Сабақ тақырыбы: Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар
Оценка 4.6

Сабақ тақырыбы: Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
физика
8 кл
13.11.2018
Сабақ тақырыбы: Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар
Сабақ 28.docx
Физика  Сабақтың аты Жалпы мақсаты Күтілетін нәтиже Топқа бөлу Ынтымақтастық  атмосферасы Бағалау парақшасымен таныстыру Үй тапсырмасын  пысықтау Қызығушылығын ояту Сабақ 28 §30. Атомдардың құрылысы. Электрон.Элементар заряд Атомдардың құрылысы. Электрон.Элементар заряд жайлы мағлұмат беру Атомдардың құрылысы. Электрон.Элементар зарядтарды  күнделікті өмірде  және  өндірістерде, есептер шығаруда  қолдана білуге  үйрету Топта    бағалай  білуге баулу Атомдардың құрылысы. Электрон.Элементар заряд жайлы мағлұмат алады Атомдардың құрылысы. Электрон.Элементар зарядтарды күнделікті өмірде  және  өндірістерде, есептер шығаруда   қолдана  білуге  үйренеді Топта    бағалай алатын болады Мұғалімнің әрекеті Парталарда суреттер тұрады, оқушылар  мұғалімнің үстелінде жатқан суреттерді  таңдап, сол сурет орналасқан партаға  отырады. Сөйтіп 4 топ құрамыз.   Күн жарығын алақанға саламын. Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан­жағым. Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда  жалпы бағалау жүйесі мен ұпай  көрсеткіштері көрсетілген. Оқушының әрекеті Сол суреттерге байланысты төрт  топқа бөлініп отырады Оқушылар бір­біріне жақсы тілек  тілеп, сыныпта жақсы ахуал  қалыптастырады. Оқушылар бағалау нұсқаларымен  танысады Миға шабуыл Жалпы  сыныпқа өткен тақырып бойынша сұрақтар тарату, Үйге берілген тапсырманы сұрақ­жауап арқылы  өз ойларын ортаға салады Өтілген материалды қайталау: 1)  Денелердің электрленуі дегеніміз не? 2)  Қандай жағдайда дене электрленген немесе электр заряды берілген  деп айтады ? 3)Денелерді  калай электрлеуге болады?  Неліктен денелерді бір­біріне үйкейді? 4)  Электрлеуге қанша дене қатысады? Екі дененің зарядтары жөнінде не айтуға  болады? 5)  Бір денеден екінші денеге зарядты қалай беруге болады? 6)  Атгас зарядталған денелер бір­бірімен қалай әрекеттеседі? Әр аттас зарядталған денелер бір­бірімен қалай эрекетгеседі?  Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут) 1. 2. 3. Неліктен кәдімгі жағдайда дененің заряды болмайды? Атомның құрамына қандай зарядталған бөлшектер кіреді? Электрон туралы не білесіңдер? ІҮ. Топтық жұмыс  (15 минут)     Жаңа сабақ     Мағынаны тану Интервью әдісі арқылы тақырыпты талдау үшін тапсырма беру омның қүрылысын анықтаудағы Резерфорд тэжірибесі (1911 ж). Резерфорд ұсынған атомның планетарлық  моделІ. Атом және атом құрамындағы бөлшектердің өлшемдері. Элементар электр заряды және электрон. Сутегі  және гелий атомының құрылысы. •     Атом ортасында оң зарядталған ядродан және оның қабықшасын құрайтын, оны орасан зор  жылдамдықпен қозғалатын электрондардан тұрады. •     Элементар электр заряды, е=1,6*10­19 Кл Электронның массасы m =9,1 * 10­31 кг •     Ядроның құрамына оң зарядталған бөлшек протон және нейтрон деп аталатын бейтарап бөлшек кіреді •     Ядродағы нейтрондардың саны протондардың санына тең •     Ядроның заряды оң және абсолют мәні бойынша атомдағы барлық электрондардың зарядына тең •     Оң ион­кандай да бір өзара әрекеттесу нәтижесінде электрондарынан айрылған атом •     Теріс   ион­   қандай   да   бір   өзара   әрекеттесу   нәтижесінде   артық электрондарды қосып алған атом •     Атомның өлшемі өте кіші 10­10 м   •Атом ядросының өлшемі (10­14 м ), атомнан он мың есе кіші. Атом   құрылысы. 