мезгілінде ерекшеліктерін салыстырып,айтып беруге жаттықтыру, ойын арқылы сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
2.Оқушылардың оқу,сөйлеу,ойлау,жазу дағдыларын дамыту;оқушылардың білімін жинақтау,қорытындылау;
3.Оқушыларды табиғаттың әсем көріністерін қызықтай білуге,табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Әдістері: сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойын,ой қозғау.
Көрнекілігі: сюжетті суреттер,үлістірмелі материалдар, қағаздан жасаған шырша мен ойыншықтар,ертегілердің кейіпкерлері.
Пәнаралық байланыс: дүниетану,орыс тілі.
менің сүйікті жыл мезгілім 6 сынып.doc
Сабақтың тақырыбы: « Менің сүйікті жыл мезгілім»
Сабақтың мақсаты: 1. Балалардың жыл мезгілдері туралы ұғымдарын жетілдіру, әр
мезгілінде ерекшеліктерін салыстырып,айтып беруге жаттықтыру, ойын арқылы сөйлеу
дағдысын қалыптастыру;
2.Оқушылардың оқу,сөйлеу,ойлау,жазу дағдыларын дамыту;оқушылардың білімін
жинақтау,қорытындылау;
3.Оқушыларды табиғаттың әсем көріністерін қызықтай білуге,табиғатқа деген
сүйіспеншілік сезімін баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Әдістері: сұрақжауап,әңгімелесу,ойын,ой қозғау.
Көрнекілігі: сюжетті суреттер,үлістірмелі материалдар, қағаздан жасаған шырша мен
ойыншықтар,ертегілердің кейіпкерлері.
Пәнаралық байланыс: дүниетану,орыс тілі.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Сәлеметсіңдер ме,балалар!Отырыңдар!
Кезекшімен сөйлесу.
Кім бүгін сабақта кезекшІ?
Кім жоқ?
Қазір қай ай?
Бүгін нешесі?
Тілге енгізу.
Балалар,қазір қай жыл мезгілі?
Көктем айларын кім атайды?
Бір аптада неше күн? Қалай аталады?
Бүгін аптаның қай күні?
II.Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Балалар, бүгінгі сабағымыз «Жыл мезгілдері» модулін бекіту сабағы. Сабақтың мақсаты –
жыл мезгілдерін қайталап,алған білімізді пысықтау, жыл мезгілдері туралы білімдерімізді
жинақтап,бекіту.
III. Ой қозғау.
Сөзжұмбақты шешу.
1.Лето 4.Май
2.Зима 5. Ветер
3.Высохли 6.Октябрь
7.Цветок
8.Июль
9.Декабрь
10. Замерзает
11.Тает
12.Март
13. Апрель Қ
А Н С
С М Қ Ж Т А Ә
Қ О А Ж А Ш Е А У У
Ж Ы Л М Е З Г І Л Д Е Р І
А С Д Ы Л А Ү Л Т Ы Р Ы Р
З Ы Р Н Л Д О И З
Е Қ Д
С І
А
Н
Сонымен,балалар,сабағымыздың «Жыл мезгілдері» деген тақырыбы шықты.
Сабағымыздың ұраны: «Қыс құнар береді,
Көктем дән себеді,
Жаз баптап өсірсе,
Күз жинайды,тереді.»
(Қ.Баянбаев)
IV.Фонетикалық жаттығу.
Өткен сөздерді дауыстап қайталаңдар!
Жыл,жыл мезгілдері,қыс,көктем,күз,жаз,қар;жел,гүл,қаңтар,ақпан,наурыз,
сәуір,мамыр,маусым,шілде,тамыз,қыркүйек,қазан,қараша,желтоқсан,ериді.
Сөздерді жатқа сұрау.
V. Мағынаны ажырату.
1.Балалар,жұмбақты тыңдап шешіңдер!
Өрік,алма,
Шие,алша,
Жидек,жүзім піседі,
Қауын,қарбыз,
Қияр,сәбіз
Дүкендерге түседі.
Бөбектерім!
Айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Дұрыс,күзде.
2.Суреттер бойынша жұмыс.
Топтық жұмыс.
I топ «Күз»
II топ «Қыс»
III топ «Көктем» IV топ «Жаз»
Бір оқушы тақтаға шығып, «Күз» туралы әңгімелейді.
3. Каточкалармен жұмыс.
/3 оқушыға карточкалар беріледі/
№ 1
Сөздерді буынға бөліп, буынның түрлерін анықта.
Жаз,келді,ағаштың,тамыз,қараторғай,қаңтар.
№ 2
Сөздерді аудар.
Жыл мезгілі –
Маусым
Ыстық
Қыркүйек
Жемістер
Тебеді
№ 3
Берілген сөздерге дікі,тікі,нікі жұрнақтарын дұрыс қойып
жаз.Адам,бала,алма,алмұрт,қарбыз,құстар.
