Smart TV-де Megalaine Turbo-ны пайдалану
Оценка 4.7

Smart TV-де Megalaine Turbo-ны пайдалану

Оценка 4.7
Лабораторные работы
doc
информатика
Взрослым
12.02.2018
Smart TV-де Megalaine  Turbo-ны пайдалану
iD TV деген не? Бұл - сіздің дербес теледидарыңыз. iD TV қызметтері кабельді телевидениенің артықшылықтары мен Интернет желісінің интерактивтілік ерекшелігін біріктірген. ІР-хаттама бойынша телевизиялық белгі беру технологиясын пайдалана отырып, бұған дейін қол жетпеген бірқатар қызметтерді жүзеге асыра аламыз. iDTV пайдаланушыныңөзіне қызметтер топтамасын басқаруға мүмкіндік береді. Телеарналар пакетін таңдайды, оларды топтастырады, қосымша қызметтерге қосылады, фильмдерге тапсырыс береді, хабарлар бағдарламасын тікелей теледидарының экранынан көре алады.iD TV қызметтеріне қалай қосылуға болады? iD TV қызметтеріне қосылу үшін абонент кең жолақты арна, мысалы xDSL («Қазақтелеком» АҚқызметі, Megaline, Megaline Hit и Megaline Turbo тарифтік жоспарлары) бойынша оператордың телекоммуникациялық желісіне қосылған болуы керек.
лекция 7.doc
Лекция №7 iD TV деген не? Бұл ­ сіздің дербес теледидарыңыз. iD TV қызметтері кабельді   телевидениенің   артықшылықтары   мен   Интернет   желісінің интерактивтілік ерекшелігін біріктірген. ІР­хаттама бойынша телевизиялық белгі   беру   технологиясын   пайдалана   отырып,   бұған   дейін   қол   жетпеген бірқатар   қызметтерді   жүзеге   асыра   аламыз. iDTV   пайдаланушыныңөзіне қызметтер   топтамасын   басқаруға   мүмкіндік   береді.   Телеарналар   пакетін таңдайды,   оларды   топтастырады,   қосымша   қызметтерге   қосылады, фильмдерге   тапсырыс   береді,   хабарлар   бағдарламасын   тікелей теледидарының экранынан көре алады. iD TV   қызметтерінің   артықшылығы   неде?  Басты   ақтықшылығы интерактивтілігі. Оны дәстүрлі телехабарлар тарату тәсілдері қамтамасыз ете   алмайды.iD TV   басқаруға   және   өзіңіз   үшін   қолайлы   уақытта қалағаныңызды   көруге   мүмкіндік   береді.   Сонымен   қатар,iD TV  бейненің сандық   сапасын   және   көлемді   стерео­дыбысты   қамтамасыз   етеді. Қызметтердің   дамуы   телеарналарды   таратудың   стандартты   түрінен (Standard Definition) жоғарғы деңгейіне (High Definition) біртіндеп ауысуын қарастырады. iD TV   кабельді   немесе   спутниктік   телевидениеден   несімен ерекшеленеді? iD TV кабельді және спутниктік телевидениенің және басқа пайдаланушылармен   ақпаратпен   алмасуға   арналған   компьютерлік терминалдың мүмкіндіктерін біріктірген. Телеарналардың алуан түрлігімен қатар, iDTV   телехабарларды   дербес   режімде,   яғни   эфирге   алғаш шыққаннан   біршама   уақыт   өткеннен   кейін   де   көруге   мүмкіндік   береді. Сондай­ақ,   көру   үшін   видиотекадан   фильмдер   таңдауға, телебағдарламаларды және кинофильмдерді атауы, жанры және басқа да ерекшеліктері бойынша іздеуге болады. «Сұраным   бойынша   видеолар»   деген   не?   «Сұраным   бойынша видеолар» ­ абонентке тұрақты жаңартылып отыратын видеотекадан кез­ келген фильмді таңдап, қолайлы уақытта теледидарынан көруге мүмкіндік беретін бірегей қызмет. Пайдаланушы қалауына қарай фильмнің кез­келген жерін   таңдап   алып,   көрсетілімді   тоқтатып,   сатып   алғаннан   кейінгі   72 сағаттың ішінде қалаған кезінде көруді жалғастыра алады. Қызметтер   топтамасына   не   кіреді?   iD TV   қызметтер   топтамасына базалық және қосымша арналар пакеттері, сондай­ақ «Сұраным бойынша видеолар» қызметі кіреді. iD TV   қызметінде   көрсетілім   сапасы   қандай?   Техникалық мүмкіндіктер   көрсетілім   сапасын   лицензияланған   DVD   дискілердің деңгейімен бірдей етуге мүмкіндік береді. HDTV үлгісіндегі хабарлар/фильмдер бар ма? Жоғарғы айқындылық телевидениесі   үлгісінде   хабар   тарату   желінің   сапасына   ерекше   талаптар қояды. Желі жаңартылғаннан кейін аталған қызмет түрі қолжетімді болады. Стерео­дыбыс бар ма? Егер сіз таңдаған фильм немесе телеарнаның дыбыс жолағында стерео­дыбыс болса, теледидар тіреуішінде қолжетімді болады. STB (Set Top Box) – «iD TV»­ді қабылдауға арналған ТВ­тіреуіш. Ол теледидар   экранына   шығарылатын   оператор   желісінен   белгіге   берілетін бейне   ағынды   өзгертуге,   сондай­ақ   интерактивті   қызметтермен   өзара әрекетті қамтамасыз ету үшін керек. iD TV   қызметтеріне   қалай   қосылуға   болады?   iD TV   қызметтеріне қосылу үшін абонент кең жолақты арна, мысалы xDSL («Қазақтелеком» АҚқызметі, Megaline, Megaline Hit и Megaline Turbo тарифтік жоспарлары) бойынша   оператордың   телекоммуникациялық   желісіне   қосылған   болуы керек. Megaline қызметі болмаған жағдайда қосылуға бола ма? Иә, iD TV қызметі кең жолақты ADSL бойынша дербес виртуалды арнамен (Megaline – PVC 0/40, iD TV – PVC 0/41) қосылады. Телефон желісі болмаса, қосылуға бола ма?  Жоқ, болмайды. iD TV қызметтеріне қосылу үшін телефон желісі болу керек. Егер Megaline құралынан ақау шықса, iD TV жұмыс істей бере ме? Жоқ, Megaline құралғысы бұзылса, iD TV жұмыс істемейді. iD TV қызметіне қосылған жағдайда Интернет желісінен материалдар көшіру   жылдамдығы   қаншалықты   төмендейді?   Мәліметтерді   өңдеу барысында ADSL­модемге түсетін жүктеме артып, жылдамдық аздап (5­ 10%­ға) төмендеуі ықтимал. Қашықтықтан   басқару   пультінің   нүктелерін   басқанда   STB­ға   әсер етпейді.   Не   істеу   керек?   STB­ны   15   секундқа   өшіріп,   қайта   қосып көріңіздер. Еш өзгеріс болмаса, модемді жүктемеден босатып, қайтара қосу керек.   Ол   да   көмектеспесе,   техникалыққолдау   қызметіне   хабарласып, маманды шақыруға өтініш тастаңыз. Кейде бейнелер төрт бұрыш боп кетеді. Ол неге байланысты? Мұндай жағдайлар мәліметтер тарату желісіндегі кедергілерге байланысты болады. Желілік құралды тексеру керек. Қашықтықтан   басқару   пультімен   арналарды   ауыстырғанда   10 секундқа   дейін   аялдап,   баяу   ауысады.   Ол   неге   байланысты?   iD TV қызметтерін   ұсыну   технологиясы   бойынша   арналарды   ауыстырғанда уақытша аялдау болады.

Smart TV-де Megalaine Turbo-ны пайдалану

Smart TV-де Megalaine  Turbo-ны пайдалану

Smart TV-де Megalaine Turbo-ны пайдалану

Smart TV-де Megalaine  Turbo-ны пайдалану
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.02.2018