«Коммуникация» білім беру саласы бойынша сөйлеуді дамыту ұйымдастырылған
оқу –қызметінің
технологиялық картасы.
Күні, ай, жылы:15.11.2017
Тақырыбы: Қуыршақты шомылдырып, ұйықтатамыз.
Мақсаты: балаларға дұрыс жуыну ережелерін үйрету, киімдерді ретімен шешуді,
киімдердің атын атай білуге үйрету. Қимыләрекетті білдіретін сөздерді меңгерту.
Еңбекқорлыққа, тазалыққа баулу.
Көрнекіліктер:шомылдыруға арналған заттар: су,сабын,сүлгі.
Сөздік жұмыс: сүлгі.
Билингвалды компонент: сүлгі – полотенца.
Іс әрекет кезеңдері
Мотивациялық
қозғаушылық
Ұйымдастырушылық
ізденістер
Тәрбиешінің ісәрекеті
Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін
жасайды.
Топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық!,
Жаса, жаса алтын күн!
Жаса, жаса жарқын күн!
Тазалық туралы сөйлеседі.балалар сендер
таза жүргенді ұнатасыңдар ғой. Әр
уақытта таза, ұқыпты жүретін балалардың
достары нелер, білесіңдер ме?
Балалар білмесе көмектеседі.
Сабын, су, сүлгі, айна, тарақ.
«Сүсү сүлгі» деген буынсөздің
айтылуын қайталатып айтқызып үйретеді.
Ғажайып сәт.
Балалар,бәзге қуыршақ Айгүл қонаққа
келеді. (Қуыршақ Айгүлдің үстінің кір
болып кеткенін айтып, менен өзін
шомылдыруды өтінеді).
Кәне, балалар, Айгүлді бірге
шомылдырайық. Киімін шешіп, таза суға
шомылдырайық. Алдымен баскиімін,
сонан соң аяқкиімін шешейік.
Киім шешу ретін көрсетеді. Шешіп
отырып, киімдерінің аттарын айтып
отырады: баскиім, аяқкиім, көйлек.
Шешіп болған соң, шомылдырады.
Ыдысқа су құйып, сабынмен денесін
сабындап, одан соң таза сумен
жуындырамыз, болған соң сүлгімен сүртіп,
денесін құрғатып, таза киімдерін
кигіземіз. Киіндірерде – киіну ретін
көрсетеді. Айгүл рақмет айтады. Оның
ұйқысы келді, әлдилеп ұйықтатайық.
«Бесік жырын» айтып, Айгүлді
ұйықтатайық, Қуыршақ балалардың
әлдиіне ұйықтап қалады.
Баланың ісәрекеті
Балалар қимыл
қозғалыспен шаттық
шеңберін жасайды.
Балалар тыңдайды,
білуге талпынады.
Қайталайды.
Қуыршақ Айгүлге
таңғалады. Айгүлдің
кір болғанына
аяушылық танытады.
Киімін шешуге,
шомылдыруға
көмектеседі.
Қамқорлық көрсетуге
ұмтылады. Киімінің
шешу ретін, киімнің
аттарын білуге,
үйренуге талпынады.
Тәрбиешімен бірге
қимылқозғалыстар
жасайды. Сергіту сәті.
Ақ қоянау, ақ қоян
Ұйқыңнан тұрсаңшы,
Бетіңді жусаңшы.
Айнаға қарасаңшы,
Әйәй көйлек кисеңші!
1.«Не жоқ?» дидактикалық ойыны.
Киімдерді тізіп қояды, жоқ киімді табады.
Көздерін жұмдырады,біреуін алып қояды.
Көру, есте сақтау қабілеттерін дамытады.
2.«Айгүлге қуыршағын жуындыру үшін не
керек?» дидактикалық ойыны.
Жуындыру үшін қандай заттар керегін
суретке қарап айтып, артық затты сызады.
Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқу іс
әрекетін қорытындылайды.
Шешінерде, бірінші неден бастап
шешінеміз?
Киінерде, бірінші неден бастап киінеміз?
Жуыну үшін қандай заттар керек?
Қандай киімдерді білесіңдер?т.б.
балалардың қамқорлығын бағалайды.
Ойынды қуана
ойнайды. Балалардың
көңілдері көтеріледі.
Жоқ киімді табуға
асығады.
