Сұйықтардың беткі қабатының қасиеттері Деңгейлік тапсырма

  • docx
  • 04.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Сұйықтардың беткі қабатының қасиеттері Деңгейлік тапсырма.docx

Қосымша3

Деңгейлік тапсырмалар

 

1 деңгей

1) Су бетіндегі май тамшысы неліктен дөңгелек пішіндес болып жайылып тұрады?

2) Май тамған параққа неліктен жазу жазылмайды?

3) Неліктен су киім тарылып тұрады?

4) Радиусы 0,5 мм түтікте спирт қандай биіктіккке дейін көтеріледі?

4. Суреттің қайсысы жұғуды көрсетеді?

 

 

 

 

 

 

 

 


2 деңгей

 

1) Неліктен сынаптың екі тамшысы бір-біріне жанасқан кезде бірігіп кетеді?

2) Судың бетіне жіпті қойыңыз. Жіптің бір жағына эфирді тамызатын болсақ, жіп бір жаққа қарай ығысады, неліктен және ол қай жаққа қарай ығысады?

3) Судың беттік керілу коэффициентін анықтаңыз, егер ұшының диаметрі 0,4 мм болатын тамызғыш арқылы суды 0,01 г дәлдікпен тамыза алатын болсақ. (жауабы: 0,078 Н/м).

 

3 деңгей

 

1) Сыртқы диаметрі 52 мм ал ішкі диаметрі 50 мм  және қалыңдығы h = 10 мм болатын горизонталь орналасқан алюмийнді сақинаны су бетінен жұлып алу үшін қандай күш түсіру керек? Беттік керілу күшінің қандай бөлігін құрайды? (жауабы: 40 мН; 23,5 мН; 0,37).

 

2) Әр қайсысының радиусы 1 мм болатын екі тамшының қосылуынан сынап тамшысы қандай температураға дейін  жылынады? (жауабы: 1,65 10-4 К).