"Шығыс Қазақстандағы масалар түрлері" ғылыми жоба
Оценка 5

"Шығыс Қазақстандағы масалар түрлері" ғылыми жоба

Оценка 5
docx
29.11.2020
"Шығыс Қазақстандағы масалар түрлері" ғылыми жоба
Масалар түрлері.docx

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Шығыс Қазақстан облысындағы масалардың түрлері»

Бағыты: Балалардың зерттеу  жұмыстары  мен жобалар

 

 

 

 

Орындаған: Тоқбаев Әлихан

2 «А» сынып оқушысы

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              МАЗМҰНЫ:

Аннотация……………………………………………………… ...........2

Кіріспе .....................................................................................................4

1.1. Зиянды жәндік...................................................................................6

1.2. Масаның түрлері. .............................................................................6

1.3. Маса қалай пайда болады?...............................................................8

1.4.Масаның зияны..................................................................................12

1.5.Зерттеу бөлімі.....................................................................................16

  Қорытынды ............................................................................................20

 

Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 

1.1.Зиянды жәндік

        Табиғаттың заңына тән күн райы жылынып, жер-ана қайта жаңарған кейіпке енген сәтте адамды мазасыз күйге салатын жәндіктің бірі – маса. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” мультфильмін кішкене кезімізден көріп  келеміз. Ондағы оқиға желісі әрбір қазақ баласына жақсы таныс. Айдаһардың ауруына шипа болатын тәтті қан іздеген ұзын сирақ сары маса барлық тіршілік атаулының қанын сорып, ақыр соңында адамның, оның ішінде нәрестенің қанын дерт дауасы деп табады емес пе. Мұның соңы нәрестеге араша түскен қарлығаштың айдаһармен арпалысып жүріп, құйрығының жартысынан айырылуымен тәмамдалады. Әрине, бұл оқиға желісі аңыздан туса да шындыққа жанасымды деуге болады. Яғни ,қанға құмар құйттақандай жәндікке адам денесіндегі сұйық заттың, оның ішінде мүмкін болса сәбидің қанын ішуі оны қуаттандыратын көрінеді. Қансорғыш жәндіктің біз біле бермейтін басқа да құпия-сырлары жетіп жатыр. Құйттақандай болса да қоғамның құтын қашыратын жағымсыз жәндіктің  ерекше қабілеттері жетіп артылады. Ең сорақысы, қадалған жерінің қанын сорып, кісінің берекесін кетіретін бұл жәндік безгек ауруының тасымалдаушысы ретінде адам өміріне зор қауіп төндіреді. Бұл сырқаттан әлемде талай адам зардап шегіп, қаншамасы көз жұмғанын ойлаудың өзі қорқынышты.

1.2.Масаның түрлері

        Шығыс Қазақстанда қансорғыш масалардың 51 түрі мен түршесі таралған. Шығыс Қазақстанда түрлі-түсті металлургия,  уран, қорғасын, мырыш, тау-кен, энергетикалық өнеркәсіптері орналасқан. Бұл өнеркәсіптерден шығатын өндірістік қалдықтар, улы заттар мен ауыр металдар, автокөліктерден бөлінген улы түтіндердің әсерінен  Өскемен қаласының  аймағындағы топырақ, су көздері мен ауа  ластануда. Бұл аймақта қансорғыш масалардың 30 түрі кездесті. Шығыс Қазақстанның әртүрлі экологиялық аймақтарында таралған Culicidae тұқымдасының

 5 туысқа жататын («Анофелес,  «Аедес», Кулехс-, Манзониа) 30 түрі мен түршесі анықталды.

       Біздің облыста  қан сорғыш масалардың үш  түрі-«Анофелес»,   «Аедес»

 

және «Кулехс» кең  тараған. Осылардың  ішінде   ең қауіптісі- «Анофелес» масалары болып табылады, олардың  10 түрі белгілі,  солардың   кең тарағаны- қарапайым безгек  масасы, ол  Қазақстанның  барлық  аумағын қамтиды. Ол  безгек  қоздырғышының негізгі тасымалдаушысы және  ақырғы иесі болып саналады.  Көптеген  жылдар бойы  жүргізілген  іс-шаралардың  нәтижесінде біздің  елімізде  жергілікті безгек  жағдайлары  1964 жылдан бері тіркелмейді.

