Мектептегі тәрбие сабағында өтетін тақырыптың бірі: Отбасындағы әкенің ролі. Бұл оқушылардың арасындығы өзекті мәселенің бірі.Бұл материал тәрбие сабақтарында пайдалануға болады.Оған әкелер де белсенді қатысады. Бұл тәрбие сабақ жоспарында оқушылардың ата анасы қатыстырылып, мерекелік шара ретінде өткізуге болады. Немесе сынып сағатында өткізуге болады.Отбасыдағы әке ролі
аке.docx
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы әке рөлі
Сабақтың мақсаты: отбасындағы әкенің орнын түсініп, оған деген қажетті қадір қасиет сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
• мәтіннің мазмұнын түсініп, өз ой пікірін ауызша жазбаша тіл арқылы білдіруге дағдыландыру;
• логикалық ойлауын, коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
• әкеге деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдістері: СТО жобасының элементтері, оқулықпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, өздік жұмыс.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, кезекшілер есебін сұрау.
«Молекула атом» ойыны арқылы 3 топқа бөлу.
I. Қызығушылығын ояту
«Ой қозғау» арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын оқушыларға таптыру керек. Тірек сөздер:
отбасы
тірек
бәйтерек
рөлі
басшысы
Иә, дұрыс таптыңдар. Әрине, ол отбасымыздың тірегі – әке туралы болмақ.
1. Әр отбасы шағын мемлекет дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Бұл мемлекеттің басшысы кім?
3. «Әке» сөзінің мағынасын ашыңыздар?
II. Мағынаны ажырату.
1. «Суретті сөйлет» стратегиясы.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Әр топ берілген суреттер бойынша әңгіме құрастырады. Онда айтылуы тиіс:
1. Кезеңі
2. Қызметі
3. Ұлты
4. Жасы
5. Әлеуметтік жағдайы
«9 ромб» стратегиясы.
Мақсаты: оқушыларды жинақылыққа, бірізділікке тәрбиелеу.
«Әке туралы» мәтіннің сөйлемдері шашылып берілген, соны ромб формасына салып, маңыздысынан бастап
бірізділікпен дұрыс құрастыру.
Әке рөлі
Әр отбасындағы әкенің рөлі ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы.
Әкенің мінез құлқы, өзгелермен қарым қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі өнеге
алатын, оған қарап өсетін нысанасы. "Әке — асқар тау", "Әке — бәйтерек" деген мақалдар әкенің беделін
көрсетеді. "Әке балаға сыншы" дейді халқымыз. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір
әрекет жасау үшін әуелі әкесімен ақылдасады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып
қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқаратын еңбегі ерекше. "Бір бала бар
әкеге жете туар, бір бала бар атадан өте туар, бір бала бар атадан кері туар" деген халқымызда дана сөз
бар.
Дәптермен жұмыс. Мәтіннің ішінен мақал мәтел, нақыл сөздерді теріп жазып, біреуінің мәнін ашу.
1. Әке — асқар тау 2. Әке — бәйтерек
3. Әке балаға сыншы
4. Бір бала бар әкеге жете туар, бір бала бар атадан өте туар, бір бала бар
атадан кері туар.
III. Ой толғаныс.
1.«Венн диаграммасы» стратегиясы бойынша әр топ бірлесе отырып, әке мен ананы салыстырып,
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тауып жазу.
Әке Ана
2. «Бес жолды өлең» стратегиясы бойынша әр топ «әке» сөзіне бес жолды өлең құрастырады. Мысалы: әке
мейірімді, қатал
тәрбиелейді, үйретеді, сынайды
Әке – отбасы тірегі, қорғаны.
Асқар тау, бәйтерек
3. «Жағдаятты шеш». Тренинг «Үлгілі отбасы» Үш оқушыдан құралған топ жұмыс жасайды.
1 оқушы Әке рөлінде, ертең жауапты жұмысқа кірісетін болғандықтан бүгін кешке үйінде тыныш
демалғысы келеді.
2 оқушы үлкен баласы, дәл бүгін кешке өз үйінде достарымен көңілді кеш өткізгісі келді.
3 оқушы кіші баласы, бір нәрсеге көңілі алаңдап, өз ойымен әуре болып отыр, оған үлкендердің көмек,
кеңес бергенін қалайды. Тренингке 5 7 минут уақыт бөлінеді, топтар осы уақыт аралығында отбасындағы
кеш қалай өтетіндігіне келіседі.
ІV. Үйге тапсырма: Әр отбасына қатысты «Әке» тақырыбына эссе жазып келу.
V. Бағалау. Әр топ өз қарсыластарын «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды.
Сабак такырыбы: Отбасы
Сабак такырыбы: Отбасы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.