Сабақ жоспары: «Ән –көңілдің ажары»
Оценка 4.6

Сабақ жоспары: «Ән –көңілдің ажары»

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
родителям
8 кл
09.06.2017
Сабақ жоспары: «Ән –көңілдің ажары»
Публикация является частью публикации:
Ашық сабақ ұлттық аспаптар.docx
Тақырыбы: Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан.  Мақсаты: а) білімділік: Әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік бере отырып, жасалу ерекшелігін,  дыбыс бояуын түсіндіріп, ұлтық аспап туралы білімдерін жетілдіру; ә) дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін қалыптастырып, музыкалық  аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту; б) тәрбиелік: Қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге  деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: Ашық сабақ Сабақта қолданылатын әдістер: Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ­жауап, түсіндіру Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, ән­күй Көрнекілігі: Слайд, топшама, домбыра Ұйымдастыру бөлімі:  Оқушыларды түгендеймін;  Сабаққа дайындығын тексеремін. Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылардан 121­беттегі 3 тапсырманы тексеремін, тақырып негізінде қосымша сұрақтар  қоямын. ­ Қане, балалар сабақты«Сен қайдасың?» тренинг өткізуден бастайықшы ∙        Сәлем достым (қол беріп амандасу) ∙        Сен қаласың? (иықтарын қағады) ∙        Қайда болдың? (құлақтарын тартады) ∙        Мен сені сағындым (қолдарын жүрекке қояды) ∙        Сен келдің (қолдарын жаяды) ∙        Жақсы болды (қатты құшақтайды) Жаңа сабақтың тақырыбын анықтаймын.Видео «Ғасырлар үні» Жаңа сабақты түсіндіру: Сұрақ­жауап. 1. Қазақ халқының ұлттық аспаптарына қандай аспаптар жатады? 2. Қазақ халқының белгілі күйшілері мен қобызшыларынан кімдерді білесіздер? 3. Күй дегеніміз не? 4. Қандай күйлерді білесіздер? Қазақтың музыкалық аспаптары  туралы мәліметтермен таныстыру. Қазақтың музыкалық аспаптары үрмелі, ішекті және ұрмалы болып 3  топқа бөлінеді. Үрмелі аспаптарға: сырнай, сыбызғы, қамыс сырнай, үскірік жатады.  Ал ішекті аспаптарға: домбыра, жетіген, шертер, қобыз, шаңқобыз жатады. Ұрмалы  аспаптарға: даңғара, дауылпаз, асатаяқ аспаптары жатады. Аспаптар Анықтамасы Саз сырнай – саздан жасалынып, үрлеп тартылатын аспаптың бірі. Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті аспабы. Ол қазақтар арасында маңызды, өзіндік сипаты бар аспап. Шертер – ежелгі ішекті аспап. Шертердің көлемі домбырадан кіші, бірақ пішіні қобызға ұқсайды. Қобыз – екі ішекті, қырыққа тарта аттың қылы керілген ысқышы бар аспап. Даңғара – үні жаугершілік кезінде сарбаздарды жинап, сапқа тұрғызуға, ұрандатуға, шайқасты тоқтатуға бағытталған. Асатаяқ – абыздар мен бақсылардың қолданған аспаптарының бірі болған. Музыкалық аспаптардың үлгілерін Қ.Қасымов, А.Ермеков, О.Бейсенбаев секілді шеберлер  жасап шығарды. Бұл аспаптар қазіргі күнде Мәскеу, Алматы, Семей қалаларының  мұражайларында сақтаулы тұр. Қазақ халқының белгілі күйшілері мен қобызшылары: Қорқыт ата, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Махамбет Өтемісұлы, Кенен  Әзірбаев, «Ұлытау» тобы, Асылбек Енсепов, Ақерке Тәжібаева т.б. Оқушыларға тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындатамын. Тапсырма №1  Мәтінді оқып, грамматикалық тапсырманы орындау. Халықтың музыкалық аспаптары белгілі бір халыққа тән мынадай ерекшелігі болады. Олар – ғасырлар бойы ұрпақтан­ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Ертеде  аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен  қылынан жасаған. Музыка аспаптарын халыққа хабар бергенде, аңды үркіткенде, ән­күйлер орындағанда пайдаланып отырды. Сонымен қазақтың халық  аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор  А.Жұбанов болды. Сұрақтар: 1. Халықтың музыкалық аспаптары қандай болады. 2. Ертеде аспаптарды неден жасаған? 3. Ертеде музыкалық аспаптарды не үшін пайдаланған? 4. Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін кім  ұсынды? Тапсырма №2 Мәтінді көшіріп жазу, есімдіктерді табу Қобызшылар тобы Қазақтың музыкалық аспаптары – ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе  жатқан мәдени мұра. Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін  ұсынған профессор А.Жұбанов болды. Сергіту сәті. Оқушыларға Құрманғазының «Адай» күйін тыңдатамын. Күйшілер тобы Тапсырма №3 1. Мен, Сен  ,   Біз деген есімдікті септеу   Тапсырма №4 Берілген анықтама бойынша әңгіме құраңыз. ♫ Дина Нұрпейісова (1861 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді) – домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі. ♫ 8­9 жасында домбыраны тартуды үйренген. ♫ 1870 жылы Құрманғазымен кездескен. ♫ Динаның күйлері – «Байжұма», «Бұлбұл» т.б. ♫ 1937 жылы Халық өнерпаздарының байқауында 1­жүлдеге ие болған. ♫ Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. ♫ 31.01.1955 жылы Алматы қаласында дүниеден өтті. Топпен  жұмыс­Постер «Қазақтың ұлттық аспаптары» Тапсырма №5 Жаңа сабақты бекіту: 1. Қазақ халқының ұлттық аспаптарын атаңыз. (домбыра, қобыз, сырнай, сыбызғы, асатақ, даңғара т.б. ) 2. Қазақтың әйгілі күйшілері мен қобызшыларын атаңыз. (Қорқыт, Құрманғазы,  Дина, Махамбет, Кенен) 3. Домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор. (Ахмет  Жұбанов) 4. Домбыра қандай аспап? (екі ішекті аспап) 5. Қазақтың музыкалық аспаптары неше топқа бөлінеді? (3 топқа бөлінеді:  үрмелі, ішекті, ұрмалы) 6. Ішекті аспаптарға қандай аспаптар жатады? (домбыра, жетіген, шертер, қобыз,  шаңқобыз). Рефлексия. «Светофор» Үйге тапсырма: Сызба бойынша «Қазақтың музыкалық аспаптары» тақырыбына сөйлем құраңыздар .3 тапсырма 125­126 бет Бағалау

Сабақ жоспары: «Ән –көңілдің ажары»

Сабақ жоспары: «Ән –көңілдің ажары»

Сабақ жоспары: «Ән –көңілдің ажары»

Сабақ жоспары: «Ән –көңілдің ажары»

Сабақ жоспары: «Ән –көңілдің ажары»

Сабақ жоспары: «Ән –көңілдің ажары»

Сабақ жоспары: «Ән –көңілдің ажары»

Сабақ жоспары: «Ән –көңілдің ажары»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.06.2017