         «Аедес»   масаларының кейбір   түрлері  туляремия,  сары қызба, денге қызбасы т.б. жұқпалы аурулардың  қоздырғыштарын тасымалдайды.               «Анофелес»,   «Аедес» және «Кулехс» масаларының  жұмыртқа  салуы және  пішіндері әртүрлі. «Анофелес» масалары жұмыртқаларын    су бетінде шоғырландырып және қайықша сияқты шашып салады.

         «Аедес»   масалары   жұмыртқаларын кеуіп қалған су көздерінің ылғалды   жеріне, не су бетіне шашып салады.

         «Кулехс» және «Аедес»  маса личинкалары су бетіне бұрыш  жасап сифон арқылы орналасады, «Анофелес» личинкаларында тыныс алу сифоны  жоқ, личинкасының  соңғы буынының алдында  жұп  тыныс тесігі бар, сондықтан суға көлденең орналасады.    Қуыршақтың  пішіні үтір тәрізді.

         «Анофелес» қуыршақтары  басқа масалардың   қуыршағынан тыныс  алу  түтікшелерінің құрылысымен ажыратылады.

         «Анофелес» қуыршақтарында  тыныс алу түтікшелері конусқа ұқсайды, олардың  төменгі  жақ қысқыштарының ұзындығы тұмсық ұзындығымен бірдей, ал басқа  масалардың түрлерінде еттұмсығы ұзын.«Анофелес»  масасы қанатының ортасында  4 қоңыр дақ  болады.  «Кулехс»  масаларында  бұндай  дақтар жоқ.

          Бұл белгілер масаның  түрлерін  ажыратуға көмектеседі.  Қонған кезде «Анофелес»   масаларының құрсағы  көтеріңкі болады, жазықтықта бұрыш жасап орналасады. Басқа масалардың  құрсағы  қонған кезде иіліп, жазықтыққа еңкейген күйде немесе  оған  параллельді орналасады.

 

 

       

1.3. Маса қалай пайда болады?

      Масалардың  жұмыртқалары,личинкалары және қуыршақтары  суда дамиды.   Жас қанатты  анофелес масасы алғашқы уақытта  су көздерінің қасында, өсімдіктер арасында орналасады. Осы уақытта масалар тек қана өсімдіктер  шырынымен қоректенеді.  Бірнеше күннен кейін, түнге  қарай   аталық масалар  үйір құрады, аналық масалар осы үйірге ұшып келіп,  аталықтың  біреуін  алып кетіп, қосарланады.  Ұрықтанғаннан кейін, аналық масалар  қорек іздеп  адамның немесе   жануардың  қанын сорады. Қан маса  жұмыртқаларының дамуы үшін қажет. Аналық масалардың  қанмен қоректенуі үшін арналған тесіп –сорғыш  ауыз мүшелері бар.   Аталық масалардың  ауыз аппараты өсімдік шырынымен қоректенуге бейімделген.[3]    «Анофелес»    масаларының  аналықтары көбінесе  үй-жай бар жерлерде қоректенеді.  Олардың  таралу  аумағы шамамен 3 км болады. Жазда  масаның  аналықтары  үйлерге  күн  батқан  кезде келеді, ал  таң алдында немесе түнге қарай үйірден ұшып кетеді.          Қанға тойған  аналықтар бірнеше күн қараңғы  жерлерде, өсімдіктер  арасында тығылады. Содан кейін аналық су көзіне  қарай барып, жұмыртқа салады. Қоректің қорытылу және  жұмыртқаның жетілу  процесі гонотрофтық цикл деп аталады.    Аналық масалар жұмыртқа шашқаннан кейін  қайтадан қорек іздейді,  қан сорады, содан кейін қайтадан жаңа гонотрофтық цикл басталады. Жылдың жылы  маусымында масаның  барлық тіршілігі осы циклдердің  қайталануынан  тұрады.[2]

