ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ КИЕЛІ, ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРІН РЕПРЕЗЕНТАЦИЯЛАУ
Оценка 4.8

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ КИЕЛІ, ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРІН РЕПРЕЗЕНТАЦИЯЛАУ

Оценка 4.8
Исследовательские работы
doc
29.11.2020
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ КИЕЛІ, ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРІН РЕПРЕЗЕНТАЦИЯЛАУ
Шығыс Қазақстандағы мәдени ескерткіштерді репрезентациялау
Мұхамадиянова А.М ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ КИЕЛІ, ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРІН РЕПРЕЗЕНТАЦИЯЛАУ.doc

 

ӘОЖ 1:001

МҰХАМАДИЯНОВА А.М.

 

Өскемен қаласы «Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ

 

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ КИЕЛІ, ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРІН РЕПРЕЗЕНТАЦИЯЛАУ

 

Мақалада Шығыс Қазақстанның киелі орындары мен жерлерін қазіргі ақпараттық технологиялар тарапынан репрезентациялаудың жолдары мен өзекті мәселелері қарастырылады. Әсіресе киелі жерлерді виртуалды мұражайға айналдару арқылы әлемнің мәдени кеңістігіне тарату.

 Түйін сөздер: Тарихи-мәдени мұра, жаһандану,  өркениеттілік, заманауи ақпараттық технологиялар.

В статье рассматриваются актуальные проблемы и пути репрезентации сакральных памятников Восточного Казахстана в контексте современных информационных технологий. Особое внимание уделено созданию виртуальных музейев и репрезентации культурного наследия в мировом культурном пространстве.

Ключевые слова: Историко-культурное наследие, глобализация, цивилизация, современные информационные технологии.

The article deals with actual problems and ways of representation of sacred monuments of East Kazakhstan in the context of modern information technologies. Special attention is paid to the creation of virtual museums and representation of cultural heritage in the world cultural space.

Keywords: Historical and cultural heritage, globalization, civilization, modern information technology.

 

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясын» құруды тапсырған болатын. Елбасы атап өткендей, әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Ал біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз [3]. Сондықтан осынау бастама ел көлемінде жаппай қолдау тауып жатыр.

 Адамзаттың қазіргі жаһандық өркениеттілік даму жағдайында тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылық жеке мемлекеттер мен ғылыми қауымдастық тарапынан біршама арта түсті. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және заманауи ақпараттық технологиялар негізінде жаңаша репрезентациялау өзекті мәселеге айналды. Жаһандану қоғамның құндылықтар жүйесі мен құндылықтық бағыт-бағдар таңдау үдерісіне, адамның дүниетанымы мен түйсігінің қалыптасу әрекеттеріне, әлеуметтік-мәдени тәжірибені тұтыну мен тарату тәсілдері мен механизмдеріне түбегейлі өзгерістер әкеледі. Осы орайда өркениеттілік дамудағы әмбебаптылық пен жекеліктің ажырамас өзара бірлігі ретінде тарихи-мәдени мұраны зерттемей мәдени мұра мен адамзат дәстүрлеріне ғылыми тұжырымдалған көзқарас қылыптастыру мүмкін емес.

 Шығыс Қазақстан ұлы жазықтар шектескен Еуразияның қақ ортасында орналасқан. Табиғат-ана осы өңірге тек өзіне тән көркемдікті дарытқан. Бұл мекеннің жылқылары желмен жарысып, бозторғай мен тыраулаған тырна үні, құм сыбдыры мен саңқылдаған саршұнақ дауысы Ұлы даланың ұлы әуенін шертеді. Асқар таулардан бастау алған асау өзендер, арша иісі аңқыған алып шыңдар, салқын самалы ескен қасиетті мекен-бабалардың ұрпағына қалдырған Жерұйығы.

 Мың жылдар бойы осы аймақта өмір сүрген халық адамзат тарихында өшпес із қалдырып, мәдени құндылықтардың бірегей жүйесін дүниеге әкелді. Сол дәуірдің өткен күнінен белгі болып қалған қорған зираттары, тас мүсіндер, ескі қамал қабырғалары, тас үңгірлер мен тау қуыстары өскелең ұрпаққа тарих тағылымын сабақ алуға үндейді.             

