Сабақтың тақырыбы: «Атақты ғалымдар»
Оценка 4.7

Сабақтың тақырыбы: «Атақты ғалымдар»

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
родителям
9 кл
14.06.2017
Сабақтың тақырыбы: «Атақты ғалымдар»
• Білімділік: Қазақстанның ғалымдары туралы білімдерін кеңейту, алған мәліметті қолдануға үйрену. • Дамытушылық: тақырып бойынша түсініп тыңдау, байланыстырып сөйлеу, баяндау машықтарын дамыту. Тәрбиелік: қазақ халқының белгілі тұлғаларын білуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, сызба, кесте. Сабақтың типі: жаңа сабақ. Сабақтың әдісі: ЖИГСО, ақпараттық - коммуникативтік. Адамзатты өркениетке жеткізетін нәрсе - ғылым. Ғылымды дамытатындар - ғалымдар. Ғалымдар - өз елін, жерін, туған халқын сүйген ойшыл, данышпан адамдар. Олар жазған ғылыми еңбектер, жаңалықтар қашан да халқына, Отанына қызмет етеді. Қазақ халқында ерте заманнан осы уақытқа дейін қаншама ғұлама ғалымдар өзінің күш - қайратын, ақыл - ойын ғылымға арнаған.
Атақты ғалымдар.docx
Сабақтың тақырыбы: «Атақты ғалымдар» • Білімділік: Қазақстанның ғалымдары туралы білімдерін кеңейту, алған мәліметті  қолдануға үйрену. • Дамытушылық: тақырып бойынша түсініп тыңдау, байланыстырып сөйлеу, баяндау  машықтарын дамыту. Тәрбиелік: қазақ халқының белгілі тұлғаларын білуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, сызба, кесте. Сабақтың типі: жаңа сабақ. Сабақтың әдісі: ЖИГСО, ақпараттық ­ коммуникативтік. Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу ­ түсінік ағашында қандай сөзді көріп тұрсыңдар? ­ яғни, бүгін сабақта біз ғалымдар туралы әңгімелейміз, нақты айтқанда сабақтың  тақырыбы «Қазақстанның ғалымдары». Бүгінгі тақырыбымыз «Қазақстанның ғалымдары» ІІ. Тыңдалым. Мәтінді 2 рет тыңдау, естіген мәліметтерді қолданып, түсінік ағашын толтыру. Адамзатты өркениетке жеткізетін нәрсе ­ ғылым. Ғылымды дамытатындар ­ ғалымдар.  Ғалымдар ­ өз елін, жерін, туған халқын сүйген ойшыл, данышпан адамдар. Олар жазған  ғылыми еңбектер, жаңалықтар қашан да халқына, Отанына қызмет етеді. Қазақ халқында  ерте заманнан осы уақытқа дейін қаншама ғұлама ғалымдар өзінің күш ­ қайратын, ақыл ­  ойын ғылымға арнаған. ІІІ. Операциялық ­ танымдық кезең: ­ сыныпты 3 топқа бөліп төрт ­ төрттен отырғызамын, топтағы оқушыларды ЖИГСО әдісі  бойынша нөмірлеп, нөмірі бойынша 4 жұмыс топтарын қалыптастырамын; ­ № 1 ­ 3 нөмірлі топтарға белгілі бір мәтін беру; ­№4 топты сарапшылар ету; 1. Оқылым. ­ оқушылар мәтінді оқиды, мәтіннен негізгі мәліметтерді іріктейді. 1. Әлкей Марғұлан 2. Ермұхан Бекмаханов 3. Шапық Шокин 2. Жазылым ­ мәтін бойынша кестені толтырады. ................................... ­ №4 топтағы сарапшылар берілген мәтіндер бойынша 9 сұрақ құрастырады, компьютерде  теріп, тақтаға шығарады. ­ №1 ­ 3 нөмірлілер өз топтарына қайтып, алған білімдерін ортаға салады (әр сөйлеушіге 3 мин) Ермұқан Бекмаханов (1915 ­ 1966) Ермұқан Бекмаханов белгілі қазақ тарихшысы, Қазақ ССР Ғылым Академиясының  корреспондент мүшесі. Көп жылдар бойы профессор, ҚазМҰУ ­ дің тарих кафедрасының  меңгерушісі қызметін атқарды. Ол Қазақстанның әлеуметтік ­ экономикалық және саяси  өмірін жан ­ жақты зерттеген. Көзі тірісінде оған Қазақстан тарихын бұрмалады деген айып тағылып, репрессияға ұшырады. Ермұқан Бекмаханов 1915 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 11 жасында бастауыш мектепке түседі. Мектеп бітіріп, 1933  жылы Воронеж педагогикалық институтқа түседі. Институттан кейін Қазақстанға оралады.  