1897   жылы   көптеген   электр   құбылыстарын   түсiндiруге   мүмкiндiк   беретiн   жаңалық ашылды. Ағылшын ғалымы Дж. Дж. Томсон элементар заряд тасымалдаушысы болып табылатын бөлшектi тапты. Бұл бөлшекті электрон деп атады. Электрон массасы табиғаттағы ең жеңiл сутегi атомы массасынан 2000 еседей аз болып шықты. Электрон заряды терiс: qэл  = – е = – 6 ∙ 10–19 Кл. Бұл заряд электронның ерекше сипаттамасы болып табылады. Жәй денелердi зарядтауға немесе разрядтауға болады,   ал   электронды   зарядынан   "айыру”   мүмкiн   емес.   Сондай­ақ   электрон   зарядын   азайтуға   немесе көбейтуге   болмайды.   Электрон   заряды   барлық   уақытта   тек   бiр   мәнге   ие.   Химия   курсынан   сiздер электронның атом құрамына кiретiнiн бiлесiздер. Электрондар атом iшiнде оң зарядталған атомдық ядроны айнала қозғалады. Атом құрылысы 1911 жылы ағылшын ғалымы Э.      Резерфорд басқарған тәжiрибелер нәтижесiнде ашылған. Тәжiрибе мақсаты, жылдам бөлшектер жолында заттың атомдары орналасқан жағдайда өтетiн процестердi анықтау болып  табылады.   Бұған дейiн бiрнеше жыл бұрын радиоактивтiк құбылысы ашылған болатын. Кейбiр заттардың (қазiргi кезде радиоактивтi деп аталатын уран, радий және т.б.) көрiнбейтiн сәулелер шығаратындығы анықталды. Бұл сәулелердi зерттеу олардың бiр­бiрiнен электр заряды бойынша айыруға болатын үш түрлi құрамнан тұратынын көрсеттi. Радиоактивтi сәулелердi бiр­бiрiнен ажырата белгiлеу үшiн грек алфавитiнiң бастапқы a (альфа), b (бета) және g (гамма) – үш әрiпiн қолдану ұсынылды. Альфа сәулесi – оң зарядталған (альфа бөлшектерiнен), бета сәулесi – терiс зарядталған бөлшектер (электрондар), ал гамма сәулесi   –   ешқандай   зарядқа   ие   емес. Бұл   сәулелер   адам   ағзасына   қауiптi.   Сондықтан,   радиоактивтi препараттармен жұмыс iстегенде ерекше қауiпсiздiк шараларын сақтап, оларды қолмен ұстамай, арнайы қорғаушы   экрандарды   қолдану   керек.  Резерфорд   альфа­бөлшектерiн   атомдарды   "атқылауға”   болатын "зеңбiрек оқтары” ретiнде қолдануды ұсынды. Ол осы бөлшектердiң жiңiшке шоғымен зерттелетiн заттан жасалған   жұқа   пластинаны   (фольганы)   атқылау   кезiнде,   альфа   бөлшектерiнiң   көпшiлiгi   фольгадан   еш кедергiсiз   өтетiндiгiн,   ал   аз   ғана   бөлiгi   атом   iшiндегi   бiр   нәрсемен   соқтығысып   керi   қайтатындығын анықтады. Резерфорд тәжiрибелерi жоғары сыныптарда егжей­тегжейлi қарастырылады. Мұнда бiз оның тәжiрибе нәтижесiнде жасаған қорытындыларымен шектелемiз. Резерфорд   атомының   құрылысын   Күн   жүйесiне   ұқсатты.   Күн   жүйесiндегi   планеталар   оған   тартылып айналғаны   сияқты,   электрондар   да   ядроға   тартылып   оны   айнала   қозғалады.   Осындай   ұқсастығы   үшiн Резерфорд   ұсынған   модельдi   (11­сурет)   планетарлық   модель   деп   атаған.  Ядро   мен   электронның   ара қашықтығы олардың өлшемдерiне қарағанда өте үлкен. Егер атомды ойша үлкейткенде ядроның диаметрi он теңгелiк монетадай болса, онда ядро мен электрон ара қашықтығы шамамен бiр километрдей болар едi. Егер барлық электрондар атомдық ядроларға тығыз жабып орналасса, онда ересек адамның денесiнiң көлемi бiр куб миллиметрдiң миллионнан бiр бөлiгiндей болатындығы есептелген! Бұдан адам денесiнiң 99%­iн (кез­ келген дененiң) бостық жайлайтындығын көремiз. Резерфорд тәжiрибесiндегi альфа бөлшектерi атомдар iшiндегi осы бос қуыстардан бөгелмей ұшып өтедi, сондықтан олар фольгадан керi шашырамайды. Бiр тектi атомдар жиынтығы химиялық элемент деп аталады. Әр түрлi химиялық элементтердiң атомдары бiр­бiрiнен   ядроларының   зарядымен   және   сол   ядроны   айнала   қозғалатын   электрондар   санымен ерекшеленедi. Мысалы, сутегi атомында жалғыз электрон бар, оттегi атомында – сегiз электрон, ал уран атомында   –   тоқсан   екi. Атомдағы   электрондар   саны   элементтiң   Д.