І.Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті киімім. Қалау райы.
Оценка 5

І.Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті киімім. Қалау райы.

Оценка 5
Разработки уроков
doc
родителям
6 кл
14.07.2017
І.Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті киімім. Қалау райы.
а) білімділік: Оқушылардың киім туралы оның ішінде жастар киімі туралы білімдерін жетілдіру, сөйлем құрау шеберліктерін жетілдіру .Қалау райы туралы түсінік беру. ә) дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, есту, көру сезімдерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру . б) тәрбиелік: өмір салтына қарай үйлесімді киіне білуге баулу. ІІІ.Сабақтың түрі: аралас сабақ ІҮ.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, диалог, түсіндіру, талдау, деңгейлік тапсырмалар Ү.Сабақтың көрнекілігі: суреттер ҮІ.Пәнаралық байланыс: орыс тілі
менің сүйікті киімім 6 сынып.doc
І.Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті киімім. Қалау райы. ІІ.Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушылардың киім туралы оның ішінде жастар киімі туралы білімдерін жетілдіру, сөйлем құрау шеберліктерін жетілдіру .Қалау райы туралы түсінік  беру. ә) дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, есту, көру сезімдерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру . б) тәрбиелік: өмір салтына қарай үйлесімді киіне білуге баулу. ІІІ.Сабақтың түрі: аралас сабақ ІҮ.Сабақтың әдісі: сұрақ­жауап, диалог, түсіндіру, талдау, деңгейлік тапсырмалар Ү.Сабақтың көрнекілігі: суреттер ҮІ.Пәнаралық байланыс: орыс тілі ҮІІ.Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру ІІ.Жаңа сабақ 1.Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру. 2.Есіңде сақта!Қалау райы. Қалау рай айтушының қимыл, іс­әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, тілегін,  ынтасын білдіріп, етістік түбір мен етістіктің күшейтпелі, болымсыз етістік тұлғаларына(­ ғы, ­гі, ­қы, ­кі) қосымшалары үстеліп, оның үстіне тәуелдік жалғауы қосылып «кел»  көмекші етістігі тіркесіп немесе етістік түбірге( ­са –се) игі еді, ­(ғай, ­гей, ­са) екен тәрізді аналитикалық форманттар тіркесу арқылы жасалады. Мысалы: 1. Менің барғым келеді. 2.Сенің барғың келеді. Сіздің барғыңыз келеді. 3.Оның барғысы келеді 2.1­тапсырма.Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар. Жастардың киімі Соңғы жылдары жастарға арналған киімге ерекше назар аударылып жүр. Оны жас жігіттер  мен қыздардың өмір салтына үйлесімді ете түсуге әрекет жасалуда. Қазіргі кезде  жастардың киімі ашық түсті, сәнді.Жас қыздарға қызыл, сары, жасыл, қызғылт және  көгілдір түсті, айқын, нәзік, ашық та таза түс жарасады. Жас қыздарға ауа сияқты жеңіл  материал жарасымды. Жастар тез өсіп кететін болғандықтан, олардың киімін арзан  маталардан тігеді. Олардың киімдерінің ыңғайлы және ықшам болуы маңызды. ІІІ деңгей 1.Сұрақтарға жауап беріңдер. 1. Қазіргі кезде жастардың киімі қандай болу керек? 2. Ол неге байланысты? 2.Мәтіндегі етістіктерді теріп, рай түрлеріне қойып жазыңдар. ІІ деңгей 1.Мәтінді оқып, мазмұнына сәйкес келмейтін сөйлемдерді алып тастаңдар. 1. Жастарға арналған киімге ерекше назар аударылады. 2. Денені айқындап тұратын және қымбат маталар жастарға арналған. 3. Киімдер ыңғайлы және орынды қолданылатын болуы керек. 2.Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, тұйық етістік формасына қойыңдар. І деңгей 1. «Жастардың киімі қандай болу керек?» деген сауалға өз пікірлеріңді білдіріңдер. 2.Тұйық етістіктердің жасалу жолдары мен емлесі туралы мәлімет беріңдер. 3. Өздік жұмыс.Төмендегі сөйлемдерді аударыңдар. 1. Я хочу погулять на свежем воздухе.­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 2. Вы хотите со мной идти гулять? ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 3. Я не хочу гулять, устал, хочу полежать.­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 4. Мы хотим немного отдохнуть.­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 5. Вы хотите слушать музыку? ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 4.2­тапсырма.Сөйлемдердің мазмұнын сақтап, қысқартып жазыңдар. Толықтыруға болады. 1. Ең алдымен, күнделікті киімнің жайын ойластырған жөн. 2. Сымбатты қыздарға спорт кеудеше мен пуловер немесе күртешемен бірге шалбар кию  жарасады. 3. Қыздың екі белдемшесі:біреуі ­ неғұрлым қалың матадан күнделікті киюге, жұқа матадан сәнге киюге арналып тігілген түрлері болуы керек. 4. Түсі мен өрнегі әр түрлі, арзан және оңай жуылатын матадан тігілген кеудеше, жүннен  тоқылған свитерлер немесе күртешелер киім түрлерін байыта түседі. 5.5­тапсырма.Суреттерге сипаттама беріңдер. 6.3­тапсырма.Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер. ­ Жасөспірімге қандай киім кию керек? ­ Спорттық үлгімен тігілген киім жарасымды. ­ Күндіз қандай киім ыңғайлы? ­ Жылдың мезгіліне қарай:жаз мезгілі болса, жеңіл футболка, қысқа шалбар немесе жейде  мен жеңіл матадан тігілген шалбар.Ал қыс мезгілінде ­ қалың матадан тігілген шалбар мен  жылы жейде. 5.4­тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеңдер. Мектеп оқушысының киімі Мектептерде барлық оқушылар киіп жүруге міндетті мектеп формасы болады. Мектеп формасы ­ тәртіптіліктің және ұжымға деген құрметтің айғағы, сондықтан оны  мектептегі салтанаттарға да киіп, ұқыпты ұстау керек. Әдемі көріну үшін гардероб таңдай білу жеткіліксіз, киіміңізді күте білуіңіз де қажет. Тек  сырт киім ғана емес, көйлек пен аяқ киім де ойдағыдай болуға тиіс. Аяқ киімнің лас болуы  иесін жақсы жағынан сипаттамайды. ІІІ.Қорытындылау ІҮ.Үйге тапсырма 1. 4­тапсырма, 107­бет.Мазмұнын айту. 2. «Мектеп формасы керек пе?» сұрағына өз ойыңды жаз. Ү.Бағалау

І.Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті киімім. Қалау райы.

І.Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті киімім. Қалау райы.

І.Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті киімім. Қалау райы.

І.Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті киімім. Қалау райы.

І.Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті киімім. Қалау райы.

І.Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті киімім. Қалау райы.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.07.2017