр бүгінде өмір назға.
Балапанын шұбыртқан қасқалдақтың
Оқтан көрген қорлығы ,
Зәбірі аз ба?
Ұяламын қарауға шүрегейге
Құстың бірі туған да,
Бірі өгей ме?
Бүгін кептер атқандар
Ертең ердің
Кеудесіне тапанша тіремей ме?
Ұяламын қарауға егіз құрға
Қыра берсек қалады неміз қырда?
Жата берсін шуылдап ормантоғай,
Жата берсін малынып теңіз нұрға!
Ұяламын қарауға қырғауылға
Аңшы деген ат бердік бір қауымға.
Кейбір көлдің орнында шалшық қалды,
Кейбір талдар айналды сырғауылға.
Ұяламын қарауға шағалаға
Мылтық ұстап шалқарды жағалама.
Құстың зарын естісе
Не демекші
Саған ана мына жер
Маған ана?
Ұяламын аң аулап бел асқанға
Түсінбеймін сол үшін таласқанға .
Ұшып бара жатпаса аққуқаздар,
Ұяламын қарауға көк аспанға.
Одан көріп,
Ақыры бұдан көріп,
Таласқаннан не таппақ құлан керік?І
Жоғалтқанды жоқтаған жөн болғанман,
Жоғалтпаған жақсырақ одан гөрі!
Отыра алмас ұл шыдап, Қызың шыдап.
Жоғалғандар тізімі ұзын шұбақ.
Қызыл кітап
Мезгілсіз кеткендердің
Бастарына қойылған қызыл шырақ!
Келеді кез,
Күрделі біздің бұл кез!
Жаутаңдайды адамға түзде мың көз.
Қызыл кітап Опат боп кеткен аңның
Бастарына қойылған қызыл күмбез.
Қашқан кезде адамнан
Ізін қандап,
Тау ешкісі өтеді құзыңды аңдап.
Қызыл кітап –
Тірі жан тимесін деп,
Хайуанатқа берілген қызыл мандат.
Баяғыдай бәрінің халы бірақ –
Мойындарын үзеді әлі бұрап.
Қызыл кітап –
Бұл өзі қызық кітап:
Тысы жұқа,
Астары қалыңырақ!
Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлардың сипаттамасы
Алып көртышқан
Каспий өңірінің эндемигі. Солтүстік Каспий өңірінде таралған,
Қазақстанда Жайық, Жем өзендерінің аралығында мекендейді. Әртүрлі
типтегі құмдардың ылғалы мол, жазықты және дөңесті учаскелерінде, терең
сайлардың беткейлері мен құрғап қалған өзен арналарында кездеседі.
Қазақстанда жалпы саны белгісіз. Шектейтін негізгі себептер малды шектен
тыс жаю, қатал қыс пен құрғақшылық. Батыс Қазақстан облысының Қарағаш
құмды алқабында қорықша ұйымдастыру қажет
Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. ТяньШань, Тарбағатай,
Барыс
Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында таралған; таулардың альпі және
субальпі белдеулерінде құзды, жартасты жерлерді мекендейді. Қазақстанда
жалпы саны 200 бастан аспайды; санының кемуінің негізгі себептері
қасақылық және негізгі қоректік объектілер (таутеке, арқар, елік) санының
азаюы. 1976 және 1985 жылдары барыстар Алматы хайуанаттар паркінде өсіп
өнген. АқсуЖобағылы, Алматы және Марқакөл қорықтарында және үш
қорықшаларда қорғалады. Жоңғар қорығын ұйымдастырып, қазіргі бар
қорықшаларда қорғау жұмыстарын жақсарту қажет
Қарақұйрық
Сирек, кейбір аудандарда саны кеміп, мекендейтін жерлері тарылуда.
Үстіртте, Қызылқұмда, Тауқұм мен Іле ойпатында таралған, сексеуіл өскен
шөлдерде мекендейді. Қазақстанда жалпы саны 3050 мың бас; санының
кемуінің негізгі себептері шөлдерді қарқынды түрде игеру және қасақылық.
Өзбекстан мен Түркменстанда питомниктерде өсіріледі. Үстірт пен
Барсакелмес қорықтарында, «Алтынемел» ұлттық паркі мен АқтауБозашы қорықшаларында қорғалоды. Бозашы мен Қызылқұм қорықтарын және
бірқатар қорықшалар ұйымдастыру қажет.
Үстірт арқары
Саны мен таралу аймағы шектелген. Үстірт пен Маңқыстаудың таулары
мен қырларында тараған. Қазақстанда жалпы саны 56мың бас; санының
кемуінің негізгі себептері қасақылық және арқарлар мекендейтін жерлерді
шаруашылық жүргізу үшін қарқынды түрде меңгеру. 1978 жылы бұларды
Ашғабад және Харьковтың хайуанаттар парктерінде ұстаған, соңғы паркте
олар ойдағыдай өсіпөнеді. Үстірт қорығы мен екі қорықшада қорғалады.
Маңқыстау облысында қорғалатын территориялар жүйесін құруды реттеу
қажет.
Сабаншы
Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Маңғыстау, Үстірт, Эмба
(Жем) өзенінің бойында, Қызылқұмда, Қаратау, ТяньШань, ШуІле
тауларында, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Қалбы және Оңтустік
Алтай мен Сарыарканың оңтустігінде таралған. Шөлді аласа таулар,
жартастар мен биік таулы сырттарда жене долада мекендейді. Қазақстанда
саны аз; санының аз болуының неғізғі себептері қасақылық және қоректіқ
қорлардың кемуі. Қолда өсіпөнеді
Шағыл мысығы
Сирек, саны аз. Маңғыстау түбегінде, Үстіртте және Қызылқұмда
таралған, құмды шөлдерді, әсіресе қыратты, белесті, негізінен бекітілген
құмдарды мекендейді. Қазақстанда сан мөлшері белгісіз, санының кемуінің
негізгі себептері қатал әрі қалың қарлы қыс пен қоректің жетіспеуі. Үстірт
қорығы мен АқтауБозащы қорықшасында қорғалады. Қызылқұм қорығын
ұйымдастыру қажет.
Қарақал
Сирек, жойылып бара жатқан түр. Маңқыстау мен Үстіртте таралған;
сексеуіл, бұталар өскен кұмдар мен құзжартастарды мекендейді.
Қазақстанда бірнеше ондаған бас есептелінген. Санының азаюының негізгі
себептері қатал әрі қары көп қыс пен қасақылық. Қолда өсіпөнеді. Ташкент
хайуанаттор паркінде 19681970 жылдары төрт рет күшіктеді. Үстірт қорығы
мен екі қорықшада қорғалады. Маңқыстау облысында қорғалатын тер
риториялар жүйесін құруды реттеу қажет.
Итаю
Сирек, Қазақстанда таралу аймағының солтүстік шеті өтеді. Үстіртте
таралған; сексеүіл өскен жазықты және шағын қыратты жерлерде мекендейді,
сол сияқты баялыш, қараған, түйесіңір өскен жерлерде де кездеседі.
Қазақстанда біренсаран кездесулер белгілі, қорғау шаралары дайындалмаған.