          Ересек  масаға  айналу  сатысы  тіршілігінің  орташа ұзақтығы шамамен   бір ай болады. «Анофелес»     масалары  жұмыртқаларын ағынсыз су  көздеріне салады.  Бір рет салған  жұмыртқаларының  саны 100-500 дейін жетеді, бірақ олардың 10 пайызы  ғана  өсіп дамиды. Соның өзінде  аумағы 1 гектар су айдындарында  бір маусымда   солтүстік аймақтардағы елдерде 1млн-ға дейін,  ал оңтүстіктегі елдерде бірнеше миллион масалар  ұшып шығады.    Жүмыртқалардың  личинкаға дейін  дамуы  сыртқы орта жағдайына байланысты, яғни   температураға, ауаның ылғалдығына,   су айдындарындағы  оттегінің мөлшеріне және  судағы тұздың құрамына байланысты болады  және 40 сағаттан

 

 8 тәулікке дейін  созылады. Мысалы    ауа температурасы  10-120 С  жұмыртқадан личинкалардың дамуы 8 тәулікке дейін, ал 16-190 С -5 тәулікке дейін,  27-290 С -46 сағатқа дейін созылады, яғни  температура неғұрлым  жоғары болса личинкалардың даму мерзімі  қысқа болады.  Табиғатта  масалардың личинкалары  құрғақшылықтан температураның өзгеруінен, суда ерітілген тұздардың  өте көп мөлшерінен,  судағы оттегінің аздығынан   жойылып кетеді.[2]

           Жұмыртқалардан личинкалар шығады, олар су бетінде тіршілік етеді. Олар  атмосфералық  ауамен тыныс алады. «Анофелес»    личинкалары көбінесе таза суда  тіршілік етеді. Құрамында органикалық және  зиянды заттар көп су көздері личинкалар үшін  қолайсыз болады.  Личинкалардың  даму уақыты судың температурасына байланысты  болады. Даму  температурасы +10 градустан төмен болмауы  керек.  Қолайлы  температура +25 градус С.  Личинкалар  бактериялармен  өсімдік қалдықтарымен  қоректенеді. Ол  үшін  олар  ауыз  саңылауларынан  өткен  суды сүзгілеп барлық заттарды  жұтады.  Масалардың бұл биологиялық ерекшелігі су бетіндегі улы заттарды  жою үшін қолданылады. 

         Личинкалар   қуыршақтарға айналады, қуыршақтың даму  кезеңі  2-4 күнге дейін созылады,  кейде  температураның күрт  төмендеуі   масалардың даму мерзімінің  ұзаққа созылуына әкеліп соғады.

         Қуыршақтар имагоға, яғни  ересек масаға айналады. Ересек масалар көмурсутегімен және ақуызбен   қоректенеді. Олар  гүлдеп тұрған өсімдіктерден  қорек жинайды, ол қорек масаларға ұшқанда  қуат  береді, ал  масанда  жұмыртқаның дамуы үшін ақуыз қажет, сондықтан масалар  жануарлардың немесе адамдардың қанын сорады.

         Адамның немесе жануарлардың  ұсақ қан тамырлары- капиллярларынан  қан сору 3 минутқа дейін созылады. Аналық масалар  өздерінің салмағынан  бірнеше есе   артық мөлшерде қан сорады.

         «Анофелес»     масалары ұрпақтарының саны  жылы мезгілдің ұзақтығына байланысты- 2 айдан 5 айға дейін созылуы мүмкін. Күзгі аналық масалардың 

 

майлы денесі бар. Сондықтан имаго қыс бойы өмір сүре алады.  Аталық масалардың барлығы  күзде өледі.  Аналық масалар   қыс жылы болса   мал  қораларда, үйдің төбесінде, ал   қыс қатты  болса  жертөлелерде, көкөніс сақтайтын қоймаларда қыстайды.

