Шығармашылық есеп «Физика сабағында тиімді оқыту әдістерін пайдаланып, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру»
Оценка 4.9

Шығармашылық есеп «Физика сабағында тиімді оқыту әдістерін пайдаланып, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру»

Оценка 4.9
Повышение квалификации
doc
физика
7 кл—11 кл
14.02.2018
Шығармашылық есеп «Физика сабағында тиімді  оқыту әдістерін пайдаланып, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру»
Шығармашылық есепте физика сабағында оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру үшін қолданылатын әдістер ұсынылған. Белсенді және интербелсенді оқыту әдістері арқылы оқушылардың негізгі құзіреттіліктері: ақпараттық, коммуникативтілік және басқа қалыптасатыны туралы хабарланады. Сонымен қатар, аталған әдістердің оқушыларда оқуға деген уәж тудырып, оқыту сапасын жақсартуға көмегін тигізетінін атап көрсетілген.
шығармашылық есеп Мейрманова Ғ.М..doc
Солтүстік Қазақстан облысы   Аққайың ауданы Қайырбек Оразов атындағы  Аралағаш орта мектебі физика  пәні мұғалімі    Ғ.М. Мейрманованың шығармашылық есебі «Физика сабағында тиімді  оқыту әдістерін пайдаланып, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру» Мұғалім өзінің білімін үздіксіз  көтеріп отырғанда ғана мұғалім,  оқуды, ізденуді тоқтатысымен  оның мұғалімдігі де жойылады. К.Д.Ушинский          ХІХ ғасырда өмір сүрген ұлы орыс педагог, педагогиканың негізін қалаушы К.Д.   Үшинскийдің   келтірген   сөзі   қазіргі   уақытта   да   аса   актуалды.   Өйткені қарқынды   дамып   келе   жатқан   әлемде   педагогикалық   ғылымға   үлкен   талап қойылуда. Заман талабына ілесіп жүрү ­ адамзаттан көп білімді қажет етеді.  Ал болашақ   ұрпаққа   қажетті   сапалы   білім   беру   –   бұл   мұғалімнің   құзырлығында. Демек мұғалім өзі де үнемі білімін жетілдіріп отыруы керек. 26 жыл жұмыс өтілім болғанымен мұғалімдерге арналған қайта даярлау, білімін жетідіру курстарына, деңгейлік   бағдарлама   негізінде   құрылған   курсқа   қатысып   ,   пән   бойынша әдістемелік   әдебиетерді   педагогикадағы жаңалықтарымен   танысып   білімімді   жетілдіруге   тырысамын.   Өйткені   оқушыға сапалы білім беру үшін мұғалім өмір бойы оқуы керек.           Биылғы 2017­2018 оқу жылындағы менің әдістемелік тақырыбым «Физика және   математика   сабағында   интерактивті   оқыту   әдістерін   пайдаланып, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру». Соңғы жылдардағы білім беру саласындағы өзгерістерді бақылайтын болсақ, оқыту әдіснамасына көптеген өзгерістер   енгізіліп   жатқанын   аңғаруға   болады:   PISA,   TIMMS   зерттеулерінде оқушылардың   функционалды   сауаттылығын   дамыту,     интерактивті   әдістерді қолданып   оқушылардың   білім   алу   белсенділігін   арттыру,   жеті   модульді ықпалдастырып   оқыту,   жаңартылған   мазмұнындағы   оқу   бағдарламасына   көшу барысында критериалды бағалау, ж т.б. Осыған орай мен оқушыларды өздігінен білім алуына, қажетті білімді таңдауына, оны бағалауға, өмірде табысты қолдануға үйрету мақсатында жоғарыда аталған әдістемелік тақырыпты таңдадым.                    Оқушылардың өз бетінше білім алуы адамның жалпы құзырлыққа жатады, соның ішінде ақпараттық құзырлық: (қажетті ақпаратты іздеу, таңдау, талдау, оны интерпретациялау, сақтау, қайта өңдеу, бөлісу). Ол үшін оқушыда:   интернет   желісіндегі   оқып,  әртүрлі   ақпарат   көздерімен:   анықтамалықтар, энциклопедиямен,   каталогтармен,   Интернет   желісімен   жұмыс   істеу дағдылары;   кітап,   оқулық,  өз бетінше іздеу, алу, жүйелеу, талдау және есептер шығару үшін ақпаратты таңдау, оны өңдеу дағдылары;  ақпарат ағынында бағыт­бағдар алу, соның ішінде ең маңыздысын таба білу;  алған ақпаратты оқу есептерін шешу үшін қолдана білу дағдалары болуы тиіс. Физика және математика пәнінен қатысты ақпаратты құзырлық деп: мәтіннің маңыздысын анықтау (оқып­үйреніп жатқан құбылыстардың маңызды қасиеттерін , заңдардың табиғатын және т.б); математикалық және физикалық формулаларды қорытып шығаруды өз бетінше білу; суреттерді, кестелер мен графиктерді қолдана білу; оқып шыққан материал бойынша жоспар­ конпект құру; оқығанды   өз   сөзімен   логикалық   түрде,   жүйелі,   басқа   ақпарат көздерінен алғна материалдармен толықтыра отырып айта білу; мазмұнын, пәндік және алфавиттік көрсеткішлерді қолдана білу; каталогпен   жұмыс   істеп, библиографиясын жасай білу дағдылары мен біліктілігін айтамыз.   