Rainbow
Оценка 4.8

Rainbow

Оценка 4.8
Лекции
docx
физика
7 кл
06.04.2018
Rainbow
Бәлкім, жер бетінде кемпірқосаққа сүйсінбеген адам жоқ шығар. Барлық адамзаттың назарын аударатын тамаша табиғи құбылыс. Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциялануы мен интерференциялануы нәтижесінде пайда болады. Кемпірқосақтың айқындығы жаңбыр тамшыларының үлкен-кішілігіне байланысты өзгеріп отырады. Тамшы үлкен болса кемпірқосақ айқын, жарық болып көрінеді. Кейде алғашқы кемпірқосақпен бірге екінші кемпірқосақ қабаттаса көрінеді, оны қос кемпірқосақ деп атайды. Қос кемпірқосақ күн сәулесінің су тамшысына белгілі бұрыш жасай, екі рет шағылысуынан түзіледі. Сонымен бірге ай сәулесінен пайда болатын кемпірқосақты ай кемпірқосағы деп атайды. Әр адам жастайынан кемпірқосақ түстерін біледі, бірақ бұл әдемі құбылыс қалай
М.Жанель.docx
Кемпірқосақ. Мөлдіреп моншақ шашылды, Аспан шайдай ашылды. Көкте қызыл,жасылды Кемпірқосақ асылды. Бәлкім, жер бетінде кемпірқосаққа сүйсінбеген адам жоқ шығар.  Барлық адамзаттың     назарын аударатын тамаша табиғи құбылыс. Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті  доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында  торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде  көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде  сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциялануы мен интерференциялануы нәтижесінде пайда болады. Кемпірқосақтың айқындығы жаңбыр  тамшыларының үлкен­кішілігіне байланысты өзгеріп отырады. Тамшы үлкен болса  кемпірқосақ айқын, жарық болып көрінеді. Кейде алғашқы кемпірқосақпен бірге екінші  кемпірқосақ қабаттаса көрінеді, оны қос кемпірқосақ деп атайды. Қос кемпірқосақ күн  сәулесінің су тамшысына белгілі бұрыш жасай, екі рет шағылысуынан түзіледі. Сонымен  бірге ай сәулесінен пайда болатын кемпірқосақты ай кемпірқосағы деп атайды. Әр адам  жастайынан кемпірқосақ түстерін біледі, бірақ бұл әдемі құбылыс қалай түседі?   Кемпірқосақ пайда болуы үшін екі шарт орындалуы қажет. Күн азғана сүйір бұрышпен  сәуле түсіріп жаңбыр суынан, тұманнан, су бүркемесінен таңғы шықтан шағылуы тиіс.  Жарық ауаға қарағанда су арқылы баяу өтеді. Сондықтан жарық толқындары ауадан суға  өту кезіндегі жылдамдығын өзгертіп, нәтижесінде сынады. Бұл құбылыс «рефракция»  деген атпен белгілі. Күннің ақ сәулесі жаңбыр тамшысына енген бойда сынады. Күн сәулесі  тамшының ішінде шағылып шығар кезде қайта сынады. Осы процес барасында ақ жарықты  құрайтын спектр түстері түрлі түске бөлінеді. Бұл толқын ұзындығына байланысты. Кейбір түстер басқаларға қарағанда көбірек сынады. Спектрдің әр түрлі түстерін жасау үшін күн  сәулесі су тамшысынан 40 пен 42 градус аралығында бұрышпен сынып шығуы қажет.  Жарықтың кейбір тамшысынан нақты бір бұрышпен сынып шығу салдарынан біз  кемпірқосақты доға ретінде көреміз. Кемпірқосаққа жету мүмкін емес, өйткені оған  жақындаған сайын  бұл елестер  басқа тамшылар жиынынан өтіп алыстай береді, яғни  ешкім ешқашанда бұл ғажапқа қол жеткізе алмайды. Қос кемпірқосақ  күн сәулесі тамшыға бір бұрыш жасай түсіп, оның ішінде екі рет шағылысуы нәтижесінде пайда болады. Кемпірқосақ қалай пайда болады? Қапырық ыстықтан кейiн, бұлт қоюланып нөсерлертiп  жаңбыр жауады. Жаңбыр басылған соң бұлт сейiлiп көкжиектен батып бара жатқан күн  көрiнедi. Дәл осы кезде тарап бара жатқан қара бұлт арасынан, жерге қарай иiлген алып  доға тәрiздi кемпiрқосақ пайда болады. Оның бір­бiрiмен жарыса астасқан жетi жолағы:  Қызыл, ақшыл сары, сары, жасыл, ақшыл көк, көк, күлгiн жетi түске малынған. Аспан  күмбезiнде мұндай ғаламат қалай пайда болған? Ал бұған себепшi былайша сары болып  көрiнгенiмен шындығында жетi түстен тұратын жарық сәуле кәдiмгi күн жарығы екен.  