          «Аедес»   масалары   уақытша су көздерінде- балшық арықтар, батпақтар туады.  Кейбір  түрлерінің личинкалары кішкене ыдыстарда- шелек,бөшке т.б. дамуы мүмкін. Шіріген органикалық заттар оларға зян келтірмейді. Оларға  тән белгі бір рет салынған  жұмыртқалардан личинкалар бір уақытта шықпай, аптаға, айларға созылады. Бұл жағдай олардың мерзіммен кейіп тұратын су көздеріне бейімделгенін  көрсетеді. Егер су   көзі   личинкалар   дамып   болғанға  дейін   кеуіп  кетсе,   олар  өледі,ал  қайтадан   су  келгенде   қалған   жұмырқалардан  личинкалар  шығады.

         «Аедес»   масаларының   кейбір түрлеріне жаз бойы  бір генерация намесе  бір даму   процесі  тән, олар моноциклдік   деп аталады.    Басқаларына  жаз бойы  бірнеше генерациялар тән, олар полициклдік деп аталады.  Моноциклдік түрлердің личинкалары әдетте уақытша кебетін су көздерінде дамымайды, сондықтан жазғы кезде олардың   жұмыртқаларының дамуы тоқтайды. Полициклді түрлерде жазғы тоқтауға қарама-қарсы қыс жағдайларына бейімделу тән, яғни эволюция процесінде жұмыртқалардың күзгі- қысқы тоқтауы пайда болған. [2]

         Ересек «Аедес»    масаларының белсенділігі кешке қарай жоғарылайды, бірақ олар күндіз де әсіресе  бұлтты ауа райында қорек іздеуі мүмкін. Күндіз олар шөпте, өсімдіктерде, шұңқырларда тығылады.

Негізінен масанын еркегінен гөрі ұрғашысы қауіпті келетінін көп адамдар біле бермейді. Өйткені еркек масалар қанға емес, өсімдік тозаңымен қоректенсе, ұрғашысы адам денесіндегі сұйық затқа құмар келеді. Осы арқылы аналық жәндік ұрпақ өрбіту қабілетін арттырады. Неғұрлым өз ағзасына жайлы, көбірек қан сорса соғұрлым көп мөлшерде жұмыртқа салады. Қанды сорып алған маса 300-ге жуық жұмыртқа салады. Қанды сорып  алмаған жағдайда 60 жуық ғана жұмыртқа салады, Зерттеушілердің пайымдауынша әлемде масаның 3000-ға

 

жуық түрі болса, оның бірі 2-3 күн сайын 150-ге дейін жұмыртқа салса, кейбірі 300-ге жуық ұрық тарата алады екен. Жәндіктің мұндай көп мөлшерде жұмыртқа салуы адам денесінен сіңірген сұйықтығына да байланысты екенін жоғарыда айтып өттік. Маса қан соруға келгенде өте қомағай жәндік. Дегенмен қан оған лезде тарап, сұйықтық оның қарнында 300 тұқымға айналып шыға келеді.

Аналық масалардың өз олжасын оп-оңай тауып алатынын да айта кеткен жөн..Қанды сорып алған маса ұзақ уақытқа дейін қорек іздемейді.Жәндіктің көзі анау айтқандай қырағы болмағанымен, тұмсығындағы антенналарымен адам тынысынан бөлінген көмірқышқыл газы мен тер арқылы 12 метр жерден сезетін қабілетке ие. Масалардың жарыққа қарай  неге ұшатынын көп ешкім біле бермейді.Олар жарықта жақсы көреді.[4]

          Бұл жәндіктердің жұмыртқа салуы да өзіндік сырға толы болып келеді. Бізге құрлықта ғана жақсы таныс масаның личинкалары өмірінің бірінші кезеңін суда өткізіліп жетіледі екен. Қансорғыш жәндік су әлемінде 2-3 аптадай тіршілік етеді. Дамудың барлық сатысынан өтіп, күнделікті көріп жүргеніміздей қанаттары қатайған сары масаға айналғасын өмірінің екінші кезеңі, яғни құрлықтағы тіршілігін бастайды. Сондықтан мұны қосмекенді жәндіктер қатарына жатқызады.

