Разработка внеклассного мероприятие: "Конкурс Знатоков"
Оценка 4.6

Разработка внеклассного мероприятие: "Конкурс Знатоков"

Оценка 4.6
Разработки уроков
doc
администрации
Взрослым
09.02.2017
Разработка внеклассного мероприятие: "Конкурс Знатоков"
Тақырыбы: Тапқырлар сайысы Мақсаты: Мамандық бойынша өтілген материалды қайталап жүйелей отырып оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін, шығармашылық белсенділігін дамыту, өз бетімен танып білуге, ұжыммен бірге жұмыс істеуге дағдыландыру және олардың ынтасын, жауапкершілігін арттыру. Көрнекіліктер: мултимедиялық құрылғы, үлестірмелер, заң нормалары, ән жинақтар.Разработка внеклассного мероприятие "Конкурс Знатоков"
сыныптан тыс сабақ.doc
Тақырыбы: Тапқырлар сайысы Мақсаты: Мамандық бойынша өтілген материалды қайталап  жүйелей отырып оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін,   шығармашылық белсенділігін дамыту, өз бетімен танып білуге, ұжыммен бірге жұмыс істеуге  дағдыландыру және олардың ынтасын, жауапкершілігін арттыру. Көрнекіліктер:  мултимедиялық   құрылғы,   үлестірмелер,   заң   нормалары,   ән жинақтар. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен,   сабаққа   қатысып   отырған   оқытушылармен   амандасып сыныптан тыс іс­шараның барысымен таныстыру. Оқушыларды екі топқа бөліп, сайыстың нәтижесін тексеру үшін әділқазылар алқасын сайлау. Сайыс бағдарламасы: сайыс 5 турдан тұрады. 1­тур. «Таныстыру» 2­тур. «Заңды тап» 3­тур. «Сөз құра» 4­тур. «Патриоттық әндер» 5­тур. «Жұмбақ сөз» 1­тур.  «Таныстыру».Бірінші тур бойынша әр топ өзін таныстыруы тиіс. Таныстыру топтың аты, эмблемасы, ұраны арқылы жүргізіледі. Топты таныстыру 5 балдық жүйе бойынша бағаланады. 2­тур.  «Заңды   тап».Бұл   тур   бойынша   топ   мүшелері   мультимедиялық тақтада көрсетілген мәтінге қарап,  қай кодекс немесе заң екенін анықтаулары тиіс.Сұраққа батырманы бірінші басқан топ жауап береді. Егер сұрақтың жауабы қате берілсе, келесі топ жауап беруге құқылы. Жауаптар 5 балдық жүйе арқылы бағаланады. 6­бап 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады  және бiрдей қорғалады. 2. Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгіне де  қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз  құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi  заңмен белгiленедi. 3. Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа  да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай­ақ заңда  белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.  Жауабы: ҚР Конституциясы 32­бап. Қажеттi қорғану       1. Қажеттi қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтiру, яғни  қорғанушының немесе өзге бiр адамның жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер  учаскесiн және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен  қорғалатын мүдделерiн қоғамдық қауiптi қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтiру жолымен қорғау кезiнде, егер бұл орайда қажеттi қорғану шегiнен асып  кетушiлiкке жол берiлмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды.        2. Барлық адамдардың кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлығына және  қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажеттi қорғануға құқығы бар. Бұл  құқық адамға қоғамға қауiптi қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың  немесе мемлекеттiк органдардың көмегiне жүгiну мүмкiндiгiне қарамастан  тиесiлi болып табылады.        3. Нәтижесiнде қол сұғушыға тым шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтiн зиян  келтiрiлетiн, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiне  қорғанудың көрiнеу сай келмеуi қажеттi қорғаныс шегiнен шығу деп танылады.  Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана  қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.  Жауабы:ҚР Қылмыстық кодексі 105­бап. Мекеме       1. Басқарушылық, әлеуметтiк­мәдени немесе өзге де коммерциялық емес  сипаттағы функцияларды жүзеге асыру үшiн өзінің құрылтайшысы құрған және  қаржыландыратын ұйым, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық  актілерінде өзгеше көзделмесе, мекеме деп танылады.       2. Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан  Республикасының заңнамалық актілеріне немесе Қазақстан Республикасы  Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және облыстардың,  республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық  маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының нормативтiк  құқықтық актiлерiне сәйкес мемлекет құратын және егер қосымша  қаржыландыру көздерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде  белгiленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен ұсталатын мекеме мемлекеттiк мекеме  деп танылады.             3. Мемлекеттiк мекеменiң шарттық мiндеттемелердi қабылдауы Қазақстан  Республикасының Бюджет Жауабы: ҚР Азаматтық кодекс     кодексінесәйкес жүзеге асырылады.   