Итаю кездескен жерлерді Үстірт қорығына қосу қажет.
Европа қара күзені
Қазақстанда жойылған түр. Негізінен Батыс Қазақстанда мекендеген, ал
Солтүстік Қазақстанда бір аң ғана кездескен. Біренсаран күзеннің Ресейден келуі мүмкін. Күзеннің тіршілігі тұщы су қоймаларымен тығыз байланысты.
Мекендейтін жайлы орындары жағасынде қалың шөп өскен өзектер мен
өзендер және көлдер. Қолда өсіпөнеді. Түрді сақтап қолу үшін хайуанаттар
паркі мен аң фермаларында өсіру қажет.
Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Қазақстанның шөлейтті
Шұбар күзен
шөлді аймақтарында батыста ЕділЖайықтан шығыста Зайсан ойпатына
дейін таралған; жазықты тау бөктерлері мен таулы шөлейттішөлді және
далалық биотоптарды мекендейді; 0,81/2 шаршы шақырымда бір аң кездеседі.
Санының азаюының негізгі себептері тың жерлерді жырту және
кеміргіштермен күресу үшін улы химикаттарды кең қолдану.
Ақбауыр жарқанат
Сирек кездесетін түр, Қазақстанда таралу аймағының терістіктегі ең
шеткі шекарасы өтеді. Республикада екі жерде – Сырдария Қаратауының
баысындағы Ақмешіт үңгірі мен Үстірттің батыс жағындағы Қарамая
тауынан табылған. Қаратауда аса терең емес тасты жарларды мекендейді.
Саны мөн оған әсер ететін факторлар белгісіз. Үстірт қорығында қорғалады.
Ақбауыр жарқанаттың биологиясын зерттеп, оны қорғау мәселелерін
дайындау қажет.
Сирек, Қазақстанда 1953 жылы жерсіндірілген. 1982 жылдан Қапшағай
Түрікмен құланы
мемлекеттік аңшылыққорық шаруашылығында, 1986 жылдан Бетпақдала,
1991 жылдан – Маңғыстауда жерсіндіру жұмыстары жүргізіле басталды. Шөл
және шөлейтті жерлердің жазықты, төбелі және қиыршық тасты жерлерін
мекендейді; аласа таулар мен тау бөктерлерін де жайлай береді. Қазақстанда
жалпы саны 700 бас. Алматы мен Қарағанды хайуанаттар парктерінде
бағылады және көбейді. «Алтынемел» ұлттық паркінде, Барсакелмес қорығы
мен екі қорықшада қорғалады. Түрікменстаннан қан жаңарту үшін жаңа
құландар әкеліп, Оңтүстік Балқаш өңіріне жерсіндіру қажет.
Жұпар
Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Жайық өзенінің
жайылмасында, Еділдің атырауы мен Үй, Тобыл, Обаған және Тоғызақ
өзендерінің жайылмаларында кездеседі, су өсімдіктеріне бай жайылма көлдер,
ескі арналар, өзектер мен жылғаларда мекендейді. Қазақстанда жалпы саны
2,53,0 мыңдай; санының азаюының негізгі сөбептері жайылма жерлерді
құрғатү, үлкен тасқындар, қасақылық (браконьерлік). Жойық өзенінің
жайылмасындағы екі қорықшада қорғалады. Жайық өзенінің жайылмасында
қорық және Қостонай облысында ТобылҮй қорықшасын ұйымдастыру қажет.
Үнді жайрасы
Сирек, таралу аймағы тарылып, саны азаюда. Оңтустік Маңқыстауда,
ТяньШаньда, Сырдария Қаратауы мен ШуІле тауларында таралған. Тау
бөктерлерінің тілімделген учаскелері мен аласа тауларды, сол сияқты биіктігі
теңіз деңгейінен 2000 м ге жететін тауларда мекендейді. Қазақстанда саны аз; санының азаюынының негізгі себептері қалың қар, топырақ бетінің терең
қатуы, адам баласының шектен тыс шаруашылық қызметі. Алматы
хайуанаттар паркінде 1982 және 1983 жылдары өсіпөнді. Таралуы мен сан
мөлшерін анықтау қажет
Сирек. Жайық өзенінің жайылмалары мен Солтүстік Қазақстан
Орман сусары
ормандарында таралған; жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда
мекендейді. Қазақстанда жалпы саны 200 бастың шамасындай; санының
азаюының негізгі себептері орман алқабының қысқаруы және қасақылық.
Қолда ойдағындой өсіпөнеді. Үш қорықшада қорғалады. Жайық өзенінің
жайылмасы мен Солтүстік Қазақстан ормандарында мекендеуге жарайтын
учаскелерді сақтау қажет.
Көптісті жертесер
Сирек, Қазақстанда зерттелмеген. Палеарктикада кең тараған.
Қазақстанда екі жерде: солтүстік Үстірт пен Арал теңізінің солтүстік
жағалауында табылған. Тау бөктерлері мен таудың төменгі белдеулерін,
өзендер мен көлдердің бойындағы қалың тоғайларды мекендейді. Саны
белгісіз, оны шектейтін факторлар анықталмаған. Үстірт қорығында
қорғалады. Көптісті жертесердің тарауы мен биологиясын зерттеу қажет.
Anas angustirostris
Мәрмәр шүрегей
Жоғалып кету қаупы бар түр. Қазақстанда соңғы 20 жылда бірдебір
кездеспеген. Бұрын Сырдария бойында, Еділ мен Жайықтың аралығында жиі
кездесетін. Саны барлық жерде азайған сияқты. Түркияда 70 шы жылдары
бар болғаны 2 мыңдайы ғана қыстаған. Санының азаю себептері анықталмаған.
Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінде бұл түрді терең зерттеу
жүмыстарын жүргізіп, жойылу себептерін анықтап, оны сақтап қалудың
шараларын белгілеу керек.
Cygnus Cygnus
Сұңқылдақ аққу
Саны кеміп бара жатқан түр. Адам қызметінің әсеріне шыдай алмайды.
Қазақстанда кең тараған болатын, кәзір республиканың Солтүстік, Орталық
және ОңтүстікШығыс аудандарының 56 жерінде көлемді ұяларын жасыруға
болатын қалың қамыс қоғалы ірі көлдерді мекендейді. Каспий маңында
қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400 дей болған, одан бері
саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға қолайлы орынды жиі ауыстыруға
мәжбүр болуы.
Chettusia gregaria
Тарғақ
Жойылып кетү қаупы бар түр, Қазақстан мен Ресейдің эндемигі.
Қазақстандағы таралу аймағы республикамыздың солтүстігіндегі далалықты
түгел қамтиды. Кәзіргі саны туралы нақтылы деректер жоқ, бірақ, барлық жерде оның санының біртебірте азайып келе жатқаны даусыз. Бұдан 2030
жыл бұрын оны кездестіру дағдылы жоғдай болатын. Санының азаюының
негізгі себептері жерді жырту, дала ландшафының басқа да өзгерістері,
малды көп жаю, химиялық қосылыстарды ретсіз пайдалану, аңшылық. Ауыл
шаруашылық жұмыстарын экологиялық тұрғыдан ұйымдастырып,
оны
қорғауды халық арасында насихаттау керек.