           Қансорғыш жәндіктің біз біле бермейтін басқа да құпия-сырлары жетіп жатыр. Мәселен оның адамдардың жүйкесіне тиетін жағымсыз үні бәріміз ойлағандай емес. Масалар қанатын сағатына 600-ге дейін қаға алады. Міне, бізге ызың боп естілетін дыбыс оның қанатының қағысымен ауа тербеліске түскенде туындайды. Кішкентай масаның қанаттары нәзік болғандықтан нәзік үн шығарады.Қансорғыш өздігінен де дыбыс шығара алады. Алайда оның оның қанат қағысының шапшаңдығы болмаса, ызыңын адамдар мүлде естімеуі де ғажап емес. Сондай-ақ жәндіктің ұшу жылдамдығы да өзгелерден ерекше. Яғни сағатына 3,2 шақырымды құрайды екен.

         Ғалымдардың зерттеуінше 1 млн. 200 мың маса бір адамның қанын түгелдей сорып тауыса алады. Әрине, бұл ғылыми жорамал ғана. Ал олардың өмір сүру деңгейін тексеру барысында 250 жылылықта 43 күнге дейін тіршілік

 

ететіні белгілі болса, 10-15 0 114-119 күн жасайтыны анықталған. [10]

Қансорғыш масалар (Culicidae) – қосқанаттылар тұқымдасына жататын жәндіктер. Дүние жүзінде кең тараған 2500-дей түрі белгілі. Қазақстанда 100-ге жуық түрі бар. Денесінің ұзындығы 8 мм-дей. Денесі, кейде қанаттары да қабыршақпен қапталған. Ауыз қуысы соруға бейімделген, мөлшері басының ұзындығынан бірнеше есе артық болады. Аналықтары омыртқалы жануарлардың қанымен қоректенеді. Дернәсілдері негізінен суда және ағаштың жарықтарында дамиды, араларында планктондары да бар.

1.4.Масаның  зияны

        Қансорғыш масалар – зиянды жәндіктер, олар көптеген жұқпалы ауру таратушы болып саналады. Масалар 46 млн. жыл бұрын сиыр, жылқы және тағы да басқа осы тектес жануарлардың ежелгі тектерінің қанымен қоректене бастағанын америка ғалымдары анықтаған. Ғалымдар масалардың тасқа айналған қаңқаларын зерттеу барысында осындай шешімге келген. Жәндіктердің қаңқаларында темір өте көп табылған, яғни, гемоглобин құрамына кіретін молекулалардың көптігіне көз жеткізілген.

      Аталған  масалардың ішінде тұрғындарға ең қауіптісі-« Anopheles- Анофелес», яғни       безгек  масасы болып табылады.  Олар безгек қоздырғышын тасымалдап,   халық  арасында  ауру таратады.[5]

         Безгек- ауру адамнан  безгек масаларының шағуы арқылы берілетін тропикалық және субтропикалық елдерде  таралған  жіті  паразитарлық ауру.

         Безгек қоздырғыштары  қарапайымдылар типіне  жатады, олардың 4 түрі белгілі.  Сілекейінде безгек қоздырғыштары бар масалар сау адамды шаққанда безгек қоздырғышын жұқтырады. Масаға жұқпа  көзі  болып безгекпен ауырған адам болып табылады. Науқастың қанымен қоректенген маса безгек қоздырғыштарын жұтады, соның салдарынан басқа адамға таратады. Масаның ішіне  безгек паразиттері ұрықтанып, өсіп дамиды, нәтижесінде безгекті жұқтырған масаның сілекейінде көптеген безгек қоздырғыштары- спорозоиттар пайда болады. Маса шаққанда сілекейімен сау адамның организміне

 

спорозоиттарды жібереді. Спорозоиттер адамның бауыр клеткаларына түседі, онда паразиттің бұдан арғы даму процесі жүреді. Соңғы сатыда паразиттің дамуы  қызыл қан түйіршіктерінде -эритроциттерде  жүреді.