Жуындыруға қажетті
заттарды айтуға
тырысады.
Сұрақтарға жауап
беріп үйренеді.
Киімдердің аттарын
атап үйренеді.
Жуынуға қажетті
заттарды біледі.
Рефлексиялық –
түзетушілік
Күтілетін нәтижелер:
біледі: киімдердің аттарын;
игереді: тазалық туралы түсініктерді;
қолданады: киінудің, шешінудің ретін.
Тәрбиешінің атыжөні:
Тексерген: «Коммуникация» білім беру саласы бойынша сөйлеуді дамыту
ұйымдастырылған оқу –қызметінің
технологиялық картасы.
Күні, ай, жылы:01.11.2017
Тақырыбы: « Дәрігер Айболит» (ертегі)
Мақсаты: балаларды мейіріділікке, өзге адамдарға, жануарларға қамқорлық сезімін
білдіруге талпындыру.Ертегі арқылы балаларды табиғатты қорғауға ,өсімдіктер мен
құстарға қамқорлық жасауға үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар:хрестоматия, суреттер, құстардың, ағаштардың,
ормандардың суреттері.
Сөздік жұмыс: дәрігер, шипа, емдеу.
Билингвальды компонент: дәрігер врач.
Әрекеттердің кезеңдері
Мотивациялық
қозғаушылық
Баланың ісәрекеті
Балалар шеңбер
бойымен бір біріне
қарап тұрып қимылдар
жасайды.
Балалар ойларын
айтады.
Ойын ойнайды.
Балалар педагогтің
айтқан сөздерін
қимылмен көрсетіп,
тез, жылдам жасайды.
Тәрбиешінің ісәрекеті
Психологиялық сәт.
«Ертегілер» әні үнтаспадан тыңдалады.
Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін.
Ертегі әлемінің
Қызығында жүрдім,
Бірақ оянып кеттім,
Әттең ...
Кіріспе әңгіме.
Берілген ертегідегі орман аңдарының
суреттері арқылы ертегінің мазмұнымен
таныстыру. Алдымен ертегіні мәнерлеп
оқу.
Сұрақ жауап арқылы балалардың тілін
дамыту.
«Саусақ театры» арқылы ертегіні
сахналау.Сахналау алдында балалардан
сұрау:
Ертегі ұнады ма?
Ертегі не жайлы?
Ертегіде қандай құстар бар екен?
«Құс қимылы» ойыны.
Мақсаты : әртүрлі қимылдар жасау
арқылы бойларын сергіту.
Ойын шарты:
Педагог балаларға өлең оқиды:
Құс болып ұшамыз,
Жрге қонамыз.
Жемді шоқып жейміз.
Суды ұрттап ішеміз.
Жайлап қанат қағамыз.
Орнымызды табамыз.
Балалардың алған білімдерін тиянақтау,
әрекеттеріне қолдау жасау.
Ұйымдастырушылық
ізденістер
Рефлексиялық –
түзетушілік Күтілетін нәтижелер:
Біледі :Айболит – орман дәрігері екенін.
Игереді :дәрігер өз қызметін қалай атқаратынын, қалай көмек көрсетуге болатынын.
Меңгереді :ертегі арқылы қоршаған ортаны қорғай білуді.
«Коммуникация» білім беру саласы бойынша сөйлеуді дамыту
ұйымдастырылған оқу –қызметінің
технологиялық картасы.
Күні, ай, жылы:04.10.2017
Тақырыбы: Қуыршақ қонаққа келді.
Мақсаты: балаларға ыдыстар мен тағамдардың аттарын айтуды үйрету, оларды ажыратуға
жаттықтыру. Қонақ күту ережелерімен таныстыру. Қонақжайлылыққа баулу.
Көрнекіліктер:шай ішіп отырған қыз баланың суреті. Ойыншық ыдыстар, тағамдар.
Үлестірмелі тағамдар мен ыдыстардың суреттері.
Сөздік жұмыс: ыдыс, тағам.
Билингвальды компонент: ыдыс – посуда.
Әрекеттердің кезеңдері
Мотивациялық
қозғаушылық
Ұйымдастырушылық
ізденістер
Тәрбиешінің ісәрекеті
Балалармен сәлемдесіп, олардың назарын
шай ішіп отырған қыз бейнеленген
суретке аударады.
