"Менің Отаным - Қазақстан" интеллектуалды ойын
Оценка 4.7

"Менің Отаным - Қазақстан" интеллектуалды ойын

Оценка 4.7
docx
29.11.2020
"Менің Отаным - Қазақстан" интеллектуалды ойын
Менің Отаным - Қазақстан.docx

«№ 11 мектеп-лицейі» КММ

 

 

 

 

 

 

«Менің Отаным – Қазақстан» интеллектуалды ойыны

 

 

                             

 

 

 

                                Қатысушылар: 8 «Е», 8 «М» сынып командалары

                              Өткізгендер: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері

                        Жоламанова Б.М.

                      Смагулова М.К.

 

 

 

 

 

                                                     2019 жыл

«Менің Отаным - Қазақстан» интеллектуалдық ойыны

Мақсаты:

1.Білімділік:

1. Оқушылардың бойындағы мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті

дамыту, құрметтеуге баулу. Тілге деген қызығушылықты арттыру. Оқушылардың білім деңгейін байқау.

2.Дамытушылық: сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру.

3.Тәрбиелік: туған жерінің мәдениетіне, тіліне құрмет сезімін тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар, стикерлер,А4 парағы, баскетбол корзинасының суреттері.

Ойынның барысы:

Жүргізуші:

-Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар! « Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында» демекші, сендер сол болашаққа бүгінгі білімдеріңмен  бастау алып отырсыңдар. Бүгінгі сайысымыз сіздердің білімдеріңізді, ұшқыр ойларыңызды өрнектеп ортаға салу. Олай болса, сайысымызға қош келдіңіздерІ Сайысқа екі команда қатысады, командаларды ортаға шақырамыз. Енді қазылар алқасымен таныстырайық: оқу – ісі меңгерушісі – Кабзолова Қ.С.,мектеп психологі –Чалдыбаева Г.Ж., ағылшын тілі мұғалімі – Ережепбаева А.М.

Бүгінгі сайысқа қатысушы командалармен таныс болыңыздар.

«Тасбақалар» 8«Е»  командасы

«Алаш» 8 «М» командасы

Енді командалар өздірін таныстырсын.

Бүгінгі сайысымыз «Своя игра» ойыны түрінде өтеді.Ойын келесі бөлімдерден тұрады:

1. «Таныстыру»(Әр команда өзін таныстырады)

2. «Кім білгір?» ( сұрақ-жауап)

3 «Тарихи тұлғалар» (белгілі адамдарды фотосуреттен танып, олар туралы қысқа мәлімет беру).

4. «Халық ауыз әдебиеті» (сұрақ-жауап)

5. «Мақал - мәтелдер»(мақалды жалғастыру, тақырыбын айту).

6.Капитандар сайысы. «Сөз құра» Бір сөзден бірнеше сөз табу.

7 . «Баскетбол ойыны.» Әр команда берілген сөздер, сөз тіркесі тізімінен бір тақырыпқа байланысты сөздерді тауып мәтін құрайды.

I. Бірінші кезең:«Өзін-өзі таныстыру» Бұл кезеңде әр топ өзінің атын, ұранын айтып, бір-бірімен танысады.(Топтардың танысуы). Әділ қазылар алқасына сөз

II. Екінші кезең: «Кім білгір?» (сұрақ-жауап)

1. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)
2. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
3. Тілдер күні қашан тойланады? (5 қыркүйекте)
4. Қазақтың «Бұлбұл әншісі» деп кімді айтады? (Күлаш Байсейітова, Бибігүл Төлегенова
5. Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана қаласы)

6. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні? (16 желтоқсан)

7. Қазақтың педагог – ағартушысы, алғашқы рет Қазақстанда қыздарға арнап мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)
8. Қазақ тіл білімінің атасы кім? (А. Байтұрсынұлы)

9. Мемлекеттік рәміздерді ата? (ту, елтаңба, әнұран)

10. Қазақстанның астанасы болған қалалар? (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)

11. Астана қаласы бұрын қалай аталды? (Целиноград, Ақмола)

12. Қазақстан Республикасының Президенті кім?

13. Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін атаңдар. (Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов)

14. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары кімдер? (Жандарбек Мәлібеков, Шотман)
15. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.)
16 Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік рәміздері қай жылы бекітілді? (4 маусым 1992ж.)
17. Қай жылы ұлттық теңгеміз енгізілді? (15 қараша 1993 жылы.)
18 Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер? (1 мамыр, 9 мамыр -Жеңіс күні, 30 тамыз- Конституция күні, 1 желтоқсан -тұңғыш Президент күні, 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні,22 наурыз )

19. Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер? (әнұран, ту, елтаңба.)
20. Мемлекеттік туда не белгіленген? (күн, қыран, ұлттық ою)
21. Мемлекеттік әнұранның авторларын білесіңдер ме? (Н. Ә. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов)

22. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін қашан жариялады?
(16 желтоқсан 1991жыл).
23. Қазақ халқының ең ірі хандары кімдер? (Абылай, Абылқайыр, Керей, Жәнібек, Қасым)
24. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130-дан астам)
25. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
(Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей, Қытай)
26. Халық ауыз әдебиетіне не жатады?
27. Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай)
28. Қазақтың тұнғыш педагогы кім? (Ы. Алтынсарин)
29. Махамбет туралы қандай шығармалар бар?
30. Қазақ әдебиетінің қандай белгілі жазушыларын білесіңдер?