         Безгекті жұқтырған науқас адамның эритроциттері масаға жұқтыру көзі болып табылады. Безгек қоздырғышымен залалданған қан масаның ішіне түседі, онда паразит дамуының екінші циклі басталады. Мұндай маса безгекті тасымалдаушы болып табылады.           

                  Дүние жүзілік денсаулық сақтау  ұйымының деректері бойынша  безгек әлемнің 40% халқына қауіп төндіруде. Жер бетінде жыл сайын безгекпен 500 миллион адам ауырып, бір миллионнан астам адам  осы аурудан көз жұмады. Тропикалық елдерде  болатын  безгектің түрі  аса  қауіпті болып табылады, науқасқа жедел медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда,  тропикалық безгек өлімге әкеп соғуы мүмкін. [11]

Паразиттің түріне байланысты аурудың жасырын мерзімі 8-30 күнді құрайды,  безгек қоздырғышының  кейбір түрлерінде  аурудың жасырын кезеңі 6 айдан 3 жылға дейін болуы мүмкін.

          Аурудың негізгі белгілері-қалтырап тоңу, дене қызуының  көтерілуі, қатты терлеу, қаназдылық, көкбауырдың үлкеюі. Тек қана безгек ауруына ғана тән белгілерге - ұстамалы қызба, яғни  алдымен   қалтырап тоңу, содан кейін дене қызуының 39-400 С дейін жоғарлап, күрт төмендеуі, денені тер басу. Қалтырау мен ұстамалы қызба-қызыл қан түйіршіктерінің (эритроциттердің) бұзылуынан паразитттердің тіршілік ету барысында бөлінген уытты заттардың қанға түскендігін көрсетеді. Безгек паразиттерінің біраз бөлігі қанға түскеннен кейін жойылады, ал біразы жаңа эритроциттерге енеді.

 Ұстамалы қызба безгектің түріне қарай күн сайын немесе әр 2 -3 күн сайын қайталанып отырады. Бірнеше аптадан кейін жоғарыда аталған ауру белгілері өздігінен басылады да, аурудың жасырын созылмалы түрі басталады. Адамның қорғаныс күші яғни  иммунитеті төмендеген кезде ауру белгілері қайталануы мүмкін. [1]

         Безгекпен ауырған адамды ерте анықтау ғана  науқастардың сауығып

 

кетуіне және аурудың таралуының алдын алуға  көмектеседі. Безгекпен ауырған адамға  өздігінен емделуге болмайды. Аурудың  белгілері болса немесе оған сезіктенген жағдайда дереу дәрігерге қаралып, қанды тексерту қажет. Безгектiң алдын алу жолдарын ең алдымен  осы ауру кең тараған елдерге баратын адамдар жақсы  бiлуге тиiстi.

         Безгек ауруынан оған қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдау және масалардың шағуынан қорғану арқылы сақтануға болады.

         Безгек ауруына қарсы вакцинаның жоқ болуына байланысты, алдын алу мақсатында тек химиялық препараттар қолданылады.

         Безгектің таралуы анофелогенды суайдындары мен безгек қоздырғыштарын тасымалдаушы  масалардың  болуына және  аумақтың климаттық ерекшеліктерге  байланысты.

          Шығыс Қазақстан облысының аумағы  безгек  ауруының таралуы бойынша орташа топқа жатады. Алыс және жақын шетелдерден келген туристер, маусымдық жұмысшылар, еңбек мигранттары, қоныстанушылар безгекті  әкелген жағдайда аурудың жергілікті жағдайлары тіркелуі мүмкін. Пәкістаннан әкелінген безгек жағдайы  соңғы рет 2011жылы Семей қаласының аумағында тіркелді.

         Безгектің сырттан  әкелінген жағдайының және оның жергілікті жағдайларының   облыс аумағына таралмауының алдын-алу  үшін    безгек бойынша қолайсыз елдерден көшіп келген адамдарға зертханалық тексерулер жүргізіледі.