қызықтыратын   сұрақтар   бойынша        Бірақ, оқушыны өздігінен жұмыс істеуге үйрету бұл – оқулықпен және басқа ақпарат құралдарымен жұмыс істеуге үйрету ғана емес. Сонымен қатар оқушылар сабақ үстінде де жұмыстың осындай түріне үйрету керек. Мәселен: сабаққа мақсат қоя білу , сол мақсатқа жетудің жолын таба білу; ­ ­ өзінің оқу­танымдық қызметін бағалауды ұйымдастыра білу; ­ өзін ­өзі, өзара тексеру, топтық жұмысын, өз жұмысын бағалай білу; ­ ­ проблемалық жағдаяттардан шешім қабылдай білу; ­ сыныптас  жұмысында қателер тауып, оларды түзете  білу;   керек.   сол шешімге қатысты өзіне жауапкершілік алу. Аталған құзырлықтарды оқушы бойында дамыту үшін оқытушының өзі де білімді,   шығармашыл,   білім   беру   әдіснамалардан   хабардар   болып,   оларды   оқу үрдісінде   сәтті   қолдана   алу     Сабақ   тиімділігін   арттыру   үшін интерактивті әдістерді  пайдаланған жөн деп ойлаймын.   Мұғаліммен оқушы үшін  бұл әдістер несімен жақсы?  Біріншіден, сабақ үстінде мұғаліммен оқушылар арасында тығыз қарым­қатынас байқалады. Екіншіден, оқушымен оқушы арасындағы қатынас нығая түседі. Үшіншіден, оқушылар өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйренеді. Төртіншіден, оқушылардың оқу белсенділігі артады, нәтижесінде білім сапасы да көтерілуі тиіс.  Мектептегі   физика   кабинеті   интерактивті   тақтамен   жабдықталғандықтан мен   өз   сабақтарымда   «Білім   ленд»   сайтындағы   көптеген   видеосабақтарды қолданып,   оқушылардың   өз   бетінше   ой   қорытуға   дағдыландырамын.   Сонымен қатар, физика пәні заңдылықтарды жаттау, құбылыстардың ашылу тарихын игеру, формулаларды  практикада  қолдана білумен шектелмейді. Физика пәнін оқитын әрбір оқушы өзінің «зерттеуші» екенін түсіну керек. Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ете отырып, өз ойын еркін жеткізе алатын, саралай білетін, сыни   ойлайтын   және   шешім   қабылдай   алатын   зерттеуші   қалыптастыру   үшін сабақтарымда шағын­проект  әдісін  де  қолдануға  тырысамын.  Мысалы, 7­сынып оқушыларына   «Кинетикалық   энергияның   дене   массасына   тәуелділігін   зерттеу», «Кинетикалық   энергияның   дене   жылдамдығына   тәуелділігін   зерттеу» тақырыбында шағын – проектілерді орындауды ұсындым. Проектілерді орындау барысында   оқушылардың   коммуникативтілік,   оқу­танымдық құзыреттілігі, әлеуметтік еңбек құзыреттілігі қалыптасады.   ақпараттық, Бірақ физика сабағындағы   топтық, жұптық жұмыс арқылы оқушылардың барлығын еңбекпен қамтуды  жүзеге асыру қиын. Өйткені, қандай топ болмаса да, оның ішінде барлық жұмысты реттейтін көшбасшы анықталып, тапсырманың көп бөлігін   жылдам   орындауға   тырысады.   Ал,   білім   деңгейі   төмен   оқушылар тапсырманы орындауға қатыспауы да мүмкін. Сондықтан, саралап оқытудың да маңызы   зор.   Дифференциалды   оқытудың   технологиясын   қолдануды ақпараттандырушы   карточкалар,   өз   еркімен   орындауға   арналған   тапсырмалар, дифференциалданған үй тапсырмасы, жеке­топтық жұмыстар, әр түрлі деңгейдегі үлестірмелі және дидактикалық тапсырмалар арқылы жүзеге асырып отырамын. Ол үшін 7­сынып оқушыларына арналған «Деңгейлік тапсырмалар жинағы», «9­ сынып оқушыларына арналған көпнұсқалы өзіндік жұмыстар» жинағы құрастырып, сабақта пайдаланамын.  Бірнеше жылдар бойы осы бағыттарда атқарған жұмыстар нәтижелері де аз емес: оқушылар ҰБТ­дан жоғары көрсеткіштермен аудан рейтінгісінде алғашқы үштіктен   орын   алуда,   жылда   оқушылар   физика   пәнінен   60%­ға   жақын   білім сапасын   көрсетеді,   «Ақбота» олимпиадалардан   оқушылар   жүлделі   орын   алып,   «Лучший   результат   района», «Серебряный   призер»   сертификатына   иеленіп,   «ІІ   дәрежелі   дипломмен» марапатталды.            Қорыта айтқанда:   « Шәкіртсіз ұстаз –тұл»,­ демекші алдағы уақытта жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде өз үлесімді қоса бермекпін.   республикалық   қашықтықтық   «КИО», 19 желтоқсан 2017 жылы №2  аудандық әдістемелік кеңесте қаралды Физика пәні мұғалімі:                                  Мейрманова Ғ.М. Мектеп директоры:                                     Нұртазинов Ж.К.

Шығармашылық есеп «Физика сабағында тиімді оқыту әдістерін пайдаланып, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру»

Шығармашылық есеп «Физика сабағында тиімді  оқыту әдістерін пайдаланып, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру»

Шығармашылық есеп «Физика сабағында тиімді оқыту әдістерін пайдаланып, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру»

Шығармашылық есеп «Физика сабағында тиімді  оқыту әдістерін пайдаланып, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру»

Шығармашылық есеп «Физика сабағында тиімді оқыту әдістерін пайдаланып, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру»

Шығармашылық есеп «Физика сабағында тиімді  оқыту әдістерін пайдаланып, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.02.2018