Құрақ құрау - өнердің сарқылмас қайнар көзі
Оценка 4.9

Құрақ құрау - өнердің сарқылмас қайнар көзі

Оценка 4.9
docx
16.02.2022
Құрақ құрау - өнердің сарқылмас қайнар көзі
дұрыс құрақ .docx

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: құрақтың құралуы және оны қолдануы жайлы мәлімет беріп, оның әдіс - тәсілдерін үйрету;
Дамытушылық: теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту, құрақ құрау барысында алған білімдерін, дағдыларын нығайту;
Тәрбиелік: құрақ құрау өнері арқылы қыз баланы әсемдікке, төзімділікке, ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, көрсету, сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: құрақ түрлері буклет, дайын бұйым, слайд
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, геометрия, сызу

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Отырыңыздар. Оқушыларды түгендеп, сабаққа қажетті материалдарды тексеру. (1 - топ Жұлдызша, 2 - топ Төртбұрыш).

ІІ. Үй тапсырмасы.
1. Құрақ құру дегеніміз не?
2. Құрақтың тарихы қандай?
3. Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер?
4. Құрақ құрауда түстер үйлесімділігінің қандай маңызы бар?
5. Құрақ жасау үшін қандай құрал - жабдықтар қажет?
6. Құрақтың тұрмыста алатын орны қандай?
7. Құрақ қандай геометриялық фигуралардан тұрады?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Құрақ құрау бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер түрі.
Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десе, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейміз. Біздің бүгін айтқалы отырған құрағымыз көл жағасында өсетін шөп, өсімдік емес, мата қиындысынан құралып жасалатын көрпе-көпшік ретінде пайдаланатын құрақ. Құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200 - ден аса түрі бар. Соның ішіндегі біздің таңдағанымыз төртбұрыш пен жұлдызша құрағы.

Сарамандық жұмыс.
Қауіпсіздік ережесі
Инені киімге қыстыруға болмайды.
Иненің жібін тіспен үзуге болмайды.
Инені жіпсіз тастауға болмайды.
Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.
Үтікті мұғалімнің рұқсатынсыз тоққа қосуға болмайды.
Үтікті мата түріне қарай қыздыру қажет.
Үтікті арнайы тұтқасынан ұста.
Инені ине қадағышқа шаншы.
Қайшыны ашық тастама.

Құрақ геометриялық фигуралар арқылы құрылады. Осы фигуралар арқылы мата бетіне түсіріп, қырқып аламыз. Екі бөліктерін бір - бірімен беттестіріп, тігіледі. Бөліктерді екі - екіден тігіп алу қажет. Екі - екіден бөліктерді беттестіріп тіккен соң, жан - жағындағы бөліктерін біріктіріп тігеміз.
Топ басшыларына сұрақ?
Қазақ халқының дәстүрінде шеберлік құрақ құраумен ғана емес сөз жарысында да байқалады. Олай болса мына мақал - мәтелдерді шешейік. Жалғасын тап.
1. «Өнерлі болу – зейнет
Өнерсіз болу...». (бейнет)
2. «Әке асқар тау
Ана -... (бауырындағы бұлақ)
Бала -...». (жағасындағы құрақ)
3. «Жеті рет өлшеп,...». (бір рет кес)
4. «Рақаттың түбі кеңіс,
Еңбектің түбі...». (жеңіс)
5. «Шебердің инесі де
Күймесі де -...». (алтын)
6. «Ағаш көркі жапырақ,
Адам көркі...». (шүберек)
7. «Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі...». (ортақ)
8. «Шешеннің сөзі мерген,
Шебердің... мерген». (көзі)
9. «Байлықтың атасы – еңбек,
Анасы -...». (жер)
10. «Істегенің еліңе жақсы,
Үйренгенің... жақсы». (өзіңе)
11. «Еңбекке үйренем десең, ерінбе,
Өнерге үйренем десең,...». (жерінбе)
12. «Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның...». (тіленбей)
Мақал - мәтелдерді айтып кеттік енді құрақ дегеніміз әр елде әр қалай айтылады, соны айтып кетсек.
Қазақ тілінде құрақ құрау өнері –.... (құрақ)
Орыс тілінде құрақ құрау өнері –.... (лоскутное шитье)
Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері –.... (пэчворк)
Жапон тілінде құрақ құрау өнері –.... (сашико)
Жұмыстарын қорғау.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Құрақтан құралған қиял.
Балалар өз қиялдарындағы құрақты салады және оны қорғайды.

Ү. Сабақты қорыту.
Қазақта аналар өз қолдарымен қыздарына құрақ көрпе жасаған. Біріншіден құрақ құрау қызына қандай да бір үнемшіл бол, бірді екіге құрай біл десе, екіншіден әлем ақыл, сана, мейірімнен құралғанын түйсіндіру. Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі ана ендеше халқымыздың салт - дәстүрінің қаймағын бұзбай келер келешекке жеткізетін де өздеріңіз. Қорыта келетін болсақ, біз сіздермен құрақ құраудың түрлерімен, пішілуін, тігілуін үйрендіңіздер. Енді өздеріңіз құрақтың түр - түрін тіге аласыздар.

ҮІ. Үйге тапсырма. Құрақты аяқтап тігу, қиялдарыңыздағы құрақ түріне мата, ине - жіп алып келу.
ҮIІ. Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың сабаққа белсене қатысып сұрақтарға жауап беруіне және сарамандық жұмыстарына қарай білімдерін бағалау.
ҮІІІ. Жұмыс орнын ретке келтіру.


 

Сабақтың мақсаты: Білімділік: құрақтың құралуы және оны қолдануы жайлы мәлімет беріп, оның әдіс - тәсілдерін үйрету;

Сабақтың мақсаты: Білімділік: құрақтың құралуы және оны қолдануы жайлы мәлімет беріп, оның әдіс - тәсілдерін үйрету;

Инені ине қадағышқа шаншы. ♦ Қайшыны ашық тастама

Инені ине қадағышқа шаншы. ♦ Қайшыны ашық тастама

Жұмыстарын қорғау. ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Жұмыстарын қорғау. ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.02.2022