Балалар, суретте не көріп тұрсыңдар?
Иә, қыз бала шай ішіп отыр.
Үстелде тұрған заттарлың аттарын
атайық.
Мынау – нан, шай, қант, тәрелке, шәйнек,
кесе. Нан, қант, шай тағамдар деп
аталады. Кесе, шәйнек, тәрелке ыдыстар
деп аталады.
Дыбыстық жаттығуы.
Ысыс – ыдыс.
Ғамғам – тағам.
осы сөздерге сөздік жұмысы жүргізіледі.
Балаларға қайталатады. Ыдыстарға
тағамдар салынады. Ыдыстардың
түрлерін, үлкенкішілігін сұрайды.
Қандай нан, шай екенін сұрайды. Ақ,
қара, тәтті деген сөздерді қосып
айтқызады. Топтағы ойыншық ыдыстарды
әкелулерін сұрайды. Олармен
ойнайтындарын айтады.
Ғажайып сәт.
Қонаққа қуыршақ Айжан келеді.
Балалар, Айжан бізге қонаққа келді.
Қазақ – қонақшыл халықпыз. Қонақты
күтуді, сыйлауды білуіміз керек. Кәне,
Айжанға шай жасайық деп ұсыныс
жасайды. Қантты, нанды тәрелкеге,
шайды шәйнекке салып, шай дайындап,
кесеге құямыз, деп айтып, үйретіп
Баланың ісәрекеті
Балалар суретке көңіл
аударады. Сұрақтарға
қуана жауап береді.
Аттарын айтуға
талпынады. Ыдыстар
мен тағамдарды
ажыратуға, білуге
тырысады.
Сөздерді қайталайды.
Қандай? Сұрағына
дұрыс жауап беруге
ұмтылады. Ойыншық
ыдыстарды қуана
әкеледі.
Айжанның келуіне
қуанады. Балалар
қонақ күтуді үйренеді. отырады.
Балалар тағамдарды ыдыстарға салып,
үстелге қойып, Айжанды үстелге
шақырады.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Аяқты нық басамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз
Қолымызды жуамыз,
Аллжапқышты байлаймыз.
Дастарханды жасаймыз,
Ыдыстарды қоямыз.
Қамқоршы бала боламыз.
1
«Дұрыс көрсет, ажырат!»
Тағамдар мен ыдыстардың суреттері
таратылып беріледі.Атын атағанда тез
көрсетуі және ол тағам ба, ыдыс па –
дұрыс ажырытуы керек.
2
«Не артық?» дидактикалық ойыны.
Рефлексиялық
түзетушілік
Суреттен артық затты табады.
Сұрақтар беріп, оқу іс әрекетін
қорытындылайды.
Дұрыс айта алмаған балаларға
көмектеседі.
Белсенділік танытқан балаларды
мақтайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:тағамдар мен ыдыстардың аттарын;
Игереді: ыдыстар мен тағамдар туралы сөйлем құрастыра білу дағдысын;
Меңгереді:қонақ күтуді.
Балалар қимыл
қозғалыстар жасайды.
Ойынды қуана
ойнайды.Тағам және
ыдыстарды ажыратады.
Заттың атын атап,
артық затты табуға
тырысады.
Балалар қонақ күтуді
үйренеді, біледі. «Коммуникация» білім беру саласы бойынша сөйлеуді дамыту
ұйымдастырылған оқу –қызметінің
технологиялық картасы.
Күні, ай, жылы:21.02.2018
Тақырыбы: «Телефон»
Мақсаты: көркем сөздерге деген ынталарын дамыту, кейіпкер бейнесін сомдау, мәнерлі
дауыс ырғағы, арқылы сөйлеу көркемдігі мен орындау қабілеттерін қалыптастыру,
әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: хрестоматия, ойыншықтар.
Сөздік жұмыс: дәрігер, телефон, шоколад, піл.
Әрекеттердің кезеңдері
Мотивациялық
қозғаушылық
Баланың ісәрекеті
Шеңбер бойына тұрып,
өлең жолдарын
қайталап, қимылдар
жасайды.
Ұйымдастырушылық
ізденістер
Тәрбиешінің ісәрекеті
Психологиялық сәт.
Шаттық шеңберіне тұрғызады:
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.