Larus relictus
Реликті шағала
Жойылып кету қаупы бар түр. Бар жоғы 3 жерде оңтүстік шығыс
Байқал маңында,
Ордоста (Ішкі Моңғолия) және Шығыс Қазақстанда
ұялайтыны белгілі, соңғысында аумағы кішкене аралдардың бірінде оның
колониялары орналасқан.
5 мыңдай шамасында деп
жорамалданады. Қазақстанда әр кезде 20дан 1200ге дейін мойнақ шағала
ұялайды (ал 1973 жылы ұя баспаған). Колониялары орналасқан Алакөлде
«Реликті шағала» атты қорықша ұйымдастырылған. Алакөл қорығын құру
қажет.
Жалпы саны
Egretta garzetta
Кіші аққұтан
Өзінің таралу аймағында сирек кездесетін түр. Қазақстанда Еділдің
атырауы мен Жайықтың сағасының аралығымдағы Каспийдің солтүстік
жағалауында тал мен қамысы қалың көлдер мен өзендерді, оның тармақтарын
және теңіз жағалауын мекендейді. Кейінгі жылдары саны азайып кетті. Бүкіл
Солтүстік Каспий аймағында небәрі 1 мыңнан аспайтын кіші аққұтан тіршілік
етеді. Олардың Еділ атырауы мен Жайық сағасындағы мекенінде қорықтар
ашу қажет.
Ciconia ciconia asiatica
Ақ ләйлік
Аз санды түрше Қазақстанда жойылып бора жатса, көршілес
Өзбекстанда оның саны айтарлықтай сақталған.
Ақ дегелектің ұясы
Шымкенттің оңтүстігінде ғана сақталған, кәзір мұнда 1530дай ұясы бар.
Жалпы саны жылданжылға кемуде. Елді мекендерге жақын орналасады,
сондықтан адамдардың қарымқатынасы оларға көп әсер етеді.
Таяз
сулпардың азаюынан азық қорының кемуі, улы химиялық заттарды пайдалану
дегелектердің жойылуына бірденбір себеп болып отыр. Бұл құстың әрбір
ұясын қорғауға алу қажет.
Plegadis falcinellus Қарабай
Саны күрт кеміп бара жатқан тур, таралуы ойдымойдым. Үстіміздегі
ғасырдың ортасында Арал мен Торғай су алаптарында, Балқаш маңында
ұялайтын. Кәзіргі кезде тек Солтүстік Каспий маңын мекендейді. Мұндағы
сирақты құстардың аралас тобында қарабайдың 173 қана ұясы бар. Қамысты
жерлерде тіршілік етеді. Санының азаюына әсер ететін негізгі факторлар су
деңгейінің көтеріліп кетүі, қамысты шауып алу, өрттің ж иілігі, аңшылық,
ұялы мекенін адамдардың мазалауы
Aquila rapax
Дала қыраны
Саны қалпына түсіп келе жатқан түр. Евразияның, соның ішінде
Қазақстанның далалық және шөлейтті аймақтарында кең тараған. Әсіресе
Батыс Қазақстан мен құрғақ далалы тау бөктерлерінде көп болған.
Жыртқыштармен күресу кампаниясынан кейін (5060 жылдар) саны азайып
кетті, екінші себеп жоғарғы кернеулі электр таратү жүйелерінің сымдарында
өлімжітімге ұшырауы. Бұл қырандардың жердегі ұялары өте жеңіл бұзылады.
Бүркіттерді және олардың ұяларын қорғауды насихаттау, сонымен қатар
электр жүйесін жеткізетін тіректерді тиымды қорғаныш құрластармен
жабдықтау қажет.
Aquila chrysaetos
Бүркіт
Саны азайып бара жатқан, сирек кездесетін құс. Қазақстанда кең
таралған, бірақ біркелкі емес, кездейсоқ. Жалаңаш және құзжартасты
тауларды, қыраттарды, қарағайлы және басқа да тоғайларды, өзендердің
жайылмасын, сексеуілді шөлдерді мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны
белгісіз, шамасы бірнеше жүз болуы керек. Санының азаюының негізгі
себептері: заңсыз аулау, қолда өсіру үшін ұядан балапандарын алу, ересек
құстардың электр сымдарында, қақпан моңыңдағы уланған жемдерді жеп өлуі
және қақпанға түсуі. Бүркітті қорғауды кеңінен насихаттап, заңды түрде
қорғау тәртібін белгілеп, аңшы құс ретінде қолда бағу жағдайын жасау керек. Aquila heliaca
Қарақұс
Сирек, саны кеміп бара жатқан түр. Қазақстанда солтүстік ендік
бойынша 53ші градусқа дейін кең тараған; ол тек биік таулар мен мүлдем
орманы жоқ аудандарда ғана кездеспейді. Саны белгісіз, бірақ 5060шы
жылдардағы күрт төмендеуден кейін қайтадан қалпына келуі өте баяу жүрсе,
ал кейбір жерлерде мүлдем жоқ. Басқа бүркіттер сияқты электр жүйесін
тарату тіректерінде жиі өлімжітімге ұшырайды, кейде бүркіт орнына
аулаушы қүс ретінде қолда ұстау үшін ұядан да балапандарын алады.
Қарақұсты қорғау үшін үгіт насихатты жандандыру, белгілі ұя салатын
орындарды қорғау және орманы жоқ, аудандарда оларды ұялауға тарту үшін
ағаш басына жасанды ұялар тұғыры н жасау қажет
Gypaetus barbatus
Сақалтай
Саны тұрақты болғанымен аз, сирек кездесетін түр. Қазақстандо Талас
Алатауынан Жоңғар Алатауына дейінгі тау жоталарында таралған, ұясын
таудың жартастықұзды жерлеріне салады. Санының қанша екені белгісіз,
дегенмен 100ге жете бермес. АқсуЖабағылы және Алматы таулы
қорықтарында 20 шақтысы қорғауға алынған. Олардың қорықтардан тысқары
ұяларын тауып, оны қорғап, саяхатшылардың сақалтайдың ұясы бар
шатқалдарға бармауын қадағалап, қолдан өсіруді жолға қою керек Gyps himalayensis
Құмай
Аз зерттелген, сирек кездесетін құс. Тибет, Гималай, ПамирАлай жене
ТяньШаньды мекендейді. Қазақстанның оңтүстікшығысындағы биік тау
жоталарында, тау орманынан жоғары тіршілік етеді. Санының азаю себептері
анықталмаған, шамамен оған улы жемдерден өлуі және оның қорегіжабайы
тұяқтылардың азаюы себеп болуы мүмкін. Ұяларын тауып, оларды қорғауға
алу керек, мүмкін, қыста қосымша жемдеуді үйымдастырып, қолдан өсіру
тәсілдерін табу керек шығар.
