сборник задач по генетике

  • doc
  • 09.07.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала сборник задач по генетике.doc

«Таран қазақ орта мектебі» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ГЕНЕТИКА» тарауы бойынша

оқушыларға арналған

ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырған: Мәдибаев А.І., пән мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таран ауылы, 2009 жыл

 

 

 

 

«Моногибридті будандастыру»

- толық доминантылық жағдай

 

Ата-енелер генотиптері бойынша ұрпақтардың тенотиптері мен фенотиптерін анықтау

1. Асбұршақ тұқымының сары түсі жасыл түсіне қарағанда басым (доминантты).

А) Сары түсті гомозиготалы асбұршақ жасыл түсті асбұршақпен шағылыстырылды. Бірінші ұрпақтың генотипін және фенотипін анықтаңыз.

В) Сары түсті гетерозиготалы асбұршақтар шағылыстырылды. Ұрпақтардың генотипі мен фенотипін анықтаңыз.

С) Сары түсті гетерозиготалы асбұршақ жасыл түсті асбұршақпен шағылыстырылды. Ұрпақтарда асбұршақтардың түсі бойынша қандай ажырауларды байқауға болады.

 

2. Үй қояндарда жүнінің қара пигментациясы альбинизмге (жүнінің түсі ақ, қызыл көзді) қарағанда басым.

А) Гомозиготалы қара үй қояның альбинос қоянымен шағылыстырғанда бірінші және екінші ұрпақтардың жүнінің түстері қандай болады.

В) Гетерозиготалы қара үй қояның альбинос үй қоянымен шағылыстырғанда бірінші ұрпақ даралары жүнінің қандай түсін тұқым қуалайды.

 

3. Адамдарда көздерінің қоңыр түсі көк түсіне қарағанда басым.

А) Гомозиготалы қоңыр көзді еркек гетерозиготалы қоңыр көзді әйелге үйленген. Осы отбасында көк көзді балалар туу мүмкін бе?

В) Гомозиготалы қоңыр көзді еркек көк көзді әйелге үйленді. Олардың балалары көздің қандай түсін тұқым қуалайды?

Егерде анасы қоңыр көзді (гомозиготалы), ал әкесі көк көзді болса, онда олардың балаларында көздің түсі қандай болады?

С) Гетерозиготалы қоңыр көзді еркек гетерозиготалы қоңыр көзді әйелге үйленді. Көк көзді балалардың туылу мүмкіндігін анықтаңыз.

 

4. Адамдарда полидактилия (алты саусақтылық) «Р» доминантты генмен белгіленген.

А) Гетерозиготалы алты саусақты еркек пен қол сүйектерінің қалыпты құрылысты әйел отбасында екі бала дүние келген: біреуі-бессаусақты, екіншісі-алты саусақты. Осы балалардың генотиптерін анықтандар.

В) Гомозиготалы алты саусақты еркек бес саусақты әйелге үйленген. Осы отбасында бір бала дүние келген, ол баланың генотипін және фенотипін анықтандар.

 

5. Адамдарда альбинизм басылыңқы (рецессивті) генімен анықталады. Егерде ата-аналары альбинизм гені бойынша гетерозиготалы болса, оларда қандай балалар туылуы мүмкін.

 

-         толымсыз доминантылық жағдай

 

6. Намызшамгүлдің қызыл түсі «Р» белгіленген, ал ақ түсті – «р». Гетерозиготалы гүлдер – қызғылт түсті, генотипі «Рр».

А) Қызыл түсті гүл ақ түсті гүлінің тозанымен тозандандырылды. Бірінші ұрпақтың гүлдерінің генотипі мен фенотиптері қандай болады.

В) Қызғылт түсті гүлдер қызыл түсті өсімдіктің тозанымен тозандандырылды. Ұрпақтардың генотипі мен фенотипін анықтандар.

С) Гүлі қызғылт түсті өсімдік өздігінен тозанғанда ұрпағында қандай түсті гүлдер болады.

 

 

-         қос басымдылық

7. Адамның қанының топтарының тұқым қуалауы бойынша есептер.

