Сабақ жоспары: «Ән –көңілдің ажары»

  • Разработки уроков
  • docx
  • 09.06.2017
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Публикация является частью публикации:

Иконка файла материала Суда жүзу ережелері жоспар.docx
Сабақтың тақырыбы: Суда жүзу ережелері Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды судың қандай болатынымен таныстыру, талдау. Дамытушылық: Оқушылардың ой­өрісін, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін  дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға оны сүйе білуге баулу. Туған жердің экологиясын қорғауға  үлес қосу Көрнекілігі: Суреттер, дидактикалық материалдар Әдісі: ой қозғау, сұрақ­жауап, топтастыру, миға шабуыл Түрі: жаңа материалды меңгерту Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі ІІ. Үй жұмысын тексеру.2 тапсырма ІІ Оқушыларды психологиялық дайындау ІІІ.Тренинг.     «Әріптер әлемі» жаттығуы. Нұсқау: «Қауіпсіздік» сөзі беріледі. Осы сөздегі әріптерді пайдаланып барынша көп сөз  құрау қажет. Сөз құрауда бір әріпті 2 рет қайталауға болмайды.  Сабақтың тақырыбын анықтау үшін тақырыптың сөздері буынға бөлініп, орындары  ауыстырылған. Орнына қойып,сабақтың  тақырыбын анықтаймыз. І. сөз­ДА,СУ    ІІ сөз­  ЗУ, ЖУ      ІІІ сөз­РІ, ЛЕР,ЕРЕЖЕ ІҮ.Ой қозғау Ү.Су туралы ассоциация жазу. ● ● ● ● ●  Су – сұйық зат.  Аспаннан жауын түрінде түседі.  Күн суытқан кезде су қатты күйге айналады.  Су буға айналады, ұшып кетеді  Бу ­ мөлдір,түссіз газ. ҮІ. Суда жүзу ережелерімен таныстыруКүннің қатты ысығанынан барлық су айдындарда демалушылардың саны күрт өсуде. Суда  демалыңыздар, күштеріңізді және денсаулықтарыңызды нығайтыңыздар, бірақ Есте  сақтаңыздар! Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі болып азаматтардың судағы қаупсіздік  ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен болып табылады. Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқыңыздар және есте сақтаңыздар: • тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми  рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар; • жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер; • шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар; • жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер; • жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар; • жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар; • қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер; • суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін; • түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар; ҮІІ. Лексикалық тақырып бойынша бейнероликті тамашалайық  «Суда жүзу ережелері» ҮІІІ. Грамматкалық тақырып ережемен жұмыс. Етістіктің шақтары. Ауыспалы шақ. ІХ.А) –Сонымен, балалар, су туралы көп мағлұмат алдық. Мынадай нақыл сөздер  бар,дәптерге жазып алу.Етістіктерді табу, ауыспалы шаққа айналдыру • Суды босқа төкпе! • Сумен ойнама! • Бұлақ көрсең көзін аш. • Судай таза бол. Х. Оқушылар арасында суда жүзу ережелері бойынша нұсақаулық өткізу, топтағы  оқушылардың тізіміне суда ережелермен таныстым деп нұсқаулыққа қол қойғызу ХІ Үйге тапсырма:  «Су қалай ластанады?» эссе жазып келу ХІІ.  Бағалау