Neophron percnopterus
Жұртшы
Сирек кездесетін түр. Африканың, Оңтүстік Европаның және Азияның
тауларында кең тараған. Қазақстанда ТяньШань сілемдерін, Үстірт пен
Маңқыстаудың құлама жарларын мекендейді. Шөлдегі таулардың құзды
жартасты жерлерін немесе ірі жоталардың құрғақ бөктерін ұнатады. Саны аз
әрі біраз кеміп келе жатыр. Санының азаю себептері заңсыз аулау, қақпанға
түсуі, қақпан маңындағы уланған жемді жеп алуы. Қаратау мен Іле алқабында
қорықтар ұйымдастырып, заңсыз аулаушылармен күресті күшейтіп, сондайақ
уланған жемдерді пайдалануды шектеу шараларын белгілеу керек.
Falco cherrug
Ителгі
Қазақстанда бұл түрдің кейінгі 34 жылда саны күрт кеміп кеткендіктен
жойылып кету қаупы бар. Оның басты себебі: араб елдеріне сатү үшін
ересектерін аулау және ұядағы балапандарын алу. Заңсыз аулаудың осындай
түрі соңғы жылдары кең тарап отыр. Бұл түрді АқсуЖабағлы, Наурзым және
Үстірт қорықтарында ғана қорғаудың жеткіліксіздігі байқалып отыр. Жаңа
қорықтар ұйымдастырудан да бұрын оларды аулауға толық тыйым салу керек.
Falco pelegrinoides
Бидайық
Жойылып кету қаупы бар өте сирек түр. Африкада, Алдыңғы, Ортаңғы
ал Қазақстанның
жене Орталық Азияның тауларында тіршілік етеді,
оңтүстігіндегі және шығысындағы
аймақтарында
мекендейді. Қазақстанда саны өте аз, солардың алтауы Алматы қорығында
ұялайды. Алматы қаласында күз және қыста 1 5 бидайықты кездестіруге
болады. Санының азаю себептері және жалпы тіршілігі туралы деректер жоқ.
Олардың ұяларын тауып, оны қорғоу керек және қолдан өсіру әдістерін
зерттеу қажет
таулардың шағын
Falco peregrinus
Лашын
Жойылып кету қаупы бар түр. Лашын жер шарында кең тарағанмен,
Қазақстанда анық екіақ жерде ұясын тапқанбіреуі Наурыз қорығында 1935
ж., екіншісі Оңтүстік Алтайда 1958 жылы табылған. Бұдан кейін оның Қазақстанда ұя салғанын ешкімде көрген емес. Республикамыздың үстінен
қыста да ұшып өткенімен, біздө қыстайтындарының саны азаюда; мысалы,
Алматыда 18831888 жылдары 2ден 5ке дейін лашындар қыстаған. Қолдан
өсіріп, жетілген балапандарын еркіне жіберу керек.
Falco rusticolus
Ақ сүңқар
Сирек кездесетін, бізде өнебойы қыстамайтын түр. Солтүстік Америка
мен Евразияның арктикасында таралған, қыстау үшін оңтүстікке ұшып
кетеді. Қазақстанда қыста Көкшетау, Өскемен, Алматының маңайынан
кездестірілген, ондағы ашық қоймалардан кіші дүркептермен қоректенеді.
Барлық жерде де жекелеген құс көзге түскен. Санының азаю себептері
анықталмаған, қорғау шаралары белгіленбеген. Барлык, қырандарды қорғауды
халық арасында кеңінен насихаттап, оларды қолдан өсіруді тездету қажет.
Pandion haliaetus
Балықшы тұйғын
Жойылып кетү жағдайында тұрған түр. Ертеректе Қазақстанның балығы
мол және ұя салуға ағаштары бар көптеген су қоймаларында мекендеген.
Қазір ұя басар кезінде бірнеше жерлерде: Марқакөл (Оңтүстік Алтай),
Жайық, Ертіс, Іле өзендерінде ғана кездеседі. Саны 6070 ке дейін (оның
жартысы Шығыс Қазақстанда) кеміді. Негізгі себептер орманды кесу, балық
қорларының таусылуы, ересек құстарды жою. Ұяларды есепке алып, олардың
әрқайсысының айналасын тыныштық аймаққа айналдыру қажет. Tetraogallus altaicus
Алтай ұлары
Таралу аймағы шағын сирек кездесетін тур. Қазақстанда Оңтүстік
Алтайдың таулы аймағында (оған Марқакөл қорығы да кіреді) мекендейді.
Саны белгісіз, бірақ, осындай шағын аумақта бірнеше ондап кездесуі мүмкін.
Өте сирек бұл құсты қорғауды онан сайын күшейтіп, шопандар мен аңшылар
арасында үгітнасихатты кең таратып, оның заңсыз аулануын тежеу
керек.Питомниктерде қолдан өсіруді жолға қойып, табиғи санын көбейту
орынды болар еді.
Anthropoides virgo
Ақбас тырна
Саны қалпына келе жатқан түр, туыстың Солтүстік Евразиядағы бірден
бір өкілі. Қазақстанның солтүстік бөлігі мен оңтүстікшығысының далалары
мен шөлейттерін мекендейді. 60шы жылдары тың даланың қабырғасы
сөгілген соң, саны күрт төмендеді, бірақ 80ші жылдардың саңына қарай бүл
тырна дәнді дақылдар егістіктерінде ұялай бастады, оның саны 5060 мың
басқа дейін өсті. Ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізу кезінде бұл түрдің
жұмыртқалары мен балапандарын сақтап қалудың жанжақты шараларын
дайындау қажет.
Grus grus
Сұр тырна
Саны үздіксіз кеміп бара жатқан кең тараған түр. Қазақстанның
солтүстігіндегі ормандыдалалы аудандарда көптеп, ал республикамыздың
оңтүстікшығысындағы өзен алқаптарында өте сирек кездеседі. Қамыс пен
құрақ қалың өскен таяз өзендер мен көлдердің батпақты учаскелерін
мекендейді. Негізгі биотоптарын меңгеру және құрғату түрге қауыпқатер
төндіреді. Саны анықталмаған, оның кеміп бара жатқаны ғана белгілі.
Тырнаның мекендейтен жерлерінде қорықтар мен қорықшалер аз. Оларды,
әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында
құру қажет.
Grus leucogeranus
Ақ тырна
Жойылып кету жағдайында тұрған түр, Солтүстік Азияның әндемигі.
ХТҚОның Қызыл кітабына тіркелген. Ресейдің солтүстігінде ұялайды,
Қазақстанда наурызмамыр және қыркүйекқараша ойларында, ондада
республикамыздың батыс жағынан ұшып өтеді. Түрдің жалпы саны 1,5 мыңнан
аспайды. Қазақстанда ұшып өтетін ақ тырналар тек Наурызым мен Қорғалжын
қорықтарында ғана қорғалады. Ақ тырнаның қоныс аудару жолында
орналасқан Торғой қорығын құруды тездету қажет.
Chlamydotis undulata
Жорға дуадақ Өзінің таралу аймағының әр жерінде жойылып кету қаупы бар түр.
Қазақстанда оның саны әліде жеткілікті. Шөл мен шөлей таймақтарын
Қазақстан жазықтығының оңтүстік бөлігін түгел мекен етеді.
