«Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтқан сөзі. Бағдарламалық мақала – ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі. Ұлттық дамуымыздың негізгі тірегі.
Баяндама конф.docx
ҚЫЗЫЛОРДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ
«Рухани жаңғыру – табысты ел
болуымыздың кепілі»
тақырыбындағы облыстық ғылымитеориялық
конференциясы
БАЯНДАМА
Қатысушының атыжөні: Қанат Мансұр Нұрланұлы
Қатысушының курсы, мамандығы, тобы: ІІІ курс, 0502000 «Қызмет
көрсету және телекоммуникациялық құралдар мен тұрмыстық техникаларды
жөндеу» мамандығы, №1215 оқу тобының студенті
Жетекші оқытушысының атыжөні: Асылбекқызы Жанат ҚЫЗЫЛОРДА 2018 ЖЫЛ
«Рухани жағыру – табысты ел болуымыздың кепілі»
«Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз
белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Жаңа жаһандық үрдістер
ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру
міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп
тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Бұл Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтқан
сөзі. Бағдарламалық мақала – ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі. Ұлттық
дамуымыздың негізгі тірегі.
Өз алдымызға жеке отау құрып, бабалар аманатына қол жеткізіп, шекарамыздың
бәрін айқындап жаңа тұрпатты тәуелсіз мемлекет құрдық. Алысжақындағы алып елдермен
саясиәлеуметтік, экономикалық және рухани қарымқатынасты жолға қойдық. Бұл, әрине,
бір ауыз сөзбен түйіп айтуға ғана оңай. Әйтпесе, тәуелсіздіктің осы ширек ғасырында
қаншама қиындықтар, шиеленістер, күрмеуі қиын әлеуметтік және ұлттық мәселелермен
бетпебет кездестік. Сол бір қысталаң кездерде көшімізді сүріндірмей, қайығымызды
қайрандатпай осы кезге дейін жеткізген ел Президентінің сарабдал саясаты.
Елбасы алғашқы сәтсағаттардан бастапақ жаңа даму жолына түскен елдің көшін
алысжақын елдермен тығыз қарымқатынас және бейбіт өмір сүруге бағыттады. Төрт
тараппен еркін байланыс орнатып жатқан соң жайын ауыздай жаланған жаһандану
дәуірімен бірге келген сан түрлі құбылыстардан бас тарта алмайсың. Сондай кездері, рас,
түрлі діни ағымдар мен ұлттық жадымызға, жан дүниемізге қайшы келетін келеңсіздіктер
дендеп еніп кетті. Мұндай жағдайларға табандап қарсы тұратын Президент айтқан –
ұлттың рухани коды.
Ұлттың рухани коды – сан ғасырлық тарихи тамырымыз, мирас болып келе жатқан
атамұра өнеріміз, өзге елден ерекшелеп тұратын дәстүрсалтымыз, әдетғұрпымыз, тілдік
ерекшелігіміз, діни ұстанымымыз, білімғылымымыз, қоршаған ортамыз, қыл аяғы
ошағымыз, отымыздың басы. Президентіміздің бағдарламаға құрылған мақаласында ендігі
жерде біздің дамуымыздың негізгі бағыттары болатын алғышарттар нақтылы көрсетілген.
Елбасы «ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына
сай келмеуінің сыры неде?» деген сауалды жалпы бұқараға қоя отырып, «Мен еліміз мықты
әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз
және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн
көрдім. Халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық
салтдәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын,
болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын!» деп кесіп айтты. Екі тарау мен алты тармаққа,
алты тапсырмаға құрылған Елбасы бағдарламасы – рухани кеңістігіміздің жаңа
жаңғыруының жарқын нышаны!
Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру
мақсатында Қазақстанда «Индустриалдыинновациялық даму» бағыты көзделген. Бүгінде
біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған
алып мемлекетке айналудамыз. Мемлекеттің бәсекеге қабілетін көрсететін басты
көрсеткіш – оның экономикасы. Экономиканың бәсекеге қабілетті болуының басты бағыты
– индустриалдыинновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта
отырып, инновациялық процесстерге бет бұру. «Еліміздің алдында тұрған үлкен мақсат – мынадай алмағайып заманда
экономикамызды түзеп, жағдайымызды жөндеп, индустриялық Қазақстанды жасау. Сол
кезде еліміздің келбеті өзгереді, басқа кадрлар даярланады, басқа ұрпақ өседі, экономика
жаңарады. Біз шынымен де 30 өркендеген, өскен елдің арасына енеміз. Мақсатымыз – сол.
Сонымен қатар, 20152019 жылдарға арналған Үдемелі индустриялдықинновациялық даму
мемлекеттік бағдарламасы «Қазақстан2050» Стратегиясы мен әлемнің 30 дамыған елі
қатарына кіру мақсатының маңызды құралына айналатын болады.