Қан топтары

Топ атаулары

Болуы мүмкін генотиптері

гомозиготалар

гетерозиготалар

1

О

ОО

Жоқ

2

А

АА

АО

3

В

ВВ

ВО

4

АВ

жоқ

АВ

7.1 Екінші қан тобы бойынша гомозиготалы еркекке бірінші қан топқа ие әйел күйеуге шыққан. Оларда туылған баланың қан тобы және генотипі қандай болады.

7.2 Үшінші қан тобы бойынша гетерозиготалы еркекке бірінші қан топқа ие әйел күйеуге шыққан. Олардың балаларында қандай қан топтары болу мүмкін.

7.3 Анасы ІА  гені бойынша, ал әкесі ІВ  гені бойынша гомозиготалы. Олардың балалары қандай қан топтарды тұқым қуалайды.

7.4 Егерде ата-аналары ІІ және ІІІ қан топтары бойынша гетерозиготалы  болса, олардың балаларында қандай қан топтары болу мүмкін.

7.5 І-қан топты әйел ІV- қан топты еркекке күйеуге шыққан. Олардың балалары ата-аналарының қан топтарын тұқым қуалайды ма.

7.6 Әйел мен күйеуі гетерозиготалы ІІ қан тобы бойынша. Туылатын баланың қан тобы І, ІІ, ІІІ, ІV қан топтарына ие болатының анықтандар.

7.7 Ата-аналары ІІІ қан тобы бойынша гетерозиготалы болса, осындай қан топты баланың туылу мүмкіншілігін анықтандар.

7.8 Баласында І-қан тобы, анасында – ІІ –қан тобы, ал әкесінде – ІІІ қан тобы. Ата-аналарының генотиптерін анықтандар.    

 

 

 

 

 

 

Дигибридті будандастыру

8. Адамда қара көзді белгі, көк көздіге қарағанда доминантты, ал оңқайлық белгі солақайлыққа қарағанда доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Бұл аталған жұп гендер әр түрлі хромосомаларда орналасқан. Қой көзді оңқай қыз, көк көзді солақай жігітке тұрмысқа шығады. Олардың екі баласы болған, біріншісі – көк көзді оңқай, екіншісі – көк көзді солақай. Анасының генотипін анықтау керек.

8.1 Көк көзді оңқай еркек, қара көзді солайқай әйелге үйленеді. Олардың бір баласы бар. Ол көк көзді солайқай. Ата-анасының генотипін анықтау керек.

8.2 Әкесі солақай көк көзді оңқай жігіт, қой көзді солақай қызға үйленеді. Қыздың отбасындағы кісілер бірнеше ұрпақ бойы көздері қара көзді болған. Осы некеден туған балалардың фенотипін анықтау керек.

 

9. Асбұршақта тұқымның сары түсі (А) жасыл түсіне (а) қарағанда басым, тұқымның тегіс пішіні (В) кедір-бұдырлы (в) пішініне қарағанда басым.

9.1 Гомозиготалы сары түсті және тегіс пішінді асбұршақ жасыл түсті кедір-бұдырлы асбұршақпен шағылыстырылды. Бірінші және екінші ұрпақтың фенотипін анықтандар.

9.2 Дигетерозиготалы сары түсті тегіс пішінді асбұршақ жасыл түсті кедір-бұдырлы асбұршақпен шағылыстырылды. Олардың ұрпақтарында генотип және фенотип бойынша қандай ажыраулар болады.

9.3 Гетерозиготалы сары түсті кедір-бұдырлы асбұршақ тұқымның тегіс пішіні бойынша гетерозиготалы жасыл түсті асбұршақпен шағылыстырылды. Бірінші ұрпақтарда генотип және фенотип бойынша қандай ажыраулар болады.

 

Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы

Адамда көптеген 60-қа жуық белгілер, оның ішінде гемофилия (қанның тез ұйымауы), көз жүйкесінің атрофиясы, дальтонизм, Х-хромосомада тіркескендіктен, жыныспен тіркесіп тұқым қуалайды.

10. Шешесі сау (ХНХН) гомозиготалы, әкесі гемофилиямен ауыратын (ХһҮ) отбасының ұрпақтары қандай болмақ?

10.1 Әкесі сау  (ХНҮ), шешесі гемофилия гені бойынша гетерозиготалы (ХНХһ) болса, отбасының ұрпақтары қандай болады?

10.2 Егер шешесі гемофилия гені бойынша гетерозиготалы (ХНХһ), ал әкесі ауыру болған жағдайда (ХһҮ) отбасының ұрпақтары қандай болады?