4.Балалар, Қарашаш –қазақ ертегілерінің кейіпкері. Ол жемісжидектер мен көкөністерді
теріп жинады.Қарашашқа оларды себеттерге бөлек салуға көмектесейік:
/ 3 оқушы оларды бөлек салып атайды/
VI. Сергіту сәтін өткізу.
Алтын,сары,қызыл,көк,
Алуаналуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап,
Ой,алақай,тамаша!
Шашу шашты жапырақ.
/ Қимылдармен айтады/
4.Жұмбақты шешу.
Аққу мамық ұлпа қар,
Жамылады қырқалар.
Шымшып аяз бетіңді,
Ширатады етіңді.
Қос конькимен ылғи біз,
Жылтыр мұзда сырғимыз,
Торғай тыста тоңады.
Бөбектерім!
Айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Дұрыс,қыста. Енді қыс туралы әңгімелейік.
/Оқушы тақтаға шығады,қыс туралы әңгімелейді/
VII. Оқулықпен жұмыс.
1.Сұхбатты мәнерлеп оқу,екеуара сөйлесу. / 145 бет,2 тапсырма/
Бұл қай жыл мезгілі?
Бұл қыс.
Қыс айлары қай айлар?
Қыс айлары: желтоқсан,қаңтар,ақпан.
Қыс айының бірінші айы қай ай?
Қыс айының бірінші айыжелтоқсан.
Қыста не жауады?
Қыста қар жауады.
Жылдың ең суық мезгілін білесің бе?
Жылдың ең суық мезгілі –қыс.
2.Қыста қандай мереке болады?
Дұрыс, Жаңа жыл мерекесі болады. Балалар, шыршаны безендірейік
/Әр оқушы тақтаға шығады,ойыншықтарды шыршаға іледі/
VIII. Сергіту сәтін өткізу.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.
3.Жұмбақты шешу.
Қар,мұз еріп,
Су көбейіп,
Сайсалада ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.
Бөбектерім!
Айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Дұрыс,көктемде.
Мәтінмен жұмыс. / 130 бет,2 тапсырма/
Мәтінді мәнерлеп оқу, сұрақтар құрастыру,жауап беру,мазмұнын айтып беру.
Көктемде.
Көктем келді. Ағаштар гүлдеді. Құстар жылы жақтан ұшып келе бастады. Алмас
қараторғайға ұя жасады. Оны ағашқа орнатты. Ұяға бір қараторғай келіп кірді. Алмас өте
қатты қуанды. 4.Жұмбақты шешу.
Көбелек те,гүл де бір,
Қызылжасыл күллі өңір.
Аспан төрі ақша бұлт,
Баубақшада барша жұрт.
Күн де ысып,шөп пісіп,
Жидек пісіп толады.
Бөбектерім!
Айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Дұрыс,жазда.
/Оқушы тақтаға шығып, «Жаз» туралы әңгімелейді/
Балалар, Тазша бала да қазақ ертегілерінің кейіпкері. Ол балық аулап,бізге қонаққа келді.
Оған бұл балықты аквариумға салуға көмектесейік.
/Әр оқушы тақтаға шығады, балықтарды қағазда суретке салынған аквариумға
жабыстырады/
IX. Жазбаша жұмыс.
Сөйлемдерді қазақ тіліне аудару.
Декабрь,январь,февральзимние месяцы. Зимой дети катаются на коньках и лыжах. Летом
дети купаются,ловят рыбу.Весной прилетают птицы. Осенью поспевают фрукты,овощи.
X. «Топтастыру» стратегиясы.
қаңтар
← ↑ →
ақпан
суық
Қыс
қар
желтоқсан
аяз боран Жаңа жыл
← ↓ ↓
сәуір
← ↑ ↑
жылы құстар ұшып келеді
наурыз
Көктем
мамыр
қар ериді бәйшешек
↓ ↓ ↓
демалыс балық аулайды шомылады
ыстық
Жаз
шілде
← ← →
← ↑ →
маусым
тамыз
XI. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
Оқушылардың сабақтан алған әсерлерімен бөлісу.
Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?
Үй тапсырма.Сөздерді қайталау, шағын шығарма жазу
Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: « Менің сүйікті жыл мезгілім»
Сабақтың тақырыбы: « Менің сүйікті жыл мезгілім»
Сабақтың тақырыбы: « Менің сүйікті жыл мезгілім»
Сабақтың тақырыбы: « Менің сүйікті жыл мезгілім»
Сабақтың тақырыбы: « Менің сүйікті жыл мезгілім»
Сабақтың тақырыбы: « Менің сүйікті жыл мезгілім»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.