Үшбұрыштар. Қайталау сабағы. 7 кластың геометрия пәнінен Үшбұрыштар тақырыбын қайталауға арналған сабақ. бұл сабақта оқушылар топқа бөлініп жұмыс істейді. Үшбұрыштар тақырыбынан басқа да тақырыптарды қайталайды. Бірін бірі бағалап үйренеді. Флипчарттар құрып, оларды топ болып қорғайдың. Балалар өз ойларын еркін жеткізуді үйренеді.
Ушбурыш.docx
«Науалы орта мектебі» КММ
Үшбұрыштар.
Қайталау сабағы
7 класс
ГЕОМЕТРИЯ пәні
Мұғалім: Касымова А.К Геометрия, 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар. Қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үшбұрыштың түрлері мен элементтерін қолданып, есептер
шығаруды білу
Дамытушылық: Алған теориялық білімін практикада қолдана білуі
Тәрбиешілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке және өзін
өзі басқаруға үйрету.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, флипчарт /Үшбұрыш/
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру
Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру
2. Есептер шығару /практикалық бекіту/.
3. Үйге тапсырма беру
4. Қорытындылау, бағалау
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру
/анықтамалар беру/
Қайталау сұрақтары.
Үшбұрыш элементтері: төбе, бұрыш, қабырға, периметр
Тең кесінділер және тең бұрыштар
Үшбұрыштың түрлері:
Тең қабырғалы, тең бүйірлі, тік бұрышты, қабырғалары әртүрлі
/жалпы түсінік беру, мысалдар келтіру/
үшбұрыштар /жалпы сипаттама беру/
2. Топқа бөлу
Балалар мұғалімнен әр түрлі үшбұрыштардың суреті салынған
қағаздарды алады. Негізгі белгілері бойынша топтасады. (тең қабырғалы
үшбұрыш, тік бұрышты үшбұрыш, қабырғалары әр түрлі үшбұрыш).
Топ басшысын сайлап, топ басшысына «бағалау парағы» беріледі.
3. Флипчартқа осы үшбұрыштар туралы барлық мліметтерді жазады.
(түру, қасиеті, теңдік белгісі) Қорғайды.
4. Тапсырмалар: 1) Салу жұмыстарын орында
2) Бұрыштарды өлшеу
3) Үшбұрыштардың түрлерін анықтау
4) Үшбұрыш периметрін өлшеу
5. Топтар қарсылас топтарға өткен тақырыптардан 3 сұрақ қояды, (қағазға
жазып, сағат тілімен береді)
6. Рефлексия. Оқушылар стикерге сабақтан алған әсерлері туралы, келесі
сабақта не білгілері келетіндері туралы жазып, тақтадағы «Үшбұрыш»
суретіне жабыстырады. Жалпы сабаққа баға береді.
7. Үйге тапсырма: №№54, 56
8. Қорытындылау, бағалау (топ басшылары бағалау парағына топ
мүшелерінің бағасын қойып мұғалімге өткізеді)
Үшбұрыштар қайталау сабағы
Үшбұрыштар қайталау сабағы
Үшбұрыштар қайталау сабағы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.