Алғашқыда мұғалім болып жұмыс істейді. 1959 жылы ол мектептерге арнап Қазақстан тарихы оқулығын жазады. Қорыта келгенде,  Ермұқан Бекмаханов тарихта шындықты іздеуші болған. Әлкей Марғұлан (1907 ­ 1985) …Әлкей Марғұлан Абылай ханның ту ұстаушысы Олжабай батырдың шөбересі. Оның әкесі Хакан мен анасы Нұрилә өз уақытының көзі ашық адамдары болған. Әлкей ауыл мектебінде, одан кейін үш жылдық орыс мектебінде оқыған. 1919 жылы  мұғалімдер курсына оқуға түскен ол бір жыл оқып, туған ауылында мұғалім болып жұмыс  істей бастайды. 1920 жылы танымал фольклоршы Ә. Диваев қазақ кеңес фольклорын  зерттеу мақсатында Жетісуға және Сырдария өзеніне ғылыми экспедиция ұйымдастырады.  Сол экспедицияның құрамында Әлкей де болады. 1921 жылы Семей педагогикалық техникумына оқуға түседі. Кейін үш жоғарғы оқу  орнында, атап айтқанда, Шығыстану институтында, Материалдық мәдениет институтында  (кейіннен Археология институты деп аталған) және Өнертану институтында қатар оқыған. Еліміздің аса көрнекті ғалымы және КСРО География қоғамының толық мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  профессор Әлкей Хақанұлы Марғұлан ­ Қазақстан ғылымының тарих, әдебиет, өнер,  археология, этнография, география, сәулет өнері салаларында қажырлылықпен еңбек етіп,  өзіндік із қалдырған үлкен ғалым. Шапық Шокин (1912 ­ 2003) Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі Шапық Шөкіұлы Шокин 1912  жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты С. Торайғыров атындағы  ұжымшарда дүниеге келген. Болашақ Халық қаһарманы, академиктің балалық шағы өте  қиын жағдайда өткен. 1918 жылы 6 жасында әкесі Шөкіден айырылады. 1920 жылы ағасы  Риза Шапықты бастауыш мектебіне оқуға береді. Шапық кейін жастар мектебін, содан соң  педагогикалық техникумын бітіреді. 1930 жылы Ташкентте Орта Азия Мемлекеттік  университетінің қоғамдық ғылымдар факультетіне қабылданады. Университетті 1937 жылы бітіріп, еңбек жолын Алматыдан бастайды. 1943 жылы Ш. Шокин Ғылым Академиясының  энергетика секторына басшылық қызметке тағайындалады. Оның негізгі зерттеген  тақырыбы энергетика және су шаруашылығының болашақ дамуы мен отандық  энергетиканың баланс мәселелері. Ш. Шокин 450 ­ ге жуық ғылыми еңбек жазған. Ғалым Мемлекеттік сыйлықтың иегері;  көптеген медальдар және ордендермен марапатталған. ІV. Білімді бекіту, тексеру ­ сарапшылар құрастырған сұрақтар бойынша тест өткіземін. ­ дұрыс жауап тақтаға беріліп, оқушылар өз жұмыстарын тексеріп шығады. V. Сөйлесім. Алған білімдерін қолданып, топта диалог құрастырады (жағдаят туғызу) VІ. Сабақтың қорытындысы. • Сабақтан қандай білім алдыңдар? Үйге тапсырма: Ғалымдардың еңбектері туралы баяндама дайындау

Сабақтың тақырыбы: «Атақты ғалымдар»

Сабақтың тақырыбы: «Атақты ғалымдар»

Сабақтың тақырыбы: «Атақты ғалымдар»

Сабақтың тақырыбы: «Атақты ғалымдар»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.06.2017