 Алып Абайды, шалқар Шәкәрімді, мұхит Мұхтарды дүниеге әкелген Шығыс топырағында қасиетті мекендер аз емес. Қазіргі уақытта болашақта «Қазақстанның киелі орындар картасына» енетін Шығыс Қазақстанның өзінің киелі орындар картасы түзіліп жатыр. Олар: Зайсан ауданындағы Шілікті жазығы, Катонқарағайдағы  Берел қорымы, Ұлан ауданындағы «Аблайкит» ғибадатханасы, Мұзтау шыңы, Күршім ауданындағы Қиын Керіш, Абай ауданындағы Қоңыр Әулие үңгірі, Тарбағатайдағы Ырғызбай Досханұлы кесенесі мен Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі.

 «Елбасымыз әрдайым ұлтымыздың ұлы ақыны Абай мұрасын қадірлеп, барша халықты оның өлеңдері мен қара сөздерінен өнеге алуға шақырып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да Абай атамыздың бүкіл әлемдегі оқу, білім, мәдениеттің ең озық үлгілерімен үйрену жөніндегі өсиеттерімен өзектес. Ендеше ұлы ойшылдың ізі қалған Қоңыр Әулие үңгірі сияқты мекендер біз үшін нағыз киелі жер болуы тиіс. Туған жерге тағзым осындай қасиетті орындарды қадірлеп, қастерлеуден басталады».

 Осы киелі мекендердің бірі Қоңыр Әулие үңгірі ел арасында тарихи аңыздарымен және емдік қасиетке ие суымен белгілі. Әлі күнге ғалымдар үңгірдегі көл суының құрамын зерттеп, құпиясын аша алмай келеді. Жаугершілік заманда қазақтың қалың қолы осы көлге шомылып, жарақатттарынан айығып отырған деген де аңыз әңгіме бар. Сондықтан бұл табиғи ескерткіш ежелден ата-бабамыздың зиярат ететін орталығы болған. Мұнда кезінде данышпан Абай мен ұлы жазушы Мұхтар Әуезов те келген. Кейін М. Әуезов өзінің «Абай жолы» романында үңгір туралы айтып өтеді.

 Қоңыр Әулие-Шыңғыстаудағы үңгір. Шыңғыстың батыс шегінде Шаған өзенінің жағасындағы жапсарлас жерде орналасқан. Қоңыр Әулие табиғатта өте сирек кездесетін үңгір. Биіктігі 25 метр, ұзындығы 100 метрден асады. Бұл үңгірдің атауына байланысты аңыздарға сүйенсек, кейбір деректерде қоңыр ол түсті білдірсе, ал бір деректерде қоңыр үн, дауыс деп те айтылады. Үңгір атауының шығуы (мифологиясы). «Қоңыр әулие» атауы адамның атынан шықпаған. Бұл атау ерте дүниеден келе жатқан халықтық мифологиямен тығыз байланысты. «Қоңыр әулие» – мифтік образ. Халықтың ұғымынша, жер асты үңгірлерінің де иесі болған. «Қоңыр» сөзінің шығуының өзіндік этимологиясы бар. Оның негізінде «үңгір» сөзі жатыр. Топонисит-ғалым А. Әбдірахманов «қоңыр» сөзін моңғол тіліндегі хонхор, хонхур (ой, шұңқыр, үңгір, сай, жыра) сөзінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген түрі деп қараған. Ол бірте-бірте дыбыстық элизияға түсіп, «күңгір», одан барып қазіргі қазақ тіліне, табиғатына бейім «қоңыр» сөзіне айналған. Оның дәлелі Қазақстан жерінде бірнеше «Қоңыр әулие» деп аталатын үңгірлердің болуы (Баянауылдағы және т.б.) [6].