Кіріспе әгіме:
Балалар,бүгінгі оқу іс әрекетімізде орыс
ақыны Корней Чуковскийдің «Телефон»
өлеңімен танысамыз.Өлеңді мәнерлеп оқу.
Сылдыр етті телефон:
Бұл кім?
Піл.
Өзінің кімсің, қайдан?
Түйеден.
Сізге не керек?
Менің балама.
Азырақ.Бес алты пұт жетеді,
Керек емес ондай көп.
Одан артық жей алмайды,
Балам әлі өскен жоқ.
Сұрақжауап арқылы әңгімелеу:
Балалар, телефонды қай кезде, не үшін
қолданамыз?
Телефонмен қалай сөйлесу керек?
«Қазақтелеком» сюжетті – желілі
Мұқият тыңдайды. Рефлксиялық түзетушілік
ойыны.
Балалар,сендерге ойын ұнадыма?
Бүгінгі ісәрекетімізде қандай өлеңмен
таныстық?
Енді үнтаспадан ақын Ермек
Өтетілеуұлының «Телефон» өлеңін
тыңдап,іс әрекетімізді аяқтайық.
Балалар ойларын
айтады.
Сыпайы, әдепті
Балалардың жауабы.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: өлеңнің мазмұнын.
Игереді: қажетті сыпайылық қасиеттері.
Меңгереді: сөйлеу көркемдігін.
«Коммуникация» білім беру саласы бойынша сөйлеуді дамыту
ұйымдастырылған оқу –қызметінің
технологиялық картасы.
Күні, ай, жылы:02.05.2018
Тақырыбы: Тату доспыз бәріміз.
Мақсаты: 1. Балаларға достық, татулық, бірлік ұғымдарын түсіндіру. Өзара татулық
сезімдерін дамыту.
2.Жас шамасына сәйкес ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру.
3.Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:қазақ, өзбек, орыс, ұйғыр ұлттарының суреттері және бейнетаспа.
Сөздік жұмыс: тату, дос.
Билингвальды компонент: дос – друг.
Әрекеттердің кезеңдері
Мотивациялық –
қозғаушылық
Тәрбиешінің ісәрекеті
Бәріміз бірбірімізге достық лебізімізді
білдірейік.
Баланың ісәрекеті
Балалар шеңбер болып
тұрады.
Ұйымдастырушылық
Ізденістер
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақты қорғаймыз.
Біздің топта ұлқыздар
Татутәтті ойнаймыз!
1.Әңгіме жүргізу.
Мамыр – достық, ынтымақ, бірлік
мерекесі.
Балалар, сендер достық дегенді қалай
түсінесіңдер? Сендердің достарың бар
ма? Фараби, сен топта кіммен доссың?
Достық дегеніміз – адамдар арасындағы
сыйластық. Достар бірбірін жақсы
түсінеді, бірге жүргенді ұнатады.
Топтағы барлық бала бірбірлеріңмен
Балалар бірге қайталап
айтады.
Балалар қайталап
айтады.
Балаларға ой тастау.
Балалар өз достарын айтып береді, жауап
беруге тырысады.
Балалар бейнетаспаға
қарап, педагогпен бірге
жасап беруге тырысады.
Әртүрлі жауап беруі
мүмкін.
Балалар педагогпен
бірге қимылқозғалыс
жасайды. Балалар
мақалды қайталап
айтады.
Балалар шеңбер болып
тұрып билейді, әрі
қызыға ойнайды.
доссыңдар.
2.Бейнетаспа көрсету.
Балалар, бұл жерде не бейнеленген?
Әртүрлі ұлттар бейнеленген.
Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері
тұрады. Қандай ұлт өкілдері тұратынын
барлығымыз айтайық.
Орыс, ұйғыр, кәріс, өзбек т.б. Бұл
мерекеде ұлт өкілдері алаңға шығып
өздерінің әндерін айтып, билерін билейді.
Балалар біздің тобымызда әртүрлі ұлт
өкілдерінің балалары бар. Иранның ұлты
– орыс, Амирдиннің ұлты – ұйғыр.
3.Сергіту сәті.
4.Даналық сөздің мағынасын
түсіндіру.
Достық – бірлікте,
Бірлік түбі – мереке.
Достық адамды жақсылыққа татулыққа
алып келеді.
