Публикация является частью публикации:
Информатика және есептеуіш техника негіздері
7 сынып
Айнымалылар. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі.
Айнымалылар дегеніміз не?
Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады.
Айнымалының атауы оның орындайтын қызметіне сәйкес.
Айнымалылар
Қарапайым айнымалылар өз атаулары бойынша жазылады. Мысалы:
delta, x, y, result, number_of_students, т.б.
Индексті айнымалыларға жиым (массив) элементтері жатады. Мысалы:
A[1] (A₁ орнына), BETA[R,7] (bᵣ,₇),C4[3,5] (C4₃,₅) , т.б.
Өрнек дегеніміз не?
Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың, функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады.
Паскаль тілінде өрнектер тек сызықты түрде жазылады.
Амалдардың орындалу реті
Реті | Амалдар түрі | Амалдар немесе оның элементі |
1. | Жақша ішіндегі өрнектер | ( ) |
2. | Функция мәндері | Функциялар |
3. | Унарлық амалдар | @, not, + - |
4. | Көбейту, бөлу түріндегі амалдар | *, /, div, mod, and, shl, shr |
5. | Қосу амалдары | +, -, or, xor |
6. | Қатынас амалдары | =,<>, <, >, <=, >=, ln |
Реті бірдей амалдар солдан оңға қарай орындалады.
Стандартты функциялар
Функция | Атқаратын қызметі | Нәтиже типі |
ABS(X) | Х-тің абсолют мәні. | Аргумент типі |
ARCTAN(X) | Арктангенс Х. | Нақты |
COS(X) | Косинус Х. | |
EXP(X) | ех e –нің X дәрежесіне тең мәнді қайтарады. | |
FRAC(X) | Х-тің бөлшек бөлігі. | |
INT(X) | Х-тің бүтін бөлігі, бөлшек бөлікті нөлге айналдырады. |
Стандартты фуркциялар. Жалғасы.
Функция | Атқаратын қызметі | Нәтиже типі |
PI | π=3.1415926535897932385 саны. | Нақты |
ROUND(X) | Жақын бүтін санға дейін дөңгелектейді. | Бүтін |
SIN(X) | Синус Х. | Нақты |
SQR(X) | Х-тің квадраты. | Аргумент типі |
SQRT(X) | Түбір астындағы Х. | Нақты |
TRUNC(X) | Санның бөлшек бөлігін түсіреді. | Бүтін |
TAN(X) | Тангенс X. | Нақты |
Есте сақта!
Функция аргументі міндетті түрде жақшаға алынады.
Паскаль тіліндегі өрнектер бір жолға жазылады, ал амалдардың ретін өзгерту үшін жақшалар қолданылады.
Амалдарды тастап кетуге болмайды. Мысалы, 5x өрнегі 5*x деп жазылуы керек.
Мысал 1.
(5+2∙4)÷3 | (5+2*4)/3 |
8-2+[21/4]; мұндағы [ ] бүтін бөлу дегенді білдіреді | 8-2+21div 4 |
(2+3)-ті 6-ға бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар. | (2+3) mod 6 |
Өрнектердің Паскаль тілінде жазылуы.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.