 

1-    сурет Қоңыр әулие үңгірі

 

 Ел арасында Қоңыр әулие үңгірінің пайда болуы жөнінде аңыз дерлік қызық әңгіме бар: әлемді топан  су басып, Нұқ пайғамбар кемесіне күллі хайуанның тұқымы мінген кезде біразына орын болмай қалады. Олардың қатарында Құлан, Қыран, Қоңыр әулиелер орын болмаған соң ағаштан сал жасап, Нұқтың кемесіне тіркеледі. Ағынмен келе жатқан кезде үш әулиенің салы үш жаққа кеткен екен дейді. Топан су қайтып, тау-тастар көріне бастаған кезде әулиелердің салы үш тауға бөгеліп калыпты: Қызылтауда Құлан әулие, Ақбеттауда Қыран әулие қалыпты. Қоңыр әулиенің салы ең соңғы болып осы үңгірге тірелген екен. Ел аузындағы  аңыз-әңгімелерге сенсек, Қоңыр  әулие  немесе Қыз әулие деп аталатын бұл  үңгірді  бір кездері 11- 12 жас  шамасындағы  жас  қыз мекен  еткен. Үйінен  қуылып, барар жер, басар тау таппаған қыз осы үңгірде ұзақ жылдар бойы тұрақтаған. Кейіннен  ауыл  ақсақалдары жиылып, қыздан кешірім сұрағанымен, үңгірге  үйреніп қалған ол осы орынды  тұрақты мекеніне  айналдырыпты-мыс. Бұл шамамен 7-8 ғасыр бұрын болған оқиға деп топшыланады. Қоңыр әулие жаугершілік заманда осы үңгірге әскерімен келіп бой тасалап, сол үңгірдегі суға дұға оқыған дейді. Үңгірдің іші қараңғы, түбі мөлдір сулы көлшікке тіреледі. Бұрын оның төр жағында көлденең жатқан тас мүсін болған. Үңгірдің бір кісі ғана сыйатын тарлай кіре берісіне жақын жерде үстін хына басқан көптеген тас молалар бар. Тас молаларға байрғы қазақ руларының таңбалары қашылып салынған бұл – жаугершілік заманда осы жерде болған хан майданның ізі. Қоңыр Әулие үңгіріне қатысты бір аңыз әңгіме «Абай жолы» роман-эпопеясында кеңінен баяндалған. Ол аңыз бойынша, Қазақ пен қалмақтар соғысында, қалмақтар  Қоңыр Әулие үңгіріне қашып тығылады. Оларды алу оңайға түспейді. Көп адамы қырылып, ашынған Абылай хан қолдағы батырларына жар салыпты: «Егерде кімде кім ерлік етіп айласын тауып, осы қалмақты дәл осы үңгірден шығармай қырып беретін болса, бұдан былай қолбасылық дережені үнемі сол кісіге бұйырамын!» - депті. Сонда Абылайға ерген көп батырладың ішінен үздік шыққан Қаракерей Қабанбай болған еді. Күндіз-түні талмай ұрыс салып, үңгірдің аузын оқпенен көміп, қалмақты бұқтырып отырып әлденеше күн аштықан бұралтады. Сүйтіп, ақыры қалмақты жеңіп, Абылайды дегеніне жеткізеді. Соның артынан жеңістің тойын жасағанда, Абылай Қабанбайды қасына алып отырып: «Бар батырдан сен оздың жеке дара шығып, оқып тұрсын. Айтқаным айтқан, сертімнен шыққаным осы, қайратым үшін бұдан былайғы жорықта ұдаы қолбасы сен боласың! Және бұдан кейін сенің атың Қабанбай емес, «Дарабоз» болсын!. Содан мұны барлық аңызда «Дарабоз» атайды! - деді (М. Әуезов «Абай жолы» роман – эпопеясы, 1968 ж., 3 кітап, 209 бет). Қазіргі уақытты Қоңыр Әулие үңгірінің жанынан келуші саяхатшыларға арналған кешен салынған. Бұл кешенгі келушілер шипада іздеп келеді. Көл суының қасиетті күші туралы біздің замандастарымыз да көп айтады. Көл суы үнемі төрт градустық қалыпта сақталады. Судың қатты суық болуы адам ағзасына ерекше әсер етеді. Бұл жерде шок терапиясы маңызды рөл ойнайды. Ағза мұздай суық суға түскенде стресс жағдайында болып, сана түбінде жатқан резервтік  қорды  оятады. Бұл адам ағзасының жаңа қуатпен жұмыс істеуіне негіз болады. Сондай-ақ қасиетті суға барып ем қабылдаған адамдардың судың қасиетіне шынайы сеніммен баруы, психологиялық дайындығы да маңызды. Мұндағы көл суының шипалылығы аяқ-қолы тартылып, сал болып қалғандар, түрлі тері аурулары, бір перзент сүюге зар болған отбасы мүшелері мен көру бақытынан айырылған жандардың өте қысқа мерзім ішінде сауығып кетуіне зор мүмкіндігі бар. Көз ауруына шалдыққандарға көмегі бар дейді оған дәлел осы үңгір ішіндегі су астынан көзілдіріктер кездестіруге болады. Сонымен қатар балдақтар да кездеседі. Жүре алмаған адамдар да келіп осы судан шипа алып жазылып жүріп кетіп балдағын тастап кетуіде мүмкін. Қоңыр әулие ескерткіші – ең алдымен өткен тарихтың куәсі. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелер, Шыңғыс хан тұлғасына қатысты аңыздар, қазақ-қалмақ соғысына қатысты деректер және Абай дәуірінің жаңғырығы Қоңыр әулие үңгірінің тарихи құндылығын ұрпақ жадынан өшірмейді.  