5.Ойын: «Достық шеңбері»
Шарты: балалар шеңбер болып тұрады
да, әуен басталғанда, қол ұстасып
билейді, әуен тоқтағанда, барлығы бірге
«Тату доспыз бәріміз» деп қайталайды.
Рефлексиялық
түзетушілік
Үлестірмелі материалдармен
жұмыс.
Көгершінді бояу.
Сұрақтар қою арқылы оқу ісәрекетін
бекіту.
Балалар көгершінді
бояйды.
Балалардың жауаптары
тыңдалады.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: мамырда ұлттар достығы мерекеленетінін;
игереді: нақыл сөздердің мағынасын түсініп, топта бірбірімен дос болуды, ренжіспей
ойнау дағдыларын;
меңгереді: достық, татулық, бірлік ұғымдарын. «Коммуникация» білім беру саласы бойынша сөйлеуді дамыту
ұйымдастырылған оқу –қызметінің
технологиялық картасы.
Күні, ай, жылы:24.01.2018
Тақырыбы: Үй құстарына жем береміз.
Мақсаты:үй құстары және олардың пайдасы туралы түсіндіру.Сурет бойынша әңгіме
құрату арқылы ауыз екі сөйлеулерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Балаларды
үй құстаын қамқорлыққа алуға баулу.
Көрнекіліктер: қыз балардың тауықтарға жем беріп жатқан суреті .
Сөздік жұмыс: үй құстары.
Билингвальды компонент:құс птица.
Әрекеттердің кезеңдері
Мотивациялық –
қозғаушылық
Тәрбиешінің ісәрекеті
Балалармен сәлемдесіп,
С.Бегалиевтің «Қазағым,қазым
қаңқылда!» өлеңін оқып береді:
Баланың ісәрекеті
Балалар қуанышпен
қимыл қозғалыстар
жасайды.
Қазым, қазым,қаңқылда!
Суда жүріп салқында.
Жем шашайын – жейсіңбе?
Жоқ,
Жоқ.
Кәмпит тәтті,болмайды ас,
Арпа менен бидай шаш.
Балаларға қимыл – қозғалыстар
жасатады.
Балалар, қазір қаз туралы өлеңге қимыл
– қозғалысар жасадық.Қаз қандай құс?
Балалар сұрақтарға
жауап береді. Дұрыс, қаз – үй құсы.
Үй құстары туралы естеріне
түсіреді.Сұрақтар береді.
Тағы қандай қандай үй қстарын
білесіңдер?
Қыз баланың тауықтарға жем шашып
жүрген суретіне балалардың көңілін
аудартады.Суретті әігімелейді.
Қораптаотырған құстарға
қараңдаршы,тауық «қытқыт» дейді, қаз
«қаңқ қаңқ» дейді,балапандар «шиқ
шиқ» дейді, ал әтеш әнге басады:ку ка –
ре –ку. Кәне, бәріміз мына дәнді
шашамыз, деп үй құстарына жем
береді.Балаларды қамқорлыққа үйретеді.
Сергіту сәті.
«Шөжелерім» әніне би қимыл
қозғалыстарын жасатады.
1.«Не артық?» дидактикалық ойыны.
2. «Тауық нені жақсы көреді?»
дидактикалық ойны.
Суреттен тауық нені жақсы көретінін
табады.
Тәрбиеші балалардың жасаған қимыл
қозғалыстарын, сұрақтарға жауап
бергендерін бағалайды.
Суретке қуанады.
Құстарға жем шашады.
Әнге би қимыл
қозғалыстарын жасайды.
Ойынды қуана ойнайды.
Не артық екенін табады.
Нені жақсы көретінін
табады.
Балалар құстарға
қамқорлық жасауды
үйренеді.
Ұйымдастырушылық
Ізденістік
Рефлексиялық
түзетушілік
Күтілетін нәтижелер:
біледі: құстарды сипаттауды;
игереді: үй құстары туралы әңгіме құрастыра білу дағдысын;
меңгереді: шөжелердің қимыл қозғалыстарын салады. «Коммуникация» білім беру саласы бойынша сөйлеуді дамыту
ұйымдастырылған оқу –қызметінің
технологиялық картасы.
Күні, ай, жылы:10.01.2018
Тақырыбы: «Шалқан ертегісі»
Мақсаты: балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту мен қатар тілін, сөз
қорын жетілдіру, жан – жақты білімдерін кеңейтіп, өзін – өзі көпшілік мәдени ортада,
әдепті, әдемі болуға үйрету, достық пен сыйластыққа үйрету.