И.   Менделеев   кестесіндегі   реттiк нөмiрiмен   сәйкес   келедi. Осы   нөмiр   атом   ядросының   зарядын   да   анықтайды.   Белгiлеу   енгiзейiк:   Z   – элементтiң   реттiк   нөмiрi   =   атомдағы   электрондар   саны. Онда   атом   ядросының   және   атомдағы   барлық электрондардың   жалпы   заряды   үшiн   былай   жазуға   болады:   qядро = + Ze   qэл­н = – Ze.   Атомдағы электрондардың  жалпы   зарядын,  атом  ядросының   зарядына   қоссақ   нөл   шығады. Бұл   атомның   толықтай бейтарап екендiгiн көрсетедi. Бейтарап атомдардан тұратын заттардың молекулалары да бетарап болады. Кейбiр   жағдайларда   (мысалы,   соқтығысқанда)   атомдар   бiрнеше  электронын   жоғалтуы   мүмкiн.   Атомдар электрондармен бiрге өздерiнiң терiс зарядының бiр бөлiгiн жоғалтып, бейтарап емес жүйеге айналады. Осының  салдарынан   пайда   болған  оң  зарядталған   атомды оң ион деп  атайды. Керi   жағдайлар   да  болуы мүмкiн: бейтарап атом өзiне артық электрон қосып алып, терiс зарядталады. Мұндай атомды терiс ион деп атайды. Жеке карточка бойынша  топтық жұмыс  2 электрон 3 протон 4 нейтрон Сергіту сәті Ой толғаныс «Қаражорға» биі Оқушылар әуенге билеп,сергиді 2. Литидің үш электроны бар екені белгілі. Соны есепке ала отырып Литидің он және теріс ионын сызба түрінде көрсетіңіз.   3. Алюмини тяқшасына он зарядталған дене жанасты.  Алюминидің кейбір зарядтарында қандай өзгеріс болады?   4. Лити атомының құрамында үш протон бар екені белгілі. Осы атомдағы бөлшектер саны нешеу? Оларды атаңыз? 5. Зарядталмаған метал таяқшаға зарядталған дене жақындатылды. Таяқшадағы зарядтар тегін көрсетіңіз? 6. Екі бірдей метал шар бірдей бірақ қарама қарсы таңбалы зарядталған. Олар соқтығысқаннан кейін зарядтары бейтарапанды. Шарлардағы зарят жоғалып кетті деп айта аламыз ба?   7. Оң заряды бар метал шарикті разрядтады, ол бейтарап күйге көшті. Шарик өзінің біржола жоғалтты деп айта аламыз ба? Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін  тексеру. 1. Неліктен кәдімгі жағдайда дененің заряды болмайды? 2. Атомның құрамына қандай зарядталған бөлшектер кіреді? 3. Электрон жайлы не айта аласыңдар? 4. Егер дене электронды қосып алса, онда денеде не байқалады? 5. Электронын беріп жіберген дене қандай заряд алады? 6. Оның атомы қалай аталады? 7. Жанасу кезіндегі дененің электрленуі қалай түсіндіріледі? Үй тапсырмасы  Бағалау № Кері байланыс :«Екі жұлдыз, бір тілек» Оқушылар күнделіктеріне жазады Бағалау парақшасын толтырады

Сабақ тақырыбы: Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар

Сабақ тақырыбы: Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар

Сабақ тақырыбы: Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар

Сабақ тақырыбы: Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар

Сабақ тақырыбы: Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар

Сабақ тақырыбы: Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар

Сабақ тақырыбы: Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар

Сабақ тақырыбы: Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.11.2018