 Киелі мекен аймағына жататын Тарбағатай ауданындағы «Ырғызбай әулие» кешені ХІХ ғасырдың орта тұсында салынған діни архитектуралық ескерткіш. Ырғызбай Досханұлы заманында қазақ даласындағы дәрілік шөптердің қасиеттері мен қолдану тәсілдерін жетік меңгерген әйгілі емші және сынықшы болған. 2017 жылға дейін жеке адамдардың қолында болған кешен, қазіргі уақытта мемлекет меншігіне өткізілген. Соған байланысты қазіргі таңда бұл орында «Туған жер» бағдарламасы бойынша абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

 Кешенде кесенеден бөлек, мешіт, «Аманат» музейі және үш мыңнан астам кітап қоры сақталған. «Дала даналары» кітапханасы жұмыс істейді. Кешеннің шырақшысы Болат Тағабайдың айтуынша мұндағы кітаптардың Ибн Синаның ХVІІ-ХVІІІ ғасырлада жазылған медициналық тарктаттары да бар екен. Музейдегі жәдігерлердің де көненің көзі екенін аңғару қиын емес. «Музейде 600-ге жуық жәдігер сақталған. Олардың арасында ескі заманда қолданылған тұрмыстық бұйымдардан бастап ХІХ – ХХ ғасырларда жасалған, бүгінде халық тұтынбайтын шоқ үтік, патефон сияқты заттар, тон, ішік сияқты ескі киімдер де бар. Олардың бәрін мұнда жергілікті халық өздері әкеліп тапсырыпты» [4].

 Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан, ықылым замандардан үзілмеген, қилы-қилы кезеңдерде дес бермеген асыл қасиеттер бар. Солардың бірі емшілік. Ол ғасырлар бойы қалыптасып, өзінше ғылым саласына айналды. Бабаларымыздың даналығын, қабілетін танытатын, жан, тән саулығын сақтаған осы бір адамгершілік имандылыққа толы ғұмырлы өнері бірде биіктеп, бірде аласырып, толқындаған күй кешті.

 Тасыр ғасыр ұрпақтарымызды емші бабалармен, көріпкел көрегендерімен, тәуіп, тамыр ұстаушы, дем салушы, кітап ашушы, ішірткі берушілермен, бақсы, балгер, сынықшы, құмалақшылармен таныстыруға жол бермеді. Болашақ ұрпақтарымызды бұлар халыққа жат құбылыстар деп тәрбиелеуге мәжбүр болды.

