Сабақ жоспары: "Сын есім"
Оценка 4.6

Сабақ жоспары: "Сын есім"

Оценка 4.6
Лекции
docx
чтение
3 кл
04.05.2017
Сабақ жоспары: "Сын есім"
1.Оқушыларға сын есім туралы жалпы түсінік беру. 2. Шығармашылық деңгейдегі жаттығу жұмысын орындау арқылы ойлау қабілетін, сөздік қорларын дамыту.Көркем жазу арқылы әсемдікке баулу. 3. Зеректікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, доп, сызба суреттер, видеопроектор, слайд. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: ана тілі, дене шынықтыру. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Сабағыңа жөндеп, Әзірленсең-еңбек. Қиындықтың бәрін, Еңбек қана жеңбек. • Ендеше, балалар, еңбектеніп білім аламыз. Білім арқылы көздеген мақсатымызға жетеміз.
сын есім.docx
Сабақтың тақырыбы: Сын есім. Күні:13.03.2017 Сынып: 3а Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға сын есім туралы жалпы түсінік беру. 2. Шығармашылық деңгейдегі жаттығу жұмысын орындау арқылы ойлау қабілетін, сөздік қорларын дамыту.Көркем жазу арқылы әсемдікке баулу. 3. Зеректікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, доп, сызба суреттер, видеопроектор, слайд. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: ана тілі, дене шынықтыру. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Сабағыңа жөндеп, Әзірленсең-еңбек. Қиындықтың бәрін, Еңбек қана жеңбек.  Ендеше, балалар, еңбектеніп білім аламыз. Білім арқылы көздеген мақсатымызға жетеміз. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Жаттығуды оқыту.  Етістік дегеніміз не?  Сұрақтарын ата.  Мысал келтір. ІІІ. Жаңа сабақ.  Жақсы, балалар, енді бәріміз сөзжұмбаққа назар аударайық. Мына сөзжұмбақты шешіп көрейік. 1. Заттың түсі. 2. Шелек, кесе, қазан сөздерінің жалпы атауы. 3. Қасиетті тағам. 4. Апта күні. 5. Уақытты көрсететін құрал. 6. « Ұсақ » сөзіне қарама-қарсы сөз. 7. Жыл мезгілі. Дәптермен жұмыс: ( Оқушылардан әдептілік туралы мақал- мәтелдерді сұрап, солардың біреуін жазу.) Әдепті бала-арлы бала, Әдепсіз бала- сорлы бала. « Ой қозғау » стратегиясы арқылы сызбамаен жұмыс. Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығуды ауызша орындыту. Жұмбақты шешіп, қарбызға сипттама беру. Сырты жасыл, қап-қатты, Іші қызыл, тәп-тәтті. (Қарбыз) -Сырты қандай? -Түсі қандай? - Дәмі қандай? - Пішіні қандай? - Мұның бәрі заттың несін білдіріп тұр? Тақтаға сызбаны іліп, оқушыларға сызбаны толтырту. Қандай? Қай ? Түсі Пішіні Сын есім Сапасы Дәмі Көлемі 2-жаттығу. Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру.Тиісті тірек сөздерін қолданып сөйлем құрау. -Күн қандай? -Күн ашық. - Аспан қандай? - Аспан көгілдір. - Жапырақтар қандай? - Жапырақтар жасыл. 4-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, сын есімді табу. Сергіту сәті. « Доп тастау » ойыны арқылы сын есім болатын сөздерді атау. 5-жаттығу. Шығамашылық жұмыс. Мәтінді сурет бойынша ретімен көшіріп жазу. 6-жаттығу. «Төрт жолды өлең » стратегиясы. Ребусты шешу. Таңқурай Құлпынай Қарақат 1. Зат есім -1сөз 1.Жидек 2. Сын есім-2 сөз 2. Қара, күлгін. 3. Етістік – 3 сөз 3. Өседі, жеміс береді. 4. Сөйлем -4 сөз 4. Мен орманнан қарақат тердім. ІV.Сабақты қорытындылау. Тест жұмысы. 1. Заттың түсін, көлемін, сапсын, дәмін, пішінін білдіретін сөздердіне дейміз? а) сын есім ә) зат есім б) етістік 2. Сын есімнің сұрақтарын көрсет. а) Не істеді? Не қылды? Қайтті? ә) Қандай? Қай? б) Қанша? Неше? Нешінші? 3.Заттың сынын білдіріп тұрған қай сөздер? а) он, доп ә) жүгірді, ала б) биік, қызыл 4. Түбір сөзді тап. а) биші ә) қазақ б) өнерпаз 5.Дұрыс жазылған сөзді тап. а) абтобус ә) автобс б) автобус Үйге тапсырма: 3-жаттығу. Жұмбақ құрастыру. Тест тапсырмасы 1. Заттың түсін, көлемін, сапсын, дәмін, пішінін білдіретін сөздердіне дейміз? а) сын есім ә) зат есім б) етістік 2. Сын есімнің сұрақтарын көрсет. а) Не істеді? Не қылды? Қайтті? ә) Қандай? Қай? б) Қанша? Неше? Нешінші? 3.Заттың сынын білдіріп тұрған қай сөздер? а) он, доп ә) жүгірді, ала б) биік, қызыл 4. Түбір сөзді тап. а) биші ә) қазақ б) өнерпаз 5.Дұрыс жазылған сөзді тап. а) абтобус ә) автобс б) автобус

Сабақ жоспары: "Сын есім"

Сабақ жоспары: "Сын есім"

Сабақ жоспары: "Сын есім"

Сабақ жоспары: "Сын есім"

Сабақ жоспары: "Сын есім"

Сабақ жоспары: "Сын есім"

Сабақ жоспары: "Сын есім"

Сабақ жоспары: "Сын есім"

Сабақ жоспары: "Сын есім"

Сабақ жоспары: "Сын есім"

Сабақ жоспары: "Сын есім"

Сабақ жоспары: "Сын есім"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.05.2017