САЯСИ БИЛІК ЖӘНЕ БИЛІК ҚАТЫНАСТАРЫ
Оценка 5

САЯСИ БИЛІК ЖӘНЕ БИЛІК ҚАТЫНАСТАРЫ

Оценка 5
docx
30.11.2020
САЯСИ БИЛІК ЖӘНЕ БИЛІК ҚАТЫНАСТАРЫ
Саяси билік және билік қатынастары.docx

Саяси билік және билік қатынастары

Мақсаты: Саяси билік және билік қатынастары жайлы түсінік беру.

Билік - саяси саладағы негізгі мәселелердің бірі. Оны қоғамдағы саяси процестерді түсінудің кілті деуге де болады. Билік туралы түсінік күнделікті өмірден жақсы белгілі және кеңінен қолданылады. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болды және оның даму барысында әлі де бола бермек. Оның алғашқы пайда болуын қазіргі саяси ғылымда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Билік көп салалы, көп мағыналы құбылыс. Мысалы, мәжбүр ету күш билігі, жетекшінің, ата-ананың, мұғалімнің, әкімшіліктің, заңның, мемлекеттің билігі және т.б. 

Билік деп біреудің екіншілерге өз әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеттеріне, қызметіне, тағдырына ықпал етуін айтады. Бұл жалпы билік туралы түсінік. Ал билік деген ұғым үлкен екі топқа бөлінеді: саяси билік және саяси емес билік. 

Саясаттанудың объектісі тек ғана саяси билік. Саяси билікке заңның, мемлекеттің, үкіметтің, жалпы қоғамның өмірімен байланысты биліктер жатады. Сонымен қатар саяси биліктің өзі де бір мағыналы, бір салалы емес. Себебі саяси биліктің түрлері өте көп. Мысалы, монархияның билігі (патша, император, король, хан, шах, сұлтан), бір партияның билігі, әскери топтың, диктатураның билігі, фашистік билік т.с.с.

Саяси биліктің тағы бір түрі – сайланған билік, яғни, халық билігі. Осыған байланысты, саяси биліктің өзі екі түрге бөлінеді: заңды (легитимді), сайлаулы билік, демократиялық билік және заңды емес (легитимді емес), сайланбаған, демократиялық емес билік. Саяси билік қоғамдағы аса күрделі процесс болғандықтан, оның көріністері де сан алуан болып келеді.

Атап айтқанда: 1. Қоғамдық сала бойынша (саяси, экономикалық, рухани, мәдени, білім, діни, әскери). 

2. Қызмет ету түрлері (басқару, бақылау, күш жұмсау, жазалау, мадақтау).

3. Қарқыны мен көлемі (шексіз, шек қойылған, аумақтық, орталық, жергілікті). 

 4. Басқару тәртібі (қаталдық, беделдік, бюрократиялық, демократиялық). 

5) Биліктің жайы (тұтас өкімділік, бір қолдан басқарушылық, үстемдік, тұрақсыз билік, сал ауру). 

6 Биліктегі қатар өмір сүру (тәуелділік, тәуелсіздік, өзара тәуелділік).

Саяси билік – тарихи құбылыс. Әрбір мемлекеттегі саяси биліктің тек өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Әрбір қоғамның саяси билігі сол елдің әртүрлі сипаттары арқылы қалыптасады. Сол себептен саяси биліктің түрін бір қоғамнан екіншісіне қалай болса солай көшіре салуға болмайды. 

Саяси биліктің құрылысы, басқа да белгілері, қасиеттері әр уақытта тарихи, ұлттық, тіпті елдің географиялық өзгешеліктерімен байланысты болады. Мысалы, Англияда осы күнге дейін монарх пен лордтар палатасының сақталуы, АҚШ-тағы штаттардың уәкілдерінен қалыптасқан сенат палатасының болуы, Жапониядағы императорлық дәстүрлердің сақталуы, Қазақстандағы парламенттің бір палатасы Мәжіліс деп аталуы т.с.с.

Келесі ерекшелік - саяси биліктің сапасы көбінесе қоғамның саяси- құқықтық мәдениетінің деңгейімен байланысты болуы. Саяси билік – теориялық проблема. Қоғамда неғұрлым саяси биліктің теориялық проблемаларын танып-білуге, меңгеруге жағдай жасалған болса, соғұрлым саяси биліктің қарқынды дамуына жолдар ашылып оның сапасы жоғарылайды. 