 Тоталитарлық жүйе халық емшілігін жоққа шығаруға, адам бойындағы ішкі қуатты тұншықтыруға қаншама күш жұмсаса да ақыры өзі күйреп тынды. Халық емшілігінің шексіз мүмкіндігін бұғаудан босатты. Соған орай кезінде Тарбағатай аймағына атағы жайылған, бертінде Қалба өңірінде ғана есімі сақталған ХІХ ғасырдағы көрнекті халық емшісі Ырғызбай Досқанұлы туралы ел аузындағы аңыз-әңгімелерден, көкірегі даңғыл қариялардан жинақталған бірнеше кітаптар жарық көрді.

 Ырғызбай Досқанұлы құймақұлақ қарттардың шежірелеуінше, 1787 жылы Тарбағатайдың құт-берекелі сайларының бірінде дүниеге келіпті де, пайғамбар жасына толған шағында, 1850 жылы «Мыңжылқы» құдығына таяу маңдағы күзеуде мәңгілік ұйқыға кетіпті. Денесі табиғаттың маң даладағы ұлы ескерткіші – «Бөрітостаған» атанған алып тастан қырық шақырымдай қашықтықтағы құба белге жерленіпті Халық емшінің басына тастан қалап белгі орнатқан. Бірақ көне мұраларға жауыға қараған кесірлі кезеңде мола күтімсіз қалған.

 Елімізде жеке адамға табынушылық әшкереленген тұста ел еңсесі біраз көтерілгендей болады да, осынау жылымықты арқалаған ауыл ақсақалдары бас қосып, ақылдасып, атақты емшінің зиратын шатырлауға қаржы жинайды. Кәдімгі мамандар араласпаған, қорқып-үрке жүріп, төбесі шатырланған мазар уақыт тезіне төзбей мүжіле бастайды. Осыны байқаған көзі ашық, кезінде мекеме басқарған құнанбай Тағабайұлы деген азамат емшінің аты-жөнін, туған-өлген жылдарын мәрмәрға қашатып жаздыртып, белгі қояды. Мұның өзі алда атқарылар игі іске мұрындық болады. Мәуір самалы ескенде ауыл қарттары тағы да бас қосып, емшіге лайық мазар тұрғызуды қайта қозғайды. Жергілікті тұрғындар бұл бастаманы қуана қолдап, өз еріктерімен қаржы жинайды. «Көп түкірсе - көл»деген. Бүгінде зәулім мазар бой түзеген. Халық Ырғызбай Досқанұлына неліктен мұнша зор құрмет көрсетті?...

 

2-    сурет - Ырғызбай әулие кешені

 

 Ырғызбай Досқанұлы бала жасынан емдік шөптерге үйір болыпты. Ауру-сырқауды көрсе, оған барынша жанашырлық танытып, төңірегінен ұзамай, қол ұшын беруге асығады екен. Табиғат дарытқан дара қасиет өсе келе шынайы емшілікке ұласыпты... Әкесі Досқана сол өңірдегі емшілердің біразымен таныс-біліс, аралас-құралас жүріпті. Ар жақ бер жақтағы үлкен емшілермен қатынас қағылез балаға елеулі әсер етеді. Ырғызбай табиғатпен сырлас, жандас жүреді, тау-тасты, сай-саланы жалғыз аралайды, тылсым тірліктің құпиясына үңіліп өседі.

 Халық емшісі Ырғызбай Досқанұлы дүниеден өтерін үш тәулік бұрын біліп, жерленетін орнын өзі белгілепті. Міне, осыдан кейін халық емшісін қасиет тұту, аруағын силау, әулие санау күшейген. Бір ғажабы ыссы, қапырық күндердің өзінде бұл зираттың ішінде шыбын-шіркей болмайды. Төңірегінен мақпал самал есіп тұрады. Кім білсін, оның да өзіндік құпиясы бар шығар...