Әділ қазылар алқасына сөз

III. Үшінші кезең: «Тарихи тұлғалар» (белгілі адамдарды фотосуреттен танып, олар туралы қысқа мәлімет беру).

http://oky.ucoz.ru/_pu/51/98622388.jpghttp://www.astana-akshamy.kz/img/2016/12/eea1015a83592cc2002c3989086baa2b.jpghttps://esquire.kz/img/5/1250.jpghttps://fs00.infourok.ru/images/doc/282/287903/hello_html_3aa53f0c.png           https://i.ytimg.com/vi/LwL88BEykSg/maxresdefault.jpghttps://turkystan.kz/content/uploads/2018/10/880260_1793044132_164s_Alimkulov-900x_.jpg?token=bee10d73179bab0ffca600e3e7d1c26f

1872-1937       1866-1937        1841-1889    1845-1904  1804-1846     1918-1987

 

 Әділ қазылар алқасына сөз

IV. Төртінші кезең: . «Халық ауыз әдебиеті» (сұрақ-жауап)

1.Ауыз әдебиетінің түрлерін атаңдар 2.Ертегілер қалай бөлінеді? 3.«Қобыланды батыр» жыры ауыз әдебиетінің қай түріне жатады? 4.«Қозы Көрпеш-Баян сұлу»  жыры  ауыз әдебиетінің қай түріне жатады? 5.Наурыз жырлары ауыз әдебиетінің қай түріне жатады? 6.Ғашықтық жырларының  кейіпкерлері кімдер? Әділ қазылар алқасына сөз

V. Бесінші кезең: «Мақал - мәтелдер» (мақалды жалғастыру, тақырыбын айту).


1.      Білекті бірді жығады,

 Білімді мыңды жығады.

2.      Ауыр істен қорықпа,

  Ауыр сөзден қорық.

3.      Ерді намыс өлтіреді,

       Қоянды қамыс өлтіреді.

4.      Досыңа өтірік айтпа,

Дұшпаныңа сырыңды айтпа.

5.      Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

6.      Өнерлі жігіт өрге озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар.

7.      Туған жердей жер болмас,

        Туған елдей ел болмас.

8.      Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

9.      Батыр ел үшін туады,

 Ел үшін өледі.

10.  Отан  үшін отқа түс – күймейсің


Әділ қазылар алқасына сөз

 

ҮІ Капитандар сайысы. «Сөз құра» Бір сөзден бірнеше сөздер табу : «ҚАЗАҚСТАН» сөзінен жаңа сөздер құрастыру (капитандар сайысы).

Қаз, аз, қазан, ақ, ас, тақ, ат, қан, қас, сақ, саз, ана, ата, зат, сан, нақ, азат, аса, қант

 

ҮІІ «Баскетбол ойыны.» Әр команда берілген сөздер, сөз тіркесі тізімнен бір тақырыпқа байланысты сөздерді тауып мәтін құрайды.


Болашақ энергиясы

Балама энергия көздері

Жаһандық энергетикалық дағдарыс

Табиғи шикізат қоры

Аз қалды

Жаһандық экономика

Мұнайға тәуелді

Күн, су, жел энергиясы

Биоотын

Геотермальды энергетика

Қоршаған ортаны

Уламайды

Экологияға қатер келтірмейді

Біздің елімізде

Пайдалану 1%

Кең тараған жоқ

ЭКСПО-2017

 

Тарихи тұлғалар

XX ғасырдың басында

Қазақ зиялылары

Қалыптаса бастады

Көрнекті ғалымдар

Жоғары білімді адамдар

«Алаш» партиясын ұйымдастырды

«Алаш орда» үкіметін құрды

Алаш орда көсемдері

Гуманизм принциптерін ұстанды

Халыққа қызмет етті

Ахмет Байтұрсынұлы

Ұлт ұстазы

Ақын, аудармашы

Педагог-ағартушы

Қазақ тіл білімінің атасы

Елжанды саясаткерлер


 

 

Қорытындылау, марапаттау

Командаларға көп рахмет. Жақсылық, денсаулық тілейміз! Сау болыңыздар!


 

КММ «Менің Отаным – Қазақстан» интеллектуалды ойыны Қатысушылар: 8 «Е», 8 «М» сынып командалары Өткізгендер: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері

КММ «Менің Отаным – Қазақстан» интеллектуалды ойыны Қатысушылар: 8 «Е», 8 «М» сынып командалары Өткізгендер: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері

Менің Отаным - Қазақстан » интеллектуалдық ойыны

Менің Отаным - Қазақстан » интеллектуалдық ойыны

Мемлекеттік рәміздер ді ата ? (ту, елтаңба, әнұран) 1 0

Мемлекеттік рәміздер ді ата ? (ту, елтаңба, әнұран) 1 0

Ерді намыс өлтіреді, Қоянды қамыс өлтіреді

Ерді намыс өлтіреді, Қоянды қамыс өлтіреді

"Менің Отаным - Қазақстан" интеллектуалды ойын

"Менің Отаным - Қазақстан" интеллектуалды ойын
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020