Сочинение на тему "Независимая страна"
Оценка 4.9

Сочинение на тему "Независимая страна"

Оценка 4.9
Работа в классе
docx
русский язык
6 кл
27.01.2018
Сочинение на тему "Независимая страна"
Әр Қазақстанның азаматы айрықша күнін есте сақтайды және онымен мақтанады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Осы жылда біздің тәуелсіздігімізге 26 жыл орындалды. Бұл - Қазақстан халқы үшін ұлы күн. Біз үшін тәуелсіздік күні ең қадірлі күннің бірі. Бұл жолда қаншама адам құрбан болды. Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз
Ферчук Анжелика Тәуелсіз ел тірегім (шығарма).docx
Ферчук Анжелика Сарыкөл ауылы Сарыкөл ауданы Қостанай облысы «Сарыкөл ауданы әкімдігі білім бөлімінің  Урицкий мектеп ­ лицейі» КММ номинациясы «Тәуелсіз елім тірегім» шығарма e­mail: tleulina2017@yandex.ru телефон: 8775­296­87­13 Сынып: 6 «Л» жетекшісі:  Тлеулина Жанна Асылхановна, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі «Отаны бірдің­ тілегі бір,                                                                                 журегі бір”                                                                                                      Н.Ә.Назарбаев.                 Әр Қазақстанның азаматы айрықша күнін есте сақтайды және онымен  мақтанады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік  саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Осы жылда біздің  тәуелсіздігімізге 26 жыл орындалды. Бұл ­ Қазақстан халқы үшін ұлы күн. Біз  үшін  тәуелсіздік  күні  ең қадірлі  күннің  бірі. Бұл жолда  қаншама  адам  құрбан  болды. Біз оларды  ешқашан ұмытпаймыз. Жыл сайын  тәуелсіз  мерекесінде еске  аламыз. Осы тәуелсіздікке   жету үшін 1986 жылы қазақтың  басына  қаралы  күн  туды. Ол  «Желтоқсан   оқиғасы» еді.    Олар  қаншама   тер де, қан да төкті. Отаны үшін  күресті.    Қазір біздің  мемлекетіміз  татулық пен  бейбітшілікте  өмір сүруде. Биыл  тәуелсіздігімізге   26 жыл толады. Бұл көп уақыт емес,бірақ  біз осы уақытта   көптеген  жетістіктерге  жеттік. Осы  жетістіктерге  жетуіміз  елбасымыздың   арқасы.    Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстанд­ай елім  болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Кең  байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн­ға жуық  халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш.  Қазақстанда 150­ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне  отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен  ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз  мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері  бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да  бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық  Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет.        Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге,  қазақтарға керек, ­ деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты  көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі ­ Қазақстан халықтарының  бірлігі.       Татулық, бірлік, келісім ­ ең асыл іс кез келген ел үшін. Қазақстан азаттық  алғалы бері осы ұранды ту етіп келеді. Ассамблея дербес қоғамдық институт  болып құрылғанына 20 жыл толды. Президент Жарлығымен 2015 жыл –  Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Бейбітшілігі жарасқан, көп ұлтты, халығы бар ел, өлке – осының бәрі  менің Қазақстаным. Осындай елді жақсы көрмеуге бола ма? Біз еліміздің  өткен кезеңдерімен мақтан тұтамыз.        Биыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне – 25 жыл!  1992­ші жылы 4­ші маусымда еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны ресми  түрде бекітілді. Мемлекеттік нышандар сол уақыттан бері Ел Тәуелсіздігін  айшықтайтын басты белгілерге айналды. Ұлттық мерекелерден бастап,  халықаралық деңгейдегі шаралардың барлығында еліміздің Әнұраны  шырқалып, Көк Туы биікке көтеріліп келеді.          Астана­Қазақстанның елордасы.Ол Есіл өзенінің бойында  орналасқан.Астана қаласы бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші жылы  Қазақстанның астанасы болып жарияланды.Мұнда көптеген  ғимараттар,саябақтар бар. Осы қысқа уақыттың ішінде Астана  гүлденген,дамып жатқан қала болды. Астана қаласына 20 жыл толады. Бұл  өте үлкен мереке.             Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен,  ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің  тоймайды. Жаңа қаланың  ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың,  Үкімет үйібәрі­бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен.      Биыл Астана қаласында «Болашақтың Энергиясы  тақырыбымен»,  невропатологияның келесі өзекті сұрақтарын айқындайтын тақырыбы –  баламалы  энергия көздері ЭКСПО – 2017 көрмесі өтті» Бұл көрмеге  көптеген халық қатысты.      Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық  рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр Мемлекет  басшысы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап  беріп отыр. Әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының  алты бағдарын ұсынған.            Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге  мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды.Қыркүйектің 22­і  Тілдер күні деп жарияланды.            Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық  өмірде бір­бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.            Осы жылдың 26 қазанында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев   2025 жылға дейін мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру туралы  бұйрық  шығарды. Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештене жоқ.  Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған  алтын бесік – атамекен болып саналады.        Қазақстан – тәуелсіз ел. Онда жер де, халық та, тіл де, қалалар да, астана  да бар. Оларды білу, қастерлеу – біздің азаматтық борышымыз.        Мен қазақтың қызы болмасам да, өзімді туып өскен Қазақстан жерінде өте бақыттымын деп есептеймін.       Менің елім – Қазақстан! Осынау құдіретті сөзді біздің елдің әрбір азаматы  асқақ сезіммен, ерекше мақтанышпен айтуға хақы бар.     Отан ­ әр адамның жүрегіне жылы  қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре  алмайды. Отан ­ біздің туған жеріміз, өзіміздің туған­туысқанымыз, дос­  жаранымыз бен тұратын еліміз Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің, Нендей күйге жүрегімді бөледің?! Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем, Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім!

Сочинение на тему "Независимая страна"

Сочинение на тему "Независимая страна"

Сочинение на тему "Независимая страна"

Сочинение на тему "Независимая страна"

Сочинение на тему "Независимая страна"

Сочинение на тему "Независимая страна"

Сочинение на тему "Независимая страна"

Сочинение на тему "Независимая страна"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
27.01.2018