Сауат ашу негіздері

  • docx
  • 03.11.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 14.10.20 сауат ашу.docx

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМКҚ

 

 

 

 

 

 

«Ұйымдастырылған оқу қызметі»

 

 

Іс-тәжірбие базасы: «Абай атындағы орта мектеп-бақша»КММ(қашықтан)

Әдіскер: Мукышева С. А.

Машықкер: Кенес Тоғжан

Бекітемін:

Топ: 405

Күні: 14.10.20

Баға:

 

 

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі:Сауат ашу

Тақырыбы: Мектеп кітапханасы. Т әрпі мен дыбысы

Білімділік:. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты,дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

Тәрбиелік: Балаларды адамгершілік сезімге тəрбиелеу

Дамытушылық Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің

мағынасын түсіну.

Әдіс –тәсілдер:АКТ,  түсіндіру, көрсету,видео материал, сұрақ –жауаптар.

Көрнекі – құралдар:  АКТ, тақырып бойынша суреттер, видео        

Мотивациялық –қозғаушылық кезең

Балаларды  ортаға тұрғызып оқу қызметіне ынталарын тартады.

Оң қолымда – бес саусақ,

Сол қолымда – бес саусақ.

Күнге қарап қуанып,

Нұрлы шуақ аламыз.

Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма.

–Балалар әліппе-дәптеріміздің 26-бетін ашайық және суретке назар аударайық. Кітапхана деген не? (Балалар сұраққа жауап береді. Балалардың жауаптарын

толықтырып, кітапхана туралы білімдерін кеңейтеді).

Кітапхана-бұл қоғамдық қолжетімділік орталығы, мұнда сабаққа дайындалу мүмкіндігі бар, ал бос уақытта кітапхана – мәдени демалыс орны, достармен сөйлесу, кітаптар мен журналдардың сүйікті беттерін ашу, шығармашылықпен айналысу мүмкіндігі бар.

Кітапханада сендерге көмекке кітапханашы апайларын келетін болады.

-Суреттегі заттарды атайықшы қане.

- Балалар, тыңдандаршы, мен сендерге бірнеше жұмбақ жасырғым келіп тұр.

WhatsApp Image 2020-10-09 at 18.47.30.jpeg

1.Қалтамда жатыр ,тісі бар,

Тістемей істер ісі бар. Ол не? (тарақ)

-Ия, дұрыс! Келесі жұмбақ.

zagadka-rascheska-min.jpg

2.Екі тақта арасында,

Қимылдайды қызыл тақта. Ол не?

(тіл)

pngtree-cartoon-hand-drawn-pink-cute-mouth-expression-illustration-png-image_4887980.jpg

-Ия, жарайсыңдар! Келесі жұмбақ.

3.Отыз екі мықты,

Қаз – қатар боп шықты.

Он алтысы асты,

Он алтысы үсті. Бұл не деп ойлайсыңдар? (тіс)

у-ыбка-губы-рот-зубы-51295541.jpg

-Тамаша, жарайсыңдар! Барлық жұмбақтың жауабын таптыңдар. Енді мұқият тыңдап көріңдерші. Бұл жұмбақтардың жауаптары: тарақ, тіл,тіс деген сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?

-Ия, «Тт» дыбысынан басталады. Міне, бүгінгі сабағымызда біз сендермен «Тт» дыбысы және әрпімен танысамыз.

«Тт» дыбысы, бұл дыбыс қатаң дауыссыз дыбыс. Т дыбысын айтқанда тіліміз кедіргіге ұшырап тісімізге қатты тиеді. Тәріпі сөздердің басында ,ортасында және соңында кездеседі.

-ал енді келесі 2ші тапсырмаға көшейік

WhatsApp Image 2020-10-09 at 18.47.30.jpeg

-Қараңдаршы мына тұрған кітаптың мұқабасында суреттер бейнеленген екен. Бұл суреттерді айтып көрейікші: Кит,Ит, Космонавт, түйе,түлкі. Ал енді буынға бөлінетіндерді айтайық: кос-ма-навт,түй-е, түл-кі

-Өте  жақсы!Келесі 3-ші тапсырманы мәнерлеп оқиық

WhatsApp Image 2020-10-09 at 18.47.42.jpeg

 

Байқасаңдар  т әріпі телеграф бағанына және насосқа ұқсайды қызық иә балалар.

-Балапандар сендер тапсырмаларды жақсы орындап жатырсыңдар. Мына әуенді тыңдап біраз тынығып алыңдар!

https://youtu.be/CO0qag0oWfU

Ал енді келесі  тапсырмада ермексаздан Т әріпін жасауымыз керек. Ал іске сәт!

-Балақайлар сендер санауды білесіңдер ғой. Міне 5 – тапсырмада сан атауының орнын табуымыз қажет.

WhatsApp Image 2020-10-09 at 18.47.42.jpeg

-Жарайсыңдар ал енді соңғы тапсырмаға жеттік. Тәріпін әдемілеп дәптерімізге жазып шығамыз.

WhatsApp Image 2020-10-09 at 18.47.42.jpeg

Қане бәріміз Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?» ойнайық

Шарты: Тәрбиеші бір сөз айтады, балалар жылдам сол сөзден сөйлем құрастыру керек.

-Жарайсыңдар! Біз бүгін кітапхана  және Т әрпі және дыбысымен таныстық.

- Кітапханада нелер тұрады?

- Т әріпі қандай дыбыс?

- Т әріпі сөздердің қай жерлерінде кездеседі екен?

-Өте жақсы!

Бүгінгі оқу-қызметімізді смайликтермен бағалай қойыңдар!

Сау болыңдар!

 


 

Скачано с www.znanio.ru