Мысалы, бұл процесті альпинизммен салыстыруға болады. Тауға көтеріліп бара жатқан альпинист алға ұмтылған сайын таудың шыңы альпинистке жақындай түседі. Саяси билікте те солай – ол саяси білімнің, теорияның шыңы, оны меңгеріп ұққан сайын билік қоғамға жақындай түседі. «Әр елдің билігі өзіне лайық» деген саясаттанудағы тұжырымдама осыны көрсетеді.

Билік туралы білімді жоғарылату қажет екеніне дәлел – күнделікті қарапайым түсінік деңгейі. Жер жүзіндегі адамдардың көпшілігі әлі де болса саяси билікті біреулердің қолындағы құрал, олар сол құралды өз қажетіне пайдаланады деп есептейді. Саяси билікті түсінудің бұл бірінші, төменгі деңгейі.

Екінші, жоғарғы деңгей – саяси билікті қалыптастырудағы қоғам мүшелері өздерінің мемлекеттегі орнын, ролін жақсы түсіну. Бұл деңгейдегі түсінік бойынша, саяси билік біреулердің күшімен, еркімен, не болмаса ақылымен ғана ұйымдастырылмайды, саяси биліктің қызметі, белсенділігі әр адамның қосқан үлесіне байланысты. 

Осы бірінші деңгей мен екінші деңгейдің аралығы алыс, алшақ жатыр. Екі аралықтың арасын жақындату, қоғам мүшелерінің түсінігін көбірек бірінші деңгейден екінші деңгейге көтеру – саяси ғылымның негізгі мақсаттарының бірі.

Билік теориясына байланысты туындайтын тағы бір мәселе – билік пен жеке адамдар еркіндігінің ара қатынасы. Әрине, билік қоғамды басқару үшін, тәртіп орнату үшін қажет. Бірақ тәртіпті нығайту үшін билік өте қатал болып мейірімсіздікке барса, онда азаматтардың еркіндігіне зиян келутіруі де мүмкін. Бұл қайшылықты қалай үйлестіру керек? 

Осы сұраққа саясаттану ғылымының беретін жауабы: саяси биліктің өзінен, не болмаса билік пен адамның қарым-қатынасынан әрбір жеке адамға тікелей қиянат келмеуі мүмкін. Бірақ адам құқығына, еркіндігіне зиян келтіретін – саяси биліктің бір қолға шоғырлануы, топталуы. Яғни, билік пен жеке адамның арасындағы өзара қарым-қатынас тәртібінің бұзылуы.

Саяси билік неғұрлым бір орталыққа шоғырланған, топтастырылған болса, бостандыққа соғұрлым шек қойылады, қысым жасалады. Шексіз билік - бостандыққа шексіз қысым орнатады.

Империя, монархия кезеңдерінде, фашистік режимдерде мемлекеттік билік дара бір адамның қолына шоғырланды. Кеңес өкіметі кезінде де билік түгелдей бір орталыққа шоғырланған болатын. Әлеуметтік бастамалар көтеру, бірігіп шешімдер қабылдау, әртүрлі пікір, көзқарас білдіру – бәрі де қатал бақылауға алынды. Бұл билік түрі қоғамның прогресті дамуына жол бермеді. Ал кейбіреулер керісінше биліктің қай түріне болмасын қарсы шығып, анархизмді уағыздайды. Бұл жолдың да болашағы жоқ. Сондықтан алдыңғы қатарлы дамыған елдерде биліктің орталықтануы мен шоғырлануынан саналы түрде бас тартып, барлық азаматтардың өкімет шешімдерін қабылдауға араласуын, билікке қатысуын қалайды. Бұл легитимді (заңды) билік, яғни демократиялық билік қалыптастыру жолы.

Демократиялық саяси билік дегеніміз – құқықты, қабілеттілікті, оның барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, халық үшін есепті қызмет етіп, қоғамның өндірістік және рухани өмірін, азаматтар арасындағы қарым- қатынастарды басқару, ұйымдастыру.

Мемлекеттік саяси билік ең алдымен қоғамдық өмірді ұйымдастыру үшін керек. Билік адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, қоғам мен мемлекеттік саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге міндетті. Ол қоғамның тұтастығы мен бірлігін қолдау үшін қажет. 

Демократиялық мемлекеттегі ең таңдаулы, ең шынайы билік – ол шын мәнінде халық бақылауында болатын билік. 

 

ТАПСЫРМА: 

1.      Саяси билік дегеніміз?

2.      Билік дегеніміз және биліктің түрлері?


 

Саяси билік және билік қатынастары

Саяси билік және билік қатынастары

Билік туралы білімді жоғарылату қажет екеніне дәлел – күнделікті қарапайым түсінік деңгейі

Билік туралы білімді жоғарылату қажет екеніне дәлел – күнделікті қарапайым түсінік деңгейі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2020