Республикамыздағы жалпы саны 30 мың шамасындай. Үстірт қорығында
тіршілік ететін популяциясының шамалы бөлігі ғана қорғалады. Бұл түрді
заңсыз аулайтындардан қорғау үшін тағы да екі қорық үйымдастырып,
Бетпақдала мен Қызылқұмда, сонымен қатар заңсыз аулайтындармен күрес ш
араларын қатайту керек.
Otis tarda
Дуадақ
Жойылып кетү қаупы бар тур. Бұрын Қазақстанның оңтүстігі мен
оңтүстікшығысындағы дала мен тау бөктерлеріне кең тараған еді. 50шы
жылдары тың жерлерді игерудің нәтижесінде көп жерлерде жойыла бастады,
екіншілерінде саны оншоқты есе азайды. Кәзіргі уақытта Қазақстандағы саны
белгісіз, өте сирек кездеседі және әр тобында 18ден аспайды. Қазақстанның
далалық аймағында оларды қорғайтын қорықтар жүйесін ұйымдастыру қажет.
Otis tetrax
Безгелдек
Осының азақ алдында жойылып кетуге жақындаған, ал, кәзір өзінің
санын шамалап көбейтіп келе жатқан түр. Бұрын республикамыздың далалық
аймағының барлық жерінде кездесетін, әсіресе, ақ селеулі және бидайықты
аудандарын ұнататын. Тыңды жаппай игергеннен кейін, негізінен батыс
облыстарда сақталып қалды. Қәзіргі сақталған аудандарында жүздеп
кездеседі, жалпы саны мыңдап есептелінеді. Барлық жерде де саны көбейіп
келеді, кейбір бұдан 2030 жыл бұрын жойылып кеткен жерлерде де кездсетін
болды. Бұл турдің жиі мекендеген жерінде оны корғайтын қорықшалар
ұйымдастыру қажет.
Porphyrio porphyrio
Көкмаңдай
Саны аз түр, Қазақстан территориясында таралу аймағының солтүстік
бөлігі тек солтүстікшығыс Каспий өңіріне еніп жатыр. Жағасында су құрақ
пен қамыс өскен ащы және тұщы су қоймаларын мекендейді. Қазақстандағы
саны оншақты жұп. Республикада арнайы еш жерде қорғалмайды. Түрді
қорғау үшін Жайық өзенінің сағасындағы олар ұялайтын жерлерде қорықша
құру қажет.
Ibidorhyncha struthersii
Орақтұмсық Сирек кездесетін шағын аймақта ғана мекендейтін, Орталық Азия биік
тауларының эндемигі. Биік таулардағы аумағы кішкентай үсақ тасты
биотоптарды өзгерту құстың оңай құрып кетуіне себепші болады. Қазақстанда
Солтүстік ТяньШанның биік тауларында бірнеше жерлерде ғана ұялайды.
Республикадағы жалпы саны 200ден аспайды, соңғы жылдары санының азаю
тенденциясы байқалмайды. Түрдің ұялайтын негізгі екі ошағында екі қорықша
ұйымдастыру және Алматы төңірегінде түрді қорғауды тәртіпке келтіру
қажет.
Podoces panderi ilensis
Іле жорға торғайы
Таралу аймағы шағын әрі оңашаланған жорға торғай түршесі, Қазақстан
әндемигі. Оңтустік Балқаш өңірінің шөлдерінде, негізінен Балқаш көліне
құятын Іле мен Қаратал өзендерінің аралығында кездеседі. Сирек сексеуіл
өскен құмды шөлдерді мекендейді. Саны толық анықталмаған, бірақ кейбір
жылдары ол күрт өзгеріске ұшырайтыны белгілі. Мекендеуге өте қолайлы
жерлерде 5x3 шақырым аймақта 13ке дейін ұя есепке алынды. Түршеге нақты
қауып сексеуіл тоғайын кесу және ол мекендейтін жерлерді өзгерту. Балқаш
өңірі қорығын құруды тездетү қажет.
Carpodacus rubicilla
Үлкен құралай
Сирек кездесетін, аз санды, жете зерттелмеген құс. Орталық Азияның
биік тауларын мекендейді, Қазақстандағы ұялайтын жерлері белгісіз. Саны
анықталмаған, дегенмен оншо көп болмаса керек; әзірге белгелі бізге
қыстайтын екі жер: Алматының төңірегі мен АқсуЖабағылы қорығы. Үлкен
құралай бірнеше ондап қана кездеседі. Бұл түрге негізгі қауып сайрағыш
құстарды аулап, сатуды кәсіп еткендер. Қысқы мекені көлемі жағынан шағын,
әрі қолайлы болғандықтан оларды аулау оңай. Аз зерттелген бұл түрді қорғау
шараларын белгілеу үшін оның таролуын, санын, биологиясын анықтау қажет.
Myophonus caeruleus
Көкқұс Сирек кездесетін шағын аймақты мекендейтін туыстың Қазақстандағы
бірденбір өкілі. ТяньШанның кейбір шатқалдарында, қүздардың таудың
тасқынды суларына түскен жерлерінде тараған. Теңіз деңгейінен 12002700 м
биіктіктегі сарқырамалар мен тар жерлерді ұнатады. Саны толық
анықталмаған, десе де қолайлы қоныстарында біршама жағоры 5 шақырым
өзен арнасында 7 ұяға дейін болады. АқсуЖабағылы мен Алматы
қорықтарында қорғалады. Алматы маңында ұялардан балапандарды алуды
қатаң бақылау қажет.
Pelecanus crispus
Бүйра бірқазан
Аз санды, шектеулі жерлерге ұя салатын түр. ТҚХОның Қызыл
кітабына енгізілген. Евразияның оңтүстік бөлігіндегі көлемді суларды
мекендейді. Қазақстанда ұялары Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола,
Шымкент облыстарының, БалқашАлакөл және Зайсан ойпаттарының өзен
көлдерінде сақталған. Республикамызда 4 мыңдайы ғана ұялайды. Санының
азаюына негізгі себептерзаңсыз аулаушылық, өрт, ұя басу кезінде мазалау.
Бұл түрді сақтау үшін Іле, Тентек, Қара Ертіс өзендерінің атырауларында
қорықтар ұйымдастырып, оны заңсыз аулаушыларға және өртке қарсы күрес
шараларын жүргізу керек.
Pelecanus onocrotalus
Қызғылт бірқазан
Аз санды, шектеулі жерлерде ұя салатын түр. Саны біртебірте кеміп
бара жатыр. Қазақстанда бұрын кең таралған болатын, кәзір оның
оңашаланған ұялары Торғай ойпатындағы көлдерде, Наурзым қорығында,
Балқаш көлінде жене Іле, Тентек, Қара Ертіс өзендерінің атырауларында
сақталған. Нулы қамысты көлдерді мекендейді. Қазақстанда тіршілік
ететіндері 8 мыңдай. Санының азаю себептерізаңсыз аулаушылық, өрт, ұя
басу кезінде мазалау. Іленің атырауында қорық уйымдастырып, торғайдың
мерзімді қорығын нағыз қорыққа айналдыру керек. Бүл бірқазандардың
мекенінің маңайында қандай да бір шаруашылық жұмыстарды тиып, оны
заңсыз аулаушыларға қарсы күрес шараларын жүргізу керек
Phoenicopterus roseus
Қоқиқаз
Таралу аймағы шектелген сирек кездесетін түр. Әлемде ең терістіктегі
ұялайтын орны Қазақстанда Теңіз көлінде (Ақмола облысы). Әр жылдары бұл
жерде 59 мыңнан (19721976 жылдары) елу төрт мыңға дейін (1979 ж.)