          Безгек масаларына ауру таралатын маусым кезінде оларға  энтомологиялық бақылау мен эпидемиологиялық қадағалау, безгекке қарсы алдын алу іс-шаралары  жүргізіледі.

          Безгек масаларына ауру таралатын маусым кезінде   энтомологиялық бақылау мен эпидемиологиялық қадағалау, безгекке қарсы алдын алу іс-шаралары  жүргізіледі.         Безгекке қарсы күрестің барынша тиімді түрі-науқасты және паразит тасымалдаушыны ерте анықтау болып табылады. Сондықтан, безгек бойынша  қолайсыз, яғни эндемиялық  елдерге туристік сапарға немесе

14

жұмыс бойынша барған Қазақстан азаматтары  келгеннен кейін  дене қызуы көтерілген жағдайда бірден  емдеу- алдын алу мекемелеріне барып,  безгек ауруныа  тексерілуге міндетті.[1]

Безгектен қорғанудың ең қарапайым жолы- масаны денеге жолатпау болып табылады. Безгек масалары адамды түнгі уақытта шағады, сондықтан қараңғы түскеннен кейін  үйге кіру қажет.  Кеш уақытында  денені толық жауып тұратын киімдерді киіп, терінің ашық қалған жерлеріне репелленттерді жұқа етіп жағу керек. 

Безгек тасымалдаушыларына қарсы күрес жүргізу шаралары:

1) Үй – жайлары мен  су қоймаларына өңдеу жұмыстарын жүргізу.

2) Тұрғындарды масаның шағуынан қорғау.

3) Мал арқылы аурудың алдына қақпақыл қою (масалардың өніп-өскен жерінен елді мекенге дейінгі аралықта мал қораларын салу арқылы ).

         Су айдындарындағы масалардың личинкаларын жою  үшін Қазақстан Республикасындағы қолдануға рұқсат етілген инсектицидтер қолданылады..          Жалпы масалардың барлық түрлері жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын  тасымалдаушы болып табылады.   Мысалы  «Аедес»     масалары   шағуы қатты  қышытады, шаққан  жерін  қасығаннан кейін ісіп кетеді, тері күлдірейді, аллергия тудырады.

         Күресу шаралары: Масалардың  денсаулыққа  тигізетін зиянын ескеретін болсақ  олармен күресу шараларын жүргізудің маңызы зор. Жеке шараларға  маса шаға алмайтын арнаулы  қорғаныс  киімін кию,әртүрлі    құрамында масаларды жоюға арналған химиялық заттары  бар  репелленттер  қолдану, яғни масаларды үркіту үшін  жағатын май, крем, есік-терезелерге  дәке тәріздес тұтпа  қою т.б. жатады.  Ал қоғамдық шара ретінде масалардың  личинкаларын және ересек  түрлерін жоюға бағытталған шаралар жүргізіледі.  Масалармен күресу  шараларына  адамды масалардан қорғау, масалардың тіршілік ететін су көздерінде арнаулы  әрекеттер жасау жатады. Батпақтарды кептіруге, өзендерді дұрыстауға бағытталған гидротехникалық және мелиоративтік шаралар, су көздерін өсімдіктерден, тұнбалардан тазарту, пайдасы жоқ ұсақ су көздерін жою

15

жұмыстары атқарылуы тиіс.  Су көздеріндегі маса личинкаларын жою  үшін минералды майлар қолданылады, оларды су бетіне шашады, майлар  судағы беттік тартылысты  төмендетіп, личинкаларды су бетінде қалдырмайды, личинкалардың тыныс алу ағзалары маймен бітеліп қалады да  олар тыныс ала алмай  өледі.  Ұнтақ  тәрізді улар да  қолданылады, қоректену кезінде личинкалар уды жұтып  қырылады. Климаты  жылы субтропикалық елдерде биологиялық  әдіс ретінде  тек қана масаның  личинкаларымен қоректенетін  гамбузия балықтары қолданылады. [11]

                   Маса жойылып кетсе, балықтарда жойылып кетеді дегенді естігем,табиғаттың тепе-теңдігі ғой,бір пайдасы бар шығар,адамға емес тек.

