"Қазақстандағы колледждер" ҚМЖ
Оценка 4.6

"Қазақстандағы колледждер" ҚМЖ

Оценка 4.6
docx
29.11.2020
"Қазақстандағы колледждер" ҚМЖ
9 сынып Қазақстандағы колледждер ашық сабақ.docx

Мектеп:

« №11 мектеп-лицейі» КММ

Мұғалімнің атыөні

Жоламанова Баян Манарбековна

9 «М» сыныбы

23.01.19

Сабақ тақырыбы:

Қазақстандағы колледждер

Білімділік:

Қазақша сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы Өскемен қаласындағы колледждер жайлы

ақпарат беру. Лексикалық тақырып аясында сөйлем мүшелерін пысықтау. Оқушыларды ОЖСБ-ға, мемлекеттік емтиханға дайындау.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмалар орындату негізінде ақпараттық-танымдық құзіреттілігін қалыптастыру; тілдік дағдыларды дамыту.

Тәрбиелік:

Тілдік қатынас барысында оқушыларға рухани-мәдени тәрбие беру; кәсіби бағдар беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): Қазақстан колледждері жайлы ақпарат береді, достарымен сөйлеседі.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді тілдесім барысында тиімді қолдана алады, өзі қалаған колледжді сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында өзінің сыныптастарымен колледждегі білім жөнінде ақпарат алмасады, тілдесімге түседі.

Негізгі түсініктер:

Кәсіптік білім алу, арнайы пәндерді оқу, мамандықты меңгеру, оқуды жалғастыру, пәндерді тереңдетіп оқу, сұранысқа ие, болашақ өмірге қадам жасау,өз бетімен өмір сүру, қаражаттық тәуелділік, қаражаттық тәуелсіздік, шәкіртақы алу, ұлттық бақылау тестілеуге дайындалу, кешенді тестілеуге дайындалу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А3 парағы, маркерлер, өзара бағалау парағы, парақшалар.

Оқыту әдістері:

Сипаттау, талдау, әңгімелеу, сұрақ- жауап, «Орындарыңды ауыстырыңдар» интерактивті ойыны,

«Ревин кестесі»тәсілі, «Венн диагрммасы, салыстыру кестесі, компьютерлік тестілеу.  

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

 

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға

психологиялық

ахуал туғызу

 

«Орындарыңды ауыстырыңдар» интерактивті ойыны.  Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді. Топқа сурет бойынша бөледі.

Оқушылар шеңберде тұрып, орын ауыстырып ойнайды. Сәлемдеседі. Топқа бөлінеді. https://www.actmep.in/img/facilitymanagment.pnghttp://png.clipart-library.com/images/1/brown-bags-of-money-clip-art/money-bag-coin-clip-art-money-background-5ac2da43c0a850.7049132415227192997891.jpg  

I. Қызығушылықты ояту:

Тыңдалым. Оқушыларға Мұхтар Құрманалиннің «Кім болғым келеді?» өлеңін тыңдатады. Сұрақтар қояды: – Балалар, өлеңде не туралы айтылады? Қандай мамандықтар? Сол мамандықтарды қай оқу орындарында меңгеруге болады?

Оқушылар өлеңді тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

 

1. Сөздікпен жұмыс.

Мұғалім интерактивті тақтадан

оқушыларды тақырыпқа қатысты жаңа

сөздермен таныстырады, аудармасын

айтады. Оларды оқиды, оқушыларға

қайталатады, сөз тіркестерін, сөйлем құратады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым.

Жаңа сөздерді дұрыс айтуға жаттығады. Сөз тіркестерін, сөйлем құрайды.

 

 

2. Мәтіналды жұмыс.

Айтылым. – Балалар, бүгін біздің сабағымызға колледж студенттері келіп отыр. Олар: Өскемен политехникалық колледжінің студенті – Дима, экономика және қаржы колледжінің студенті – Аня және медицина колледжінің студенті - Соня.

 Айтылым. Әр колледж туралы слайдтарын көрсетіп, айтып береді.

ІІ. Мағынаны тану

4. Мәтінмен жұмыс.

А) Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқиды, «Ревин кестесі» бойынша талдатады. (топтық жұмыс)

Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Әр топ өз мәтінімен жұмыс жасайды. «Ревин кестесін» толтырады. Мәтінге ат қояды, тірек сөз, сөз тіркестерін жазады; негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты анықтайды.(топтық жұмыс)

 

5. Мәтінсоңы жұмыс.

 Айтылым. Грамматика. Жай сөйлемнің түрлері, сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері туралы ережені қайталатады.

«Сөйлем» тақырыбы бойынша компьютерде тест орындатады.

Айтылым.

Ережені қайталап,

тест орындайды.

III. Ой толғаныс:

      Бекіту:

Мұғалім оқушыларға «Венн диаграммасы» «Салыстыру кестесі», «Хикаят картасы»

тәсілдерін пайдалану арқылы мектеп пен колледжді салыстырады, сипаттайды.

 

 

 

 

Колледж +

Колледж -

 

Сабақ барысын­

Сабақ барысын­

 

да алған білімдері,

да алған білімдері,

 

мағлұматтары, түсі­

мағлұматтары, түсі­

 

ніктері.

ніктері.

 

.

Әр топ бір стратегия бойынша жұмыс жасайды. Кестені, диаграмманы, картаны толтырады

ІV. Бағалау:

Формативті бағалау. Мұғалім оқушы­

лардың бағалау парағы бойынша қо­

рытынды бағаны өзі қояды.

Бағалау парағы  бойынша топ жетекшісі топтағы оқушыларды бағалайды.

V.Үйге тапсырма:

Оқулықтағы 11-тапсырманы орындау.

 

VI. Рефлексия:

Мұғалім «Жетістік баспалдағы» суретін таратып береді

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін баспалдақтан көрсеті.

 


 

Мектеп: « №11 мектеп-лицей і»

Мектеп: « №11 мектеп-лицей і»

Балалар, өлеңде не туралы айтылады? Қандай мамандықтар?

Балалар, өлеңде не туралы айтылады? Қандай мамандықтар?
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020