қоқиқаз ұялады. Дала мен шөлейтті жерлердегі кең байтақ су қоймаларын
жайлайды. Негізгі шектеу факторлары ұялауға жарамды жерлердің азаюы
және мазалау. Қорғалжын қорығында қорғалады. Торғай өзенінің төменгі
саласында қорық, сонымен қатар Каспий теңізінің солтүстікшығысындағы
Комсомол шығанағы мен Қолтық сорында қорықшалар ашу қажет.
Bubo bubo Саны кеміп келе жатқан, сирек кездесетін түр. Евразияда, сондайақ
Үкі
Қазақстанда кең тараған. Шөлді, далалы, таулы орманды жерлерді
мекендейді. Санының қанша екені белгісіз, бірақ, көпшілік жерлерде сирек.
Санын шектеуші себептер: электр сымдарында және уланған жемді жеп
өлгенінен басқа, кауырсынынан ұлттық әшекейлер мен бой тұмарлар жасау
үшін ұядағы балапандарын алудың да кері әсері үлкен. Сондықтан оны
қорғаудың тағы бір жолы оның қауырсынын пайдалану үшін қолдан өсіру
керек
Hieraaetus pennatus
Бақалтақ қыран
Сирек, аз зерттелген құс. Евразия мен Солтүстікботыс Африканың
орманды аудандарында кең тараған. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік
шығысындағы орманды тауларында, шөл өзендерінің жайылмаларында
мекендейді. 5060 шы жылдары, жыртқыш құстармен күресу шаралары
кезінде, саны күрт төмендеді, ал қазір саны өте жай қалпына келуде.
Бүркіттерді қорғауды насихаттау, сонымен қатар Қаратауда, Жоңғор
Алатауында және Іле өзенінің аңғарында қорықтар құру қажет
Haliaeetus leucoryphus
Кезқұйрықты субүркіт
Жойып жіберу қаупы бар түр. Оңтүстік және Орталық Азияда біршама
кең тараған. Қазақстанда үстіміздегі ғасырдың ортасында оның ұясын
Алтайда, Сырдария мен Іле өзендерінде, Маңқыстау түбегінде кездестіруге
болатын. Жыртқыш құстарды жою науқанынан кейін ол өте сиреп кетті: соңғы
25 жылда ұя басатын мезғілінде 5, ал, барлығы 50дей ғана кездескен. Ұялары
табылмаған. Ұялайтын жерлерін тауып, оларды қорғау керек.
Haliaeetus albicilla
Аққұйрықты субүркіт
Саны кеміп келе жатқан, сирек кездесетін құс. Евразияның солтүстік
белігінде, оңтүстігінде Орталық Азия мен Моңғолияға дейін кең тараған.
Соңғы 3040 жылда Қазақстанның бұрын дағдылы суларының көпшілігінде
кездеспейтін болды. Кәзір Қазақстанда 200дейі ұялайтын болса, оның
жартысынан көбі Жайық пен Іле өзендерінің су алқаптарында. Сонының
азаюының негізгі себептері тікелей жою, сулардың жағаларын
шаруашылыққа пайдалану, өрт кезінде ұяларының жойылуы. Балқашмаңы,
Торғай және Алакөл қорықтарын ұйымдастыруды тездету керек
Circaetus gallicus Жыланжегіш қыран
Сирек, саны кеміп бара жатқан түр. Африка мен Евразиядо кең тараған,
Қазақстанның барлық оңтүстік бөлігіндегі құмды шөлдерде, шөлді таулар мен
құрғақ тау бөктерлерін мекендейді. Саны нақты анықталған, бірақ соңғы он
жылдықтарда оның кемуі жақсы байқалады. Негізгі себептер: электр тарату
жүйелерінің тіректеріндегі өлімжітім, қасақылардың тікелей кыруы, ұя
маңында мазалау факторлары. Қаратауда, Бетпақдалада және Қызылқұмда,
Іле өзенінің аңғарында қорықтар құру қажет.
Syrrhaptes paradoxus
Қылқұйрық бұлдырық
Саны кеміп бара жатқан түр. Еділден Моңғолияға дейінгі шөл және
шөлейт зоналарда мекендейді, Қазақстанда шөлдің барлық түрлерінде
кездеседі. Топырағы қатты шөлдерді ұнатып, құмды жерлерде сирек ұялайды.
Суатқа үлкен топ құрап жиіжиі ұшып келетіндіктен және есепсіз аулауға,
атуға байланысты саны кемуде. Барлық жерлерде суат басында атуға толық
тиым салынып, олар басқа жануарлар сияқты қорғалуға тиіс. Pterocles orientalis
Қарабауыр бұлдырық
Саны кеміп бара жатқан сирек кездесетін тур. Қазақстанның оңтүстік
бөлігінің шөл жене шөлейтті аудандары мен Алдыңғы Азия және Солтүстік
Африканың шөл далаларын мекендейді. Сазды немесе қиыршық тасты
шөлдерді ұнатады, бірақ оларды меңгеруге байланысты құмды аудандарға
ығыстырылуда. Бір кезде мыңмыңдаған топтары кездессе, қазір саны бір
ретке төмендеген және суат басынан бұлдырықтарды ретсіз ату нәтижесінде
саны кемуде. Бұл жерлерде аулауға тиым салу және қорғалатын
территориялар құру қажет.
Pterocles alchata
Ақбауыр бұлдырық
Таралған аймағы тарылып жөне саны кеміп бара жатқан түр. Солтүстік
Африка, Алдыңғы және Орта Азия шөлдерін мекендейді. Қазақстанда Арал
теңізінен Бетпақдала шөліне дейін таралған. Соңғы жылдары таралу аймағы
тарылып, саны едәуір кеміді: 60шы жылдары ондаған, тіпті жүздеген мың
құстардың жиынтығы байқалса, ал қазір бірнеше жүздеген құстар тобы өте
сирек кездеседі. Негізгі себептер суат басында қасақылық (браконьерлік),
жене де ұя басу кезінде құстарды мазалау. Бетпақдала және Қызылқұм
қорықтарын құру және суат басынан аулауға тиым салу қажет.
Columba eversmanni
Қоңыр кептер
Соңғы жылдары саны күрт кеміп баро жатқан оңтүстікте ғана аздап
кездесетін түр. Оңтүстік және ОңтүстікШығыс Қазақстанның шөлді
жазықтары мен тік жарлары немесе ағаштары бар тау бөктерлерін (ұяларын
індер мен ағаш қуыстарына салады) мекендейді. Саны анықталмаған, бірақ
жылмажыл қонысын аударатын құстарға бақылау жасау, оның санының кеміп
бара жатқанын көрсетеді. Қазақстанда бұл түрдің ұялайтын жерлерінде
қорғалатын территориялар жоқ. Ең алдымен тіршілік ететін ортасы әлі де
болса сақталған Іле өзенінің бойынан қорғалатын территориялар құру қажет.