15­бап 1. Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар. 2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай­ақ  соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде  заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш  ету хақы бар. Жауабы: ҚР Конституциясы 49­бап 1. Парламент ­ Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге  асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы. 2. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып,  жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден  аяқталады. 3. Парламенттiң өкiлеттiгi Конституцияда көзделген реттер мен тәртiп бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. 4. Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi. Жауабы: ҚР Конституциясы 236­бап. Азаматтық қызметшілерді көтермелеу Лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны, жұмысты, оның ішінде айрықша  күрделі және шұғыл жұмыстарды өте сапалы орындағаны үшін,  бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы басқа да  жетістіктері үшін азаматтық қызметшілер: 1) азаматтық қызметтегі жоғарылатумен; 2) ақшалай сыйақымен; 3) алғыс жариялаумен көтермеленуі мүмкін. Ұжымдық шартта көтермелеудің басқа да шаралары көзделуі мүмкін. Жауабы: ҚР Еңбек кодексі      иелену және пайдалану    213­бап. Үлестi меншiктегi мүлiктi         1. Үлестi меншiктегi мүлiктi иелену және пайдалану оның барлық  қатысушыларының келiсуiмен, ал келiсiмге келмеген жағдайда ­ сот белгiлейтiн  тәртiппен жүзеге асырылады.        2. Үлестi меншiктiң әрбiр қатысушысы ортақ мүлiктiң өз үлесi мөлшерiне тең бөлiгi өзiнiң иеленуiне және пайдалануына берiлуiне құқылы, ал бұл мүмкiн  болмаған жағдайда ­ өз үлесiне тиесiлi мүлiктi иеленетiн және пайдаланатын  басқа қатысушылардан тиiстi ақша сомасын немесе өзге де өтем төлеудi талап  етуге құқылы. Жауабы: ҚР Азаматтық кодекс 194­бап. Несиенi заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану       1. Жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай­ күйi немесе кепiлдiк мүлкi туралы, немесе несиенiң, демеу қаржының  несиелеудiң жеңiлдiктi шарттарын алуға арналған елеулi мәнi бар өзге де мән­ жайлар туралы көпе­көрiнеу жалған мәлiметтердi банкке немесе өзге де несие  берушiге беру арқылы жеке кәсiпкердiң немесе ұйым жетекшiсiнiң несие,  демеуқаржы не несиелеудiң жеңiлдiктi шарттарын алуы, сол сияқты несиелеудi,  демеуқаржы берудi тоқтатуға, жеңiлдiктердi жоюға не бөлiнген несие мен демеу қаржы мөлшерлерiн шектеуге әкеп соғатын мән­жайлардың пайда болуы туралы  ақпаратты банкке немесе өзге несие берушiге хабарламау, егер осы әрекеттер iрi залал келтiрсе ­        екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл  салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не нақ осы мерзiмге  бас бостандығынан айыруға жазаланады.  Жауабы:ҚР Қылмыстық қодексі 147­бап. Күзетпен ұстау 1. Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау тек судьяның санкциясымен және  заңмен кемінде бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза  көзделген қылмысты жасады деген күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға  қатысты ғана қолданылады. Ерекше жағдайларда, егер: 1) оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері  болмаса; 2) оның жеке басы анықталмаса; 3) ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын бұзса; 4) ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан бой тасалауға тырысса  немесе бой тасаласа; Жауабы:ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 300­бап. Ереуілді басқаратын органның өкілеттіктері 1. Ереуілді басқаратын орган өзіне осы Кодекспен берілген құқықтар шегінде  және қызметкерлер (олардың өкілдері) берген өкілеттіктер негізінде әрекет  етеді. 2. Ереуілді басқаратын органның: 1) қойылған талаптарды шешу мәселелері бойынша жұмыс берушімен, жұмыс  берушілердің бірлестігімен (олардың өкілдерімен), мемлекеттік, кәсіподақ, өзге  де заңды және лауазымды тұлғалармен өзара қарым­қатынастарда қызметкерлер  мүдделерін білдіруге; 2) жұмыс берушіден, жұмыс берушілер бірлестігінен (олардың өкілдерінен)  қызметкерлердің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша ақпарат алуға......... Жауабы:ҚР Еңбек қодексі 293­бап. Айып төлеу ұғымы       Борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте,  атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге  мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу  (айыппұл, өсiм) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi  оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес.  Жауабы: ҚР Азаматтық кодекс 217­бап. Шешім шығару       1. Істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот  қаулысы шешім нысанында шығарылады.        