Көрнекіліктер: адам мен аңдардың бет перделері
Сөздік жұмыс:шалқан , бірінің артынан бірі.
Ісәрекет
кезеңдері
Мотивациялық
қозғаушылық
Тәрбиешінің ісәрекеттері
Балалардың жартылай шеңберге
отырғызады да, оларға ертегі айтып
беретінін, ертегіні мұқият тыңдау
керектігін айтады.
Ертегінің мазмұнын сюжетті
суреттерді ретімен көрсете отырып
мазмұндайды.
Сергіту сәті:
Мысық, мысық ұйықтайды,
Тышқан,тышқан жорғалайды:
пи,пи,пи.
Балалардың
ісәрекеттері
Балалар ертегіге
қызуғышылық
танытады.
Ертегіні мұқият
тыңдауға
құлшыныс білдіру.
Қимыл
қозғалыстар
жасайды. Ұйымдастырушылық
ізденістік
Балаларға сұрақтар бере отырып,
жылмалы суреттермен ертегіні
қайталатады.
Үлестірмелі материалдағы
тапсырманы орындатады.
Ертегі мазмұнын сұрақжауап әдісі
арқылы сұрайды.
Рефлексиялық
түзетушілік
Күтілетін нәтиже.
Білу: Ертегінің мазмұнын, не туралы екенін білу керек.
Болу: ертегі мазмұнын ретімен айту дағдысын.
Істей білу: ертегі туралы түсінікті.
Балалар
тәрбиешінің
көмегімен ертегіні
қайталайды,
сұрақтарға жауап
береді. Ертегі
кейіпкерлердің
суретерін
жапсырма арқылы
жапсырады.
Сұрақтарға жауап
береді.
Коммуникация» білім беру саласы бойынша сөйлеуді дамыту
ұйымдастырылған оқу –қызметінің
технологиялық картасы.
Күні, ай, жылы:29.11.2017
Тақырыбы:Көрсет және қайтала!
Мақсаты: өткен оқу іс әрекетінен алған білімдерді бекіту. Өлеңнің мазмұнын түсіне
білуге үйрету.
Қажетті құрал жабдықтар: тазалық заттарының үлестірмелі суреттері.
Сөздік жұмыс: тарақ, сүлгі.
Ісәрекет
кезеңдері
Мотивациялық
қозғаушылық
Тәрбиешінің ісәрекеттері
Балалардың
ісәрекеттері
Балалар
тәрбиешімен бірге
шаттық шеңберіне
тұрып, бір біріне
тілектер айтады.
Балалармен сәлемдесіп, шаттық
шеңберін құрады. Күнге қарап
күлімдеп, бойымыздағы жылуды
күнге қарай шашамыз деп, қимыл
қозғалыстар жасатады.
Балалар, бүгінгі біздің оқу іс
әрекетіміз ерекше, ойын түрінде
өтеді деп, балаларды ойнауға
шақырады. «Көрсет және қайтала!»
деген ойынды ойнаймыз Ұйымдастырушылық
ізденістік
Балаларға үлестірмелі суреттер
таратып береді.
Балалар, енді сендер мені мұқият
тыңдаңдар, Мен сендерге өлең,
жұмбақтар оқимын, қолдарыңдағы
суреттердің қайсысы неге ұқсаса сол
суретті көосетесіңдер. Және сол
затты бәріміз қайталаймыз.
Су, бетіңді жу! Бұл не?
Шомылған баланы
Аймалап аланы
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да. Бұл не?
Рефлексиялық
түзетушілік
Балалардың өлеңді тыңдап, түсініп,
суретті дұрыс көтеруге
талпынғандарына баға береді.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: тазалық заттарының аттарын;
Түсінеді: тазалық туралы түсінікті;
Қолданады: өлеңнің мазмұнын түсініп, оны қысқаша әңгімелеуді.
Балалар
суреттерге қуана
қарап, өлең
жұмбақтарды
қызығып, мұқият
тыңдайды.
Шешуге
талпынады.
Су.
Сүлгі.
Балалар өлеңді
мұқият тыңдауға,
түсінуге үйренеді.
Сөздерді дұрыс
айтуға үйренеді.
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеуді дамыту
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.