 

                                                                                                               

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1.     Әбілдаев Ә. Губайдуллин Н.Т. Қансорғыш масалар табиғат жыртқыштары.   Қаз ҰУ хабаршысы.Биология сериясы.- 2010. №1,91-95 б.                                                                                                                                                                                                                                                        

2.     Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

3.     Дәуітбаева К.Ә., Омыртқасыздар зоологиясы, ІV бөлім, А., 2000;

4.     Ковшарь А.Ф. Қазақстандағы жануарлар әлемі.-Алматы:Алматыкітап; 2004-

5.      Шаймерденов  Р.Жәндіктер елі.Алматы:Даик-ПРЕСС,2009.-10б.

6.     http://www.okomarah.ru/cikl-zhizni.html  Комары. Цикл жизни. Сайт о комарах.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ

МАЗМҰНЫ: Аннотация………………………………………………………

МАЗМҰНЫ: Аннотация………………………………………………………

Зиянды жәндік Табиғаттың заңына тән күн райы жылынып, жер-ана қайта жаңарған кейіпке енген сәтте адамды мазасыз күйге салатын жәндіктің бірі – маса

Зиянды жәндік Табиғаттың заңына тән күн райы жылынып, жер-ана қайта жаңарған кейіпке енген сәтте адамды мазасыз күйге салатын жәндіктің бірі – маса

Кулехс» кең тараған. Осылардың ішінде ең қауіптісі- «Анофелес» масалары болып табылады, олардың 10 түрі белгілі, солардың кең тарағаны- қарапайым безгек масасы, ол Қазақстанның барлық аумағын…

Кулехс» кең тараған. Осылардың ішінде ең қауіптісі- «Анофелес» масалары болып табылады, олардың 10 түрі белгілі, солардың кең тарағаны- қарапайым безгек масасы, ол Қазақстанның барлық аумағын…

Маса қалай пайда болады?

Маса қалай пайда болады?

Мысалы ауа температурасы 10-12 0

Мысалы ауа температурасы 10-12 0

Сондықтан имаго қыс бойы өмір сүре алады

Сондықтан имаго қыс бойы өмір сүре алады

Жәндіктің мұндай көп мөлшерде жұмыртқа салуы адам денесінен сіңірген сұйықтығына да байланысты екенін жоғарыда айтып өттік

Жәндіктің мұндай көп мөлшерде жұмыртқа салуы адам денесінен сіңірген сұйықтығына да байланысты екенін жоғарыда айтып өттік

Culicidae) – қосқанаттылар тұқымдасына жататын жәндіктер

Culicidae) – қосқанаттылар тұқымдасына жататын жәндіктер

Спорозоиттер адамның бауыр клеткаларына түседі, онда паразиттің бұдан арғы даму процесі жүреді

Спорозоиттер адамның бауыр клеткаларына түседі, онда паразиттің бұдан арғы даму процесі жүреді

Безгекпен ауырған адамға өздігінен емделуге болмайды

Безгекпен ауырған адамға өздігінен емделуге болмайды

Безгектен қорғанудың ең қарапайым жолы- масаны денеге жолатпау болып табылады

Безгектен қорғанудың ең қарапайым жолы- масаны денеге жолатпау болып табылады

Су көздеріндегі маса личинкаларын жою үшін минералды майлар қолданылады, оларды су бетіне шашады, майлар судағы беттік тартылысты төмендетіп, личинкаларды су бетінде қалдырмайды, личинкалардың тыныс алу…

Су көздеріндегі маса личинкаларын жою үшін минералды майлар қолданылады, оларды су бетіне шашады, майлар судағы беттік тартылысты төмендетіп, личинкаларды су бетінде қалдырмайды, личинкалардың тыныс алу…

"Шығыс Қазақстандағы масалар түрлері" ғылыми жоба

"Шығыс Қазақстандағы масалар түрлері" ғылыми жоба
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020