11. Адамдарда дальтонизм рецессивті «с» генімен анықталады, ал қалыпты көрі қабілеті – доминантты генмен «С» анықталады.Түстерді ажырата алмау белгісінің гені Х-хромосомада орналасқан.

11.1 Дальтоник әйел адамы қалыпты көрі қабілетіне ие еркекке күйеуге шыққан. Олардың ұлдары мен қыздарында түстің қандай қабылдауы болады.

11.2 Қалыпты көру қабілетіне ие отбасында түсті ажырата алмайтын бала туылды. Оның жынысын және ата-аналарының генотиптерін анықтандар.   

 

 

СУРЕТТЕР АРҚЫЛЫ БЕЙНЕЛЕНГЕН ЕСЕПТЕР

 

№ 1 ЕСЕП

1. Үй қояндардың жүнінің қай түсі басым (доминантты)?

2. Жүн түсінің белгісі бойынша бірінші ұрпақ будандарының (F1) және ата-енелердің (P)  генотиптерін анықтандар.

3. Осындай будандастыру кезінде қандай генетикалық заңдылықтарының орындалуын бақылауға болады?  

 

№ 2 ЕСЕП

1. Үй қояндардың жүнінің қай түсі басым (доминантты)?

2. Жүн түсінің белгісі бойынша бірінші ұрпақ будандарының (F1) және ата-енелердің (P)  генотиптерін анықтандар.

3. Осындай будандастыру кезінде қандай генетикалық заңдылықтарының орындалуын бақылауға болады?   

 

№ 3 ЕСЕП

1. Адамның қай белгісі (аласа немесе биік бойы) басым (доминантты)?

2. Осы отбасының - әкесінің, анасының және балаларының генотиптерін анықтандар. 

 

 

№ 4 ЕСЕП (х)

1. Қызанақтың қай пішіні (алмұрт немесе шартәрізді) басым (доминантты)?

2. Ата-енелерінің, бірінші (F1) және екінші (F2) ұрпақтарының генотиптерін анықтандар.

3.Осындай будандастыру кезінде қандай генетикалық заңдылықтарының орындалуын бақылауға болады? 

№ 5 ЕСЕП (х)

1. Егерде қызанақтың шартәрізді пішіні алмұрттәрізді пішініне қарағанда басым болса (доминантты), онда ата-енелерінің (Р) және бірінші ұрпақ (F1) будандарының генотиптері қандай болады?

2. Түсіндіріңдер неге бірінші ұрпақ (F1) будандарында белгілердің ажырауы болды?

№ 6 ЕСЕП

1. Егерде асбұршақ өсімдігінің гомозиготалы ата-енелерінің тұқымдарының сары түсі (А) жасыл түсіне (а) қарағанда басым болса, ал тұқымдарының тегіс пішіні (В) әжімді пішініне (в) қарағанда басым болса, осындай шағылыстыру кезінде бірінші (F1) және екінші (F2) ұрпақ будандарының генотиптері қандай болады?

2. Осындай будандастыру кезінде қандай генетикалық заңдылықтарының орындалуын бақылауға болады?

 

 

 

 

№ 7 ЕСЕП

1. Егерде асбұршақ тұқымдарының сары түсі (А) жасыл түсіне (а) қарағанда басым болса, ал тұқымдарының тегіс пішіні (В) әжімді пішініне (в) қарағанда басым болса, онда асбұршақ өсімдіктерінің ата-енелері мен бірінші ұрпақ (F1) будандырының генотиптері қандай болады?

2. Түсіндіріңдер неге бірінші ұрпақ (F1) будандарында белгілердің ажырауы болды?

 

№ 8 ЕСЕП

1. Ата-енелерінің (Р) және бірінші (F1) мен екінші (F2) ұрпақ будандарының генотиптері қандай?

2. Осындай будандастыру кезінде қандай генетикалық заңдылықтарының орындалуын бақылауға болады? 

 

 

№ 9 ЕСЕП

1. Қызан жемісінің қандай белгілері (қызыл немесе сары түсі, шар немесе алмұрт тәрізді) басым болады?

2. Ата-енелерінің (Р) және бірінші (F1) мен екніші (F2) ұрпақ будандарының генотиптері қандай?