 Тірісінде талай-талай науқастарды емдеп жазған Ырғызбай Досқанұлының басына бүгінде де ауру-сырқаулар барып түнеп, сиынып, дертіне дауа тілейді. Ырғызбай емшіні әулие атандырып, қадыр-құрметке бөлеген – оның адамгершілікі имандылығы. Атақты емшінің жаны, рухы, аруағы көзге көрінбей-ақ ізгілік ұрығын себуде... [4]

 Облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Негізі бұл өңірдің тарихи жәдігерлер мен киелі кендерге бай екендігі белгілі. Соның бәрі тізімге алынып, арнайы бағдарламалар қабылданды. Нәтижесінде, Қоңыр әулие үңгірі және Ырғызбай ата кесенесімен қатар, өңірдегі киелі жерлер картасына Шілікті, Берел қорымдары, Аблайкит ғибатханасы, «Абай - Шәкәрім» мемориалды кешені, Қиын – Керіш, Белуха, Ашутас таулары, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» кесенесі, «Алаш арыстары» музейі және тағы басқа қастерлі орындар енгізілген. Осылардың ішінде біздің заманымызға дейінгі VІIІ-VІ ғасырларға тиесілі, Зайсан ауданында орналасқан Шілікті қорымының орыны бөлек. Тарбағатай, Сауыр – Сайқан және Маңырақ тауларымен қоршалған Шілікті жазығын кезңнде сақ тайпалары мекендеген. Сол себепті де бұл жерден сақ, үйсін дәуірінің алтын бұйымдары мен 200 - ден астам ескерткіші табылды. Олардың 50-ге жуығы патша мен ақсүйектердің обасы. Соның ішінде Бәйгетөбе обасынан табылған Шілікті алтын адамы тарихымыздың әріден зерттеуге мол мүмкіндік береді [7].

 Катонқарағай ауданындағы Берел қорымының да ел тарихындағы алар орыны ерекше. Сақ және түркі кезеңдеріне жататын 70 - тен астам обадан құралған қорымда ежелгі көшпенділер мен көне түркі заманының бұйымдары табылған. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, бұл жердегі ең көне қорған біздің заманымызға дейінгі ІV-ІІІ ғасырларға тән, ал ең бергісі біздің заманымыздың VІІ-VІІІ ғасырларында тұрғызылған. Қорымға жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі бүкіл әлемге ежелгі атбегілік өнердің қазақ даласынан бастау алатынын паш етті. Әлі күнге қазба жұмыстары жүріп жатқан қорымнан таяуда ғана, яғни 2018 жылдың тамыз айында 7 метр тереңдіктен әйел адамның мүрдесі табылған. Археологтар оны 3 мың жыл бұрын жерленген деп болжайды.    

 Ел тарихының тамырын бірнеше жылға жалғайтын Берел қорымын 1999 жылы Елбасы арнайы барып көріп, содан бері қазба жұмыстарын тоқтаусыз жүріп жатыр. Ал 2008 жылы Үкімет Қаулысымен бұл жерде «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы құрылды. Бүгінде онда 600-ден астам жәдігер бар.

 Адамзат өркениетінің алтын бесігі болған Алтай жерінде тарихи қорғандар мен көне жәдігерлер өте көп. Тіпті әлемдік діндердің ескі ғибадатханалары да кездеседі. Мәселен, 1654 жылы Қалба тауында салынған Аблайкит қорғаны кезінде буддистердің ғибадатханасы болған. Елбасының тікелей бастамасымен салынған «Абай-Шәкәрім» мемориалды кешені де тек Шығыс Қазақстан облысы үшін емес, барша Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Белуха, Қиын-Керіш, Ашутас таулары сияқты табиғатына тарту еткен құндылықтарымыз да талай тарихтың куәсі ретінде баға жетпес асыл мұрамыз болып саналады. Мұндай жәдігерлер Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған ұлттық кодты сақтауда да ерекше рөл атқарады. Осындай тарихи-мәдени ескерткіштерімізді халық арасында кеңінен насихаттап, оның құндылығын дәріптеудің болашақ ұрпақ үшін маңызы зор. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүріп жатыр. Көптеген тарихи ескерткіштер күрделі жөндеуден өткізіліп, халықтың тағзым ететін, отандық және шетелдік туристердің жиі келетін, қазақ тарихынан сыр шертетін киелі орындарына айналып отыр.       