Platalea leucorodia
Қалбағай (тәуекел, жалбағай)
Саны тез азайып бара жатқан құс, бір жердің шеңберінен аспайтын
қоныстарда мекендейді. Бұрын Қазақстанда кең таралған еді, кәзір оның
жекелеген ұялары Сарысу мен Сырдарияның сағасында, Шығыс, Оңтүстік
Шығыс, Батыс Қазақстанда ғана ұшырасатын болды. Қалбағай, басқа
құтандармен қатар, қамысты қопаларды мекендейді. Қазақстандағы жолпы
саны 1300ден аспайды. Санының азаюына әсер ететін негізгі факторлар
өзенкөлдердегі су жүйесінің тұрақты болмауы, қамыс пен құрақты шауып алу
және онда жиі болатын өрт, аңшылық, ұялау кезіндегі мазасыздық.
Қорықшалар құру қажет.
Ciconia nigra Қара ләйлік Саны тұрақты сирек кездесетін түр. Қазақстанда орманды, таулы
аймақтарда таралған, кейде тіпті ағашы жоқ жартасты тауды да, жазықты да
мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны 300 де , негізгі мекендейтін жерлері
Алтай, Жоңғар Алатауы және ТяньШань таулары. Ұя маңындағы
мазасыздыққа төзе алмайды. Бұл құсты сақтау үшін ұяның айналасынан
радиусы0,5 шақырымнан кем емес тыныштық аймағын ұйымдастыру керек
Ardeola ralloides
Сары құтан
Өзінің таралу аймағында саны кеміп бара жатқан сирек кездесетін түр.
Қазақстанда Еділдің атырауы мен Жайықтың төменгі ағысында ұялайды,
бұрын аздап Сырдарияның сағасында мекендейтін. Солтустік Каспийдегі
жалпы саны 2 мыңдай. Өзендер мен көлдердегі қамысты қапаларды
мекендейді. Санының кемуіне әсер ететін факторлар су жүйесінің өзгеруі,
аңшылық, ұяны жыртқыш құстардың бұзуы, мекенін адамдардың мазалауы.
Бүл түрдің ұялайтын аймақтарын маусымдық қорыққа айналдыру қажет
Numenius tenuirostris
Шитұмсық шалшықшы
Өте сирек, жойылып бара жатқан түр. Таралуы толықтай анық емес,
себебі өте сирек кездесетін ұялау орындары Сібірдің әртурлі аудандарында
шашырап жатыр. Бұталар өскен шымтезекті батпақтарда қоныстанады, ұшып
өту кезеңінде дала көлдерінде кездеседі. Қазақстанда ЕділЖайық
өзендерінен Ертіске дейін, яғни республиканың солтүстік бөлігінде кездейсоқ
кездесіп қалады. Саны белгісіз, жылына 10ға дейін шалтықшы есепке
олыноды. Шектеу факторлары анықталмаған. Сақталған популяциясын іздеу
және олардың биологиясы мен экологиясын жанжақты зерттеу қажет. Осы
мәселелерді анықтағанға дейін барлық шалшықшыларды қорғау керек.
Numenius minutus
Құртамыш шалшықшы
Сирек, таралған аймағы шағын, реликті түр, Сібір эндемигі. Шығыс
Сібірде ұялайды, Шығыс Австралия мен Тасманияда қыстайды. Қазақстанда
қонысын аудару кезінде біренсараны кездесетіні және жаз кезінде сирек
болса да ұшырасып қалуы қызық оқиға. Тау және тау бөктеріндегі селдір
ормандарды мекендейді. Табиғаттағы жалпы саны шамамен 5 мыңдай және
ол біртіндеп кемуде, оның себептері айқындалмаған. Қазіргі ұялайтын
орындарын тауып, оларды қорғалатын территориялар деп жариялау қажет.
Limnodromus setipalmatus
Тарбақ шырғалақ Сирек, аз зерттелген, реликті түр. Сібірдің солтүстігінен бастап
Моңғолия мен Қиыр Шығысқа дейін таралған. Қазақстанның ең шығысында.
Алтайға жақын оңтүстік аудандарында кездеседі. Түрдің жалпы саны 56
мыңнан артық емес. Сақталып қалған ұялайтын жерлерін іздеу және онда
қорғау режимін орнату, тұрғындар арасында үгіт насихат жүр гізу, қолда
өсіру әдестерін дайындау қажет
Larus ichthyaetus
Қарабас өгіз шағала
Сирек, реликті түр, саны кемуде. Қара теңізден Оңтүстік Сібірге дейін
жекелеген топтармен ұялайды. Қазақстанда колониялары Балқаш, Алакөл,
біренсаран Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары мен Каспий
теңізінің аралдарында сақталған. Жалпы саны 40 мың шамасында,
Қазақстанда 4 мыңдай. Саны кемуде. Алакөл қорығын құруды тездету
және Балқаш көлінің аралдарында қорықша құру қажет.
Rufibrenta ruficollis
Қызылжемсаулы қарашақаз
Таралу аймағы шағын, саны кеміп келе жатқан сирек кездесетін түр.
Қазақстаннан көктем мен күзде ұшып өтіп, Сібір тундрасында ұялайды.
Республикамыздың солтүстік, батыс бөлігіндегі көлдерде кездеседі. 70шы
жылдардың өзінде 10 мыңға дейін ұшырасатын. Соңғы жылдары саны күрт
азайған болатын, кәзір сәлпәл болса да көбейіп келе жатыр. Осы түрді және
басқа су құстарын қорғау үшін олардың ұшу жолында қорықтар жүйесін
ұйымдастыру қажет.
Oxyura leucocephala
Ақбас үйрек
Саны тез азайып бара жотқан, алақұла тараған, сирек кездесетін түр.
Қазақстанның солтүстік бөлігінде қалың сулы терең көлдерде кездейсоқ
ұялайды. Қазақстандағы саны белгісіз, бірақ, шамамен бірнеше жүзден
аспайтын шығар. Санының азаюының негізгі себептері шөп шабу, өрт, өзен
көлдердің су жүйесінің бұзылуынан, қамысты қопалардағы тіршілік
жағдайының нашарлауы. Торғай өзенінің сағасы мен Шаны көліндегі
қорықтарды ұйымдастыру жұмысын жеделдету керек.
Melanitta fusca
Қара тұрпан
Сирек кездесетін түр. Қазақстанның Солтүстік Қазақстан және
Көкшетау облыстарының кейбір орманды және орманды даласындағы қалың
қамысты терең көлдерінде ұялайды. Қазақстандағы саны өте аз. Санының
кемуіне әсер ететін факторлар анықталмаған, оны қорғау шаралары
белгіленбеген. Жалпы санын анықтап, биологиясын, тіршілік ортасын зерттеу
қажет.