Аспаннан күн сәулесi түскенде біз оны аппақ жарық ретiнде көремiз. Ендi оның жолына жаңбыр тамшылары кезiктi. Ал тамшылар формасы жағынан призма деп аталатын  геометриялық фигураға жуықтау болады. Күн сәулесi шыны призмадан немесе жаңбыр  тамшыларынан өткенде оның алуан түстi сәулесi әр алуан түстi бiрнеше сәулеге бөлiнедi  cонда призманың арғы жағындағы қабырғада алуан түстi шұғыла, ал аспанда кемпiрқосақ  пайда болады. Доғаша келген кемпiрқосақтың сыртқы жолағы әдетте қызыл болады ал  оның iшкi жиектерiне қарай басқа түстердiң, ең соңында көк және күлгiн түстердiң  құбылмалы спектiрi көрiнедi. Бүгінгі аспан әдеттегіндей емес. Кейбіреулер үшін қуаныш, енді біреулерді мұңға  батыратындай. Өйткені 365 күннің 320 ­тей күні күліп тұратын біздің қаланың аспанына  күздің қою бұлты қонаққа келді. Сіркіреп жаңбыр да жауып қалады арасында. Жаңбыр  туралы айтып жатқан себебім, осы жаңбырдан соң көрінетін кемпірқосақ туралы менде бір  қызықты мәлімет бар. «Табиғатта жай көзбен және арнаулы аспаптар жәрдемімен байқауға болатын 2 мыңнан 30  мыңға дейін түр­түстер бар екен»­дейді «Түр­түстердің тілдегі көрінісі» деген кітапта  (Ә.Қайдаров, З.Ахтамбердиева, Б.Өмірбеков «Ана тілі» баспасынан шыққан 1992ж).  Аталған кітапта Қазақ совет энциклопедиясынан алынған мынадай үзінді келтірпті  «Кемпірқосақ — жеті түсті, доға тәрізді атмосферадағы құбылыс. Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда, кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр  тамшыларынан сынған және тамшы бетінен шағылған, толқын ұзындығы әртүрлі  сәулелердің дифракциялануы мен интерференциялануы нәтижесінде пайда болады. оның  айқындылығы мен жарықтылығы жауын тамшыларының үлкен­кішілігіне байланысты  өзгеріп отырады.  Тамшы неғұрлым үлкен болса, кемпірқосақ та соғұрлым анығырақ, жарық болып көрінеді.  Негізгі кемпірқосақтан басқа, кейде онымен қабаттаса екінші кемпірқосақ байқалады. Оны  қос кемпірқосақ деп атайды. Қос кемпірқосақ күн сәулесі тамшыға белгілі бір бұрыш  жасай түсіп, оның ішінде екі рет шағылысуы нәтижесінде пайда болады. Ай сәулесінің  әсерінен болатын кемпірқосақ ай кемпірқосағы деп аталады.» Біз арасында ғана (Алматылықтар жиі шығар) көретін көркем құбылыстың анықтамасы  осындай екен. Енді сол кемпірқосақтың басқа халықтарда қалай аталатынын жазайын. Бұл  да бірінші айтылған кітаптан алынған: «Бір ғажабы: кемпірқосақ барлық жерде де бірдей табиғи құбылыс бола тұрса да, әрбір  халық оның табиғатын өзінше танып, пайда болу себептерін өзінше жорып, өзінше  түсіндіреді және соған сәйкес ат қойып, айдар тағады. Мәселен, бұл құбылысты қазақтар  — кемпірқосақ  десе, ноғайлар — құртқашық, тувалықтар — челээш, башқұрттар  — йәйғор, түріктер — alaimsema, gokkisagi, elemsagma, ұйғырлар — һасан­үсән, хакастар  — тигір хуры, кугурт чолы, карашай­балкарлар — джангкьылыч, татарлар — салават  күпере, чуваштар — асамат кепере, қырғыздар — жаа (садақ, доға мәнісінде), асмандагы  жаа, жез кемпирдин көгөнү, көк желе, асан­үсен т.б. атап келеді. Тізе берсе, осынау бір аспан құбылысы туралы деректер көп екен. Сонымен менің түйгенім; Кемпірқосақ – күн сәулелерінің әдемі көрінісі. Кемпірқосақтар күн сәулесі судан шағылып, сынған кезде түзіледі. Су жаңбыр, тұман, шашыраңқы немесе шық күйінде болуы мүмкін. Күн сәулесі сынып, толқынның әртүрлі ұзындықтарынан спектр құрады.

Rainbow

Rainbow

Rainbow

Rainbow

Rainbow

Rainbow
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.04.2018