 Дәл осы жергілікті жерлердегі тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғауда және сол өлкенің та­рихи-мәдени мұра ескерткіштерін әйгі­леуде жергілікті билік орган­дары­ның және тарихи-мәдени мекеме­лердің рөлі айрықша.

 Заманауи ақпараттық технологиялар, Интернет жүйесі, әлеуметтік желілер тарихи-мәдени мұраны жаңаша түсіну, анықтау, қорғау, сақтау және тарату сияқты механизмдеріне біршама сапалы өзгерістер әкелді. Виртуализация процесі әлеуметтік-мәдени мұраның үнемі жаңарауы мен трансляциясын қамтамасыз ететін және ұрпақтан ұрпаққа жалғастыратын барлық әлеуметтік институттардың қызметін қамтиды. Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлеуметтік-мәдени мұраны танып-білу және таратуда маңызды орын алады, ұрпақаралық дәстүрлі байланыс формаларын түп тамырымен өзгертіп, әлеуметтік-мәдени байланыстын жаңа формаларын дүниеге әкелді.  Виртуалды реалдық жағдайында адамның дүниетанымы мен түйсігі бұрын соңды болмаған таңбалық видеобейнелер, виртуалды бейне-фантомдар, модерн стилдері, бұқаралық сананы жаулап алған танымал мәдениеттің паттерндері арқылы қалыптасып, дамитын болды. Бұл өз кезіңде адамның санасымен кең түрде манипуляциялауға жол ашты [2].

 Әлеуметтік-мәдени мұраны бір жүйеге келтіру және тарату болашақ ұрпақ үшін өте маңызды. Мәдени мұраға ұқыпты қарау және ақпараттық-коммуникативтік технологиялар негізінде тарихи-мәдени жадыны ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп жалғастыру ұлттық бірегейлік пен ұлттық кодты сақтаудын, тәрбие және білім беру процесінде ұлттық сана-сезімді нығайтудың бірден бір жолы екенін назардан тыс қалдырмаумыз керек.

 Еліміз тәуелсіздік алғаннан, 1991-2019 жылдары Тәуелсiз Қазақстан мұражайларының қызметi атап айтарлықтай дамыды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы өтпелi кезең қиыншылықтары мұражайлардың материалдық техникалық және кадрлық әлеуетiн әлсiреткенiмен олардың мәдени үрдiстегi орнын төмендеткен жоқ.

 Қазақстанның мұражайларын дамыту мен қалыптастыру ісінде қазіргі талабына сай сын көтермейтін де мәселелер баршылық. Қазақстандық мұражайлардың қызметін жетілдіру мақсатында мынадай ұсыныстар жасағым келеді:

- мемориалдық мұражайлардың экспозициясын жетілдіру мақсатында мемлекеттік қаржыландыруды күшейту керек;

- мұражай саласы қызметкерлерінің өз қызметіне қызығушылығын арттыру мақсатында еңбекақысын көтеру керек;

- мұражайлардың электронды аудиогидтерін, электронды саяхатты жүзеге асыра алатын электронды жолсеріктерін шығару керек;

- Қазақстандық мемориалдық мұражайлардың қызметі мен бағытын жетілдіру мақсатында мұражай қызметкерлерін әлемдегі тәжірибесі озық мұражайларға тағылымнамаға жіберу керек;

– Қазақстандық мұражайлардың виртуалды мұражай ретінде электронды саяхатын жасап, ғаламторлық сайтын жасау керек, электронды жолсеріктерін жасау керек, себебі виртуальды мұражайларға саяхатқа шығу арқылы визуальды турист болуға болады. Бұл ХХІ ғасыр мұражайлары жолға қойып отырған инновациялық қадам. Осындай іс-шараларды кешенді іске асырған жағдайда, қазақстандық мұражайлар, әлемдегі мұражайлар кеңістігі қатарына енетіні сөзсіз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Думан А. Көріпкел // Егеменді Қазақстан. – 21 наурыз 2015 жыл.

2. Мид М. Культура и преемственность. Исследование конфликта между поколениями. – Москва., 2004. – 358 с.