Melanitta deglandi
Дөңтұмсық тұрпан Өте сирек кездесетін және сирек ұялайтын түр. Шығыс Сібір мен
Солтүстік Америкада таралған. Қазақстанда бұл тұрпанның ұялары
үстіміздегі ғасырдың басында Алтайдың Ресеймен шектес аудандарынан
табылған еді. Терең, жағалауы қалың бұталы көлдерді мекендеген. Қазіргі
уақытта ол тек көктем мен күзде, онда да жыл сайын емес, ұшып өту кезінде
ғана кездеседі. Егер Рахманов бұлақтарында сақталған болса, онда оны қорғау
шараларын үйымдастыру қажет.
Cygnus bewickii
Кіші аққу
Ұялайтын жерлері тундра мен орманды түндрада саны бұрынғы
қалпына келе бастаған түр. Қазақстанның батыс бөлігінен көктем мен күзде 1
мыңдайы ұшып өтеді. Бізде ұяламайды. Санының азаюының негізгі себебі
заңсыз аулау. Ұшып өту кезінде оны қорғауды күшейтіп, ол үшін барлық
мүмкіндікті пайдаланып үгітнасихат жұмыстарын жүргізу қажет.
Cygnopsis cygnoides
Қытай қазы, Құтұмсық
Жойылып кету қаупы бар түр, бұл қытай үй қаздарының арғы ататегі.
Кәзіргі уақытта бүкіл Сібірде Торей көлдерінде ғана ұялайды. Бір кездері
Қазақстанда Зайсан көлі мен Ертіс өзені жағасында ұялаған, ол үшып өту
кезеңінде Сырдарияда байқалатын. Қалың қамысқоғалы, әсіресе таудағы,
көлдерде мекендеген. Саны ондаған есе кеміп кетті, Қазақстанда соңғы 30
жылда екіақ рет 1967 және 1978 жылдары кездескен. Бұл қазды қолдан
өсіріп табиғи санының кобеюіне көмектесу керек.
Aythya nyroca
Алакөз сүңгуір
Саны күрт кеміп кеткен сирек кездесетін түр. Қазақстанның солтүстік,
орталық және шығыс аудандарында ұялайды. Бұл құстың шамалысы
республикамыздың оңтүстік, оңтүстікшығыс, оңтүстікбатысындағы суларда
қыстайды. Саны туралы нақтылы деректер жоқ, санының кемуіне әсер ететін
факторлар зерттелмеген. Бұл түрдің біртебірте азаюы оны құстарды
зерттеушілер мен аңшылық мамандарының назарына ерекше алу керектігін
талап етеді.
Phrynocephalus versicolor
Жұмырбас шұбар кесіртке
Алакөл және Іле ойпаттарында тіршілік ететін, таралу аймағы шағын
түр. Санының азаюына негізгі себептер су деңгейінің тұрақсыздығы,
сексеуіл дайындау және өрт.Қолдан өсірілмеген. Түрдің Іле ойпатындағы
таралу аймағының батыс бөлігі жоспарланып отырған ОртаІле қорығына
енеді. Таралуын егжейтегіжейлі анықтап, биологиясын зерттеуді жалғастыру
қажет.
Phrynocephalus melanurus
Зайсан жұмырбас кесірткесі Зайсан ойпатында аумағы шағын жерлерде оңашаланған популяциялар
түрінде тіршілік ететін, таралу аймағы шағын кесіртке. Саны, негізінен,
табиғи факторларға байланысты. Қолдан өсірілмеген. Оны қорғау мақсатында
тың жерлерді сақтау қажет. Бөкен құмдарын мекендейтін жұмырбас
кесірткенің популяциясы жоспарланып отырған Зайсан қорығының құрамына
түгелімен енеді.
Ophisaurus apodus
Сары жылан
Шектеулі шағын аймақта тіршілік ететін, сирек кездесетін түр. Туыстың
жалғыз өкілі. Оңтүстік Қазақстанда тіршілік етеді. Санының кемуіне жер
жырту, шоп шабу, малдың шектен тыс жайылуы және жол салу елеулі әсер
етеді. Белгілі тежрибелерге сүйеніп қолда асырау және қолдан өсіруді жүзеге
асыру қажет. Сары жыланнын таралу аймағының бір белігі АқсуЖабағлы
қорығына кіреді және жоспарланып отырған Қаратау қорығында да қорғауға
алынады.
Coluber caspius
Төртжолақты қарашұбар жылан
Аз зерттелген, сирек кездесетін түр. Моңғыстау, Үстірт және Солтүстік
Арал аймағын мекендейді. Қызылорданың оңтүстігіне қарай және Еділ мен
Жайықтың аралығынан ұсталғандары негізгі таралу аймағынан едәуір
қашықта кездескендері. Санының мөлшеріне малды жаюдың және адамдардың
оны ретсіз өлтіруі үлкен әсер етеді. Жұмыртқасын қолдан бастырудың
табысты аяқталғандары туралы деректер бар. Үстірт қорығы оның таралу
аймағының бір бөлігін қамтып жатыр. Халық арасында бұл жыланның
пайдалылығы туралы және оны қорғау керектігін кеңінен насіхаттау керек.
Таралу аймағын егжейтегжейлі анықтап, саны мен биологиясын зерттеуді
жалғастыру керек.
Coluber rhodorhachis
Сарыбауыр қарашұбар жылан
Зерттелмеген, сирек кездесетін түр. Қазақстанда Еділ мен Жайықтың
аралығындағы БесШоқы даласынан ұсталған біренсаран өкілдері арқылы
белгілі. Қолдан өсірілмеген, оны ұкыпты түрде бақса, қолда ұзақ уақыт өмір
сүреді. Қорғау шаралары белгіленбеген. Соңғы жылдары оны ұстағаны туралы
хабар жоқ. Кәзіргі таралу аймағын анықтап, биологиясын зерттеу керек.
Coluber spinalis
Қызылжолақ қарашұбар жылан
Сирек кездесетін түр. Боралдой тауын, кіші Қаратауды және Қырғыз
Алатауын мекендейді. Бұл жерлерден басқа Арал теңізінің солтүстік
жағалауынан табылған. Таралу аймағында сирек ұшырасады. Қолдан
өсірілмеген, қорғау шаралары белгіленбеген. Жоспарланып отырған Қаратау
қорығы оның таралу аймағының бір бөлігін қамтиды. Таралуы мен
биологиясын зерттеу керек. Elaphe quatuorlineata
Төртжолақты қарашұбар жылан
Аз зерттелген, сирек кездесетін түр. Маңғыстоу, Үстірт және Солтүстік
Арал аймағын мекендейді. Қызылордоның оңтүстігіне қарай және Еділ мен
Жайықтың аралығынан ұсталғандары негізгі таралу аймағынон едәуір
қашықта кездескендері. Санының мөлшеріне малды жаюдың және адамдардың
оны ретсіз өлтіруі үлкен әсер етеді. Жұмыртқасын қолдан бастырудың
табысты аяқталғандары туралы деректер бар. Үстірт қорығы оның таралу
аймағының бір бөлігін қамтып жатыр. Халық арасында бұл жыланның
пайдалылығы туралы және оны қорғау керектігін кеңінен насіхаттау керек.
Таралу аймағын егжейтегжейлі анықтап, соны мен биологиясын зерттеуді
жолғастыру керек.
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
ҚР корыктары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.