Чертежда көрсетілген детальдардың формалары мен көлемін дайындама бетіне түсіру операциясын белгі салу – деп атайды.
Белгі салу жазықтық және кеңістік деп екі түрге бөлінеді. Детальдардың пішіні бір ғана жазықтықта жататын болса белгі салудың жазықтық түрі қолданылады.
Белгі салудың кеңістік әдісін қолданғанда белгі сызықтары бірнеше жазықтыққа немесе беттерге жүргізіледі. Жазықтықта белгі салу үшін қолданылатын құралдар үшкір металл таяқшалар (чертилкалар), сызғыштар, бұрыш өлшеуіштер,белгі салғыш циркульдер, керне, орталық нүктені табу аспаптары (центроискатели) т.б. жатады.
Белгі салуға дайындық.
Дайындаманы қарап көру сыртқы беттеріндегі шорланған, таттанған, кедір-бұдыр жерлерін, темір қағын, былғанған жерлерін темір щеткамен тазалау қажет.
Оның үстіндегі белгі сызықтары жақсы көріну үшін белгі салынуға тиісті беттер боялады. Бұл мақсатқа қолданылатын бояулар жақсы жұғатын, тез кебетін және оңай кететін болуы керек.Сабақ өтетін орын – автополигон.
Сабақта қолданылатын құрал – жабдықтар(техника): ZL50GL фронтальды тиегіші.
1. Фронтальды тиегіштің басқару тұтқаларымен, жұмысын бақылайтын қондырғылармен, приборлардың жұмыстарымен көрсеткіштерімен танысу.
2. Беріліс рычактарын қосып – айыруды үйрету.
3. Гидронавестік бөлгіштің рычактарын қалай қолданылуын үйрету.
4. Басқада рычактарды қосып – айыруын үйрету.
5. Фронтальды тиегішті жүргізгенде қалай дұрыс бұрылуын үйрету.
6. Ішкі және сыртқы жарық бергіштерді, дауыс бергішті қосып айыруын үйрету.
7. Фронтальды тиегішті жүргізгенде техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Слесарлық практика. Белгі салу.docx
БЕКІТЕМІН
А.Иманов атындағы жол
көлік колледжінің өндірістік
оқытудың аға шебері
___________ А.А.Шуйнишев
«____» ____________________
Өндірістік оқу сабағының жоспары
1.Тақырыбы: Слесарлық практикасы
. Белгі салу.
2.Сабақтың мақсаты: Слесарлық жұмыстарда белгі салу түрлерін меңгерту,
әдіс тәсілдерін үйрену.
3. Әдістәсілдері: Практикалық сабақ
4. Көрнекілік құралдары: Чертилкалар, сызғыштар, циркульдар және т.б
I – кезең. Ұйымдастыру 5 минут
1.Студенттерді түгелдеу.
2.Киім үлгісін тексеру
Кіріспе нұсқаулық. 40 – минут
3. Өткен тақырыпты қорытындылау:
1) Балғаның атқаратын жұмысы
2) Қысқашпен атқарылатын жұмыстар.
3) Тескіш, шапқымен атқаратын жұмыстар
4) Сызғыш, штанг. циркул неге қолданылады
5) Бұрғы не үшін керек
6) Қайшы, темір кесетін араның қызметі
Слесарлық шеберханада қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін білуге және
сақтауға тиісті? Жауап берулеріне қарай бағалау.
4. Жаңа тапсырманың орындалуын түсіндіру:
Чертежда көрсетілген детальдардың формалары мен көлемін дайындама
бетіне түсіру операциясын белгі салу – деп атайды.
Белгі салу жазықтық және кеңістік деп екі түрге бөлінеді. Детальдардың
пішіні бір ғана жазықтықта жататын болса белгі салудың жазықтық түрі
қолданылады.
Белгі салудың кеңістік әдісін қолданғанда белгі сызықтары бірнеше
жазықтыққа немесе беттерге жүргізіледі. Жазықтықта белгі салу үшін
қолданылатын құралдар үшкір металл таяқшалар (чертилкалар), сызғыштар, бұрыш
өлшеуіштер,белгі салғыш циркульдер, керне, орталық нүктені табу аспаптары
(центроискатели) т.б. жатады.
Белгі салуға дайындық.
Дайындаманы қарап көру сыртқы беттеріндегі шорланған, таттанған, кедір
бұдыр жерлерін, темір қағын, былғанған жерлерін темір щеткамен тазалау қажет. Оның үстіндегі белгі сызықтары жақсы көріну үшін белгі салынуға тиісті беттер
боялады. Бұл мақсатқа қолданылатын бояулар жақсы жұғатын, тез кебетін және
оңай кететін болуы керек.
І – таблицамен таныстыру.
Ендігісі дайындама бетіне салып өлшемдер сызықтарды жүргізе отырып (база)
сайлап алады. Барлық өлшемдер таңдап алынған базадан басталып салыну керек,
оларды бірінебірін жалғастыруға болмайды.
Металға белгі салу: Қаңылтырға сызғыш арқылы өлшеп ойып алынатын денені
сызамыз.
Әртүрлі өлшемде белгі салып үйрену.
II – кезең.
1 Ағынды нұсқаулық. 210 – минут.
Құрал жабдықтарды немесе басқада саймандарды қолданғандағы өтемөте
сақтықтың қажеттілігі жөнінде айту.
2. Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмысы.
Құралдарды ұстап тұрып түсінгендері бойынша өз беттерінше көрсетіп үйрену.
Слесарлық жұмыстарды атқарғанда әдейі киім киіп: комбинзон, куртка, фартук, бас
киім және қолғап болу керек,екенін айту.
Көрсетіп таныстырған құралдар бойынша, өз беттерімен пікірталас өткізу.
III – кезең.
Қорытынды нұсқаулық 15 минут
1.1) Белгі салу дегеніміз не?
2) Белгі салу қандай түрлерге бөлінеді?
3) Белгі салудың жазықтық түрі деп нені айтады?
4) Белгі салу құралдары?
5) Белгі салар алдында не істеу керек?
6) Белгі салатын беттерді неге бояйды?
Жауап берулеріне қарай бағалау.
2.Үй тапсырмасы.
Көрсетілген құралдармен белгі салып үйрену.
3. Өндірістік орнын тазалау.
Пайдаланған құралдарды материалдарды, слайдтарды жинау.
Өндірістік оқыту шебері:__________________
Слесарная практика
Слесарная практика
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.