2. Шешім кеңесу бөлмесінде шығарылады. Бұл бөлмеде өзге адамдардың  болуына жол берілмейді. Жұмыс уақытының аяқталуына қарай, сондай­ақ  жұмыс күні ішінде сот (судья) кеңесу бөлмесінен шығып демалу үшін үзіліс  жариялауға құқылы. Жауабы:ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі  Орынды тәуекел ету 35­бап.          1. Қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткiзу үшiн орынды тәуекел еткен ретте осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып  табылмайды.        2. Егер аталған мақсатқа тәуекелмен байланыссыз iс­әрекетпен  (әрекетсiздiкпен) қол жеткiзiлмейтiн болса және тәуекелге жол берген адам осы  Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлуiн болғызбау үшiн жеткiлiктi  шаралар қолданса, тәуекел орынды деп танылады.        3. Егер тәуекел ету адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына көрiнеу қатер  төндiруге, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзелiске немесе өзге де ауыр  зардаптарға ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылмайды. Жауабы: ҚР Қылмыстық қодексі 261­бап. Әлеуметтік әріптестік нысандары Әлеуметтік әріптестік: ұжымдық шарттардың, келісімдердің жобаларын әзірлеу және оларды жасасу  жөніндегі ұжымдық келіссөздер; еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды  реттеу, қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін  қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру  мәселелері бойынша өзара консультациялар (келіссөздер); қызметкерлер мен жұмыс берушілер өкілдерінің еңбек дауларын сотқа дейін  шешуге қатысуы нысандарында жүзеге асырылады.  Жауабы: ҚР Еңбек қодексі 3­тур.  Сөз құра туры бойынша оқушыларға берілген костюмдерді киіп, берілген   сұрақтардың   жауабын   сол   киген   костюмде   көрсетілген   әріптерді пайдалана отырып құрауы тиіс. Әр топқа 2 минут уақыт беріледі. Сол уақыт аралығында 9 сөз құрауы тиіс. Әр дұрыс жауап бір баллмен бағаланады. 1­топ сұрақтары: 1. Жалғыз сөзінің синонимі­ДАРА 2. Ойшыл сөзінің синоним­ДАНА 3. Ақыл сөзінің синонимі­САНА 4. Біржан салмен айтысқан ақын қыз­САРА 5. Бақыла сарала сөздерінің синонимі­СЫНА 6. Күз мезгілінің түсі­САРЫ 7. Алькоголді ішімдік­СЫРА 8.Украинаның заң қабылдау органының атауы­РАДА 2­топ сұрақтары: 1. Қостанай, Арқалық, Астана –ҚАЛА 2. Әлсіз сөзінің синонимі­ШАЛА 3. Қыс мезгіліндегі көлік­ШАНА 4. Күмістен кейінгі жүлдн­ҚОЛА 5. Тәуелсіздік үшін күрескен партия­АЛАШ 6. Әшекей бұйым­АЛҚА 7. «Біздің» сөзінің орысша аудармасы­НАША 8. Салақ сөзінің синонимі­ОЛАҚ 4­тур.  «Патриоттық   әндер»   туры   бойынша   еліміздегі   10   үздік   әндер жасырылады.   Сол   әннің   атауын   немесе   әннің   ішіндегі   сөзін   табулары керек.Сұраққа батырманы бірінші басқан топ жауап береді. Егер жауап дұрыс болмаса сұраққа жауап беру кезегін екінші топ ала алды.Әр сұрақ 5 балмен бағалануы тиіс. 1. Ақылбек Жеменей. Алға, қазақ жігіттері! 2. Батырхан Шокенов.Отан АНА. 3. Ерболат Құдайбергенов. Мен Қазақпын! 4. Маржан Арапбаева.Қазақ елі. 5. МУЗАРТ тобы. Қазақ елі. 6. Роза Рымбаева.Алия. 7. Төреғали Төрәлі. Қазақ жастары. 8. Роза Рымбаева. Атамекен. 9. Ескендір Хасангалиев. Атамекен. 10.Роза рымбаева. Қазақ елі. 5­тур.  «Жұмбақ сөз» туры бойыншатоп басшысына он сөз жасырылуы тиіс. Топ басшысы өз кезегінде бұл сөзді топтың мүшелеріне түбір сөзді айтпастан іс­ қимылдар, мимика және анықтамасын айтып түсіндіруі керек.Әр табылған сөз бір баллмен есептелінеді.Әр топқа 3 минут уақыт беріледі. 1­топ Қылмыс Жаза Кодекс Тур сұрақтары 2­топ Айыппұл Заң Шарт Баллистика Прокурор Қаулы Азаматтық құқық Үкімет Экоцид Демократия Тросология Тегргеуші Үкім Қылмыстық құқық Парламент Геноцид Монархия Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз, Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз. Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз, Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз – дей отырып, жеңімпаз топты анықтай үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік. Әділқазылар   алқасы   сайыстың   қорытындысын   шығарып,   жеңімпаздар марапатталады.

Разработка внеклассного мероприятие: "Конкурс Знатоков"

Разработка внеклассного мероприятие: "Конкурс Знатоков"

Разработка внеклассного мероприятие: "Конкурс Знатоков"

Разработка внеклассного мероприятие: "Конкурс Знатоков"

Разработка внеклассного мероприятие: "Конкурс Знатоков"

Разработка внеклассного мероприятие: "Конкурс Знатоков"

Разработка внеклассного мероприятие: "Конкурс Знатоков"

Разработка внеклассного мероприятие: "Конкурс Знатоков"

Разработка внеклассного мероприятие: "Конкурс Знатоков"

Разработка внеклассного мероприятие: "Конкурс Знатоков"

Разработка внеклассного мероприятие: "Конкурс Знатоков"

Разработка внеклассного мероприятие: "Конкурс Знатоков"

Разработка внеклассного мероприятие: "Конкурс Знатоков"

Разработка внеклассного мероприятие: "Конкурс Знатоков"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.02.2017