3. Назарбаев Н.Ә. Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Егеменді Қазақстан. – 12 сәуір 2017 жыл.

4. Ақыпбеков. Ө  Халық емінің құдіреті /. – Алматы: Қайнар. 1993 жыл.

5. Шығыс көкжиегі – Взгляд на Восток – Look to the east: фотоальбом – Усть-Каменогорск: «БМ плюс», 2014. – 300 с. – Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

6. Шығыс Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі мен географиялық атаулары. Қазақстан Жазушылар Одағының ШҚО бөлімшесі. Өскемен – 2003 жыл.

7. Шығыс Қазақстанның көне тарихы мен мәдениеті. «Арыс» баспанасы Алматы 2002.

REFERENCES

1. Duman A.,  Kөrіpkel. Egemendі Qazaqstan. – 21 nauryz 2015 (in Kaz).

2. Mid M.,  Kultura i preemstvennost. Issledovanie konflikta mezhdu pokoleniyami. Moskva, 2004. – 358 s (in Russ).

3. Nazarbaev N.Ә.,  Rukhani zhangy'ru: bolashakka bagdar. Qazaqstan Respublikasynyn Prezidentі Nursultan Nazarbaevtyn Қazaқstan xalқyna Zholdauy. Egemendі Kazakstan. – 12 sauіr 2017 (in Kaz).

4. Akypbekov.O.,  Xalyk emіnіn kudіretі. Almaty: Qajnar. 1993(in Kaz) .

5. Shygys kokzhiegі – Vzglyad na Vostok – Look to the east: fotoa'bom – Ust-Kamenogorsk: BM plyus 2014. – 300 s. – kazak, orys, agylshyn tіlderіnde (in Kaz).

6. Shygys Qazaqstannyn akіmshіlіk-aumaqtyq bolіnіsі men geografiyalyq ataulary. Qazaqstan Zhazush'lar Odagynyң ShKO bolіmshesі. Oskemen – 2003 (in Kaz).

7. Shygys Qazaqstannyn kone tarikhy men madenietі. «Arys» baspanasy Almaty. 2002 (in Kaz).


ОЖ 1:001 МҰХАМАДИЯНОВА А.М. Өскемен қаласы «Ш

ОЖ 1:001 МҰХАМАДИЯНОВА А.М. Өскемен қаласы «Ш

Шығыс Қазақстан ұлы жазықтар шектескен

Шығыс Қазақстан ұлы жазықтар шектескен

Бұл атау ерте дүниеден келе жатқан халықтық мифологиямен тығыз байланысты

Бұл атау ерте дүниеден келе жатқан халықтық мифологиямен тығыз байланысты

Тас молаларға байрғы қазақ руларының таңбалары қашылып салынған бұл – жаугершілік заманда осы жерде болған хан майданның ізі

Тас молаларға байрғы қазақ руларының таңбалары қашылып салынған бұл – жаугершілік заманда осы жерде болған хан майданның ізі

Соған байланысты қазіргі таңда бұл орында «Туған жер» бағдарламасы бойынша абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Соған байланысты қазіргі таңда бұл орында «Туған жер» бағдарламасы бойынша абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Мұның өзі алда атқарылар игі іске мұрындық болады

Мұның өзі алда атқарылар игі іске мұрындық болады

Соның бәрі тізімге алынып, арнайы бағдарламалар қабылданды

Соның бәрі тізімге алынып, арнайы бағдарламалар қабылданды

Дәл осы жергілікті жерлердегі тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғауда және сол өлкенің та­рихи-мәдени мұра ескерткіштерін әйгі­леуде жергілікті билік орган­дары­ның және тарихи-мәдени мекеме­лердің рөлі айрықша

Дәл осы жергілікті жерлердегі тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғауда және сол өлкенің та­рихи-мәдени мұра ескерткіштерін әйгі­леуде жергілікті билік орган­дары­ның және тарихи-мәдени мекеме­лердің рөлі айрықша

Бұл ХХІ ғасыр мұражайлары жолға қойып отырған инновациялық қадам

Бұл ХХІ ғасыр мұражайлары жолға қойып отырған инновациялық қадам
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020