ҮШТІЛДІЛІК — ЗАМАН ТАЛАБЫ.
Оқу үдерісінде ағылшын тілін білу қазіргі кездегі заман талабының біріне айналды.
Бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеудің басты кілті әлем тілі-ағылшын тілін меңгерту.
Қазіргі кезде ағылшын тілін әр түрлі жаңа технологиялардың көмегімен меңгеруге болады.
оларға әр түрлі ақпараттық бағдарламарды, интернет ресурстарын жатқызуға болады.
ҮШТІЛДІЛІК мақала.docx
ҮШТІЛДІЛІК — ЗАМАН ТАЛАБЫ
Ағылшын пәнінің оқытушысы Абдрешова Гулим Жаналыккызы
Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру
саласындағы инновациялық технологиялар колледжі
Бұл мақала білім саласындағы үш тілде оқыту арқылы бірнеше тілді
меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны
дамыту және қалыптастыру.
В этой статье основное внимание уделяется развитию и формированию
культуры, способной изучать многоязычный, социальный и профессиональный язык
посредством обучения трех языков в области образования.
This article focuses on the development and formation of a culture capable of
learning a multilingual, social, and professional language through teaching three
languages in the field of education.
Үш тілде оқыту – заман талабы. Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген,
әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және
қалыптастыру. Үштілдік туралы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген
сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы.
Ал орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді
пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі
мемлекеттік тіл, орыс тіліұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тіліжаһандық
экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Бірнеше тілді меңгеру арқылы
жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз
қабілетін танытуына мүмкіндік алады. Мектептердің үш тілде оқытуды қолға
алудағы негізгі мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, жанжақты білімді, бәсекеге
қабілетті, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Әлемде екінші ұстаз,ұлы ғұлама ӘбуНасыр ӘлФараби өмірінде 76 ұлттың
тілі білсе, өр рухты дауылпаз ақын Махамбет пен қазақтың бір туар ұлы Шоқан да
бірнеше тіл білсе керек. Ұлы Абай орысқазақ тілдерімен қатар парсы, араб
тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.Қазақ тілі
еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып
өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге бермегендігі мыңдаған жыл тарихынан
айқын.
Қазіргі жаһанданған, ақпараттың дамыған ғасырында болып жатқан түрлі
өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру
жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр. «Жаһандық дағдарыстың жалғасуының
әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын
сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру», — деп Елбасымыздың
Жолдауында айтылғандай, еліміз қай салада болмасын қарқынды дамып, әлемдік
кеңістікке қарыштай қадам басып, еркін қанат сермеуде.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміз береке
мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың, татулықтың өлкесі болып, көпұлтты
мемлекетке айналып отыр. Осы орайда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей:
«Біз — көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың
тілін, мәдениетін және салтдәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдыңғы
уақытта да жалғастыра беретін боламыз» — деген еді.
Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге
аса назар аударылып, жанжақты жол ашылған. «Келешекке кемел біліммен», —
деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келшекке терең біліммен қадам
басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін
таныта алатын, жанжақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны
қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр.
Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты
баспалдақтардың бірі. «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006
жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында
жария етті. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа
Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезеңкезеңмен іске
асыруды ұсынды.
Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Халқына Жолдауында:
“Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды
ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел
ретінде танылуға тиіс. Бұлар — қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі —
ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай
кіру тілі” деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын
тілінің маңызы зор. [4, 41].
Ағылшын тілі — әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың
кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол –
жаһанданудың кепілі. «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын
дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар
арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек» [4, 49].
«Үштілділік — нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым
қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алмакезек қолдану
құбылысы»,Б. Хасанұлы анықтама бергендей [5, 4], бүгінде оны қолдануға жан
жақты күш салынуда.
Осы орайда құрылған «Тілдерді қолдану мен дамытудың 20112020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаты:
— қазақ тілінің мәртебесін көтеру;
— мемлекеттік мекемелерде ісқағаздарды қазақ тілінде жүргізу;
— ағылшын тілін меңгерту; — орыс тілін жетік білу;
— әр ұлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мүмкіндік жасау;
— тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу.
Елбасының үштұғырлы саясаты аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс
аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып
отыр. Алайда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,деп ақын жырлағандай,
өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді
қадірлейтін тұлғаны баулитынымызға көз жеткіземіз. Сондықтан да «Мемлекеттік
тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс. Бұл — заман талабы», деген елбасының
қағидасына сүйене отырып, қазіргі таңда балабақшадан бастап мектеп
табалдырығын аттаған сәттен ана тілін меңгертуге, сауаттылыққа күш салынуда.
Осы орайда ауыр жүк артылып отырған мұғалімдер мен тәрбиешіұстаздардың
бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі еңбегі зор.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2050 » стратегиясында мұғалімдерге
сенім арта отырып, жастарымыздан үміттенеді. «Болашақта еңбек етіп, өмір
сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,
Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр»
делінгендей [4,3], жастарды сауатты баулысақ болашағымыздың жарқын болатыны
белгілі. «Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Мен сіздерге – жаңа
буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне
айналуға тиіссіздер. Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер – болашаққа
деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер»,деген жолдарда жастарымызға деген үміт пен
сенім жатыр. [2,57].
Сондықтан да жастарымыздың болашағы үшін әлемдік деңгейдегі зияткерлік
мектептер мен кәсіптіктехникалық колледждер ашылып,
«Болашақ»
бағдарламасының негізінде олардың шетелге шығып білім алуына жанжақты жол
ашылған.
Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да,
берері де мол. «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі
әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі
шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» [2,51].
Осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті
енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда.
Мектепте қазақ тілін оқыту барысында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін бірлікте
алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр. Бұл жерде өтіліп отырған
бағдарламаға сай үш пәнді бірлікте ала отырып, пәнаралық байланысты жүзеге
асыруға болады. Алайда дәстүрлі оқытуда тек аударма жасатумен ғана шектеліп
отырсақ, қазіргі оқыту технологиясында түрлі шығармашылық бағыттағы
тапсырмалар бере отырып, оқушысубьектінің ізденісіне, яғни, жеке тұлғаның
әрекетін дамытуды мақсат етудеміз.
Қоғамға біздің тіл саясатымыздың мәнін тереңірек түсіндіру керек.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
Орыс тілі – ұлтаралық қарым — қатынас тілі. Ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.
Мемлекеттік тілді – дамытамыз.
Орыс тілін – қолдаймыз.
Ағылшын тілін – үйренеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ. Аталы сөз.– Алматы: Жалын, 1980.
2. Ақиқат. 2013 жыл, №1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
3. Ақиқат. 2011жыл, №5. «Қазақ тілін білу — әншейін бір ұран емес»,
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХҮІІ сессиясында сөйлеген
сөзі
4. Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. –
Астана, 2007
5. Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері,А, 2008ж.
ҮШТІЛДІЛІК — ЗАМАН ТАЛАБЫ
ҮШТІЛДІЛІК — ЗАМАН ТАЛАБЫ
ҮШТІЛДІЛІК — ЗАМАН ТАЛАБЫ
ҮШТІЛДІЛІК — ЗАМАН ТАЛАБЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.