Сабақтың тақырыбы: Емтихан тапсыру
Оценка 5

Сабақтың тақырыбы: Емтихан тапсыру

Оценка 5
Разработки уроков
docx
родителям
9 кл
14.06.2017
Сабақтың тақырыбы: Емтихан тапсыру
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға “Емтихан тапсыру” тақырып туралы мағлұмат беру, зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтарды ажырата білуге үйрету. 2. Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын дамыту, ой-өрісін кеңейту, ойларын ауызша жүйелеп жеткізуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту. 3. Тәрбиелік: оқушыларды еңбекқорлықа, өзіне сенімді болуға тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру сабағы. Түрі: дәстүрлі. Көрнекілігі: интерактивті тақта (слайдтар), үлестірмелі карточкалар. Әдіс-тәсілдері: аудару, топпен жұмыс, іздендіру, сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру; шағын қойылым. Қолданылатын технологиялар: модульдік технология (элементтері), жеке тұлғаға бағытталған технология, ынтымақтастықта оқыту технологиясы, коммуникативтік технология.
емтихан тапсыру.docx
Сабақтың тақырыбы: Емтихан тапсыру Сабақтың мақсаты:  1. Білімділік: оқушыларға “Емтихан тапсыру” тақырып туралы мағлұмат беру, зат есімнен  сын есім тудыратын жұрнақтарды ажырата білуге үйрету.  2. Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын дамыту, ой­өрісін кеңейту, ойларын ауызша  жүйелеп жеткізуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту.  3. Тәрбиелік: оқушыларды еңбекқорлықа, өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.  Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру сабағы.  Түрі: дәстүрлі.  Көрнекілігі: интерактивті тақта (слайдтар), үлестірмелі карточкалар.  Әдіс­тәсілдері: аудару, топпен жұмыс, іздендіру, сұрақ­жауап, талдау, түсіндіру; шағын  қойылым.  Қолданылатын технологиялар: модульдік технология (элементтері), жеке тұлғаға  бағытталған технология, ынтымақтастықта оқыту технологиясы, коммуникативтік  технология.  Дарынды, нашар оқитын балалармен жұмыс.  Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды жағдай жасау. Оқушылар бір ­ біріне жақсы тілектер  айтады.  ІІ Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау. (шағын қойылым арқылы):  ­ Сәлем!  ­ Сәлем!  ­ Сен не жаттап отырсың?  ­ Мен "Зат есім" деген ережені жаттап отырмын.  ­ Қандай мақсатпен?  ­ Биыл мен емтихан тапсырамын, керек болады.  ­ Жақсы, сау бол.  Осы шағын қойылым арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды, міндеттерін  айтып береді.  Не білемін?  Не білгім келеді?  Қайда пайдаланамын?  Өмірмен байланыс. Сендер де бүгін емтихан тапсырасыңдар, бұл күрделі сынақ, сондықтан баршаңызға сәттілік тілеймін. Өздеріңе сенімді болыңдар.  ІІІ Жаңа материалды меңгеру кезеңі.  1. Сөздікпен жұмыс. (187 ­ 189 бб. )  2. Мәтінмен жұмыс. "Емтиханға дайындық " ­ топпен жұмыс жасайды.  Мәтін "Емтиханға дайындық".  Мен Лисаков қаласында өмір сүріп жатырмын. Биыл 9 шы сыныпта оқимын. Оқу жылының  аяғында 4 пәннен мемлекеттік емтихан тапсырамын. Осы сынаққа жақсы дайындалу керек.  Емтихан тапсыру ­ өте күрделі сынақ. Көп оқу, жаттау керек. Мысалы, қазақ тілінен  грамматикалық тапсырмалар көп болады. Ережелерді есте сақтау керек болып тұр.  Мәтінмен жұмыс жасауды үйренуіміз қажет. Дұрыс сұрақ құрастыру, мәтіннің негізгі  идеясын анықтау, тағы басқа тапсырмалар беріледі. Мен күн сайын кешке емтиханға дайындық жасаймын. Түсінбеген тақырыптарды ұстазымнан сұраймын. Ол маған әрқашанда көмек береді деп ойлаймын.  ­ топ ережелерін қайталау(интерактивтік тақтада):  * біз бір ­ бірімізге көмек береміз;  * тату боламыз;  * бір ­ бірімізді тыңдаймыз;  * бірге жұмыс жасаймыз.  Топпен жұмыс.  Тапсырмалар:  ­ оқып, түсіну, сұрақтар құрастыру,  ­ мәтіннен сын есімдерді тауып жазу, жұрнақтарын белгілеу.  ­ топ мүшелері бір ­ біріне сұрақтар құрастырады.  ­ бір ­ біріне әңгмелейді: "Кім есте сақтайды?" ­ ойыны. Оқушылар жатқа бір ­ бір  сөйлемнен көршісіне айтып береді, ол ­ жанында отырған көршісіне айтып береді, т. б.  Мәтін толық дауысталады.  Сергіту сәт.  3. синтаксистік талдау:  1 топ: Мен биыл қазақ тілінен мемлекеттік емтихан тапсырып, Лисаков техникалық  колледжіне түсемін.  2 топ: Сен барлық материалды білсең де, емтиханның алдында қиын тақырыптарды  қайтала.  Морфологиялық талдау: 1 топ ­ сенімді , 2 топ ­ өнімсіз  4. Өз бетінше жұмыс: Зат есімнен сын есімді тудыратын жұрнақтарды анықтау.  ІҮ Сабақты бекіту. Синквейн. Тақырыбы "Емтихан"  Сабақты қорыту: Бағалау. Рефлексия. (бүгінгі тақырыпты қалай меңгердім? ­ 3 түсті жолақ )  Үйге: деңгейлік тапсырма:  1деңгей. "Менің алғашқы емтиханым" атты эссе жазу;  2 деңгей ­ сөздер жаттау, 188 б., тірек сызбаны қорғау  3 деңгей : сөздер, мәтіннен тақырыпты ашатын ең негізгі 5 сөйлем жаттау.

Сабақтың тақырыбы: Емтихан тапсыру

Сабақтың тақырыбы: Емтихан тапсыру

Сабақтың тақырыбы: Емтихан тапсыру

Сабақтың тақырыбы: Емтихан тапсыру
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.06.2017