Саяси, экономикалық реформаларда еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол
жеткізді. Ол адамның құндылығы, рухани байлығы, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына
патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға мән бермесек, мұнымыз үлкен
қателік болатынын айтып отыр. Бұрын андасанда айтылып қалатын пікірлер бұл жолы
үлкен бір бағдарламаға айналған. Елбасының руханиятқа, білімге, ғылымға мән беруі –
үлкен көрегендік. Бұл жұмыс дер кезінде жасалып жатыр, енді оны халыққа жеткізе білу
керек. Бұл – еліміздің болашағы үшін жасалып жатқан жұмыс.
Рухани жаңғыру – адам баласының, оның ішкі әлемінің жаңғыруы, санасезімі, жаңа
өзгерістерді қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстыруға
болады. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынады:
Бәсекеге қабілеттілік. Ғаламданудың жаhандық жүйесіне еніп, XXI ғасырдың
талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап
айтты.
Прагматизм. Ұланғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір
мақсатпен межелеген нүктеге жету арқылы түрлі саяси радикалды
идеологияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды.
Ұлттық бірегейлікті сақтау.
Ұлттық код. Халқымызға тән салтсанамыз, асыл мәдениетіміз – осылардың
барлығы бойымызға сіңіп, жалындап, үні шырқалып тұруы керек екендігін баса
айтты.
Білім.Табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар
аударды.
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.
«ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» атты бірінші бөлімнің «Бәсекелік қабілет»,
«Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның
революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» атты алты тармақ және
«Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші бөлімдегі ойлар мен идеялар ұлттық
мемлекеттілікті нығайту мен сақтаудың айқын да нақты көрінісі.
Осы бағдарлама аясында Елбасымыз таяу жылдағы міндеттерді айқындап отыр:
Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру; Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім.
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы;
Мәдениет және салтдәстүрлерге айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы
патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі «Туған жер» бағдарламасы;
«Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі
жерлерінің географиясы» жобасы;
Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы;
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы бүгінгі замандастарымыздың
жетістіктерінің тарихына назар аудару.
Болашақта Қазақстанның бетпердесін не анықтайды? Еліміздің болшақтағы
келбетін анықтайтын – бәсекеге қабілеттілік. Бәсекеге қабілеттілік саясатта, экономикада,
руханиятта, яғни барлық салада болуы керек. Бәсеке болмаған жерде іріпшіріп, тозып
кетеміз. Бәсеке болған жерде жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, санамызды
жөндейміз. Бәрі санадан басталады. Сол үшін сана түзелуі керек. Сананы рухани жағынан
үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиіспіз. Абай атамыз баяғыда «Адам бол» деп айтып
кеткен. Бұл – қазақтың ұраны іспетті сөз. Елбасымыздың осы жұмысында Абайдың
ұранының көрінісі бар. Бұл жұмыстың арқауы өте тереңде жатыр. Елбасы тәрбие, білім
беру саласына үлкен мән беріп отыр. Әсіресе, үштілділік мәселесі басты назарда. Ағылшын
тілі – әлемдік тіл. Бүкіләлемдік тіл болғаннан кейін біз одан сырт қала алмаймыз. Дегенмен
қазақ тіліне басымдық беруге тиіспіз. Біздің мақсатымыз – әлемдік өркениетке еніп,
дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Оған білім, ғылым арқылы ғана жетеміз. «Білімді
мыңды жығады, білекті бірді жығады» дейді. Білімі мықты болуы үшін еліміздің білім беру
саласы да бәсекеге қабілетті дамуы керек. Білім әлемдік, тәрбие ұлттық болуы керек.
Ұсыныс:
Ұл балаға әке тәрбиесін ешкім бере алмайтыны сөзсіз. Өршіл намысты, биік рухты,
жігерлі ер жігіттер қалыптасуы үшін оқу орындарынан әкелер клубын құру қажет.
Бала мен әке қатысатынклуб жұмысы ұлттық ұстанымдарымызға негізделу керек.
Жасөспірім қыздарға арналған үйірмелер мен клубтар жұмысын жандандырып,
қыздарды еңбекқорлыққа, инабаттылық пен ибалылыққа тәрбиелеп, ұлтымыздың
ертеңі қазағымыздың аруларына рухани тәрбие беретін жұмыстар жасалуы қажет.
Жастар ақпарат алатын әлеуметтік желілер мен браузерлерге шектеу қойылуы
керек. Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, әрі жағымсыз дүниелерден қорғану
жастарымыздың жарқын болашағының кепілі болмақ.
Қорытындылай келе айтарымыз, елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы тәуелсіз еліміздің даму бағыты өрілген
өзекті мақала екені даусыз. Махатма Ганди айтқандай: «Егер сен әлемнің өзгергенін
қаласаң, өзің сол өзгеріс бол».
Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі
Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі
Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі
Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.